Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Ақиқат пен аңыз"»
Әзілхан Нұршайықов
1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.
Сегіз жасында ата-анасымен бірге жаңадан құрылған «Ақбұзау» колхозына көшкен Әзілхан сол колхоздың орталау мектебін бітіреді.
Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған. Жас ақын Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. 1940 жылы Жарма ауданындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды
1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталысымен 19 жастағы Әзілхан Қызыл Армия қатарына шақырылды. Соғыста 100-ші қазақ атқыштар бригадасында зеңбірекшілер командирі болып әскери міндетін өтейді. Калинин, 2-ші Балтық, 1-ші және 2-ші Белорусь майдандарына қатысып, соғысты аға сержант болып аяқтады.
Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы
Әзілхан Нұршайықовтың жас кезі
Артиллерист,
студент, журналист,
жазушы
Аскарова Нургуль Сансызбаевна
18.10.2011
Соғыс жылдарында зеңбірек командирі бозбала жігіт журналистік жұмыспен айналысуға уақыт табады, өлең жазуды да тастамайды. Жазушы майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі
басылып тұрды.
Ұлы Отан соғысына қатысушы
Штат басшысымен әңгімелесуде
18.10.2011
"Ақиқат пен аңыз" роман-диалогы аты аңызға айналған
ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған. Осы "Ақиқат пен аңыз"
роман диалогы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.
https://www.youtube.com/watch?v=okgBk11HILg
Әзілхан Нұршайықов терең тебіреніс үстінде
Сүйген жары, адал досы Халиман2001 жылы дүниеден өтті.