kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілім менің ғасырлардан аманат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сыныптан тыс іс шара үлкендер үішін  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілім менің ғасырлардан аманат»

«Тілім менің - ғасырлардан аманат»


Сабақ мақсаты:

Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін мәліметтерге сүйеніп пікір таластыру, өз ойын қорғай білуге, тілге деген сүйіспеншілігін, тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу. Адамзат баласының ана тілін білуі – борышы, парызы. Ойлау, тез шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту.


Көрнекіліктер: Плакат «Сонымен, солай дейік», видеоролик, слайдтар.


Кіріспе


Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіздер ме ұстаздар. Бүгін біз сіздермен «Тілім менің - ғасырлардан аманат» тақырыбында ой өрбітсек, пікір алыссақ дейміз.

Қатысушылар:

- Қаладағы тіл мамандары - сіздер

- Жүргізуші: Мен Абдулла Шерметов

- Эксперт қонақтары

Рахила Үрімова – қалалық білім бөлімі әдіскері

Илхам Жұмабаев – Шобанақ орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі

Акбар Иззатуллаев – Қарашық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі


Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер!

Қазақ тілім – ұлтымыздың ұлылығын, еліміздің ерекшелігін танытатын ата-бабамыздан қалған асыл қазынам менің. Сенің тамырың тереңде жатқандығына ұлан-ғайыр далам, кең пейілді, дарқан мінезді халқым куә.

Ғасырлар данышпан халқымыздың тілді сақтап қалу жолында қаншама қан мен тер төккенінен сыр шертеді. Қазақ тілінің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Сонымен, бүгінгі тақырып: «Тілім менің - ғасырлардан аманат» бүгінгі ток – шоуымызды «Сонымен, солай дейік…» бағдарламасы негізінде өткізгелі отырмыз


Ал, енді сіздермен негізгі тақырыпқа көшсем.

Тілім менің ғасырлардан аманат.


Жалпы «аманат» дегеніміз – не өзі?


Студияда отырғандар ойларын айтады.


Қазақ ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп құйып отырған. Ар-ож­данды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бойына сіңірген ізгілердің ізін жалғастыру үшін имандылықтан, баба тәлімінен үлгі алудың маңызы зор. Әсіресе, әр адам өзіне жүктелген істі «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жасамаса», жемқорлықтың жібі үзіліп, әкімдеріміз әділдікті ұстанары, қарапайым халық зиянға ұшырамасы анық.

Көптеген адамдар «аманат» сөзін тар мағынада түсінеді, яғни олар «аманатты» адамдар сақтауға берген зат­тарды қорғау, сақтау деп қана түсінеді, ал шындығында Ислам дінінде оның мағынасы кең және ауқымды. Яғни, аманат ол – парыз, осы парызды атқаруда және оған дұрыс көңіл бөлуде сахабалар Аллаһ тағаладан жәрдем тілеп, бір-біріне сапарға шығар алдында мынандай насихат жасап тұрған: «Мен Аллаһ тағаладан сенің аманатыңның және істеріңнің игілікті аяқталуын тілеймін». (Термизи)


Ал сол аманатқа қиянат жасау дегенді қалай түсінеміз.


Студиядағылар пікірін айтады.


Аманатқа қиянат – екі жүзділіктің белгісі

Қиянат - өзін өзгелерге сенуге болатын, адал адам ретінде танытып, кейін сол артылған сенімді ақтамайтын тірлік істеу деген сөз. Бұл өте жаман мінездердің бірі. Қиянатшы – аманатқа қиянат жасайтын, жамандық жасайтын адам. Мұсылман болсын, кәпір болсын кез-келген адамға қиянат жасау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Сенімді болмаған адамда иман жоқ. Уәдесінде тұрмаған адамда дін жоқ.» делінеді.

Қорыта айтқанда мұсылман – аманатты, сенімді ақтайтын, қиянат етпейтін адам деген сөз. Өзіне аманат етіп тапсырылған ешбір нәрсеге қиянат етпейді. Пайғамбарымыздың айтқаны секілді: «Мүнафиқтың (екіжүздінің) үш белгісі бар: Өтірік айтады, сөзінде тұрмайды және аманатқа қиянат етеді.»



Ал, енді осы жерде бізге аманат етіп қалдырылған тілімізге қиянат жасадық па?


Жалпы мемлекеттік тіл қазақ тілінің дамуы өз деңгейінде ме?


Сөзді студия қонағы Рахила Үрімовамен ой бөліссек.

Қазақ тілінің дамуы өз деңгейінде ме?


Ролик қойылады. (Тіл дамуы бойынша)


Студия қонақтары ролик бойынша пікірлерін ортаға салады, талқылайды.


Осы бейнебаян турасында өз ойларыңызбен бөліссеңіздер. Тіл жанашырлары сөз кезегі өздеріңізде…


Жүргізуші:

– Бүгінгі пікірталас бәрімізге де қызықты болды деп ойлаймын. Студияда қатысқандар өз дәлелдері мен тұжырымдарын жасады десек те болады.


Сонымен сабағымыздың деңгейі мен көтерген мәселелері жайында қорытынды сөзді Р. Үрімоваға берсек.


Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар бүгінгі қалалық семинар аясында өткізіліп отырған «Тілім менің – ғасырлардан аманат» тақырыбындағы пікірталас сабағымыз барлықтарыңызға ұнады деген ойдамын. Сабағымызда өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.

Келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!

Жаса, жаса қазақ тілім – деп, ән шашуды қабыл алыңыздар


«Жаса қазақ тілім» әні орындалады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тілім менің ғасырлардан аманат

Автор: Нурлаева Дилназ Исраиловна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453269

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Тілім мені? - ?асырлардан аманат "
    ["seo_title"] => string(32) "tilim-mienin-g-asyrlardan-amanat"
    ["file_id"] => string(6) "213822"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432142890"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Бір ша?ыра? астында"
    ["seo_title"] => string(18) "birshanyrakastynda"
    ["file_id"] => string(6) "285964"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454260775"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Конспект по казахскому языку "
    ["seo_title"] => string(31) "konspiekt-po-kazakhskomu-iazyku"
    ["file_id"] => string(6) "194418"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427777605"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Тіл т?тасты?ы "
    ["seo_title"] => string(15) "til-tu-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "245679"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446186645"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Разработка внеклассного мероприятия Тілім тірегім"
    ["seo_title"] => string(56) "razrabotka_vnieklassnogho_mieropriiatiia_tilim_tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "361194"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479746699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства