kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат тағдыры-адам тағдыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары

Мақсаты:

Білімділік Қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен  таныстыру

Дамытушылық Табиғаттың адам баласына сыйлаған денсаулықты сақтаудың басты жолдарын ұғындыру

Тәрбиелік Табиғатты қорғауға, салауаты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

 

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Қазақстан картасы, зиянды әдеттерге байланысты суреттер, оқушылар еңбектері.

Құралдар: интерактивті тақта, қолшатыр, магнит жалаушалар.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

 Табиғаттың бар байлығы даламда

 Жер –Ананың жаттығы жоқ адамға

 Тамақ та, киім де, денсаулық та,

 Бәрі-бәрі табиғаттың қолында.

 Күтіңдер, баптаңдар, көбейтіңдер,

 Көркейтіңдер, үнемде, жетеді адам затына!

     Сәлеметсіздерме, табиғатын қорғауда жан салатын, тіршіліктің аясын саялайтын қамқор қазақ жұрты?!

     Бүгінгі біздің  «Табиғат тағдыры - адам тағдыры»  атты сыныптан тыс сағатымызға хош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты туған жеріміздің экологиялық жағдайымен таныстырып,  оны қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ал, енді  сөз кезегін оқушыларыма беремін.

1 жүргізуші  Аружан

  Адам тіршілік ететін табиғи орта - адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінен сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының  жай-күйі, яғни ауа мен суының тазалығы климаттық жағдайының қолайлы болуы аса маңызды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат тағдыры- адам тағдыры»

Сыныптан тыс сағатының тақырыбы:

Табиғат тағдыры-адам тағдыры

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары

Мақсаты:

Білімділік Қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен таныстыру

Дамытушылық Табиғаттың адам баласына сыйлаған денсаулықты сақтаудың басты жолдарын ұғындыру

Тәрбиелік Табиғатты қорғауға, салауаты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу


Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Қазақстан картасы, зиянды әдеттерге байланысты суреттер, оқушылар еңбектері.

Құралдар: интерактивті тақта, қолшатыр, магнит жалаушалар.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Табиғаттың бар байлығы даламда

Жер –Ананың жаттығы жоқ адамға

Тамақ та, киім де, денсаулық та,

Бәрі-бәрі табиғаттың қолында.

Күтіңдер, баптаңдар, көбейтіңдер,

Көркейтіңдер, үнемде, жетеді адам затына!

Сәлеметсіздерме, табиғатын қорғауда жан салатын, тіршіліктің аясын саялайтын қамқор қазақ жұрты?!

Бүгінгі біздің «Табиғат тағдыры - адам тағдыры» атты сыныптан тыс сағатымызға хош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты туған жеріміздің экологиялық жағдайымен таныстырып, оны қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ал, енді сөз кезегін оқушыларыма беремін.

1 жүргізуші Аружан

Адам тіршілік ететін табиғи орта - адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінен сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай-күйі, яғни ауа мен суының тазалығы климаттық жағдайының қолайлы болуы аса маңызды.


Балалар, осы өмірде адамға не қажет?

(слайд адам суреті тұрады , оқушылар инт тақтамен жұмыс жасайды)

Тағам, денсаулық, баспана, махаббат, киім, дүние, табиғат, жануарлар, білім, ғылым, сұлулық, бақыт, мал, көлік, ақша, өсімдік, ауа, байлық.................................................


2 жүргізуші Жанар

Иә, құрбыларым адамға қажеттінің бәрі- бәрі адамға ләззәт береді. Ал, сол ләззатты сезіну үшін бізге ең біріншіден әрине, денсаулық пен қоршаған ортаның тазалығы маңыздырақ. Халқымыздың қажырлы да қайсар, батыл, батыр ұлдарының бірі атамыз - Бауыржан Момышұлы « Сұлулық дегеннің тамыры- табиғатты тану деген нәрседе жатыр деп айтқан болатын.


1 жүргізуші Аружан

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең мағына, ұлағаты мол, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!


2 жүргізуші Жанар

Табиғат! Балалар, ал табиғатқа не жатады?

(слайдтан табиғат суреті шығады да оқушылар кезектесіп оқиды)

Ай, күн, тау-тас, жер, жануарлар, өсімдік, қоршаған орта, адам, ауа.............


1 оқушы Айым

Табиғат алтын бесік, асыл анам,

Ауа мен суыменен асыраған

Мен дағы ұлың едім өзің тектес

Алысқа несібесі шашыраған.


2 оқушы Нұрбек

Табиғатты бабамызға Алла берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.


1 жүргізуші Аружан «Ойтолғаныс»

Олай болса, Жақсы сөзге жүрегі жай табатын

Өз ойын дәлелдеп нақ айта алатын ---------------------- оқушыларға тапсырма берейік

(2 топқа мынадай тапсырма түрлі-түсті қағаз беріп, слайдта көрсетілген жұмысты аяқтау ұсынылады)

1 топқа

Табиғат мен үшін қуаныш, өйткені.......................................................................................................................................................................................................................................................


Айым мына өлеңмен қорытындылайды

Табиғатым - тағдырым!

Таусылмайтын жан нұрым.

Тұңғиық мына өмірде,

Ашылар саған бар сырым

Табиғатым- Ұлысың!

Қандай көркем, сұлусың!

Көз тоймайды қарасам,

Неткен мөлдір, тұнықсың!

2 топқа

Табиғат мен үшін денсаулық,

өйткені.....................................................................................................................................................................................................................................................................

Мұғалім: Тамаша, балалар неткен шеберсіңдер!


2 жүргізуші Жанар

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Жоқ-ау тілі тіршіліктің айтарға

Табиғат-ай, мұңын шағар үні жоқ.


Ән орындалады: Индира Расылхан орындауында М.Мақатаевтың

«Жапырақ жүрек» және бейнефильм қоршаған ортаның ластануы, салауатты өмір салтын ұстанбау туралы жүріп тұру керек.



Жапырақ жүрек жас қайың

Жанымды айыр бастайын

Сендағы жерден нәр алдық,

Мен дағы жерден нәр алдым ............................


1 Жүргізуші Аружан

Иә, Индира Расылханның орындауындағы Мұқағали ағамыздың әні бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Бейнефильмнен көргеніміздей қоршаған ортаның ластануы, адамдардың жат қылықтарға бой алдыруы қай-қайсымызды болса да ойландырмай қоймайды. Бүгінгі күні адамзатты толғандыратын өзекті мәселелер не?

Достарым, ол қандай проблемалар?

Ол үшін ортада тұрған қолшатырға алдарыңыздағы жапсырма қағаздарға проблемаларды жазып іліңдер.

(слайдта қолшатыр суреті тұрсын сұрақ белгісімен үстінде «Адамзатты толғандыратын проблемаларды көрсетіңдер?» деген жазу болады)

Ілінетін сөздер: Көшенің ластануы, Темекі, ішімдік, Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы, Каспий теңізі, Сынамалы әскери полигондар, Есірткі, қоқыс, Арал мәселесі, Ауыз су жетіспеушілігі, Ауру түрлерінің көбеюі, Озон тесігінің жұқаруы, көлік түтіні, ауаның ластануы .......................


(Әрқайсысы бір-бірден іледі) Ең соңғы ілген Күнсұлу проблемалардың көп екендігін көріп, қолшатырды меңзеп өлең оқиды


Ей, адамдар сен алдымен досыңды ұқ

Сенің досың таза ауа өсімдік

Табиғаттан ала беріп барлығын

Ал, оны қорлау деген не сұмдық!


2 Жүргізуші Жанар

Табиғатты қорғау жөнінде талай іс-шаралар, жарғылар қолданылып жатса да әлі күнге дейін табиғатымыз тазармай келеді.

Қазақ халқын зар еңіретіп, сау адамды мүгедек қылған, дүниеге енді келер сәби де кеміс болып туған, дүйім жұрттың қабырғасын қайыстырған қазақ халқының ең үлкен қасіретті соры - Семей полигоны болатын.

4 Оқушы Бақытжан

Қазақ жері неше түрлі термоядролық сынаулардың табиғи полигоны болған. Атом сутегі бомбаларын сынау тек біздің қазақ жерінде өткізілген.


5 Оқушы Сая (ҚР картасынан көрсетіп тұрып сөйлейді)

Әлемге әйгілі Семей, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Жезқазған бұл полигондар қазақ елінің 11 млн гектар жеріне орналасты. 40 жыл Семей жерінде атом полигонында өткізілген 470 рет сыналған ядролық қару салдарынан адамдар арасында түрлі дерттер пайда болды, кемтарлар көбейді.


6 Оқушы Бекет (Бейнефильм Семей зардаптары)

1989 жылы Семей полигонының зардаптары туралы сайлауда 1ші рет анық айтылды. Сол жылдың көктемінде қоғам қайраткері әрі көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтың бастауы мен «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы мен полигон туралы табанды жұртшылықтың талаптарының нәтижесінде Семей полигонында жарылыстар саны азайтылды. 1991жылы 28 тамызда Семей полигоны, яғни елдегі ең үлкен полигон жабылды.


7 Оқушы Ализа

Көріп пе едік тіршіліксіз даланы,

Дауасы жоқ жазылмайтын жараны .

Бұған кімдер берер екен жауапты,

Өз жерінде еңіреткен бала менен ананы.


Семей жері жарылыстан шулады,

Тұншықтырып айналаны улады.

Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт,

Мұңын айтып, ұлар құстай шулады.


1 Жүргізуші Аружан

Бұрынғы күні асып-тасып жатқан теңіз болса, бүгінгі ойпаттар мен құз, соры бетіне шығып тұз болған Арал мәселесі де Семейден кем түспейді.


8 Оқушы Қайсар (Сурет ұстап тұрады)

Көлдің 26 000 шаршы шақырым су табаны құрғап орнына 2000 гектарға жететін тұзды сортаң шөл пайда болды. Теңіз түбінен көтерілген тұз желмен ұшып 100 000 шақырымға жетті. Арал маңындағы ауылдарда жас балалар өлімі, тыныс алу мүшелері, жүйке сезім, қан айналым, жұқпалы аурулар, қатерлі ісік, туа біткен ауытқулар пайда болды.


9 Оқушы Гүлдана

Аралға да жан ашымай қарадық,

Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.

Талайды елді асыраған ежелден,

Аралдың да бар байлығын тонадық.


2 Жүргізуші Жанар

Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі –Балқаш көлі.Ол туралы не білесіңдер?


10 Оқушы Рахматулла (картадан көрсетіп сөйлейді)

Көлдің ерекшелігі Батыс бөлігі тұщы, Шығыс бөлігі ащы болып келеді. Бұл қазіргі Балқаш көлінің экономикалық мәселесі ол Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендерінің мол суы көлге жетпей суармалы егістікке қолдау болып тұр. Ол Балқаш көлінің суының 2м-ге төмендеуіне әкеліп отыр. Бұл өзгерістер Іле тоғайын, өзен жағасындағы жайылымдарға, қамыс-қоғаның жойылуына себепші. Көл жағалауы кеуіп, тұзды шаңы ауаға жиі көтеріледі. Ауа райы өзгеріп аңызақ жел болып тұрады.


1 Жүргізуші Аружан

Иә, еліміздің тауқыметтері аз емес, Қарт Каспийдің талай бекіресі қырылып жатқаны үлкен мәселелердің бірі.

11 Оқушы Аида (ҚР картасымен сөйлейді)

Каспий теңізі Еуразия құрылығының орталығында мұхиттардан алыста оқшау жатқан су алыбы. Соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуіне байланысты Каспий теңізінің экологиялық жағдайы нашарлады.1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Соның әсерінен 70 км жерді су басып қалды.1995жылы 7 кент, 127 мұнай құбыры, 6 мұнай-газ кешені су астында қалған. Соның әсерінен құстардың қанаттары майланып, жабысып қалып өлді, бекіре балығына зиянын тигізді.


12 оқушы Қуаныш (ҚР картасымен сөйлейді)

Бүгінде Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодромның ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.

1957жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бері әртүрлі мақсатта космос аппараттары, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сондай-ақ жаппай қырып жоятын ракеталар, космос кемелерінің 80-нен астамы сыналған.



13 Оқушы Аяулым (құлаған ракета суретін ұстап тұрады)

Ракета қалдықтары жерімізге құлап зиянын тигізуде. Радиоактивті улы ракета сынақтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп жатқан ракета сынақтары да экологиялық зардаптар әкелуде.


1 жүргізуші Аружан

Химикаттар мен жұмыс істейтін зауыттар мен фабрикалардан жыл сайын атмосфераға 62 млн тонна зиянды заттар шығарылады екен.

14 Оқушы Әсел (ҚР картасымен сөйлейді)

Шымкент, Өскемен, Павлодар, Алматы, Ақтөбе,Тараз, Лениногорск, Алға, Екібастұз қалаларының жағдайы өте төмен. Бір ғана Павлодар атмосфераға 1млн 300мың тонна залалды зат шығарады.Тараз қаласындағы тыңайтқыштар шығаратын ірі өндіріс орындары шығаратын зиянды заттар үлесі 40%, автотранспорт үлесі 30% құрайды. Балалар өміріне ең қауіпті аймақтың бірі Жамбыл облысында болып отыр. Дүние жүзінде жағдайы төзімсіз 104 қала бар, оның 14-і Қазақстанда орналасқан.

15 оқушы Гүлдана

Жыла, табиғат, мен сені жұбатпаймын.

Аяймын, аяймын да қуаттаймын.

Аясында аспанның шуақтаймын

Жыла ағаш, жыла жер, мен сені жұбатпаймын.


16 оқушы Күнсұлу

Керек емес жасыңды тыймағаның,

Мен сен үшін қайғырам қиналамын.

Табиғаттың әрдайым таза болып,

Қашан көрдің бір Аллам сыйлағанын.



17 оқушы Ализа (қобыз үнімен өлең оқылады)

Елеңдеп атады әр таңым,

Бүгінгі жайым жабырқау

Көміліп қалған қанша мұң

Болғаныменен тәнім сау


Несіне біздер шалқыдық,

Аралым жатыр тартылып.

Семейім жатыр сенделіп,

Айықпас дертке шарпылып.


Қызғыштар саусақ санарлық,

Сен үшін жүрген шарқ ұрып.

Ойланбай салдық ойнақты,

Жер Ана жасыл жұмаққа.


Төсіңді теуіп тойлатты,

Жеткендей болып мұратқа.

Жек көресіңдер мінеуді,

Сыздатар жанды кермек сыр

Байқоңыр бүгін біреуді

Бесігі болып тербеп тұр.

Уланып біздер, ал олар

Қызыққа жатыр малшынып

Жанымда сансыз жара бар,

Тынысым жатыр шаншылып,

Қанағат қылмай сыйыңа

Төсіңді теуіп қопардық.

Ақшаға жүрміз сыйына,

Сезімдер сөнген Отандық

Жұмақ жер мынау кім үшін?


Кімдерге бермек ырысын?

Көркіңді сенің күтпесем,

Адамдық күнім құрысын!

Табиғат, тағдыр тынысым,


Аластап у мен бесігін,

Күн сайын мына картаға,

Зауыттар қосса есімін,

Қажымас қайтып қарт- ана

Табиғат сенің бесігің,

Адамзат!

Байқа бір күні

Кетпесін құрып есімің!


2 жүргізуші Жанар

Енді осы проблемалардан шығу жолдары бар ма?

Ол үшін әр топқа мынадай тапсырма берейік (тақтадан тапсырма беріледі , ал оқушылар параққа орындайды)

Егер де мен табиғатты қорғау министрі болсам, онда ......................................................................................................................................................................................................................................

Егерде мен эколог маманы болсам, онда............................................................................................................................................................................................................................................................


Қолшатырдағы ілген қағаздарын алып сөйлейді Шәкизат пен Шапағат

1 топ

ҚР Конституциясының 38 бабаныда «ҚР» азаматы табиғатты қорғауда және оның байлығын сақтауға міндетті делінген, экологиясы қауіпті аймақтарға, Мысалы амарант өсімдігін егу жұмыстары арқылы топырақты радионуклидтерден тазарту туралы заң шығаратын едім т.б .................. ..............................сөйлеп болған соң қолшатырға ілінген(Семей полигоны, Арал қасіреті, Байқоңыр ....) проблемларды алып, мұндай Қазақстанымда болмасын деп қоқыс шелекке тастайды


2 топ Әсел мен Нұрбек

Табиғат аясына шыққаннан кейін, оны тазалауға мән беру, орманды көбейту,бейберекет от жаққызбау, озон қабатының жұқаруын болдырмау үшін, оның себептерін анықтап, адамзат баласына қауіпті екендігін жарнамалап және қышқыл жаңбырдың пайда болу себептерін халыққа хабардар етіп отыру, қорғалатын қорықтардың ережесін бұзғандарға қатаң жаза беру, зауыттарға сүзгілі түтік орнату, көліктерді газбен жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру ...........................................табиғаттың ластануы жойылсын деп қолшатырға ілінген ( заводтар,Каспий......) проблемаларды қоқыс жәшікке тастау.


18 оқушы Жалғас

Табиғаттың тартылмасын мөлдір кәусар тынысы,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал, сен оның кенже ұлысың!


19 оқушы ?

Ей, адамзат, біздер бармыз сені қорғап қорғаштар

Ұрпағың бар аялауға, әлпештеуге жол бастар

Тіршілікті мәпелейік , жамағат,

Бұл табиғат- бізге қалған аманат.


2 жүргізуші Жанар

Алдағы уақытта өркениетті елдер қатарынан көрінгіміз келсе, халқымыз ең алдымен салауатты қоғамда өмір сүруі қажет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына қоршаған ортаның таза болуына күш салуын атап айтқан болатын.


1жүргізуші Аружан

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі күннің жауапты парызы деп санаймыз. Балалар, сендер өздерің қолшатырға адам денсаулығына зиянды заттарды да жазып ілдіңдер. Сол жөнінде ой өрбітейікші.


Интерактивті тақтада темекі, есірткі, ішімдік туралы сурет жүруі тиіс.

Әкесі: Бекет; Анасы: Баласы: Нұрбек.

Көрініс (бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді)

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой әке, бірақ сізді мұғалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді, (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі)

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, шақпақ шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ әке, анашым салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы әке, ұрмашы ой-ой!

Анасы:( жүгіріп келеді) Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап құшақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақымақтан сұра, не істеп жүргенін, темекі тартуды бастаған екен .

Анасы: Балам-ау мұның не? Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем. Көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын, ал, тартса не болады?

Анасы: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой, сонда қандай сезімде болдың? (басынан сипайды).

Бала: анашым мен алғаш темекіні аузыма алғанымда сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Анасы: Әбден қиналған екенсің ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Анашым, көзім қасқырдың көзіндей аларып кетіпті. Анашым, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаған екенсің.

Анасы: Қой, қой деймін, алдымен оған ақылымызды айтайық?! (Баласын қорғайды).

Көк түтінмен жас өкпеңді ластама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,

Әуес көріп ұстамасты ұстама!


Әкесі:Есіңде болсын балам, адамға улы заттардың бірі осы темекі-оның ішінде ең көп мөлшерде никотин заты бар. Миға қатерлі ісік ауруларының 99%, миға қан құйылу ауруының 85%, өкпе қатерлі ісігінің ауруының 90 пайызы, тамақтың қатерлі ісігі 99 пайызы темекі есебінен болады.

Баласы: мен темекінің мұндай зияндығы жөнінде білмеппін , кешіріңдерші мені?!

Баласы: темекі қорабын, шақпақты суретті ұстап тұрып сөйлейді

Әуес болмайық шылымға,

Қылыққа жаман ұрынба!

Жамандық саған жабысып,

Ісің кетер құрдымға.

  • деп мен бұл темекіні шекпеңдер деп қоқыс жәшігіне тастағым келеді. (жыртып-жыртып тастайды)


20 оқушы Ерсұлтан суретін ұстап тұрып сөйлейді


Адамның көңіл-күйін, сана- сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған улы зат бірі - бұл есірткі. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақорды есірткісіз өмір сүре алмайтын хәлге жеткізеді. Ғасыр дерті ЖҚТБ-да осының салдарынан туындайды. Бір шырмалған жанның одан құтылуы оңайға соқпайды.

Мен бұл есірткі дегеннен аулақ болыңдар және ЖҚТБ дерті болмасын(суретті жыртады) деп ұрандаймын және қоқыс жәшікке тастаймын.



21 оқушы Шаңлақбай суретін ұстап тұрып сөйлейді

Адам санасын улап, түрлі келеңсіз оқиғаларға ұрындыратын әдеттердің бірі ішімдік, яғни құрамында спирті бар алкогольді сусындар. Ішімдік қолданған адамдар өз-өзіне ие бола алмай, көптеген қылмыстық жағдайларға ұшырайды. Адамның зиянды әдеттері түрлі созылмалы аурулар туғызады. Жер бетінде адамнан күшті тірі ағза жоқ. Сондықтанда мен ішімдікті жеңуіміз керек деп қоқыс жәшігіне ішімдікті тастаймын.(жыртып-жыртып тастайды)




2жүргізуші Жанар

Зиянды әдеттердің алдын-алу мақсатында мемлекетімізде «Халықтың денсаулығы» , « Саламатты Қазақстан – 2015» және тағы басқа көптеген жобалар іске асырылуда. Сондықтан біз өзіміздің деніміздің сау болғанын қаласақ , ұзақ өмір сүргіміз келсе, өз болашағымызда ойласақ, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануымыз керек.


1жүргізуші Аружан

Есірткі құрысын,

Ішімдік жойылсын

Дені сау қазақтың

Ұл – қызы көбейсін!


Мұғалім:

Жарайсыңдар балалар,сендер еліміздің болашағы, үміт артар келешегімізсіңдер, мен сендерді табиғатты қорғай алатын, салауатты өмірді ұстанатын , өз елін , жерін сүйетін Қазақстан азаматы болатындарыңа күмәнім жоқ!

Ән орындалады: Жаса қазағым!

Балалар «Табиғат мені толғандырады» атты жұмыстарың да тамаша орындалған екен , онда кәнекей

  • Табиғатты қорғайтындар, салауаттылықты қолдайтындар қолдарын көтерсін!

  • Күнделікті жаттығумен айналысатындар орнынан тұрсын!

  • Жайдары мінез денсаулыққа пайдалы дегендер қонақтарымызға қонақ кәдесін беріңдер!

  • Денсаулықты басты байлық деп санайтындар ду қол шапалақ ұрсын!


Талай нөсер төгілер, болар жасын

Алапат күш әйтеуір жол алмасын

Мына нұрлы өмірге тірек болған

Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!

  • деп сабағымызды аяқтаймыз




интерактивті тақтада төмендегі сөздер болады(бұл сөздер кішігірім етіп жасалынған әдемі табиғат суретімен қонақ кәдеге жазылады)

Әрқашанда сізде болсын:

Ауа –демалу үшін!

Күн көзі- жылыну үшін!

Су – ішу үшін!

Жер –онда өмір сүру үшін!



Әр күндеріңіз сәтті болсын!

Сау болыңыздар.









«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді»

(А.Франс)

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»


Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ!


«Табиғат тағдыры - адам тағдыры»




«Сіздің жоғарғы жетістігіңіз – салауатты өмір салтын ұстану,

ал сіздің сорыңыз – жаман әдетке әуес болу»

(Поль Брэгг)




Табиғат мен үшін қуаныш,өйткені...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Табиғат мен үшін денсаулық, өйткені ..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Егер де мен

табиғатты қорғау министрі болсам, онда



...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Егерде мен эколог маманы болсам, онда


................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Табиғат тағдыры-адам тағдыры

Автор: Айткожаева Шолпан Бауирхановна

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366348


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства