kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Произведение Сайын Муратбекова "Жусан иісі" (обсуждение книг)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайын М?ратбеков туралы с?з

?лы а?ынымыз Абай негiзiн сал?ан к?ркем жазба ?дебиетiмiз ?дайы дамып, айдынын ке?ейтiп келедi. ?ткен ?асырда бол?ан с?рапыл со?ыстан кейiнгi кезе?ге де к?ркем ?дебиетiмiз кейiнгi тол?ын – ты? к?штермен толы?ып, мы?тап дами т?стi. Б?л тол?ын сапында ты? дарын иелерi – ?афу ?айырбеков, М??а?али Ма?атаев, ?адыр Мырза-?лi, Т?манбай Молда?алиев, Сайын М?ратбеков, Зейнолла Ш?кiров, А?ан Н?рманов, ?алихан Ыс?а?, Жайса?бек Молда?алиев сынды туасы б?лек, ?рнегi ?ркендi, тiлi ??нарлы дарындар ерекше к?зге т?сiп, халы? ??рметiне б?ленгенiн бiз жа?сы бiлемiз. Мен соларды? ?алы? тобынан жазушы, ?аза?стан Мемлекеттiк сыйлы?ыны? лауреаты, к?ркемс?з зергерi, б?лекше дарын иесi Сайын М?ратбековты? шы?армашылы?ы ж?нiнде ??гiме ?оз?ама?пын. К?ркемс?з ?рнегi ерекше, с?лу с?з иесi, с?йкiмдi шы?армалар жаз?ан халы? жазушысы Сайын М?ратбеков Алматы облысында?ы б?рын?ы ?апал ауданында?ы ??й?алы жер – ?о?ыр тауыны? баурайында 1936 жылы, 15-шi ?азанда д?ниеге келген Сайынды жастайынан атасы М?ратбек бауырына салып, ?сiрiп-т?рбиелеген. ?з ?кесi Сапар?али ?лы Отан со?ысына ?атыс?ан майдангер. Демек, ауыл та?ырыбын ?зек етiп, жазушыны? Жыр т?гуiнi? негiзi мен т?п т??ыры осында жатса керек.

Со?ыс жылдарында?ы ауырт­па­лы?­тар мен ?иынды?тар­ды Сайын, ?з к?зiмен к?рiп, сол тiр­лiк­­ке ?оян-?олты? аралас?ан ?аламгер. Жазушыны ?о?амды? орта, ел-ж?рт т?рбиелейтiнi аян.

Б?л ретте де ?о?ырды? ежелгi тарихы ?те бай ??iр. М?нда Жо??ар жой?ыны, ?лы Отан со?ысы жылдарында халы? батыры Шын?ожа, Найзагер сынды азаматтар ел ?ор?ауды? ас?ан ?лгiсiн к?рсеткен. ?аза?ты? аса к?рнектi а?ыны ?али Орманов пен Сайын М?ратбе­ков сол халы? батыры Шын?ожа ба?ад?рдi? ?рпа?ы болады. Сондай-а?, осы Ешкi?лмес, ?о?ыр тауларыны? б?ктерiнде ата?ты ?ойлыбай к?йшi-?обызшы к??i­рен­те к?й т?ккен, ата?ты а?ын Бiржан сал мен сара с?здi? шеберi Сара Тастанбек?ызыны? айтысы да осы ?ызыл тобыл?ылы, ?о?ыр тауыны? баурайында Ешкi?лместе ?ткенi белгiлi. ?лы а?ын Iлияс Жанс?гiров осы ?лке жайлы «Арынды менi? А?суым» деп жыр т?ккен.
Тарихи зерде ?ой, зерттеу­шiлер­ге керек болар, ?йгiлi ?апал батыр осы саумал ауалы ?о?ырда жо??арлармен со?ыста ерлiкпен ?аза бол?ан. Оны? ата-тегi ?лы ж?здегi Дулат атадан тарайтынын жа?сы бiлемiз. Сол ?апал батыр­ды? зираты ?о?ыр ауылыны? шы?ысында ?оян жонындай б?л­тиып жатыр. Осы ?ызыл ?о?ыр тобыл?ылы ?о?ырда ?аза?ты? ?лы ?алымы Шо?ан У?лиханов ?йгiлi ??лжа сапарын баста?ан. Осындай тарихы бай, ??й?алы ??iр ?о?ырда Сайын­ны? дарынды жазушы болып ?суi ?бден за?ды болса керек. ?рi сол ?ткен ?асыр­ды? елуiншi жылдары партияны? ХХ съезi болып, ерiк-жiгердi, ой-сананы б??аулап ?ста?ан стали­низм­нi? темiр ?а?панына тос?ауыл ?ойыл?ан – Жылымы? кезе?i келген-дi. Ж?не сол кезде б?кiл ода?та деревенская проза?а – а?ын ?мiрiне бетб?рыс жасал?ан едi. Сол бетб?рысты? шуа?ы ?аза? ?дебиетiн де д?р сiлкiндiрдi. Жазушы Сайын М?ратбеков мiне, осы кезе?де батыл е?бек етiп, ?з ?рне­гiн, ты? серпiнiн таныта бiлген жазушы, к?ркемс?з зергерi. Жазу­шыны? ал?аш?ы кiтабы «Ауыл оты» – о?ырманды еле? еткiзiп жа?­сылы? н?рын, жанд?ниенi жа??ыртатын жылылы? шуа?ын ала келдi. Б?дан кейiн жазушы «Жабайы алма», «Жусан иiсi», «К?мен-то?ай», «Дос iздеп ж?рмiн», «?алы? ?ар» деген кiтаптарын, тамаша хикаяттарын ?алы? о?ыр­ман­?а ?сынды. Сайынны? туындылары – о?и?а желiсiнi? шын­шыл­ды?ымен, тiлiнi? к?ркем де ?рнектiлiгiмен, кейiп­керлерiнi? биiк адамгершiлiк ?асиеттерi-мен бiр с?збен айт?анда, таби?и наным­ды­лы?ымен ерек­шеленiп, о?ыр­манын баурап отырады. ?а­за? ауылыны? ?иын кезе?iн шынайы бейнелеп, полотнолы? ?ажап шы?армалар жа­з?ан ба?ытты жазушы?а «Жабайы алма» ат­т­ы кiтабы ?шiн мемлекеттiк сыйлы? берiлдi. Сайын М?ратбеков ?о?ам ?ай­рат­керi ретiнде де абыройлы, ?лкен ?ызметтер ат­?ар?ан ?алам­гер. Ол ?аза?стан Компартиясы Орта­лы? Комитетiнде жауапты ?ызмет ат?арды. «Жазушы» баспа­сыны? директоры, «?аза? ?де­биетi» га­зетiнi? бас редакторы бола ж?рiп, ?аза? ССР Жо?ар?ы Советiнi? депутаты болып сай­ланды.
Жазушы Сайын М?ратбеков жас ?алам­герлерге ?ам?орлы? к?рсе­тiп, ?стаз­ды? ету­де де ?лкен азаматты? ?неге, т?рбие ?сынды. Мен С?ке? а?амыз депутатты??а сайланарда оны? ж?рт сенген ?кiлi болып, жанында ж?рдiм. С?ке? адам баласына «сен» деп ?атты с?з айтпайтын мейiрман, ?те м?дениеттi, кiшiпейiл азамат ретiнде менi? жа­дымда ?алды. Халы?ты? с?йiктi жазушысы Сайын М?ратбековты? ж?байы Мария ?п­кемiзден: – Сiздер ?алай танысты?ыздар? – де­генiмде, ол: – Мен Тал?ар ?аласы т?бiндегi «Солдат сайы» деген жерде тудым. ?аза?ты? д?ст?рлi ??рпымен айтсам ата-бабам – ?ара ?а?лы-дан тарайды. Училищенi бiтiрген со?, Талды­?ор?ан?а жолдама алдым. Онда облыс басшысы ?рiпбай Алыбаев а?а жылы ?абылдап, ?апал ауданына жiбердi. Сайынмен сонда таныстым. Сайын ша?ын тиражы бар газетте iстейдi екен. Кейiн ?аратал ауданды? газетi ?шт?бе ?аласына ауысты. Сол кезде жас журналист, бойында ?аны ?айнап т?р?ан кезi ?ой. К?ше­дегi адамдардан бiр ?аза? шалыны? ?з кемпiрiн к?кала ?ойдай етiп сабап сал?аны туралы ??гiме естидi. О?ан шыдамай, ?атты ашулан?ан Сайын ?лгi о?и?аны ла?ап есiммен газетке фельетон етiп жариялайды. М?­ны о?ы?ан ?лгi ?аза? а?са?алы атпен редак­ция­?а шауып келiп, зiкiр салып, ??гiртая? ойнатып:
– Менi жаз?ан жiгiттi тауып берi?дер, оны? к?­­кесiн к?зiне к?рсетемiн, – дейдi айбат шегiп. Жiгiттер:
– Б?л жазуда сiздi? аты-ж?нi?iз жо? ?ой, ол б?тен адам болар, – десе де, шал ??еш­теп:
– Сол кемпiрiн ?р?ан шал мен­мiн, – деп ызбар т?гедi. Жiгiттер:
 

– Бос?а сотталып кетесiз, – деп ?ор?ыта у?ж айтып, ?лгi а?са?алды ?йiне ?айтарады. Осы о?и?аны еске т?сiрiп: – «.с?здi? ??дi­ретi-ай», – деп Сайын басын шай?ап, iшек-сiлесi ?атып к?лiп отырушы едi. Мезгiл ?ткен сайын мен ота­?асыны? к?лкiсiн са?ынып, балалар?а осы ??­гiменi ?аз-?алпында айтып отырамын. К?ркемс?з ше­берiн са?ын?анда, ?рине, бiз оны? шы?ар­ма­ларын о?ып мау?ымызды басамыз.


Т?лен ?АУПЫНБАЙ?ЛЫ,
жазушы, Жамбыл атында?ы Халы?аралы? сыйлы?ты? лауреаты,

Алматы облысыны? ??рметтi азаматы

Cайын М?ратбеков

(1936-2007) 15 ?азанда Алматы облысыны? ?апал ауданында?ы ?о?ыр ауылында ту?ан. 1957-1963 жж. ?азМУ-де сырттай о?ы?ан, 1971 жылы[[[М?скеу|М?скеудегі]] Жо?ары ?деби курсты бітірген. 1954-1962 жж. ту?ан ауылында колхозшы, м??алім, ауданды?, облысты? газеттерді? ?деби ?ызметкері, 1962-1972 жж. «Ж?лдыз» журналында, «?аза? ?дебиеті» газетінде б?лім ме?герушісі, ?аза?стан Жазушылар ода?ында ке?есші,К?ркем ?дебиетті насихаттау бюросыны? директоры, 1972-1977 жж. ?аза?стан КП Орталы? Комитетінде жауапты ?ызметкер, 1977-1980 жж. «?аза? ?дебиеті» газетіні? бас редакторы, 1980-1984 жж. [[?аза?стан Жазушылар ода?ы]]ны? хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасыны?директоры, 1988-1991 жж. ?ЖО-ны? екінші хатшысы бол?ан. XI сайлан?ан ?аза? КСР Жо?ар?ы Ке?есіні? депутаты. Жазушыны? ал?аш?ы шы?армалары 50-жылдарды? ая?ында жариялана баста?ан. Содан бергі уа?ытта ??гімелері мен повестеріні? «Мені? ?арындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «К?корай» (1967), «Отау ?й» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп ж?рмін» (1973) жина?тары, та?дамалы шы?армаларыны? бір томды?ы (1981), 1986 ж?не 1991 жж. екі томды?ы, [2004 жыл]]ы «Ескек жел» атты ??гімелер жина?ы жары? к?рген.

1989 жылы «?алы? ?ар», 1995 жылы «?ліара» повестері кітап боп шы?ты.

Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, М?скеу баспаларынан ?р жылдары жары? к?рген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте ?збек тілінде «Евшан иісі»,?азанда татар тілінде «?рем иісі», украин, белорус, грузин, армян, ?зербайжан, литва, т.б. туыстас халы?тар тілдерінде ??гіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен ??гімелері жеке кітап болып шы?ты.

Аударма саласында ?нуар ?лімжановты? белгілі роман-повестерін, сондай-а? Г.Толмачевті? Д.?онаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманы? «Тас ?алам» романын ?аза?шала?ан.

«Тел ?скен ?л» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийіні? авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі ?шін Т?уелсіз «Тарлан» сыйлы?ыны? лауреаты атанды.

«??рмет Белгісі» орденімен марапаттал?ан.

1990 жылы «?алы? ?ар» повесі ?шін ?аза?стан Жазушылар ода?ыны? М. ?уезов атында?ы ?деби сыйлы?ы, 1998 жылы ?аза?стан Республикасыны? е?бек сі?ірген ?айраткері ата?ы берілген. ?аза?стан Республикасы Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты (2006).[1]

Жусан иісі (повесть)

Жусан иісі - со?ысты? кезінде жары? к?рген повесть. Авторы Сайын М?ратбеков. Араб тіліндегі н?с?асы бар.

Мазм?ны

1 Сюжеті

2 I б?лім

3 II б?лім

4 III б?лім

5 IV б?лім

6 Кейіпкерлері

7 Та?ы ?ара?ыз

8 Дерекк?здері

Сюжеті

I б?лім

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, ?жесімен бірге бір ауыл?а к?шіп келеді. Осы ауылды? балалары ойнап ж?ріп жа?а баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол а?к??іл,а?ылды бала бол?ан. Негізі ол ешкіммен т?белеспейтін бала еді. Біра? бір к?ні Есікбай Аян?а ?зі тиісіп, т?белесе бастады. Б?рібір со?ында Аян барлы? к?шін жинап, же?ді. Аян мектепте де ?зіні? зеректілігін бірінші к?ннен бастап к?рсетеді. Ол е? бірінші хат танып, балалар?а к?мектескен. Бірде Аян ?рісте мал ?айырып ж?ріп тобы?ы тайып, одан кейін ая?ы тай?ыш болып ?алды.

II б?лім

Б?л б?лімде Аянны? ?жесінен айырыл?аны, ертегілері баяндалады. ?жесі ?айтыс бол?аннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Біра? о?ан д?рыс к?тім жасамайды. ?жесі ?мірден кетсе де, баланы? ?амы?пауы б?рін та? ?алдырады. Балалар к?нде оны? ертегісін ты?дауды ?дет ?ылдыр?ан. Ауа райы суы? болса да Аянны? ертегісін ?ткізуге болмайды. Ол к?нде бір ертегі ойлап тауып, к?нні? бат?анын к?тіп, б?ріне айтып береді. Оны? ертегісіні? ?ызы? бол?аны соншалы?, оны? ертегісін ты?да?ан балалар ертегіге кіріп кетеді. Б?л кезде олар со?ыста?ы а?а-?келерін естеріне т?сіріп, оларды тауып алып, бірге со?ысуды армандайды.

III б?лім

Аянны? мінезі ?те ?ызы? еді. Бірде ол т?йы? мінезді, бірде ?зін м?лде танымай ?аласы?. Ол к?п ойын?а араласа бермеуші еді. Біра? осы кеште ол б?рін та? ?алдырады. Оны? шанасына ?анат біткендей болады. Осыны к?ріп Сайын М?ратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол ?йде шанасын іздеп жат?анда, ?жесі оны ?стап алып, т?сегіне жат?ызады. Осы кештен кейін Аян да?дылы шана тебетін болды. Ол балалар?а ертегісін айтып, т?м?мда?ан со?, біреуімізден шана с?рап, сыр?ана?та жападан жал?ыз т?нге дейін ойнайтын болды. Бір к?ні барлы? ауыл балалары Аянны? ертегісін ты?дау?а жинал?анда, Аян к?кесіні?, ?зіні? киімінен жусанны? иісі шы?атынын айта бастады. Оны? к??іл- к?йі ?те жа?сы еді. Одан со? балалар Аян?а шана беру кімні? кезегі ж?нінде килігеді. Аян осы т?ні ерекше ?ызы?ты: бір к?зді д?у туралы ертегісін бастайды. Барлы? балаларды? ?рейлері ?шады. С?йтіп отыр?анда ш?пті? ар?ы жа?ынан ?рт шы?ады. Балалардыі барлы?ы ?ора ?стінен секіріп, ?аша ж?неледі. Е? со?ында Аян ?алып ?ойып, ?ора ?стінен секіріп жат?анда ая?ын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Т?ржан келіп, Аянды со??ы?а жы?ады. Ауыл адамдары Т?ржан?а наразылы? білдіреді. Осыдан кейін Аян ая?ынан т?ра алмай т?сек тартып, жатып ?алады. Біраз уа?ыт ?ткеннен кейін Аян жазыла бастайды, біра? ол енді б?рын?ыдай м?лде ойнамайтын болады.

IV б?лім

Б?лімні? басында, ?жесі ?айтыс болып, Бапайды? ?олына т?скен Аян?а, оны? досы келеді. Аян ?уанып ?з ертегісін бастайды. Ертегісі «Бая?ыда бір жетім бала болыпты.» деп басталушы еді. Бапай да, оны? ?жесі де оларды? ??гімесіне ??ла? салмайтын. Біра? бусан?ан ?арт ра?аттана кекіріп ?оятын да «Енелері?ді ?райын, осы екеуіні?-а? сыбыр-к?бірі бітпейді екен, ?. ?ыз алып ?аш?алы а?ылдасып ж?ргеннен саусы?дар ма-ей?!» деп ?зілдейді. Бір к?ні балалар екіге б?лініп ?ар ат?ыласып ойнама? болды. Б?л ойын?а Аян да ?атыс?ысы келген. Лезде ж?гіре алмайтынды?ынан атаманны? екеуі де оны алудан бас тартты. Б??ан ашулан?ан Аян Асылбек шалдан тобы?ын салып беруді с?райды. Асылбек шал баланы? ?тінішін орындайды. Біра?, амал не, Аян м?нан кейін де тобы?ын тайдырып алады. Б?л – к?ктем кезі еді. Сонда Аян ?гіз айдап ?гізден домалап т?скен кезде тобы?ы та?ы тайды. Кейін Аянды балалар ?йіне жібереді. Аян халы?пен ?оштасып «Мен ?лі б?рі?е де хат жазып т?рамын» деп кетеді.

Кейіпкерлері]

Аян -?о?ыр?ай ж?зі тершіп, ма?дайында?ы біркелкі етіп ?иыл?ан кекіл шашы бар. Ешкіммен т?белесіп, с?зге келмейді. ??гімеде ?жет, ?айсар, зерек, ?те а? к??іл, мейірімді, а?ылды ж?не де жетім бала болып суреттеледі. Тобы?ын шы?арып алып, сол ая?ын с?йретіп ж?ретін,шілбиген а?са? ?ара бала. ?з ойынан балаларды та??алдыратын ертегілер шы?арады. ?те мейірімді бала. Сонымен ?атар ?те тап?ыр, а?ылды, білімді, зерек ж?не а? к??іл бала.

Сады? - Аянны? досы. Ауылда "бірінші атаман" атан?ан.

Есікбай -сида? бойлы, ?ол-ая?ы ?ара ?айыстай ?ат?ан ?зын, ж?гіргенде алдына жан салмайтын, ?зі т?белес?ор, сот?ар бала. Кейде ?араптан-?арап келе жатып ?ркімге бір ?рынатын жаман ?деті бар. ?лі жеткенді ая?тан шалып ?ап, болмаса басынан то?ай алып жылатып жіберетін. Аян ал?аш рет келген кезде, Аянмен т?белесіп, одан же?іліп ?ал?ан еді.

Бапай - ?жесіні? тумаласы. Аянны? ?жесі ?айтыс бол?анда, Аянды асырап ал?ан. ?йелі екеуі Аян?а д?рыс к?тім бермеген.

Т?ржан- ?те ?атал, ауылды? бригадирі, аса ?атыгез, мейірімсіз адам, жа?ымсыз кейіпкер

Иманжанов- адамша дірілдей ?алшылда?ан,к?зі ?ып-?ызыл болатын Аян мен ауыл балаларыны? ?стазы.

Сайын М?ратбеков- а?к??іл,мейірімді, Аянны? жа?ын досы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«произведение Сайын Муратбекова "Жусан иісі" (обсуждение книг)»

Сайын Мұратбеков туралы сөз

Ұлы ақынымыз Абай негiзiн салған көркем жазба әдебиетiмiз ұдайы дамып, айдынын кеңейтiп келедi. Өткен ғасырда болған сұрапыл соғыстан кейiнгi кезеңге де көркем әдебиетiмiз кейiнгi толқын – тың күштермен толығып, мықтап дами түстi. Бұл толқын сапында тың дарын иелерi – Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза-Әлi, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Зейнолла Шүкiров, Ақан Нұрманов, Қалихан Ысқақ, Жайсаңбек Молдағалиев сынды туасы бөлек, өрнегi өркендi, тiлi құнарлы дарындар ерекше көзге түсiп, халық құрметiне бөленгенiн бiз жақсы бiлемiз. Мен солардың қалың тобынан жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың шығармашылығы жөнiнде әңгiме қозғамақпын. Көркемсөз өрнегi ерекше, сұлу сөз иесi, сүйкiмдi шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Құйқалы жер – Қоңыр тауының баурайында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Демек, ауыл тақырыбын өзек етiп, жазушының Жыр төгуiнiң негiзi мен түп тұғыры осында жатса керек.

Соғыс жылдарындағы ауырт­па­лық­тар мен қиындықтар­ды Сайын, өз көзiмен көрiп, сол тiр­лiк­­ке қоян-қолтық араласқан қаламгер. Жазушыны қоғамдық орта, ел-жұрт тәрбиелейтiнi аян.

Бұл ретте де Қоңырдың ежелгi тарихы өте бай өңiр. Мұнда Жоңғар жойқыны, Ұлы Отан соғысы жылдарында халық батыры Шынқожа, Найзагер сынды азаматтар ел қорғаудың асқан үлгiсiн көрсеткен. Қазақтың аса көрнектi ақыны Ғали Орманов пен Сайын Мұратбе­ков сол халық батыры Шынқожа баһадүрдiң ұрпағы болады. Сондай-ақ, осы Ешкiөлмес, Қоңыр тауларының бөктерiнде атақты Қойлыбай күйшi-қобызшы күңi­рен­те күй төккен, атақты ақын Бiржан сал мен сара сөздiң шеберi Сара Тастанбекқызының айтысы да осы қызыл тобылғылы, Қоңыр тауының баурайында Ешкiөлместе өткенi белгiлi. Ұлы ақын Iлияс Жансүгiров осы өлке жайлы «Арынды менiң Ақсуым» деп жыр төккен.
Тарихи зерде ғой, зерттеу­шiлер­ге керек болар, әйгiлi Қапал батыр осы саумал ауалы Қоңырда жоңғарлармен соғыста ерлiкпен қаза болған. Оның ата-тегi ұлы жүздегi Дулат атадан тарайтынын жақсы бiлемiз. Сол Қапал батыр­дың зираты Қоңыр ауылының шығысында қоян жонындай бұл­тиып жатыр. Осы Қызыл Қоңыр тобылғылы Қоңырда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов әйгiлi Құлжа сапарын бастаған. Осындай тарихы бай, құйқалы өңiр Қоңырда Сайын­ның дарынды жазушы болып өсуi әбден заңды болса керек. Әрi сол өткен ғасыр­дың елуiншi жылдары партияның ХХ съезi болып, ерiк-жiгердi, ой-сананы бұғаулап ұстаған стали­низм­нiң темiр қақпанына тосқауыл қойылған – Жылымық кезеңi келген-дi. Және сол кезде бүкiл одақта деревенская прозаға – ақын өмiрiне бетбұрыс жасалған едi. Сол бетбұрыстың шуағы қазақ әдебиетiн де дүр сiлкiндiрдi. Жазушы Сайын Мұратбеков мiне, осы кезеңде батыл еңбек етiп, өз өрне­гiн, тың серпiнiн таныта бiлген жазушы, көркемсөз зергерi. Жазу­шының алғашқы кiтабы «Ауыл оты» – оқырманды елең еткiзiп жақ­сылық нұрын, жандүниенi жаңғыртатын жылылық шуағын ала келдi. Бұдан кейiн жазушы «Жабайы алма», «Жусан иiсi», «Кәмен-тоғай», «Дос iздеп жүрмiн», «Қалың қар» деген кiтаптарын, тамаша хикаяттарын қалың оқыр­ман­ға ұсынды. Сайынның туындылары – оқиға желiсiнiң шын­шыл­дығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiп­керлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерi-мен бiр сөзбен айтқанда, табиғи наным­ды­лығымен ерек­шеленiп, оқыр­манын баурап отырады. Қа­зақ ауылының қиын кезеңiн шынайы бейнелеп, полотнолық ғажап шығармалар жа­зған бақытты жазушыға «Жабайы алма» ат­т­ы кiтабы үшiн мемлекеттiк сыйлық берiлдi. Сайын Мұратбеков қоғам қай­рат­керi ретiнде де абыройлы, үлкен қызметтер ат­қарған қалам­гер. Ол Қазақстан Компартиясы Орта­лық Комитетiнде жауапты қызмет атқарды. «Жазушы» баспа­сының директоры, «Қазақ әде­биетi» га­зетiнiң бас редакторы бола жүрiп, Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң депутаты болып сай­ланды.
Жазушы Сайын Мұратбеков жас қалам­герлерге қамқорлық көрсе­тiп, ұстаз­дық ету­де де үлкен азаматтық өнеге, тәрбие ұсынды. Мен Сәкең ағамыз депутаттыққа сайланарда оның жұрт сенген өкiлi болып, жанында жүрдiм. Сәкең адам баласына «сен» деп қатты сөз айтпайтын мейiрман, өте мәдениеттi, кiшiпейiл азамат ретiнде менiң жа­дымда қалды. Халықтың сүйiктi жазушысы Сайын Мұратбековтың жұбайы Мария әп­кемiзден: – Сiздер қалай таныстыңыздар? – де­генiмде, ол: – Мен Талғар қаласы түбiндегi «Солдат сайы» деген жерде тудым. Қазақтың дәстүрлi ғұрпымен айтсам ата-бабам – қара қаңлы-дан тарайды. Училищенi бiтiрген соң, Талды­қорғанға жолдама алдым. Онда облыс басшысы Әрiпбай Алыбаев аға жылы қабылдап, Қапал ауданына жiбердi. Сайынмен сонда таныстым. Сайын шағын тиражы бар газетте iстейдi екен. Кейiн Қаратал аудандық газетi Үштөбе қаласына ауысты. Сол кезде жас журналист, бойында қаны қайнап тұрған кезi ғой. Көше­дегi адамдардан бiр қазақ шалының өз кемпiрiн көкала қойдай етiп сабап салғаны туралы әңгiме естидi. Оған шыдамай, қатты ашуланған Сайын әлгi оқиғаны лақап есiммен газетке фельетон етiп жариялайды. Мұ­ны оқыған әлгi қазақ ақсақалы атпен редак­ция­ға шауып келiп, зiкiр салып, әңгiртаяқ ойнатып:
– Менi жазған жiгiттi тауып берiңдер, оның кө­­кесiн көзiне көрсетемiн, – дейдi айбат шегiп. Жiгiттер:
– Бұл жазуда сiздiң аты-жөнiңiз жоқ қой, ол бөтен адам болар, – десе де, шал өңеш­теп:
– Сол кемпiрiн ұрған шал мен­мiн, – деп ызбар төгедi. Жiгiттер:

– Босқа сотталып кетесiз, – деп қорқыта уәж айтып, әлгi ақсақалды үйiне қайтарады. Осы оқиғаны еске түсiрiп: – «...сөздiң құдi­ретi-ай», – деп Сайын басын шайқап, iшек-сiлесi қатып күлiп отырушы едi. Мезгiл өткен сайын мен ота­ғасының күлкiсiн сағынып, балаларға осы әң­гiменi қаз-қалпында айтып отырамын. Көркемсөз ше­берiн сағынғанда, әрине, бiз оның шығар­ма­ларын оқып мауқымызды басамыз.


Төлен ҚАУПЫНБАЙҰЛЫ,
жазушы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,

Алматы облысының Құрметтi азаматы.











Сайын Мұратбеков

Cайын Мұратбеков

(1936-2007) 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы[[[Мәскеу|Мәскеудегі]] Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында«Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші,Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасыныңдиректоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, [2004 жыл]]ы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.

Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі»,Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.

Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.

«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006).[1]



Жусан иісі (повесть)

Жусан иісі - соғыстың кезінде жарық көрген повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Араб тіліндегі нұсқасы бар.

Мазмұны
  • 1 Сюжеті

  • 2 I бөлім

  • 3 II бөлім

  • 4 III бөлім

  • 5 IV бөлім

  • 6 Кейіпкерлері

  • 7 Тағы қараңыз

  • 8 Дереккөздері

Сюжеті I бөлім

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім

Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім

Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардыі барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім

Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.

Кейіпкерлері]
  • Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.

  • Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.

  • Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.

  • Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.

  • Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер

  • Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.

  • Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
произведение Сайын Муратбекова "Жусан иісі" (обсуждение книг)

Автор: Бекенова Орынбасар Шоптибаевна

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307638


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства