Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиетінен ашы? саба? 6-сынып»
Сабақтың тақырыбы: Мақал- мәтелдер. 2-сабақ.
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету; дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын арттыру, өзіндік ойын дәлелдеуге тұжырымдама жасауға жетелеу; тәрбиелік – ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
Түрі: алған білімді меңгертуді жалғакстыру.
Әдіс-тәсілі: топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың эпиграфы:
«Бірлік болмай, тірлік болмас»
(қазақ мақалы)
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, сендерді мен шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері. «Қуаныш гүлі»
Мен саған осы гүлді сыйлап, сәттілік тілеймін...
Үй тапсырмасы.
Балалар, өткен сабақ бойынша берілген үй тапсырмасын тексеру үшін мына бұлтшалардағы тапсырмаларға жауап берейік.
- Балалар, енді назарларыңа мына видеороликты ұсынамын, мұқият қарайық!
Видеоролик «Мақал-мәтелдер»
Видеороликте не туралы айтылған?
Қандай тақырыптағы мақалдар көрсетілді?
Сендер қандай мақалдар білесіңдер?
Бұл видеороликтегі мақалдар біздің сабақтың эпирграфына дәл келеді, ендеше біз әрдайым тату болайық деп бүгінгі сабағымызды бастаймын!
II. Жаңа сабақ.
Мұғалім: - Өткен сабақта айтқандай, мақал-мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды бере алады.
Мақал – халықтың өмірде алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен, олар бір-біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды. Мәтелде тиянақты тұжырым болмайды.
Балалар, осы тақырып бойынша сендермен тапсырмалар орындайық!
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Дәптермен жұмыс. Тапсырмалар орындау.
1. Кім көп мақал-мәтел біледі? (әр алуан тақырыпта қамтылған)
2. Суреттерді көрсете отырып, мақал-мәтел айтып бер. (достық, отбасы, кітап, еңбек, отан, батырлық, тәрбие)
3. Келесі тапсырма – кестені толтыру.
Мақалдар
Не жайында? (тақырыбы)
Еңбек адамның екінші анасы.
Білімсіз күнің жоқ.
Өнерлі өрге жүзер,
Ер – ел қорғаны.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Досы көпті жау алмайды.
Әдептілік, ар - адамдықтың белгісі.
Өзіндік тапсырмалар орындау.
Сан есім кездесетін мақал-мәтелдер жаз.
Сын есім кездесетін мақал-мәтелдер жаз. (Балалар өздері жазған мақалдарын оқиды, аудармасын айтады)
Бекіту. Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру.
Мақал – мәтелдер
Тақырыптары
1
Денсаулық – зор байлық
.....
2
.. .....
Өнер – білім
3
Досы көпті жау алмайды, .....
.....
4
.. .....
Еңбек
5
Ата көрген оқ жонар, .....
.....
6
.....
Ынтымақ, бірлік
7
Ерді намыс өлтіреді, .....
.....
Рефлексия. «Смс»
Үйге тапсырма. Әртүрлі тақырыпта 5 мақал-мәтел жаттап келу
(Үйге тапсырманы тақтаның артына алдын ала жазып қою).
Бағалау.
Открытый урок по казахской литературе в 6-классе
Тема урока: «Пословицы. 2-урок»
Ход урока:
Организационный момент 2мин
Круг радости 2мин
Домашнее задание вопросы-ответы 3мин
Видеоролик «Мақал-мәтелдер» 3,5мин
Новая тема. Продолжение темы «Мақал-мәтелдер» 7 мин
Устная работа. 1. Кто знает много пословиц? 2. Работа с картинками, назвать рисунок и на тему придумать пословицу 5мин
Работа с таблицей. Найти темы пословицам. 3 мин
Индивидуальная работа. 1. Написать пословицы с именами прилагательными. 2. Написать пословицы с именами числительными 7мин
Рефлексия. «sms» 5мин
Домашнее задание. 3мин
Открытый урок по казахской литературе в 6-классе
Тема урока: «Пословицы. 2-урок»
Ход урока:
Организационный момент
Круг радости
Домашнее задание вопросы-ответы
Видеоролик «Мақал-мәтелдер»
Новая тема. Продолжение темы «Мақал-мәтелдер»
Устная работа. 1. Кто знает много пословиц? 2. Работа с картинками, назвать рисунок и на тему придумать пословицу
Работа с таблицей. Найти темы пословицам.
Индивидуальная работа. 1. Написать пословицы с именами прилагательными. 2. Написать пословицы с именами числительными
Рефлексия. «sms»
Домашнее задание.
Открытый урок по казахской литературе в 6-классе
Тема урока: «Пословицы. 2-урок»
Ход урока:
Организационный момент
Круг радости
Домашнее задание вопросы-ответы
Видеоролик «Мақал-мәтелдер»
Новая тема. Продолжение темы «Мақал-мәтелдер»
Устная работа. 1. Кто знает много пословиц? 2. Работа с картинками, назвать рисунок и на тему придумать пословицу
Работа с таблицей. Найти темы пословицам.
Индивидуальная работа. 1. Написать пословицы с именами прилагательными. 2. Написать пословицы с именами числительными