ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезін жырлап өткен, халқымыздың маңдайына біткен қайталанбас ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы Семей облысы, Аягөз ауданының Ақшатау кеңшарында 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау мен Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған. Осы жерде ақын басына кесене тұрғызылған.Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіп жазып жүрген.Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. 1991 жылы бір топ шығармаларын « Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды