жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кешімізді бастаймыз. Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. ҚР Әнұраны орындалады. 2-жүргізуші: Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім! Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр. 1-жүргізуші: Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. 2-жүргізуші: Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек. Осыдан жиырма бес жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тəуелсіздік -ұлы ұғым»
«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым »
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кешімізді бастаймыз.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
ҚР Әнұраны орындалады.
2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
1-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.
2-жүргізуші:
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.
Осыдан жиырма бес жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі. Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар.
Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»
Дауыс: Естідіңдер ме?
Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?
Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.
Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!
Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!
Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!
Қосылыңдар біздің қатарға!
Көрініс
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.
Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!
Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...
Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат: Жолдастарыммен бірге.
Тергеуші: Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сатаев көшесінде милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе?
Қайрат: -Жоқ, мен ешкімді көргенім де жоқ, ұрғаным да жоқ.
1-жүргізуші: Қайраттың туыс – бауырларына арналған өлеңдерінен үзінді
Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар!
Айналайын, қарындасым, қарғым,
Қолда кісен, мен айдау да барамын.
Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным ,қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауда, құлыным!
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
Отансыздар мына өмірде бос қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.
Отанымды күзетеді адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
1-жүргізуші: «Мәңгілік от - жас қайрат» өлеңінен үзінді.
2-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға. Желтоқсан құрбандарына
1-жүргізуші:
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
«Атамекен» әні орындалады.
1-оқушы:Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріндей өр намысты жас өрені бар елдің,
Ешқашандай еңкеюге тиісті емес жалауы.
2-оқушы: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлаттармын,
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
3-оқушы: Ата-бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсізді таңы атты,
Бақыттымын мен содан.
4-оқушы: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
2-жүргізуші: Аружанның орындауында «Тәуелсіз қазақ қызымын» әні орындалады.
«Көк тудың желбірегені» ән» орындалады.
1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!
2-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым » атты іс-шарамызды аяқтаймыз.
Көрініс
Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.