Мен, өзімнің бұл мақаламда 25 қараша күні Қарағанды қаласындағы «К.Станиславский» атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрында Алматы қаласы «М.Әуезов» атындағы Қазақ мемлекеттік драма театры қойған «АҚТАСТАҒЫ АХИКО» спектаклі туралы айтқым келеді. Себебі, осы спектакльден алған әсерім ерекше. Спектакльде Қарағанды облысы Ақтас кентінде өмірі қиыншылықпен өткен, репрессия құрбаны болған жапон кісісі – Ахико Тецуро тұрады екен. Бұл кісінің өткен өмірі туралы білдім. Бұл спектакльден алған әсерім менің қалам алуыма, ғаламтордан Ахико Тецуро туралы мәліметтер іздеуге итермеледі. Ғаламтордан бірінші тапқан мәліметім – елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында Ахико Тецуро жапон еліне танымал болған екен. Ал, 26 қарашадан бастап «АҚТАСТАҒЫ АХИКО» спектаклі туралы мақалалар шыға бастады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым!»
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ!
АНАРБАЕВА ФАРИДА СМЕТОВНА
«№24 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi пәнiнiң мұғaлiмi
Қaрaғaнды oблыcы, Тeмiртaу қaлacы
Мен, өзімнің бұл мақаламда 25 қараша күні Қарағанды қаласындағы «К.Станиславский» атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрында Алматы қаласы «М.Әуезов» атындағы Қазақ мемлекеттік драма театры қойған «АҚТАСТАҒЫ АХИКО» спектаклі туралы айтқым келеді. Себебі, осы спектакльден алған әсерім ерекше. Спектакльде Қарағанды облысы Ақтас кентінде өмірі қиыншылықпен өткен, репрессия құрбаны болған жапон кісісі – Ахико Тецуро тұрады екен. Бұл кісінің өткен өмірі туралы білдім. Бұл спектакльден алған әсерім менің қалам алуыма, ғаламтордан Ахико Тецуро туралы мәліметтер іздеуге итермеледі. Ғаламтордан бірінші тапқан мәліметім – елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында Ахико Тецуро жапон еліне танымал болған екен. Ал, 26 қарашадан бастап «АҚТАСТАҒЫ АХИКО» спектаклі туралы мақалалар шыға бастады.
Ғаламтордан оқығаным бойынша, мен, Ахико Тецуро туралы көп мәлімет жинадым. Мәліметтерді оқи отырып, еріксіз қолыма қалам алуды ұйғардым. Мақаламның тақырыбын «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым!» деп алуыма да осы жинаған мәліметтерім себеп болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спектакльдің басты көрермені – «тыңшы» деген жала жабылған, 86 жастағы Ахико Тецуроның өзі болыпты.
Спектакльде тәуелсіздіктің бақытты күніне жете алмаған қаншама адамның тағдыры, тарихы суреттеледі. Спектакльде басты рөлді ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Дулыға Ақмолда сомдады. Жасөспірім жапон жігітінің балықшы әкесінен қалай семсер сермеуді үйренуі, сосын Оңтүстік Сахалинге әскери училищеге түскені туралы көрсетіледі. 1945 жылдың 9 тамызында Кеңес Одағы Жапонияға қарсы соғыс ашып, училище курсанттары таратылады. Үйіне оралған Ахико ата – анасынан адасып қалады. Балық аулап күнелтіп жүрген бала, кейін балық зауытына жүк тасушы болып жұмысқа кіреді. 1948 жылы жас жігітті тыңшы деген жаламен абақтыға жабады. Кейін Қазақстанға Карлагқа аударады. Спектакльде осы Карлагта болған қаншама адамның қайғы – қасіреті, көрген қиыншылықтары суреттеледі. Түрлі ұлт өкілдерінің репрессия құрбандары туралы айтылған. Сондай кейіпкерлерінің арасында «Халық жауының әкесі» деген жаламен оққа ұшқан Сәкеннің әкесі Сейфолла да болыпты. Әлихан Бөкейхановты жақтап оққа ұшқан адам туралы да суреттелген. Түрме камераларының бірінде болған Степан Павлович деген қанішердің тірі адамның ішек- қарынын жұлып алып, тақтаға қанмен сурет салған зұлымдығын театр әртістері көрермендердің көз алдында көрсетіп берді. Күндердің күнінде Степанның жантүршігерлік қаныпезерлігіне шыдай алмаған тұтқындар жабылып соққыға жығып мерт қылады. Спектакльде қазақ халқының ұлттық тағамы - құрттың құдіреті туралы да аса шеберлікпен көрсете білген. Сондай-ақ ұлы мен асқақ азаматынан айырылған ананың басқа ұлт өкілдері балаларын өз қамқорлығына алғаны туралы да көрсетілген. Өз ұлы Ахметті жоғалтып, жапон жігіті Ахиконы, ата – анасынан, бауырынан айырылған неміс қызы Катяны да бауырына басқан қазақ әйелінің жүрегі қандай кең десеңші!.. Спектакль соңында жапон жігіті Ахико мен неміс қызы Катя бас қосады, бақытты ғұмыр кешеді. Күндердің күнінде Ахико жапон елінен әкесінен хат алып, еліне оралады. Бірақ қазақ еліне, қазақ халқына деген махаббаты, құрметі оны Қазақстанға оралтады. Спектакль соңында Ахико: «Біздің ең қымбатты, ыстық - Қазақстан деген еліміз бар. Жарығымыз сөніп, күн көрісіміз қиындағанда бізге пана болған ел –Қазақстан. Бірліктің елі – Қазақстан, енді менің Отаным. Тағдырдың тәлкегімен қаншама ұлт өкілдерінің екінші Отаны - Қазақстан. Бұл – шындық. Ал, қиын-қыстау кезеңдерде ата – анасынан айырылған жетімдерге қазақ аналары ана болды» деген монологы кез-келген көрерменнің ой-елегінен өтті деп ойлаймын...
Еліміз тәуелсіздік алып, сахна төрлерінде осындай премьералар көрсетіліп жатыр. Егер тәуелсіздік алмасақ, мұндай шындықтарды білмес пе едік?! Қазақ елінде қаншама ұлт өкілдері паналамас та еді. Кеңдік, дархандық, бірауыздылық – бұл тек ҚАЗАҚ еліне ғана тән қасиет.