Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара.»
6 «Ә» қазақ сыныбы Сайыс Сыныптан тыс іс-шара Қасымова Гүлжанат Сапарқызы
Тақырыбы: Қасиет пен құт дарытқан ана тілі
Мақсаты: оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ..
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, мақал-мәтел сайысы, түсіндіру.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер жазылған плакаттар, ұлы тұлғалар портреттері, рефараттар.
Сабақтын барысы.
I.Ұйымдастыру
II. Кіріспе бөлім
III. Сайыс кезеңдері
а) Танысу
ә) Кім жүйрік
б) Сөз көркі- мақал
в) Ой толғау
г) Жекпе- жек
ғ) Жұлдызды сәт
IV. Жеңімпаздарды анықтау
V. Қорытынды
I. Ұйымдастыру
II. Кіріспе бөлім
Мұғалім.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
“Жаман үйді қонағы билейді” деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмадық ,
Қазағыма артық өз тілінен...
“Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ , сонша ғасыр ұмытылды ғой елдікке” деп Төле би бабамыз айтқандай тәуелсіздік алып, егеменді ел атындық.
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қанша да отаншыл, ұлтжанды болмақ . Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздердің “Қасиет пен құт дарытқан ана тілі ” атты сайысты тамашалауға келіп отырған қадамдарыңызға гүл бітсін дей отырып, енді сөз кезегін жүргізушілерге беремін.
1-жүргізуші
Болғанымен өзімнін жерім, өз бағым,
Болғанымен көңіл жүйрік, көз дарын.
Бәріне де жетемін деп жүргенде,
Өз тілімнен айырылып қала жаздадым.
Сағындарған ана тілім, бармысың,
Сағындарған ана тілім, армысың.
Осы тілде бар азамат ұғысқан,
Осы тілде талай жүрек табысқан.
Су қараңғы болғандай жанардың,
Тіл тағдыры-тағдырындай Аралдың.
Гүлін қалай таптамақпын даланың,
Тілін қалай сақтамақпын анамның.
2-жүргізуші.
Сүйемін туған тілім-ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мене сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
1-жүргізуші.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетердейміз нағыз мықты.
Қазылар алқасын ортаға шақыру.
2-жүргізуші.
Түсеміз біз білімнің жарысына,
Жеңсендер қол соғамыз табысыңа.
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына.
Сайысқа қатысушыларды шақыру.
1-жүргізуші.
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең- «Танысу»
2-кезең-«Кім жүйрік»
3-кезең- «Сөз көркі- мақал»
4-кезең-«Ой толғау»
5-кезең-«Жекпе-жек»
6-кезең-«Жұлдызды сәт»( жеңімпаздарды анықтау).
Ал, енді сайысымызды бастайық..
2-жүргізуші.
1-кезең- «Танысу»(Әр топ өздерін таныстырып, топ аттарын, кеуде белгісін және шығарған газеттерін қорғайды).
1-жүргізуші.
2-кезең- «Кім жүйрік?» (Сұрақтарға жауап, топ аттарын, кейде белгісін және шығарған газеттерін қорғайды).
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Тындау әдебі мен сөйлеу әдебі туралы не білесін?
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарын ата?
Тіл мәдениеті дегеніміз не?
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата?
М. Өтемісұлының өлеңдерін ата?
«Зар заман» өлеңі кімдікі?
Қазақтан шыққан тұңғыш романист кім?
«Тіл туралы» заң қашан қабылданды?
Тастүлек қай жазушының шығармасы?
Қай ақын «Ана» тақырыбында әңгімелер жазған?
Сергіту сәті: көрермендер арасынан әзіл-сықақ , көрініс.
3-кезең-«Сөз көркі-мақал»
2-жүргізуші.
Енді «Сөз көркі-мақал» сайысына көшелік
Әр топ мақал-мәтел айтудан жарысады.
4-кезең-«Ой толғау
1-жүргізуші
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
Кім қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.
1-жүргізуші
Тіл ұшынан үзілген сөз қапыда,
Құлап түскен жұмыртқадай тақырға.
Ана тілін қадірлейік әрқашан,
Келіңдерші, достарым-ау, ақылға.
Конвертті таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді.
5-кезең-«Жекпе-жек»
2-жүргізуші
Мен жігітпін, айқасқа тым асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шың ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.
Топ жетекшілеріне сұрақ қою, уақыт беріледі.
Көрермендерден «викториналық сұрақтарға» жауап алу.
Қорқыттың неше жыры бар?
Қазақ тілн зерттеген ғалымдары?
Дисфемизм, эвфемизм дегеніміз не?
Диалектизм дегеніміз не?
«Әдебиет танытқыш» оқулығының авторы кім?
6-кезең-«Жұлдызды сәт»
1-жүргізуші
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдыретті төрт ана
2-жүргізуші
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі- сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр салт санасы-тірегін,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
1-жүргізуші
Және туған тарихы,
Еске алу қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да...
Жеңімпаздпрды анықтау
Қорытынды:
Міне, балалар, біздің осы апталықта өткізіп жатқан іс шараларымыз ана тілінің қадір-қасиетін арттыруға үлес қосары сөзсіз. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі А.Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген. Мына суреттегі ұлы тұлғалардың бәрі де елім деп, жерім деп, білім деп, тілім деп бұл өмірден өткен. Қазір де қаншама ұлы адамдарымыз шырылдап жүр. Сондықтан, қазақпын деген әр адам осы сөздің мәніне терең бойлап түсіну керек. Кезінде «заманына қарай амал» болып орыс тілінде оқығандар өз тілін үйрену керек. «Қазақ елінің келешегі-қазақ тілінде» екенін әр уақытта есте ұстап асыл мұрамызды, қасиет пен құт дарытқан ана тілімізді өркендете берейік дегім келеді.