Әдебиеттік оқу 03.02.2017 жыл
Сабақтың тақырыбы:Төлеген Айбергенов. Өсіп келе жатырмын
Сабақтың мақсаты:Балаларға өлеңді таныстыру,оқыту,меңгенту.
2.Мәнерлеп,түсініп оқуын,сөз мәдениетін,сөйлеу мәнерін дамыту.
3.Армандауға,келешекке сеніммен қарай білуге,талапты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Т.Айбергеновтың портреті, интерактивті тақтадағы слайдтар
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы:дүниетану,қазақ тілі
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру
Сыныпты 3 топқа бөлу. «Ынтымақ», «Татулық», «Достық»
Психологиялық әзірлік.Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға
2.Үй тапсырмасын сұрау
1.Қай құс бейбітшіліктің белгісі (көгершін)
2.Қыста қарқылдап ұшатын құс (қарға )
Үйге берілген тапсырма «Құстар айтысы еді»
-Балалар,бұл ертегінің қай түріне жатады? (жануарлар туралы ертегі )
Әр топқа сұрақтар беріледі.
1.Құстар неге түсіп қалды? 2.Құстар тордан қалай құтылмақ болды? 3.Тор неліктен жерге салбырап түсті? 4.Құс аулаушы торды не істеді? 5.Ертегінің ішінде қандай құстар бар? 6.Енжарланып деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер?
Әр топ ертегіні бөлім бойынша әңгімелеу.
1.Торға түсу 2.Ынтымақтық 3.Ала ауыздық
Осы ертегінің негізгі ойы,түйіні неде?
Әр топ ертегіге қатысты ынтымақ,бірлік туралы мақал-мәтел айту керек.
3.Жаңа сабақ
Кіріспе.
«Іргесі берік елді жау ала алмас,аузы бір елді дау ала алмас.»-деген мақалдың мағынасын түсіндіру.
Елдің ауызбіршілігі,татулығы берік болса,бұл елді жау да,дау да жеңе алмайды.Мұндай ел өседі,өркендейді.Балалары бақытты болып өседі деп,Төлеген Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңімен танысамыз.
Төлеген Айбергеновтың өмірбаянына тоқталу.Ақын өмірге 1937 жылы келген.Ол Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туылған.Төлеген Айбергеновтың «Жас дәурен», «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Бір тойым бар» шығармалары бар.1967 жылы 30 жысында дүниеден озған.
Мұғалімнің өлеңді оқып беруі.Балаларға іштей оқыту.Сөздік жұмысын жүргізу.Дауыстап,мәнерлеп оқыту.
Сергіту сәті.Ән айту. «Біз осындай боламыз.»
Суда жүзіп өсеміз,
Қырда жүзіп өсеміз,
Күнге қызып өсеміз,
Құмға шығып өсеміз.
Қайырмасы:
Талаптанып өсеміз,
Қанаттанып өсеміз,
Талаптанып,қанаттанып өсеміз
Дәптермен жұмыс жүргізу, «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.Оқушылар бірігіп қағазға өлеңнің бөлігін оқи отырып,түйінді сөздерді жазады.Қай топтың түйін сөздерді көбірек жазатынын анықтау.
Сендер,балалар, жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келе жатырсыздар.Еліміздің өркендеуі үшін сендер қандай болып өсулерің керек?
«Бірге туған еліммен,өсіп келе жатырмын» тақырыбына шағын шығарма жазу.
4.Қорытынды:Топтардың ұпайларын санау арқылы,жеңімпаз топты анықтау.
Үйге өлеңді жаттап келу.