Күні Пәні | 17.01.2017 Әдебиеттік оқу |
Тақырыбы: | Ф. Оңғарсынова «Әже» |
Мақсаты: | 1.Оқушыларды ақын Ф. Оңғарсынова еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдердің мазмұны мен идеясын меңгерту. 2.Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. 3.Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәрбиелеу. Ата-анаға сый-құрмет көрсетуге тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар ананың өмірде алатын орнының маңыздылығын түсінеді. Әр оқушы өз шығармашылығы мен қабілеттерін көрсете алады. |
Қолданылатын модуль | СТО, Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. |
Ресурстар | АКТ, плакат, маркер, стикер |
Сабақтың барысы. | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Балаларды топқа бөліп отырғызу Оқушыларға (мейірім, шуақ, арай) сөздері жазылған стикерлер таратылады. | Оқушылар 3 топқа білінеді. Қызыл, сары,көк гүлдер |
Психологиялық ахуал | Ұйымдастыру. Амандасу Топқа бөліну (мейірім, шуақ, арай) Ынтымақтастық атмосферасы Жағымды ахуал -Көңіл-күйлеріңіз қалай? -Керемет!(қолдарын көтереді) -Сабаққа дайындықтарың қалай? -Тамаша! (алақандарын шапалақтайды) -Ынталарыңыз қалай? -Ғажап! (қолдарын көтереді) -Ендеше сабағымызды бастайық! -О, о, о(бас бармағын көтереді) | Оқушылар ұстаздармен амандасады, топқа бөлінеді. Айтылған іс-қимылдарды жасайды. |
Білу. Негізгі тұжырымдарды бере отырып, өткен материалдарды есте сақталғаның растау. | «Ортадағы қалам » әдісі арқылы. «Жылу » тақырыбында сұрақтар қою арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. | Оқушылар ортаға шығып бір-бірлеріне өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою арқылы өрмекші торын құрады. |
Түсіну Салыстыру, сипаттау арқылы фактілерді түсінгендігін көрсету. | Сөз жұмбақ | Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. «Серпінген сауал» сұрақтарына жауап береді.. |
Қолдану Жаңа білімді әр нұсқада пайдаланады. | Топтастыру. 1-топ Ақын қолданған көркем сөздер | Мағынасы | | Ренжіп, ашуланып | | Мақтап, шаттанып | 2-топ Суретпен жұмыс 3-топ Әже | 1-топ оқушылары берілген кестені толтырады 2-топ оқушылары суретпен жұмыс жасайды 3-топ оқушылары әже сөзіне |
Талдау Қорытынды жасау үшін ақпараттарды тексеру, дәлелдерді анықтау. | 1-топ Төрт жолды өлең Әже Мен ұйықтарда айтады Ертегісін, әндерін. 2-топ «Менің әжем» тақырыбында эссе жазу. 3-топ Сөз жұмбақ шешу .....асқар тау Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі (жент) Сөз таптарының бірі (етістік) | 1-топ оқушылары төрт жолды өлең құрастырады. 2-топ «Менің әжем » тақырыбында эссе жазу. 3-топ Сөзжұмбаұты шешеді |
Жинақтау Жаңа үлгіде басқа элементтермен қиыстыру, балама шешім қабылдау. | 1-топ “Адасқан әріптер” әдісі 2-топ «Мюнстенберг әдісі» 3топ «Дана үкі» әдісі мақал-мәтел | 1-топ Ардақты 2-топ Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. 3-топ. Анасын сүйгеннің баласын сүй. Ата – бәйтерек, бала – жапырақ. Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
|
Бағалау Пікірмен таныстыру, дәлелдеу, критерий бойынша идеяларды негіздеу, жұмыс сапасын бағалау. | Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашы жақсы өсуі үшін оны күту керек. Күтсе жемісі де дәмді, жақсы болады. Ендеше алдарыңдағы жеміс ағашына бала қандай болукерек екені туралы жазу. Жағдаяттық сұрақ 1-топ. Көше бойынан ауыр зат көтерген әжені көлдің . Сенің әрекетің қандай? 2-топ Атан мен әжең қартайып күштері кеміді, не үшін десеніз кәріліктің белгісі білінді? Сен не істер едің? 3-топ Зейнеткерліктегі атан мен әжене қандай сыйлық жасар едің? | Әр топ мүшелері берілген стикерге өз пікірлерін жазып, жеміс ағашына іледі. Әр топ оқушылары берілген хаттардың ішіндегі сұрақ бойынша өз ойларын ортаға салады. Алдынан шығып амандасып, қолындағы затын көтерісіп барар жеріне апарысып берер едім Атам мен әжемнің күш қуаты азайғандықтан қандай көмекке зәру болсада көмектесіп айтқандарын екі етпеуге тырысамын Әр топтың мүшелері өз қалаулары бойынша атасы мен әжесіне қандай сыйлық жасағысы келсе соны еркін айта алады |
Сергіту сәті | Үн таспадағы қимыл-қозғалыс жаттығулары көрсетіледі. | Оқушылар үн таспадағы қимыл-қозғалысты салып орындайды. |
Рефлексия | Әр оқушыға мазмұнды смайликтер беріледі. | Оқушылар берілген смайликтер арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді. |
Үйге тапсырма | Ф. Оңғарсынова « Жылу» жаттау | Жылу өлеңін жаттап келеді. |