kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станны? т?уелсіздігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздік -шы?дары биік, ?лы ??ым" т?рбие са?аты Саба? ма?саты: Білімділік: О?ушыларды? бойында ?лтты? рухты, патриотты? сезімдерді ?ялату, ?з Отанын, елін с?юге, мемлекеттік р?міздерін ?астерлеуге, мемлекеттік тілін ??рметтеуге, ?з ?лтын жанындай с?йетін саналы, білімді, іскер азамат болып ?алыптастыру, ?лтжандылы??а, ту?ан жеріне, атамекеніне деген с?йіспеншіліктерін арттыру?а д?рыс ба?ыт-ба?дар беру. Дамытушылы?: О?ушыларды? с?йлеу м?дениетін, сын т?р?ысынан ойлау, зерттеу да?дыларын, ?з ойын орта?а салу да?дыларын жетілдіру, ?р о?ушыны? ж?регіндегі Отан?а жеген сезімдерін жо?ары де?гейде болуын дамыту, ?р о?ушы ол жеке т?л?а, ал Отан -орта? ана екенін ж?ректеріне жеткізу. Т?рбиелік: Балаларды? жеке басында?ы патриотты? сезімді, отанс?йгіштік ?асиеттерді ?алыптастыру ар?ылы, елімізді? болаша?ы жас ?спірімдерді?, болаша? ?рпа?ты? ?олында екенін т?сіндірумен ?атар, о?ушыларды ?з елін, жерін ?ор?ап, оны ойлай білетін ?лт жанды, патриот сезімі ?ял?ан, ?з ойын к?ркем толы? жеткізе алатын толы??анды жеке т?л?а етіп т?рбиелеу. Саба?ты? к?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері: Туы, Елта?басы, ?н?раны, Н.?. Назарбаевты? портреті, на?ыл с?здер, Астана ?аласыны? ?имараттарыны? макеттері, слайд-шоу, мультимедиа. Т?рбие са?атыны? т?рі: таным са?аты, іздену, шы?армашылы? ж?мыс. Саба?ты? кезе?дері: Психологиялы? даярлы?. О?ушылар отыр?ан ?она?тар?а мереке ??рметіне г?лдер сыйлайды. О?ушыларды: «?лтты? р?міздер», «Тарих ?лемі», «Желто?сан жа??ыры?ы», «?аза?станны? т???ыш Президенті», «Астана» деген бірнеше топ?а б?лу. ?н?ран орындалады М??алім: Ту?ан хал?ымыз т?уелсіздік алды.Тарихымызды? беттеріне 1991 жыл алтын ?ріптермен жазылды. Егемендік! Т?уелсіздік! Осыдан 20 жыл б?рын б?л с?здерді? ?аншалы?ты ма?ыналы екенін біз д?л ?азіргі уа?ытта?ыдай т?сінбеген шы?арамыз. Ешкімге т?уелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, А?ыбайдай айбынды батырларымыз найзаны? ?шымен, білекті? к?шімен к?ресіп ??рбан болса, Т?ле, ?азыбек, ?йтеке секілді дуалы ауыз билеріміз ?ызыл тілді? ар?асында ел тынышты?ын са?тады. Сол заманнан бері азатты?, егемендік елімні? арманы болды. Хал?ыны? ?амын жеген ата-бабаларымызды? ?айсар ?рпа?ы 1986 жылы арман еткен т?уелсіздікті?, азатты?ты? туын тікті. Б?гінгі т?рбие са?атында осы ?аза?стан деген Отанымызды? 20 жылды? ?лы тойынын? ?арса?ында ?рб?реуіміз жерімізді? топыра?ын ?ана емес ауасын да толы? танып білу керекпіз.Сонды?тан о?ушылар сендер б?гін топ?а б?лініп Отанымызды? ?рбір кірпішін сана- сезімімізбен, ?айсар білім к?шімен, патриотты? сезіммен тани білу керексі?дер. 1 кезе?:Оян елім. ?лтты? киім киген бірнеше о?ушылар орта?а шы?ады:(?лтты? р?міздер тобы),Та?тада ?лтты? р?міздер жайлы слайд к?рсетіледі. Мойнында туды? т?сіндей ашы?, бейбіт аспанды бейнелейтін матасы бар о?ушы р?міздерді? жанына барып :(А.Енсеповты? к?йіні? ыр?а?ымен ?ле? о?иды): Мен ?аза?пын, ?ланымын ?аза?ты? Т?уелсізбін, егеменмін, озатпын К?к байра?ым т?р к?гімде желбіреп Алатаудай к?кке ?рлеген азатпен К?к ж?зінде ?алы?та?ан ?ыранмын, Бейбітшілік пен бостанды? жыр - ?нім Сам?ап ж?рсек бостанды?та биікте Шары?тайды ке? к?лемде б?л ?нім Шар Ба?ты? ??сы ?р адам?а ?онып бір, О, Т??ірім, бізді ба??а жолы?тыр. Б?гін міне, Т?уелсіздік а?айын, ?р ?аза?ты? ж?регі боп со?ып т?р! 2 о?ушы: Бізді? туып-?скен жеріміз ?аза?стан Республикасы. Ол к?не замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. ?аза?стан жерін ежелден ?оныстанып келе жат?ан ел – ?аза? хал?ы. ?аза? хал?ы – ер ж?рек, досты??а адал, бауырмал, ?она?жай халы?. ?азір ?аза?станда ынтыма?ы жарас?ан к?птеген ?лт ?кілдері т?рады. ?аза?стан б?гінде д?ние ж?зіні? к?птеген елдерімен досты? байланыс орнат?ан, б?кіл ?лем таны?ан елге айналады. ?аза?станда ?мір с?руші ?рбір адам ?з Отанын жанындай с?йеді, оны? к?к байра?ын к?кке к?теруді ма?таныш т?тады. 3 о?ушы:Енді мына с?ра??а жауап бері?дерші: -Еліміз ?зіні? несімен, ?андай ?асиеттерімен айбатты, айбынды? Жауабы: ?н?ранымен, туымен, елта?басымен айбатты, айбынды. - ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік елта?басында не бейнелеген? Жауабы: Балалар бір-бірден ??гімелейді. -?лтты? р?міздерді? авторлары кім ? Жауабы:Отыр?ан бас?а топты? о?ушылары толы? жауап беріп отырады. Та?тада ?аза?стан ?андай мемлекет деген сауал?а жауап іздестіреді. к?п ?лтты жері,елі,тарихы бар бейбітшілік ?алайтын т?уелсіз бай демократиялы? ???ы?ты ?аза?стан ?андай мемлекет?«?лтты? р?міздер» тобы ?осылып : ?лтты? р?мізім барда, ?аза? деген ?лтым барда, ?аза?стан деген т?уелсіз елім-жерім барда, біз де бармыз М??гілік; 2 кезе?: Тарихты? алтын беттері Орта?а ?лтты? киім киген ?сем ?ш ?ыз бала шы?ады, олар «Тарих ?леміне» шолу жасайды. 1 ?ыз бала:Т?уелсіз ел болу дегеніміз- кеуде?ді кере дем алып, е?се?ді к?тере ?рпа?тан –?рпа??а м?ра болып келе жат?ан салт-д?ст?рі?ді, ?дет ??рпы?ды ай?ындап к?рсететін, ?зі?ні? ?згелермен те? екендігін сезіну ж?не ана тілі?де емін-еркін с?йлеуі? деп білемін.Т?уелсіздік ма?ынасы зор, тамыры тере? ??ым. О?ан миллионда?ан адамдарын ??рбанды??а шала отырып ?ол жеткізеді.?аза?стан т?уелсіздікке ?алай ?ол жеткізгенін к?ру ?шін тарих?а к?з ж?гіртейік. (Слайдтардан к?ріністер бейнеленеді.Ол слайдтарда жылдар мен к?ндер ?ана жазыл?ан,ал сол жа?ында жауаптары берілген, ал о?ушылар ооларды? с?йкестігін табу керек.) 1986 жыл 16 желто?сан-Желто?сан о?и?асы 1991 жылы ?азан айында т???ыш ?аза? ?арышкері То?тар ?уб?кіров ?арыш?а ?шты. 1994 жылы 30-маусымда ?аза? хал?ыны? екінші ?ыраны-?арышкер Тал?ат М?сабаев а?амызды? аспан к?гіне 6 айлы? сапар?а аттан?анын ма?танышпен айта аламыз. 1993 жылы, 13-?арашада т?л те?геміз д?ниеге келді.Ал,2006 жылы ?арашада ?олданыс?а жа?а ?лгідегі те?гелер енгізілді. 1995 жылы 30-тамызда Ата За?ымыз ?абылданды. 1996 жылы 16 желто?санда Алматыда Т?уелсіздік ескерткіші ашылды. 1997 жылы Астана А?мола ?аласына к?шірілді. 1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді? ?олданылу аясын ке?ейту туралы ?кімет ?аулысы шы?ты. 1997 жылы «Жалпы?лтты? татулы? пен саяси ?у?ын-с?ргін ??рбандарын еске алу жылы» болып белгіленді 1998 жыл «Халы? бірлігі мен ?лтты? тарих жылы»болды. 1999 жыл «?рпа?тар бірлігі мен саба?тасты?ы жылы» болып белгіленді. 2006 жылы 6-?а?тарда ?нін Ш?мші ?алдая?ов, с?зін Н.?.Назарбаев жаз?ан «Мені? ?аза?станым» атты ?Р жа?а мемлекеттік ?н?раны бекітілді. 2010 жылы ?Р ??Ы? Саммитіне т?ра?алы? етті.Осы саммитте Астана декларациясы ?абылданды. 2011 жыл-?аза?стан республикасында Азияда ойындары ?тті 3 кезе?: Жа??ыры? («Желто?сан желі» ?ле?іні? ?уенімен оле? о?ылады.) 1 о?ушы: ??тты болсын т?уелсіздік мейрамы, Ол ?ркімге бейбіт ?мір сыйлады. А?са?ан сан ?асырлы? арман болып,?ол жеткізген шынды? жырын жырлады. ?уаныштан ?алай кеуде кермесін, Б?л к?німді бір ?асыр?а бермесін. А? т?йені? ?арны б?гін жарылды, Т?уелсізбін,егеменбін, дербеспін. Бізге Т?уелсіздік о?ай жолмен келген жо?.Ендеше ?алай болды екен. (Орта?а 2 топ «Желто?сан жа??ыры?ы» тобыны? о?ушылары шы?ады.) 2 о?ушы: 1986 жыл, 16-желто?сан. Б?л ерлік пен ?рлік, ?ай?ы мен ?асірет мидай аралас?ан ?рі жа?ын, ?рі ?аралы да, ?асіретті к?н еді.Т?уелсіздік а?са?ан жастар ?лтты? намыс ??діретін д?ние ж?зіне таныт?ан б?л о?и?аны? ??рбандары бол?ан ?. Рыс??лбеков, Л.Асанова, С.М?хаметжанова, Е.Сыпатаевтарды? ж?ректі ?ні, ел намысын ?ор?а?ан ерліктері м??гі ?шпейді. ?сер ?лды? ?ай с?тте де бірлік болма? ?алауы, Лаула,лаула желто?санда м?з?а жа??ан алауы. ?здері?дей ?р намысты жас ?ркені бар елді?, Еш?ашанда е?кеюге тиіс емес жалауы. К?рініс. «Жастарды? ала??а шы?уы» Дауыс: Естіді?дер ме?Б?л не мас?ара! Неге халы?пен санаспайды? ?ашан?ы шыдаймыз. Е? болмаса ?з ішімізден неге сыйлама?ан? Ел ?амын біз ойлама?анда, кім ойлайды? Дауыс: ?онаевты ша?ыры?дар! А?и?атын айтып, т?сіндірсін барлы? жайды! Дауыс: ?аза?станнан адам табылмады ма? ?аза?стан?а бас?а жерден басшы келгені несі? Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шы?сын орта?а басшылар. Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тар?а?дар! Жатаханалары?а ?айты?дар! ?ят болады! Біз сендерге к?ш ?олданамыз! ?йлері?е ?айты?дар! ?скери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «??йын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура! Алтынай: ?й, ту?андар! Жігіт болса?дар бері ?арай! ?осылы?дар бізді? ?атар?а! К?рініс Тал?ат: Апа, апа, ?айрат к?кемнен хат келді. Анасы: Рас па? ??лынымны? хаты ма? ?келші, ?зін к?рмесем де, хатын о?ып мау?ымды басайын. ?айратты? хаты: Амансыздар ма, анам, ту?ан-туыстарым! Мені? на?а?тан аба?ты?ы отыр?аныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жаса?шыны ?рды, ?лтірді деген жала?а сене к?рме?іздер. Ала?да, жата?хана жанында ?с?ыны суы? жаса?шыларды? жинал?ан ?аза? жастьарын ?рып-со?ып, бейк?н??ыздарды шашынан с?йреп, ?орла?андарын к?ріп шыдамадым. «Еруліге ?арулы» деп мен де топ ішіне кіріп, к?мектесуге ?мтылдым. Мені? де, сол к?нгі ала??а шы??ан ?аза? жастарыны? да еш к?н?сі жо?. Ала??а бар?анымыз – азатты? іздеп бар?анымыз. Біз ?лтшылды?ты? ?лгісі емес, «?лтжандылы?ты?» ?лгісін к?рсеттік. ?аза?ты? бостанды? алар к?ні алыс емес! Аман болы?дар! Ана: ?лым мені?! Сен ?лі жиырма бірдесі?. Аман болса?, бір жерден шы?атын алмастай ?ткір жігіт боларсы? деп ?міт к?теді сорлы анашы?. Тергеуші: Сен 18-і к?ні са?ат 10-да ?айда болды?? ?айрат: Жолдастарыммен бірге. Тергеуші: Жо?, сен С?тпаев пен Мир к?шесіні? ?иылысында Савицкийді со??ы?а жы?ты?, соны? н?тижесінде ол ?айтыс болды! Сен кін?лісі? о?ан! ?айрат: С?йлесем даусым жетпейтін Кез болды? мынау заман?а, Шовинизм еді ?ой, Басты себеп жал?ан?а. Елбе?, елбе? ж?гірген Ебелек от?а семірген. Ар?ыма? мінген жаратып, А?сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруа?ы?мен жебей к?р. К?рініс Тергеуші: Сен ?зі? Савицкийді ?лтіргені?ді мойындайсы? ба? Жо? па? ?айрат: Жо?, мен Савицкийді к?ргенім жо?! Тергеуші: А?ыма?! ?кеті?дер, аты?дар, к?зін ??рты?дар! Орындары?ыздан т?ры?ыздар сот келе жатыр! ?кім: ?аза? КСР Жо?ар?ы сотыны? сот м?жілісі залында?ы ашы? сот отырысында 1987 жылды? 25 мамырынан 16 маусымына дейін ?айрат Но?айбай?лы Рыс??лбековті? айыптау ісін ?арай келіп, ?аза? КСР ?ылмысты? істер ж?ргізу кодексіні? 287,299 ж?не 301 баптарына с?йкес сот ал?асы ?кім етеді»: ?айрат Но?айбай?лы Рыс??лбеков кін?лі деп танылып мынадай ?ылмысты? жаза?а тартылсын: ?аза? КСР ?ылмысты? кодексіні? 60 бабы бойынша 3 жыл?а бас бостанды?ынан, 65 бабы бойынша 15 жыл?а бас бостанды?ынан айыру?а, ?аза? КСР ?ылмысты? кодексіні? 173-1 бабы бойынша е? жо?ары ?лім жазасына, ату?а кесілсін. ?айрат: К?н?дан таза басым бар, 21-де жасым бар,?ас?алда?тай ?аным бар, Бозтор?айдай жаным бар. Алам десе? алы?дар! ?айрат деген атым бар, ?аза? деген затым бар. «Еркек то?ты ??рбанды?» Атам десе? аты?дар! Музыка ?уенімен орта?а ?айратты? ролін орында?ан о?ушы шы?ып: Желто?сан к?терілісіні? ар?асында 1991 жылы еліміз ?з алдына егемендік алып, т???ыш Т?уелсіз ел д?ниеге келді. Осы кезде фанфар ойнатылып, о?ушылар бірін-бірі ??тты?тап, ша?ын мерекелік салют атылады. 4 кезе?: Елбасым ! Та?тада ?аза?станны? т???ыш Президенті Н.?.Назарбаевты? ?мірі жайлы слайдтар ?сем музыка ?уенімен тербетіліп, ж?ріп отырады. Орта?а Н.?. Назарбаевты? ролін орындаушы о?ушы мен бірнеше министрлер ролін орындаушы о?ушылар шы?ады. 1 о?ушы:1991 жылы желто?санны? 1-де Республика ж?ртшылы?ы т???ыш рет Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты Республиканы? Президенті етіп сайлады. Шы?ты тарап ой данадан, Бері ?арады ж?лдыз беті. ?зі ?алап сайлап ал?ан, Елімні? бар Президенті. Шыра? етіп ?мір н?рын, Алыс жатты алда?ы жол. Ел намысын, елді? ж?гін, Ар?ала?ан арда?ым-ол. 2 о?ушы: 1999 жылы т???ыш ?аза?стан Президенті Н.?.Назарбаевты Елбасы етіп ?айта сайлайды, 2005 жылы желто?сан айыны? т?ртінші ж?лдызында бол?ан сайлауда ел ?алауымен Н.?.Назарбаев та?ы жеті жыл?а сайланды, ал 2011 жылы Н.?. Назарбаев халы? ?алауымен та?ы да 7 жыл?а ?аза?стан Республикасыны? Президенті болып сайланды. ?аза?стан Республикасыны? Президенті ролін орындаушы- сыныпты? ?здік о?ушысы топтан шы?ып, туды? жанына тізе б?гіп, ??діретті туды? бір б?рышыны? шетін ?стап: - ?аза?стан Республикасына адал ?ызмет етуге бірлігі жарас?ан халы? алдында, ??діретті ел мен ?асиетті жер алдында, бейбітшілік аспан аясында ?сіп келе жат?ан ?рпа? алдында АНТ беремін.-дейді 5 кезе?.Астанам-бас ?алам! (Орта?а Елорда Астана ?аласыны? макеттерін ?з ?олдарымен жаса?ан «Астана» тобыны? бірнеше о?ушысы шы?ады.)Алтынай Жорабаеваныны? орындауында?ы «Астана» ?нін сыныпты? ?нерлі ?л баласымен, ?нші ?ыз баласы на?ышына келтіріп орындап береді. (Та?тада Астана ?аласынын с?лулы?ын бейнелейтін слайдтар к?рсетіліп отырады.) 1997 жылы ?аза?стан Республикасыны? Астанасы Алматы ?аласынан А?мола?а ауысып, ?з атауын «Астана» деп жариялады. Осы кезден бастап Астана ?аласы жылдан-жыл?а есем, к?ннен-к?нге бой к?теруде.?сем ?имараттар к?зді? жауын алады.?р ?имаратты? ?з тарихы бар, ?з шежіресі бар. (Осы кезде ?р о?ушы ?зіні? ?олдан жасап шы?ар?ан ?сем ?имараттарды? макеттерін сыныптастарына таныстырады. Артынша отыр?ан о?ушылар осы топты? ж?мысын ба?алайды, е? ?сем де ?серлі маномент мектеп м?ражайына естелік ретінде тапсырылады.) 4 КЕЗЕ?. ?орытынды. Сараптаулар, синтездеу ж?мыстары ж?реді Т?уелсіз ?аза?стан жеріне а? тілек (о?ушылар та?тада кезектесіп шы?ып отыратын т?мендегі с?здерді пайдалана отырып, болаша??а тілек айту керек ) 1Заман.2 Ел.3 Елбасы. 4 За?.5 ?ыз. 6 ?Л.7 ?аза?стан. 8 Ата-ана.9 Ту. 10 ?н?ран.11 Астана.12 Тіл.13 Жер.14 Байлы?.15 Те?ге.16 Мектеп. 17 Білім ?аза?стан – Т?уелсіздік бесігі, Бас?аларды? тимесінші кесірі. Елді? к?шін ?рге бастап барады, Н?ра?а?мен егіз болар есімі. ?аза?стан – Т?уелсіздік бесігі, Бесігімде тербеледі дос ?ні, ?лттарды? ?йып т?р?ан ?ясы, ?мытпайы?, ?лы?тайы? осыны! Отан адам?а ?мір с?ру ?уанышын, ?зіні? к?шіне деген сенім, елі ?шін ма?таныш сезімін сыйлайды. Бізді? хал?ымызды? атамекенді арда?тау сезімі ?те тере?, біз ?шін ту?ан жерді ?асиет т?ту – ?ан?а сі?ген мінез, ежелгі д?ст?р. Ендеше о?айлы?пен келмеген Т?елсіз елімізді, жерімізді,аспанымызды са?тап, ?адірлеп ж?рейік. Отан?а деген патриотты? сезімдеріміз м?хиттай тере?, аспандай ке? болу керек. Т?уелсіздік туын тігуге ?аншалы?ты ?ажыр-?айрат керек болса, оны ??латпай са?тап ?алу?а соншалы?ты ?ажыр-?айрат керек деп, біз б?гінгі ?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіні? 20 жылды? мерейтойына арнал?ан "Т?уелсіздік -шы?дары биік, ?лы ??ым" атты т?рбие са?атымызды ая?таймыз. Т?рбие са?атыны? со?ында о?ушылар барлы?ы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? т?уелсіздігі »


Қазақстанның тәуелсіздігі!







ТӘРБИЕ САҒАТЫ:

Тәуелсіздік шыңдары-

биік ұғым!







Аннотация

Әр оқушының бойында Отанға деген патриоттық сезімін ояту- ол сынып жетекшісінің, сонымен қатар жалпы мұғалімнің міндеті. Әр оқушы -ол жерге егілген ағаш сияқты, егер жер өз нәрін ағашқа бере алмаса, ағаш та тасқа егілгендей, майысып-қисайып өседі. Жердің құнарлы болуы-ол табиғатты баптап, бағуына байланысты. Сондықтан ағаштың орнындағы жеке тұлға- Қазақстан Республикасының азаматы деген есіміне сай болып өсуі үшін, біз оған барлық сапалы білім мен саналы тәрбиені бере білуіміз керек, сонда ғана оқушы өз Отанына адал қызмет етіп, мемлекетіміздің бір бетінде нақты кірпіші болып қалана алады, жайқалған көркем ағашы болып өсе алады. Осы тәрбие сағатының әзірлемесінде қазіргі заманауи талабына сай өсетін тұлғаны тәрбиелеуді мақсат тұттым.

Сабақ әзірлемесін бес кезеңге бөлу арқылы сынып оқушыларын да топтарға бөлдім, бұл оқушылардың белгілі юағытта жұмыс жасауын жақсартады. Ал сабақ барысында әр кезеңге белгіленген оқушылар тек өзінің ғана емес өзгенің де көзқарасын тыңдауға машықтанады. Бұл тәрбие сағатында тарих шежіресінің нақты беттерін, Қазақстан елінің тәуелсіздікке қалай жеткенін суреттейтін өлең жолдарын, арнайы әзірленген слайдтарды қолдану арқылы әсемдік, эстетикалық бағытында жұмыс жүргізуді жоспарладым. Ұлттық рәміздер кезеңінің мақсаты: шәкірттерге оны танып-білу ғана емес, оны қадірлей білуге, көздерінің қарашығындай сақтауды жоспарладым. Үздік оқушыны Елбасы роліне қойып, оған Қазақстан Республикасы болашақта зор үмір артатынын сездіруді жөн көрдім. Ал кешегі Желтоқсан ызғарында кеткен қайсар аға-апамыздың ролдерін ойнату арқылы әр оқушының сол кездегі Тәуелсіздікті аңсаған адамзаттың күйін кешіп көруді бетке ұстадым. Себебі кешегіні білмеген, сезбеген адам, болашағын айқын жоспарлауы екіталай. Астана қаласының әсем ғимараттарын оқушылардың өздерінің жасауының бірден- бір мақсаты: әр оқушының туған жерінің топырағы мен онда пайда болған ғимараттарын танып, түсініп, құрметтей білуін мақсат еттім. Сабақ барысында толық интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді, СТО технологиясының, жобалау зертеу қызметін технологиясының, дамыта оқыту технологиясының, ИКТ техологиясының кейбір элементтерін қолдандым. Жалпы тәрбие сағатының мақсатында: алтын әріппен жазылған тарих беттерін пайдалана отырып, Қазақстанның болашақ ұрпағын сапалы білім мен саналы тәрбиеге қаныққан етіп тәрбиелеу болатын.



"Тәуелсіздік -шыңдары биік, ұлы ұғым" тәрбие сағаты

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат болып қалыптастыру, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру, әр оқушының жүрегіндегі Отанға жеген сезімдерін жоғары деңгейде болуын дамыту, әр оқушы ол жеке тұлға, ал Отан -ортақ ана екенін жүректеріне жеткізу.

Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру арқылы, еліміздің болашағы жас өспірімдердің, болашақ ұрпақтың қолында екенін түсіндірумен қатар, оқушыларды өз елін, жерін қорғап, оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, нақыл сөздер, Астана қаласының ғимараттарының макеттері, слайд-шоу, мультимедиа.


Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты, іздену, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық.

Оқушылар отырған қонақтарға мереке құрметіне гүлдер сыйлайды.

Оқушыларды: «Ұлттық рәміздер», «Тарих әлемі», «Желтоқсан жаңғырығы», «Қазақстанның тұңғыш Президенті», «Астана» деген бірнеше топқа бөлу.


Әнұран орындалады

Мұғалім: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 20 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті. Бүгінгі тәрбие сағатында осы Қазақстан деген Отанымыздың 20 жылдың ұлы тойынынң қарсаңында әрбәреуіміз жеріміздің топырағын ғана емес ауасын да толық танып білу керекпіз.Сондықтан оқушылар сендер бүгін топқа бөлініп Отанымыздың әрбір кірпішін сана-сезімімізбен, қайсар білім күшімен, патриоттық сезіммен тани білу керексіңдер.

1 кезең:Оян елім.

Ұлттық киім киген бірнеше оқушылар ортаға шығады:(Ұлттық рәміздер тобы),Тақтада ұлттық рәміздер жайлы слайд көрсетіледі.

Мойнында тудың түсіндей ашық, бейбіт аспанды бейнелейтін матасы бар оқушы рәміздердің жанына барып :

(А.Енсеповтың күйінің ырғағымен өлең оқиды):

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім

Самғап жүрсек бостандықта биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Шар Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

2 оқушы:

Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

3 оқушы:Енді мына сұраққа жауап беріңдерші:

-Еліміз өзінің несімен, қандай қасиеттерімен айбатты, айбынды?

Жауабы: Әнұранымен, туымен, елтаңбасымен айбатты, айбынды.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнелеген?

Жауабы: Балалар бір-бірден әңгімелейді.

-Ұлттық рәміздердің авторлары кім ?

Жауабы:Отырған басқа топтың оқушылары толық жауап беріп отырады.

Тақтада Қазақстан қандай мемлекет деген сауалға жауап іздестіреді.

  

көп ұлтты жері,елі,тарихы бар бейбітшілік қалайтын

тәуелсіз бай


демократиялық құқықты



 «Ұлттық рәміздер» тобы қосылып :

Ұлттық рәмізім барда, қазақ деген ұлтым барда, Қазақстан деген тәуелсіз елім-жерім барда, біз де бармыз Мәңгілік;

2 кезең: Тарихтың алтын беттері

Ортаға ұлттық киім киген әсем үш қыз бала шығады, олар «Тарих әлеміне» шолу жасайды.

1 қыз бала:Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.

(Слайдтардан көріністер бейнеленеді.Ол слайдтарда жылдар мен күндер ғана жазылған,ал сол жағында жауаптары берілген, ал оқушылар оолардың сәйкестігін табу керек.)

1986 жыл 16 желтоқсан-Желтоқсан оқиғасы

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.

1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2011 жыл-Қазақстан республикасында Азияда ойындары өтті

3 кезең: Жаңғырық

(«Желтоқсан желі» өлеңінің әуенімен олең оқылады.)

1 оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін,егеменбін, дербеспін.

Бізге Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ...Ендеше қалай болды екен...

(Ортаға 2 топ «Желтоқсан жаңғырығы» тобының оқушылары шығады.)

2 оқушы: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.

Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Көрініс

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...

Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр.

Көрініс

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

Музыка әуенімен ортаға Қайраттың ролін орындаған оқушы шығып: Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Осы кезде фанфар ойнатылып, оқушылар бірін-бірі құттықтап, шағын мерекелік салют атылады.

 4 кезең: Елбасым !

Тақтада Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайлы слайдтар әсем музыка әуенімен тербетіліп, жүріп отырады.

Ортаға Н.Ә. Назарбаевтың ролін орындаушы оқушы мен бірнеше министрлер ролін орындаушы оқушылар шығады.

1 оқушы:1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

                                                              Шықты тарап ой данадан,

                                                              Бері қарады жұлдыз беті.

                                                              Өзі қалап сайлап алған,

                                                              Елімнің бар Президенті.

                                                              Шырақ етіп өмір нұрын,

                                                              Алыс жатты алдағы жол.

                                                              Ел намысын, елдің жүгін,

                                                              Арқалаған ардағым-ол.

  2 оқушы: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты Елбасы етіп қайта сайлайды, 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды, ал 2011 жылы Н.Ә. Назарбаев халық қалауымен тағы да 7 жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Президенті ролін орындаушы- сыныптың үздік оқушысы топтан шығып, тудың жанына тізе бүгіп, құдіретті тудың бір бұрышының шетін ұстап:

- Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге бірлігі жарасқан халық алдында, құдіретті ел мен қасиетті жер алдында, бейбітшілік аспан аясында өсіп келе жатқан ұрпақ алдында АНТ беремін.-дейді

5 кезең .Астанам-бас қалам!

(Ортаға Елорда Астана қаласының макеттерін өз қолдарымен жасаған «Астана» тобының бірнеше оқушысы шығады.)

Алтынай Жорабаеванының орындауындағы «Астана» әнін сыныптың өнерлі ұл баласымен, әнші қыз баласы нақышына келтіріп орындап береді.

(Тақтада Астана қаласынын сұлулығын бейнелейтін слайдтар көрсетіліп отырады.)

1997 жылы Қазақстан Республикасының Астанасы Алматы қаласынан Ақмолаға ауысып, өз атауын «Астана» деп жариялады. Осы кезден бастап Астана қаласы жылдан-жылға есем, күннен-күнге бой көтеруде.Әсем ғимараттар көздің жауын алады.Әр ғимараттың өз тарихы бар, өз шежіресі бар.

(Осы кезде әр оқушы өзінің қолдан жасап шығарған әсем ғимараттардың макеттерін сыныптастарына таныстырады. Артынша отырған оқушылар осы топтың жұмысын бағалайды, ең әсем де әсерлі маномент мектеп мұражайына естелік ретінде тапсырылады.)

4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.

Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді

Тәуелсіз Қазақстан жеріне ақ тілек

(оқушылар тақтада кезектесіп шығып отыратын төмендегі сөздерді пайдалана отырып, болашаққа тілек айту керек )

1Заман .2 Ел.3 Елбасы. 4 Заң.5 Қыз . 6 ҰЛ .7 Қазақстан. 8 Ата-ана .9 Ту.

10 Әнұран .11 Астана .12 Тіл .13 Жер .14 Байлық .15 Теңге .16 Мектеп .

17 Білім

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Ендеше оңайлықпен келмеген Тәелсіз елімізді, жерімізді,аспанымызды сақтап, қадірлеп жүрейік. Отанға деген патриоттық сезімдеріміз мұхиттай терең, аспандай кең болу керек.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған "Тәуелсіздік -шыңдары биік, ұлы ұғым" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Тәрбие сағатының соңында оқушылар барлығы қолдарындағы шарлармен, гүлдермен ортаға шығып «Атамекен» әнін орындайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?станны? т?уелсіздігі

Автор: Каркенова Жанара Хайдаровна

Дата: 27.10.2015

Номер свидетельства: 244354


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства