kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су - тіршіліктің көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Су  - тіршіліктің көзі" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында судың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы оқушыларға  тереңінен түсіндіріледі. Сабақ интеграциялық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су - тіршіліктің көзі»

3. Су тіршіліктің - тірегі

(Сахналық қойылым)

Мақсаты: Табиғаттағы суды ұтымды пайдалануға және туған жердің табиғатын аялап қастерлеуге үйрету. Оқушыларды ұлтымызға жат әрекеттерден аулақ болуға жетелеу. Экологиялық апаттардың зардаптарының әсерлерін ұғындыру, оны болдырмауға тәрбиелеу

Сахнаның безендірілуі: Таудан сарқырап аққан бұлақ, жайқалып өскен жасыл шөп, гүлдер, жан – жануарлар, сайраған бұлбұлдың әсем дауысы және адамзаттың ана табиғатқа өз қолынан жасаған қиянаты суреттелген плакат.

«Су тасушы қыздың әні» баяу ойнап тұрады.

Қатысушы кейіпкерлердің бейнелерін сомдайтын арнайы киімдері.

Қатысушылар: Ертегі – Қыз

Бала

Су патшасы

Мыстан кемпір

Жолбарыс

Көлбақа

Жылан

Түлкі

Піл

Қораз

І бөлім

(Сахна ашылады, қолында су құйылған ыдысы бар қыз жүгіріп шығады, сол жерде гүлдерге су құйып жүрген бала)

Қыз: Кімге су керек? Кімге су керек? ( Аз ғана үзіліс. Тоқтап ойланып тұрады)

Бала: - Ол кімге керек емес.

Қыз: - Иә, ойланайықшы, осы... ( Тоқтап ойланып тұрады)

Бала: - Су, сенде тіл үйіретін дәм де жоқ, қолқаңды қытықтайтын хош иіс те жоқ.

Қыз: - Сені суреттеп жазудың өзі қиын.Солай бола тұра, саған сүйсініп, сенен табиғат та, адамдар да, жан – жануарлар да ләззат алады.

Бала: - Сенің өмір, тіршілік үшін керек екеніңді айтпауға болмайды.

Қыз: - Себебі, сен – тірі өмірсің.

Бала: - Гүлге де, жеміс – жидекке де, тал – дараққа да, ұшқан құс, жүгірген аңға да, адамға да, жан – жануарға да су керек.

Қыз: - Су керек етпейтін тіршілік иесі бар ма?

Бала: - Мысалы, мен білмеймін... (үзіліс, отырады )

Қыз: - Мен жақында Жапон хақының аңыз- ертегісіне құрылған «Қаскөй» деген мултьфильмін көрдім.

(Сахна жабылады)



ІІ бөлім

(Жапон ертегісі негізінде сахналандырылған қойылым)

(Сахна ашылады, Патша(император) сарайында шахмат ойнап отырған патша және мыстан).

Су патшасы: - Ойпырым – ой, сен менің түгімді қоймай жеңе бердің ғой? Саған беретін дымым қалған жоқ.

Мыстан кемпір: - Жоқ, патшам, сенің маған беретін тағы бір нәрсең қалды.

Су патшасы: - Не дейсің, жоқ – жоқ менің саған беретін түгім де жоқ.

Мыстан кемпір: - Тақсыр, сен ендігі ойынға, әлемдегі өзен, көлді, мұхиттағы суды тігесің, егер жеңілсең оларға мен иелік етемін.

Су патшасы: - Қалай болар екен, нартәуекел, жарайды, ойнайық. (ойнайды)

Мыстан кемпір: - Алақай, мен жеңдім, мен жеңдім. Әлемдегі өзен, көл, мұхиттағы судың бәріне мен ие боламын! (ербеңдеп билей жөнеледі)

Су патшасы: - Мен не істеп қойдым, неге бұлай істедім.

( Басын ұстап отырып қалады, сахна жабылады).

ІІІ бөлім

(Сахна ашылады, қайғылы музыка үні ойнап тұрады)

Көлбақа: - Су, су, су беріңдерші, қай жерде су бар? Өліп бармын.Су беріңдерші.

Жолбарыс: - Су, су қайда? Шөлге шыдай алмай барамын.

Піл: - Су, су, су берші, су. (құлап қалады)

Қораз: - Достар, бұлай болмайды, жүріңдер, Су патшасына барайық.

Жылан: - Иә, қораз дұрыс айтады, бекер - босқа өліп кетпейік. Бүкіл жан – жануар жиылып, Су патшасына барайық, сапарға шығайық! Жүріңдер!

(Сахна жабылады, қайғылы музыка үні ойнап тұрады)

ІY бөлім

(Сахна ашылады, қайғылы музыка үні, абыржып – шаршап шалдыққан, шөл азабынан құтылудың жолын іздеген, жан – жануарлар шығады. Патша сарайы)

Уәзір: - Ей, қайда барасыңдар? (кіргізбеуге әрекет жасайды)

Тоқтаңдар, ұлардай шулап қайда барасыңдар түге?

Түлкі: - Біз, Су патшасына мұңымызды шаққалы келдік.( айқай – шуға патша шығады).

Көлбақа: - Тақсыр, Тақсыр, не істедіңіз? Әлемді апат жайлады, гүлденген ғаламшарымыз құритын болды ғой. Мұхит, теңіз, көл – тоғандар кеуіп кетті.

Жылан: - «Судың кепкені – тіршіліктің кеткені» тақсыр, су керек, бізге су керек. (зар жылап жығылады)

Су патшасы: - Не болды ? Су жоқ, не істе дейсіңдер маған, жалмауыз кемпірге шахматқа ұтқызып қойдым!

Көлбақа: - Е, тақсыр ием, бұлтты да ұтқыздыңыз ба?

Су патшасы: - Жоқ, сен дұрыс есіме салдың ғой!

( Қолындағы аса таяғын көкке сермейді, жауған жаңбыр, найзағай,қуанған – шаттанған көңілді дауыстар сахна жабылады)

Y бөлім

( Сахна ашылады)

Қыз: - Содан соң, Су патшасы бұлттарды жинап, нөсер жауын жауғызады да, жер, көкте тіршілік қайтадан қалпына келді емес пе?

Бала: - Иә, солай, «Су тіршіліктің - тірегі» деген рас қой.Сусыз тіршілік болмайды.Шынында да бірнеше минутқа әлемде су болмай қалды деп көз алдымызға елестетейікші.

Қыз: - Мүсәпір қалпына түскен жан – жануарлар, өсімдік төмен қарап салбырап тіршіліктен біртіндеп мүлде күдер үзген болар еді, тіпті адамзаттың өзі қолдан келер қайраны болмай дал болар еді..

Бала: - Ең ақырында жердің бетін жансыз әлем басар еді.Судың ластануы,ысырапсыз пайдаланылуы, азаюы нәтижесінде ол жердің табиғаты өзгеріске ұшырайды, оның дәлелі, көз алдымызда құрып бара жатқан Арал және Балқаш көлдерінің қауіпті, құрып кету жағдайына кім кінәлі достар, айтыңдаршы?.

Қыз: - Иә, әрине, соншалықты қасиеті мол суды қастерлеу біздің боршымыз екенін біз кеш түсіндік, достар! Жақсылық жасасақ та, жамандық жасасақ та, бәрі мына өзіміздің яғни адамзаттың ақыл -парасатында. Мынау - киелі дүниенің кілті адамзаттың алақанында. Ол адам қолындағы құдірет!


Қорытынды: Ойталқы.

(Оқушылардың пікірлерін ортаға салу, ұсыныс – пікірлерін тыңдау).

Өмірдің нәрі бола білген суды сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?

1 оқушы: - Біз, суды үнемдеу үшін қажетімізден артығын қолданбауымыз керек!

2 оқушы: - Ысырапкершілікке жол бермеуіміз керек!

3 оқушы: - Өзен – көлдердің жағасына,табиғат аясына демалуға барғанда қоқыс,зиянды нәрселермен қоршаған ортаны, суды ластаудан сақтауымыз қажет!

4 оқушы: - Себебі, экологиялық қиын жағдайларды болдырмау біздің қолымызда!

5 оқушы: - Табиғаттағы су қорларын үнемдемесек әлем орны толмас қасіретке ұшырайды.


Ән «Суға барған қыз»


(Сахна жабылады)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Су - тіршіліктің көзі

Автор: Тохсанбаева Жулдыз Кубейсиновна

Дата: 08.01.2019

Номер свидетельства: 494127

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(218) "Саба?  жоспары " Ф. Редиді? т?жірибелері. У.Гарвейді? ой пікірлері. Л. Пастерді? т?жірибелері. Тіршілікті? м??гілік теориясы""
    ["seo_title"] => string(114) "sabakzhosparyfriedidintzhiribielieriugarvieidinoipikirlierilpastierdintzhiribielieritirshiliktinmnghiliktieoriiasy"
    ["file_id"] => string(6) "284934"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454063949"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Тіршілікті? пайда болуы туралы т?сініктерді? ?алыптасуы "
    ["seo_title"] => string(58) "tirshiliktin-paida-boluy-turaly-tusiniktierdin-k-alyptasuy"
    ["file_id"] => string(6) "182191"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425476683"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Мезозой заманында тіршілікті? дамуы. Кайнозой заманы?да тіршілікті? дамуы"
    ["seo_title"] => string(76) "miezozoi-zamanynda-tirshiliktin-damuy-kainozoi-zamanyn-da-tirshiliktin-damuy"
    ["file_id"] => string(6) "303238"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457460392"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Тіршілікті? пайда болуы"
    ["seo_title"] => string(24) "tirshiliktin-paida-boluy"
    ["file_id"] => string(6) "254667"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447784461"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Вирустар – тіршілікті? жасушасыз т?рі "
    ["seo_title"] => string(38) "virustar-tirshiliktin-zhasushasyz-turi"
    ["file_id"] => string(6) "148457"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419709038"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства