kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғатым - тағдырым

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Табиғатым - тағдырым " тақырыбында табиғатты қорғау, сақтауды түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғатым - тағдырым»

2. Табиғатым - тағдырым

(Тәрбие сағаты)


Мақсаты: Өсімдіктердің адамзатқа, жан – жануарларға, жәндіктерге пайдасы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.Табиғат ананы көз қаршығындай қорғай білуге тәрбиелеу. Ата салт – дәстүріміздегі «Бір тал кессең , он тал ек!» деген қағиданы әрқашан есте ұстатуға үйрету.

Сахнаның безендірілуі: Табиғат туралы даналық сөздер, әсем табиғаттың суреті, еліміздің картасы. Қаламыздағы «Зерде» дәрілік өсімдіктерді өңдеу орталығының дайындаған қорапшалардағы дәрілердің үлгілері. Қорғауға алынған өсімдіктердің суреттері.

«Табиғатым - махаббатым» әні жай ойнап тұрады.


І жүргізуші: Табиғат- адамзат атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп - өнер мекені. «Табиғатым - тағдырым» деп халық айтқандай, біте қайнасып жатқан табиғат туындыларын бір – бірінен бөліп тастап байланысын бұзу қателікке әкеп соғары сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Туған табиғатымыздың құрамдас бір бөлігі - өсімдік. Өсімдік – табиғаттың тірі перзенті. Жас ұрпақтың көзге көрінбес бір қызметі үшін ата – бабаларымыздың «өркенің өссін» деп ризашылығын білдіріп бата берген.

І жүргізуші: Бұл екі сөздің философиялық, тәрбиелік мәні өте зор. Халықтың даналығынан шыққан «өркен» деген сөз – бойында бүршігі, жапырағы бар өсімдікті білдіреді.

ІІ жүргізуші: Өркен өсіп, дамып, бұтақтанып үлкен бәйтерекке айналғаны сияқты үлкейіп, ұрпағың көбейіп, өміріңді жалғастырсын дегенді меңзейді.Сондай – ақ бұл бата адам баласы мен өсімдік арасындағы қарым – қатынастың тамыры терең жатқандығын көрсетіп тұр.

Көрініс: «Ұялу» (арнайы киімдер)

Қатысушылар: Мұрат

Асқар

Атасы

Мұрат: Асқар, жүр екеуіміз рогатка жасауға лайық ағаш сындырып алайық.

Асқар: Қай жерден аламыз ?

Атасы: Не істемексіңдер, оларың жарамайды. Жер бетіндегі барлық өсімдіктің жаны бар. Оларды қорғап, күтіп баптау керек. Ағашты сындыруға болмайды. Халқымызда мынадай аталы сөз бар: «Бір тал кессең, он тал ек».

Мұрат: - Ата, кешіріңіз енді олай жасамаймыз.

Атасы: - Жарайды, келіңдер маған жәрдем беріңдер, жерді қопсытып көшет отырғызайық.

Ән: «Алатау»

І жүргізуші: Табиғат жабайы өсімдіктерге бай. Жабайы өсімдіктерді қорғау, сақтап қалу мақсатында елімізде тоғыздан астам ірі қорықтар ұйымдастырылып, ашылды. Өсімдіктер- тіршіліктің тірегі, әрі айналамыздағы қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайтып және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрлерін сақтап қалудың бірден – бір тиімді жолы республикалық «Қызыл кітап». «Қызыл кітап» табиғатта сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алып, сақтап қалуда қызмет атқарады.

Ән: «Туған жер»

1 оқушы: Ертеде Сүлеймен патшаға өзінің зәулім мұнарасын салдыру үшін өте көп ағаш керек болады. Тауға сексен мың адам жіберіп ағаш кескізеді. Ағаштары түгел оталған орманда су тасқыны болып ешбір тосқауылсыз сайлар мен жыраларды қуалай ағып, сай,жыраларды көбейтіп, орманнан нәр алып отырған өзендер тартылып кеуіп қалады.Бұрынғы жасыл аймақ шөлге айналған.

І жүргізуші: Достар, осы мысалдан – ақ өсімдіктердің табиғаттағы маңызының зор екенін көруге болады. Өсімдік – табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Адамдар мен жан – жануарлар тыныс алуы үшін оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алуы үшін жүз жетпіс үш мың литр оттегіні қабылдайды.Өсімдіктер оттегіні ауа қабатына бөліп шығарады.

Күй: «Сарыарқа»

ІІ жүргізуші: Қытай дәрігері Шин Нон «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің қуатында», - деп бекер айтпаған. Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден – ақ белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады.

Ибн Сина «Дәрігерде үш қару бар. Олар мыналар: жылы сөз, өсімдік, өткір пышақ» әрине бұл қағида осы күнге шейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі»деп атайды. Халқымыз «әр аурудың өз шөбі бар» деп айтқан, емдік қасиеті бар өсімдіктерді көне заманымыздан – ақ қолдана бастаған.

І жүргізуші: Өсімдіктер климатты жақсартады: ауаны салқындатады,қатты желге тосқауыл болады, аптап ыстықты қайтарады, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді.Сондықтан ауылшаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтау, қар тоқтату, жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптарын пайдаланады.

Ән: «Табиғатым»

ІІ жүргізуші:Топырақ түзуде де өсімдіктер маңызды орын алады: топырақты қарашірікпен байытады өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен микроорганизмдердің әсерінен қарашірікке айналады .

І жүргізуші: Өсімдіктен алынған дәрілер жолжелкен, долана, шашыратқы, итмұрын, шайқурай, қазоты, ермен, түймедақ, жалбыз т.б. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктердің жүз елуден астам түрінен дәрілер жасалады.

Көрініс: «Дәрігерде»

  • Сәлеметсіз бе дәрігер, кіруге рұқсат па?

  • Саламат па, келіңіз, кай жеріңіз ауырады?

  • Басым айналып, көзім қарауытады.

  • Аузыңызды ашыңыз, А - А - А, дұрыс, енді көзіңізді жұмыңыз.

Болды рахмет, отырыңыз. Сізге таңертең сараптама тапсыру үшін жолдама беремін. Саусақтан, тамырдан қан алып, қаныңыздың құрамын анықтаймыз.

  • Қазір қандай дәрі ұсынасыз?

  • Дәріханадан дәрілік өсімдіктерден жасалған: түймедақ, киікоты, мыңжапырақ шайларын алып ішіңіз. Қаныңыз азайған сияқты.

  • Рақмет сізге, дәрігер, сау болыңыз!

  • Сауығып кетіңіз!


ІІ жүргізуші: Шөптің тірі екендігін, оны жұлуға болмайтындығын, қорғау керектігін, өсімдікті күтіп баптап, дәрілік өсімдіктердің өсетін жерлерін зиянды нәрселермен былғамау керек.

Өсімдікте де өнеге бар.

Мыңтамыр,жуа, рауғаш, жаужапырақ

Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақ –бақ,

Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,

Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ,

Ішінде сол қурайдың сұлу болар

Шырмауық, кендір, қылша,жыланқияқ,

Қанжыға, қоға, сасыр, аққой болып

Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ,

Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге

Ат қойған тау елінде сүйіп шын – ақ - деп, Ілияс Жансүгіров жырлағандай Шөп – тек мал азығы ғана емес, бұл табиғи байлық, экологиялық мұра, емдік- дәрілік сауықтыру көзі деп түсіну қажет.Жер бетінде өсімдіктің мыңдаған түрлері бар.Қазақстан даласында шамамен 6025 түрлі өсімдік өседі екен.


І жүргізуші: «Кім жүйрік?» ойыны арқылы көрермендер арасында сайыс өткіземіз.Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдер, нақыл сөздерге кезек берейік.

Ал достар, ойын шартын таныстырайын, оқылған мақал – мәтел, нақыл сөздердің жалғасын табамыз.

«Жасыл желек – жердің көркі»

«Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек»

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Ер – елдің көркі, орман тоғай – жердің көркі»

«Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір»

«Талымнан жаным садаға»

«Қораңда малың болсын, көшеңде талың болсын»

«Бір тал кессең, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады»

«Әуелгі байлық - денсаулық»

«Бабалар еккен шынарды балалар саялайды»

«Тозған жерде тоқшылық болмайды»

«Өз ұясын ластаған құс жаман»

«Адамның алдында орман кездессе, артында шөл қалар»

ІІ жүргізуші: Тамаша аспанменен жері қандай,

Зеңгір тау, дария шалқар көлі қандай,

Орман, тоғай гүлденген бақшалары,

Пайдаланған бұларды елі қандай (Міржақып Дулатов)

І жүргізуші:Өсімдік – азық көзі.

Өсімдік – дәрі – дәрмек қоймасы.

Өсімдік – адамға көрік беретін киім.

Өсімдік –адамға түрлі бұйым.

Өсімдік – сұлулық сымбаты.

1 оқушы: Туған жер, топырағыңнан айналайын,

Гүліңді жаңа шыққан айналайын.

Құшақтап көктеміңді гүлмен келген,

Жанымды нұрмен сылыап жайланайын.


Көк жасыл орманыңды аралайын,

Жұпарлы жерлеріңмен таранайын.

Жанымды жаз үндері тербеткенде,

Жаңарып, жан сарайын тазалайын!


2 оқушы: Суыңа шарапатты шомылайын,

Туғызсын кеудемнен бір көңіл айын!

Сайраңдап туған жердің қырын, ойын,

Жадырап рақатыңа молығайын!


Ауаңа мөлдір, таза тынығайын,

Қуат ап жүрегіңнен жылынайын.

О, туған жер! Топырағыңды қасиеттеп,

Тәжім қып, саған ғана сиынайын!

ІІ жүргізуші: Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана береді. Бірақ адамның шаруашылық мақсат үшін өлшеусіз, кей жағдайларда орынсыз көп пайдалануынан жер бетіндегі өсімдіктер дүниесі қазір елеулі зардап шегуде. Еліміздің ормандары сирей бастады, соның ішінде орман – тоғайлар азайды. Топырақ тозды, әсіресе қалалар төңірегі күшті өзгеріске ұшырады.

І жүргізуші: Қоқыс пен қалдықтар үйіндісі көбейді.Су қоймаларындағы су ішуге жарамсыз болып қалды. Судың, ауаның, топырақтың ластануынан табиғи тепе – теңдік бұзылды. Бұл сияқты зиянды өзгерістер біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде бар.

ІІ жүргізуші: Адам табиғатты зерделеп терең білген сайын, зиянды өзгерістердің әрі қарай бола беруі жердегі тіршілікке қауіпті екенін жақсы түсінді. Сондықтан табиғатты, өсімдіктер дүниесін қорғау елімізде негізгі мақсат етіп қойылып, елеулі жұмыстар жүргізілуде.

І жүргізуші: Өсімдіктер әлемін сақтау, шаруашылық мақсат үшін кесілген ағаштардың орнына жас тал отырғызу, көшелерді, үй маңын көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аппақ болып гүл тұрар,

Жылына бір құлпырар.

Содан кейін толысып,

Жеміс беріп қуанар.

ІІ жүргізуші: Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Ол өздігінен өрескел бұзылмайды, өзгеріске ұшырамайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.

Табиғат - ұстаз, тәжірбиелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қарапайымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.

Ағаштарға қарасам дем аламын,

Ағаштардан тазалық таба аламын.

Алыстағы теңіздің демін сезіп,

Самғағанын көремін шағаланың.

Би «Аққу»
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Табиғатым - тағдырым

Автор: Тохсанбаева Жулдыз Кубейсиновна

Дата: 09.01.2019

Номер свидетельства: 494330

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Таби?ат та?дыры - адамзат та?дыры."
    ["seo_title"] => string(34) "tabig-at-tag-dyry-adamzat-tag-dyry"
    ["file_id"] => string(6) "306872"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458212085"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Табиғат тағдыры-адам тағдыры"
    ["seo_title"] => string(31) "tabig_at_tag_dyry_adam_tag_dyry"
    ["file_id"] => string(6) "366348"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481014960"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "«Таби?ат  та?дыры - адам та?дыры»  10 сынып "
    ["seo_title"] => string(40) "tabig-at-tag-dyry-adam-tag-dyry-10-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "212254"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431791608"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "К?ксерек-таби?атты? та?ы перзенті. "
    ["seo_title"] => string(39) "koksieriek-tabig-attyn-tag-y-pierzienti"
    ["file_id"] => string(6) "197920"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428331572"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Таби?атты аялай да, ба?алай да білейік "
    ["seo_title"] => string(41) "tabig-atty-aialai-da-bag-alai-da-bilieiik"
    ["file_id"] => string(6) "176318"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424404067"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства