kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қысұа мерзімді сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қысұа мерзімді сабақ жоспары»





Сабақ : Қазақ әдебиеті

Мектеп: «Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп»


Күні : 16. 02.2021ж

Мұғалім: Кенжеғалиқызы Гүлбану


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

«Егіннің бастары» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу;

Сабақ мақсаты:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; жаңа сөздердің мағынасын ашу; шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу;

Ресурстар

Оқулық, тұжырымдамалар жазылған бетше, «Бағалау шкаласы»

Бағалау критерийлері:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады; жаңа сөздердің мағынасын аша алады;

шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазады;


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, бағалау

Тілдік мақсаттар:

Тағзым ету, қайран калу, шекірейіп қарау, сорайған қарасы, тәкаппар,

балау, теңгермеу.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік асыл қасиеттерге баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайд

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


  • Оқушылар көңіл-күйіңіз қалай? Көңіл-күйіңізді «Басбармақпен» көрсетейікші.

«Ия - жоқ» ойынын ойнатамын. Ойын басында сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деген тұжырымдама жасайсыздар

Топқа бөлу. Сурет бөліктерінен мозайка құрастыру арқылы топқа бөлу.

1-топ. Бидай

2-топ. Арпа

Ширату жаттығулары: топқа бөлуді өту барысында нені байқадық сол туралы оқушылар болжам жасайды, өздері тақырыпты анықтайды, содан кейін оқу мақсатымен таныстырамын.

\Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийін айттым.\

І. Жаңа сабақ тақырыбы: «Егіннің бастары» өлеңі

Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; жаңа сөздердің мағынасын ашу; шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу;

Бағалау критерийі: Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады; жаңа сөздердің мағынасын аша алады; шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазады;


Бүгін сабақта біз А. Байтұрсыновтың Иван Иванович Хемницерден аударған «Егіннің бастары» мысалын оқып, идеясын ашуға тырысайық. (И. И. Хемницер - орыс ақыны, мысалшы)


Тұжырымдама жазылған парақ .


Сабақтың ортасы

27 мин





















1-тапсырма. «Болжау» стратегиясы

Әдістің мақсаты: оқушыларды креативті ойлауға, жаңа идеяларды тудыруға бағытталған.

Әдістің орындалуы: мысалдың 1-шумағын өзім оқимын, әрі қарай не болатынын оқушылар болжайды.

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.


Әрі қарай жалғастырыңыз!


Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»


Әрі қарай жалғастырыңыз!


«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:

Әрі қарай жалғастырыңыз!


«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.


Әкесінің баласына қандай ақыл берді?


«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді


Шығарманы бір оқушыға мәнерлеп оқытып, тақырыбы мен идеясын анықтату.

Дескриптор

  • Шығарма тақырыбын табады;

  • Идеясын анықтай алады;

ҚБ «Қол шапалақ»


2 тапсырма. «Полюстер» ойыны.

Тұжырымдамадан кейін жаңа сөздердің мағынасы туралы өз білімдерін «білім шкаласына» белгілеп алуын сұраймын.


Жаңа сөздермен танысу.

Тағзым ету-қызмет көрсету.

Қайран калу-таңғалу.

Шекірейіп қарау-менсінбеу.

Төмен бүгілу-еңкею.

Сорайған қарасына-бойына.

Тәкаппар-өркөкірек.

Тұтынба-еліктеме.

Балау-тең көру,бірдей санау.

Сайран етіп-қыдырып.

Көкке қарап-жоғары,төбеге қарап.

Теңгермейді-менсінбеу.

Дескриптор

  • Жаңа сөздердің мағынасын аша алады

ҚБ «Өзін – өзі бағалау» әдісі



3-тапсырма. Ж. Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады





Оқу деңгейі төмен оқушының пікірін білдіруде ойының шашыраңқы екені байқалады; орта деңгейлі баланың ойы түсінікті, дегенмен ойын көркем тілде жеткізуге талаптанбаған; жоғары деңгейлі оқушының ойы жүйелі, әсерлі, көркем сөздермен жазылған.

Дескриптор

  • Талдау барысында сыни хабарлама жазады;

ҚБ «Өзара бағалау»































































«Білім шкаласы»





































Сабақтың соңы

3 мин



Үйге тапсырма.

І деңгей.Өлеңнің мазмұнын шағын мәтін түрінде жазып келу.

ІІ деңгей.А.Байтұрсынов туралы мазмұндау.

ІІІ деңгей.Нақыл сөздерді жаттау,өлеңді мәнерлеп оқу.

Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қысұа мерзімді сабақ жоспары

Автор: Кенжеғалиқызы Гүлбану

Дата: 18.02.2021

Номер свидетельства: 573559

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "?дебиеттік о?удан ?ыс?а мерзімді саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(44) "diebiiettikokudankyskamierzimdisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "278079"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453033785"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Жабайы а?дар .?ыс?а мерзімді саба? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(47) "zhabaiy-an-dar-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "196984"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428158786"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "М?хтар ?уезов "?жемні? ?жесі". ?ыс?а мерзімді саба? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(64) "mu-khtar-uiezov-zhiemnin-zhiesi-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "196997"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428159756"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "3- сынып. ?ыс?а  мерзімді  саба?   жоспары.  ?дебиеттік о?у: «Егінші мен ?ас?ыр» (ертегі) "
    ["seo_title"] => string(91) "3-synyp-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary-diebiiettik-ok-u-ieghinshi-mien-k-ask-yr-iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "133888"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416594748"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "?ыс?а мерзімді саба? жоспары. Су-еріткіш.суда еритін ж?не ерімейтін заттар. "
    ["seo_title"] => string(84) "k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary-su-ieritkish-suda-ieritin-zh-nie-ierimieitin-zattar"
    ["file_id"] => string(6) "150617"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420536620"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства