а) білімділік: «Ескендір» поэмасының мазмұнын меңгертіп, идеясын ашу, кейіпкерлерге талдау жүргізу, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
ә) дамытушылық: сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, шығармашылық ізденіске жол ашу.
б) тәрбиелік: ақын шығармашылығындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымы, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
- Балалар, біз өткен сабақтарда Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына шолу жасағанбыз.
«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»
«Жазғытұры» өлеңі.
Қарасөздерімен танысқан болатынбыз.
Ендеше, үй тапсырмасына шолу жасайық.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын постермен жұмыс жасайық.
1-топ. Абай – ұлы суреткер
2-топ. Абай – аудармашы
3-топ. Абай қарасөздері
Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытудамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Абайдың шығармашылығымен таныстығымызды әрі қарай жалғастырсақ.
А.Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Поэмамен алдын-ала танысу тапсырылған.
Поэмада қандай кейіпкерлер бар?
Ескендір, Аристотель, мифологиялық образдар.
Сабақтың тақырыбы «Кубизм» әдісінің бағыттары арқылы ашылады:
Ойланыңыз - поэма мазмұны бойынша жоспар құрылады.
Зерттеңіз – поэма туралы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Суреттеңіз – Ескендірдің бейнесін суреттейді.
Қолданыңыз – поэма мазмұны бойынша сахналық қойылым көрсетіледі.
Талдаңыз – поэманың құрылысына талдау жасайды.
Салыстыр -
Сөздікпен жұмыс.
Хакім – ғалым
Ғибрат – үлгі
Аран – көзі тоймау
Қолына – әскеріне
Сергіту сәті.
Абайдың әнін орындау.
«Түсіндірме күнделігі» стратегиясы
Долдықпен хан Ескендір ашуланды,
ашу – дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.
Қанша алтынды күміспен салсадағы,
Бір кішкентай сүйекті аудармады.
Арпа, бидай ас екен, алтын күміс тас екен.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Толмас кезің, толар деп қайғы жеме
Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.
«Бумеранг» әдісі:
«Ескендір» поэмасымен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?