Белгілі а?ын С. Торай?ыров «Асыл с?зді іздесе?, Абайды о?ы, ерінбе» деген екен. Ендеше, Абай аталары?ны? ?андай ?анатты с?здерін біледі екенсі?дер, соны аны?тайтайы?.
5-сынып. «Болмаса? да ??сап ба?, Бір ?алымды к?рсе?із».(«?ылым таппай ма?танба»)
6-сынып. «Сен де бір кірпіш д?ниеге, кетігін тап та бар ?алан». («?семпаз болма ?рнеге»)
Просмотр содержимого документа
«?здік абайтанушы сыныптан тыс шара »
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Ақбұлақ орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Темкенева Толқын Алпыспаевна
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: Үздік абайтанушы
Мақсаты: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер беру, оқыған шығармаларын еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету, өлеңнің мағынасын жан-жақты түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Поэзия пайғамбары Абайдың өмірі, шығармашылығы туралы жан-жақты біледі. Өлеңдерін талдап, мазмұны мен тақырыптық аясын меңгереді. Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін- өзі реттеуге дағдыланады.
Ол - қазақ халқының ұлы ақыны, поэзия пайғамбары Абай Құнанбаев. Ендеше, бүгінгі сыныптан тыс шарамыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналмақ. Қарсы алыңыздар, ортаға дана да дара Абай аталарының ізбасарларын шақырамыз. 6 сынып оқушысы Бақытбекова Әйгерім, 7сынып оқушысы Исаева Балсая, 8сынып оқушысы Адрышханова Назерке, 9сынып оқушысы Қабдолдаев Тілек, 11сынып оқушысы Солтанбекова Гүлім.
Сайыскерлеріміздің білім - біліктерін сарапқа салатын қазылар алқасымен таныстырып кетейін.
Оқу ісінің меңгерушісі: Райгүл Шәріпқызы
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Майра
Ұйымдастыру. Қане, балалар, ең алдымен, өздеріңді жақынырақ таныстырсаңдар.
І айналым. «Мықты болсаң, тауып көр» (суреттер сыр шертеді)
ІІ айналым. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (әр ойыншыға сұрақ қойылады, жылдам жауап беру).
6-сынып
Абай қай жылы дүниеге келді?
Әжесінің аты?
Абай қай медреседе оқыды?
13 жасар Абайдың аулына келген ақын қонақтар?
Абайдың қанша қара сөзі бар?
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» қай өлеңінен алынған?
Абайдың анасы?
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі көркемдік тәсіл?
«Ит жегенше ... кім жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» көп нүктенің орнына тиесілі сөзді тап?
Бес асыл іс пен бес дұшпанды ата?
7- сынып
Абайдың туған жері?
Жеңгелері Абайды кім деп атаған?
Абайдың ең алғаш жазған өлеңі?
Өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырған?
Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңдері?
Ғылым таппай мақтанба... ары қарай жалғастыр?
Абайдың қандай әндері бар?
Орыс әдебиетінен кімдерді аударды?
Абайдың шын есімі?
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға... Қай өлеңінен алынған үзінді?
8- сынып
Абай қай рудан?
Көкше өңірінен Абай мен Әйгерімнің аулына келген ақын?
Абайдың ақын інісі?
Сүйікті баласына арнаған өлеңі?
«Қыс» өлеңінде қолданатын көркемдік тәсіл?
«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы» Қай өлеңінен алынған үзінді? (Өлең сөздің патшасы)
«Тәкаппар, жалған онда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің - бал». Көркемдік тәсілдің қай түрі?
«Қараңғы түнде тау қалғып». Кімнен аударған өлеңі?
Абайдың бірінші әйелі?
Абай орысша қанша оқыды?
9-сынып
Не үшін әкесі баласын оқудан шығарып алды?
Құнанбай кім болған?
Абайдың алғашқы махаббаты?
«Талаптың мініп тұлпарын». Кімге арнаған өлеңі?
«Құлақтан кіріп бойды алар...». Жалғастыр.
Абай кімнің мысалдарын аударды?
«Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп әлек салды». Көркемдік тәсілдің қай түрі?
Араб, парсы тілдерін жетік білетін Абай шығыстың қандай классик ақындарының шығармаларын оқыды?
Абайдың поэмаларын ата?
Құнанбайдың Абайға айтқан үш міні?
Абайдың орыс досы?
«Баламды медресеге біл деп бердім». Қай өлеңінен алынған?
«Ызалы жүрек, долы қол». Қандай көркемдік тәсіл?
Ескендірдің прототипі?
Ескендірдің тәрбиешісі, ұлы ғалым?
Абай қазақ поэзиясына қандай жаңалық енгізді?
Абайдың өлеңін мәнерлеп оқу. Бақытбекова Әйгерім
ІІІ айналым. «Абайдың қара сөздері - тәрбие көзі»
(аудио дисктен қара сөз оқылады. Оқушы нешінші қара сөзі екенін табады?)
6сынып – 31 қара сөзі, 7сынып – 29 қара сөзі, 8сынып – 17 қара сөзі, 9сынып - 1 қара сөзі, 11 сынып – 7 қара сөзі
Абайдың қара сөзін мәнерлеп оқу.
ІV айналым. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Белгілі ақын С. Торайғыров «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген екен. Ендеше, Абай аталарыңның қандай қанатты сөздерін біледі екенсіңдер, соны анықтайтайық.
5-сынып. «Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз».(«Ғылым таппай мақтанба»)
6-сынып. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан». («Әсемпаз болма әрнеге»)
8-сынып. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» («Өлең - сөздің патшасы»)
9-сынып. «Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма жыл. Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі тұл» («Ғылым таппай мақтанба»)
11-сынып. «Мақсатым тіл ұстартып, өлең шашпақ, Наданның көңілін қойып көзін ашпақ» («Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»)
Аяулым. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.
V айналым. «Ұшқыр қиял» (берілген Абай өлеңінің мәтіні бойынша сурет салып, оны қорғау)
6сынып «Қыс»
7сынып «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
8сынып «Күз»
9сынып «Білектей арқасында өрген бұрым»
11сынып «Жазғытұры»
Солтанбекова Гүлім «Сегізаяқ» әнін орындайды.
Әділқазылар алқасы дайын болғанша, аудио дисктен Абай әнін тыңдату. «»
Абай кім? Ол - данышпан ақын,
Әр жүрекке сондықтан Абай жақын.
Мөлдіреген бұлақтай мұрасы бар,
Сусындап ішкен сайын сарқылмайтын,-
деген жыр жолдарымен «Үздік абайтанушы» атты зияткерлік сайысымызды аяқтаймыз.