3.Дамытушылы?:О?ушыларды? логикалы? ой лау ?абілеттерін арттыра отырып, саба?та ?олданыл?ан ?осымша материалдар ар?ылы д?ниетанымдарын ке?ейту, талдау ж?мыстары ар?ылы ?исынды-ойлау да?дыларын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«"Алтын са?а" саба? жоспары»
Бірінші кезең
«Алтын сақа»
ойынына қош келдіңіздер!
ТАБАЛДЫРЫҚ
Жаманның айтуы бойынша құстың жаманы ... (себебін түсіндіру)
Сауысқан
Қырғауыл
Жаманның айтуы бойынша шөптің жаманы...
(себебін түсіндіру)
Шеңгел
Қара қоға
Меңді қыздың
жасы нешеде еді?
Жаман таққа мінген соң соғыспай, ақылмен неше хандықты өзіне қаратты?
Қозыкөш
Хан Жаманды «Барса келмеске» не үшін жұмсады? Оған ой салған кімдер?
Жауабы
Уәзірлер. Ханға Жаманның әйелін мақтайық. Үйіне қонаққа апарып көрсетелік. Сөйтіп, екеуінің арасына от жағалық деседі. Біз оны «Барса келмеске» жұмсайық, сонда ол өлер, ол өлген соң бос әйелді сіз алмай, кім алар дейсіз, -дейді.
Енді менің бір гауһар тасым бар. Сол тасымның қандай қасиеті бар екенін тап, - деп қазынасындағы тасты алдырып берді. Жаман тасты қолына алып салмақтап, шайқап қарап отырды да, қалай деп жауап береді?
Жауабы
Сіздің тасыңыз, рас қасиетті тас екен. Бірақ екі жылдан соң қасиеті бітеді. Тасыңыз көзіккен екен. «Адам тілі тас жарар, тас жармаса, бас жарар» деген. Тастың ішінде көз тиіп түскен екі қара бас құрт бар. Тасыңыздың пышақ сыртындай ғана қалыңдығы қалыпты. Сол құрт екі жылдан соң тесіп шығады. Тесіп шыққан соң тасыңыз пайдаға аспайды, - деді.
Ертегінің бас кейіпкері Меңді кімнің қызы болып келеді?
Жауабы
Уәлі байдың қызы
Хан Жаманнан өзіңнің жамандығыңды қайдан білдің деп сұрады.
Сонда Жаман қалай жауап берді?
Жауабы
Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді, келін жұмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшылығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба?
Беласар
Мадан хан Жаманды қай ханның еліне көшіріп салады?
Жауабы
Ақша хан
Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына алып қарап тұрды да: -Бар мынаның құралын әкел, -деді. Жеңгесі сонда қандай құралдарды әкеледі?
Жауабы
Балға мен төс
Апыр-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдіңіз? – дейді. Сонда Жаман қалай жауап береді.
Жауабы
Мен жаман-жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, келісімен аспазшыға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің аталы хан екеніңізді содан байқадым, - деді.
Менің бір тұлпарым бар, соны сынап бересің бе? – деді хан. Сондағы Жаманның жауабы ...
Жауабы
Тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. Сиырды күніне қырық суарсам да, судан айдағанда, аузын суға малмай, артқы аяғын сілікпей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға шатыс екендігін содан білдім.
Алтын сақа
Жауабы
“ Аға өлсе, іні – мұра”
“ Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар”
“ Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл”
“ Біреуге ор қазба, өзің түсерсің”
Екінші кезең
Тапсырмалар
Венн диаграммасы
Жаман
Ортақ
Қырық уәзір
1.Жаманға ұқсағың келе ме?
2.Қай қасиеті көбірек ұнайды.
3.Қазіргі жастар бойында осындай қасиеттер кездесе ме?