Алматы облысы, Сарқан ауданы, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахтанова Айгуль Шакеровна |
Сабақ (3 ) | Қазақ әдебиеті |
Сынып: 6 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Сайын Мұратбеков. "Жусан иісі" повесі. |
Күні: | 05.05.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: | |
Мектеп: | |
Бөлім атауы | "Мен балаң, жарық күнде сәуле қуған" |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А/И: 6.2.1.1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; Б/С: 6.3.3.1. Шығармадағы кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы орындай алады: С.Мұратбековтың "Жусан иісі" повесінің мазмұнын біледі.Сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Повесть композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады.Оқиға желісі бойынша өз көзқарасын білдіре алады. Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Повестегі кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза алады. Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады. |
Бағалау критерийлері | С.Мұратбековтың "Жусан иісі" повесі композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау, повестегі кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады:С. Мұратбековтың "Жусан иісі" повесінің мазмұнын біледі,сұрақтарға жауап береді, повесть композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды, оқиға желісі бойынша өз көзқарасын білдіреді, повестегі кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады, шығармашылық тапсырмаларды орындайды. |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жусан, сылтып басу, жамағайын, шілбиген, тымырсық, |
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Соғыс ауыртпашылығы, жетім бала тағдыры, әкеге деген сағыныш, балалық шақ, әңгімешіл бала. |
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Автор повесті не себепті "Жусан иісі" деп атады? 2. "Жусан иісі" повесі арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады? 3.Аян ертегіні көп айтады. Бірақ солардың мазмұнын неге толық бермейді? 4.Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерін байқадыңдар? 5. Аян сендерге қандай әсер қалдырды? |
Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту. |
Алдыңғы оқу: | Сайын Мұратбеков. "Жусан иісі" повесінің мазмұнын сұрау. |
Құндылықтарға баулу: | Мәңгілік Ел ұлттық идеясы негізінде құндылық.Құрмет, Отанға құрмет. |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, музыка. |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы (7мин)
| Ұйымдастыру кезеңі(1 минут) Оқушылармен амандасу Сыныптағы оқушылардың сабаққа түгел қатысуына назар аудару. Психологиялық ахауал "Мадақтамалар бұрқасыны" әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылады. (2 мин) Орындалу шарты:оқушылар шеңбер болып тұрып, бір - біріне мадақ сөздер айтады. Топқа бөлу "Атомдар мен молекулалар" әдісі арқылы орындалады. (2 минут) Орындалу шарты: Оқушылар молекула сияқты жалғыз қимылдайды. Молекулалар бірігіп - бірігіп, екеу болады, сосын үшеу, төртеу болады, атомдар түзіледі.Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады. І топ: "Алғыр" тобы ІІ топ: "Тапқыр" тобы Үй тапсырмасы "Кубизм" әдісі арқылы сұралады. (2 минут) С.Мұратбековтың «Жусан исі» повесінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Орындалу шарты: оқушылар текше лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді. С.Мұратбековтың шығармасы қалай аталады? («Жусан иісі») Шығармада қай кездегі оқиға бейнеленген? (Соғыс) Аян басынан қандай қиыншылықтар өтті? (әжесі қайтыс болды, аяғын тайдырды, майданнан қара қағаз келді) Аян олармен қалай күресті? (ертегі шығару арқылы) Аянға қол ұшын берген кімдер? (Бапай шал мен кемпірі, Асылбек қарт, ауыл балалары Әңгіме немен аяқталады? (Аянды қаладағы балалар үйіне жіберді) Дескриптор: 1. Оқушылар шығарма мазмұнын толық біледі. 2.Сұрақтарға жауап береді ҚБ: Смайликтер тарату арқылы бағалау | Интербелсенді тақта
6 сынып. Қазақ әдебиеті оқулығы. "Мекеп" баспасы 79 бет.
|
Сабақтың ортасы (25 мин) | Сабақтың ортасында С.Мұратбековтың "Жусан иісі" повесі туралы қысқаша тоқталып кетемін. (2 мин) І тапсырма. Жеке жұмыс "Концептуалды кесте" әдісі бойынша жүзеге асырылады. (3 мин) Хикаядағы кейіпкерлердің қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдау. Орындалу шарты: оқушылар концептуалды кестеде берілген кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды. Дескриптор: 1. Хикаядағы кейіпкерлер ролін анықтайды. 2. Хикаядағы кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдау жасай алады. ҚБ: "Бағдаршам" арқылы бағалау. |
|
ІІ тапсырма. Оқулықпен жұмыс " Детальдерді табу" әдісі арқылы орындалады. (5 минут) Повесть композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. Орындалу шарты: мәтіннен берілген үзіндіні оқулықтан тауып оқиды. "Алғыр" тобы 1. Аянның қара қағаз алған жерін тауып оқу. 2. Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқу. 3. Аянның қора ішіндегі кейіпін суреттеген жерін тауып оқу. 4. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқу. "Тапқыр" тобы 1. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқу. 2. Аянның портретін тауып оқу. 3. Аянның әжесі қайтыс болғандағы көңіл - күйі бейнеленген тұсын тауып оқу 4. Аянның бақытты сәті туралы сәтін кітаптан тауып оқу. Дескриптор: 1. Оқиға желісі бойынша өз пікірлерін білдіреді; 2. Повесть композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады. ҚБ: "Бағдаршам" арқылы бағалау. | 6 сынып. Қазақ әдебиеті оқулығы. "Мекеп" баспасы 79-85 бет.
|
ІІІ тапсырма. Жұптық жұмыс "Кластер" әдісі арқылы жүзеге асырылады. (4 мин) Аянның басындағы қиыншылықтың себебін анықтау. Орындалу шарты: Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) қағаздың (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Дескриптор: 1. Өз пікірлерін білдіреді; 2.Аянның басындағы қиыншылықтың себебін анықтай алады. ҚБ: "Бағдаршам" арқылы жұптарды бағалау |
|
Сергіту сәті "Ән шырқайық" әдісі арқылы орындалады. (3 мин) Орындалу шарты: Әнші Жеңіс Ысқақованың орындауында «Жусан иісі» әнін тыңдату, бірге орындау арқылы жүзеге асырылады. | әннің мәтіні және аудионұсқасы |
4 тапсырма.Топтық жұмыс. "Галерея" әдісі арқылы жүзеге асырылады. (8 мин) Тақырып бойынша қосымша ақпарат жинақтау. Орындалу шарты: Әр топ бірлесіп жұмыс жасайды. Берілген тақырып бойынша постермен жұмыс жасайды. Ойланады, ақылдасады, талқылайды, ойларын қағазға түсіреді. 1 топ. Соғыстың зардабы 2 топ. Жетімнің тағдыры. Дескриптор: 1. Өз ойларына нақты дәлелдер келтіреді; 2. Әңгіме желісі бойынша қосымша ақпараттар жинақтай алады. ҚБ: Ішкі, сыртқы бақылаушылардың "бағалау парақтары" бойынша бағалау |
|
Сабақтың соңы ( 8 мин) | Кері байланыс: "Қызық. Қиын. Құнды" әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: Жапырақ бөлімдеріне Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" повесін оқу барысында біз үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарды жазып, ой қорытады. Үйге тапсырма: "Баяғыда бір жетім бала болыпты" деген тақырыпты жалғастырып шағын эссе жазу. Рефлексия "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: әр түрлі қалпақ киген оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін білдіреді. | |
Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Сабақ барысында қабілетті оқушыларға "Кластер", "Галерея", "Концептуалдық кесте", "Детальдерді табу" сияқты тиімді әдіс - тәсілдерді пайдаланып, үнемі олардың белсенділігін арттырып отырдым. Ойлау деңгейлеріне сәйкес, оқушыларға тапсырмаларды саралап, деңгейлеп және түрлендіріп ұсынуды басты назарда ұстадым. | Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүйелі жүргізіліп отырды. Сабақта баға алған оқушылар Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" повесінің мазмұнын білді, сұрақтарға жауап берді, повесть композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасады, оқиға желісі бойынша өз көзқарасын білдірді,повестегі кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдады, шығармашылық тапсырмаларды орындады. | 1.Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, музыка.пәндерімен жүргізілді. 2.Денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды. 3. АКТ-мен байланыс жүзеге асты, сабақта интербелсенді тақта қолданылды. 3.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Мәңгілік Ел ұлттық идеясын Құрмет, Отанға құрмет бағдарлары сабақтың тәрбиелік элементі ретінде танылды. |
| | |
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар нені білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? | Сабақтың оқу мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды, себебі оқушылар оқу мақсаттарын түсініп, берілген тапсырмаларды құлшыныспен орындады. Сабақта оқушылар С. Мұратбековтың "Жусан иісі" повесінің мазмұнын, идеясын түсінді, себебі сабақ жоспарын осы мақсатқа сәйкестендіріп құрдым. Сыныптағы психологиялық ахуал өте жағымды болды,себебі сабақ барысында оқушыларға үнемі қолдау көрсеттім және сергіту тапсырмасы осы тақырыпқа сай орындалды. Мен орындаған "Кластер", "Галерея", "Концептуалдық кесте", "Детальдерді табу" сияқты саралау шаралары тиімді болды,себебі оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүйелі жүргізілді. Мен уақытты тиімді пайдалана алдым, себебі жоспарланған уақыт дұрыс пайдаланылды. Мен өз жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын, себебі жоспарланған тапсырмалар оқу мақсатымен сәйкес құрылды. |
Қорытынды бағалау |
Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1.Жұптық жұмысты орындауда "Кластер" әдісі табысты болды, себебі оқушылар тапсырмада қарастырылған проблеманы жұппен жүйелі түрде орындай білді. 2.Топтық жұмысты орындауда "Галерея" әдісі табысты болды, себебі топтық жұмыс кезінде әр оқушының пікірі тыңдалып, оқу әрекеті бірізділікпен жүргізілді. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 1.Курс барысында меңгерген тиімді оқу әрекеттері және сабақ жоспарына нақты, дұрыс мақсат қоя білу жетістікке жетелейтінін анықтадым . 2.Курс барысында ұсынылған кері байланыстар, түрлі тілдік дағдылар бойынша үйренген әдістер және сабақта тапсырмалардың көптігі емес, жүйелілігі, нақтылығы маңызды екенін, түсіндім. |