1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш
1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: «Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.
Кешімізді басын ақиық ақынның өз дауысындағы өлеңге кезек берейік
2-жүргізуші: Көрер едің Шаламын ба, отпын ба Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба? Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда
1-жүргізуші: Сырым да осы, Жырым да осы, Алдыңда. Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың 9-ақпан туған күні.
Келесі кезекті Өмірбек Батырханның орындауындағы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шара адамы еді.
Келесі кезекте тамашалайтындарыңыз, 4- сынып оқушылары Мұқағали өлеңдерін жатқа оқуға оқиды. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
ӘН «Арулар асыл жандар» Орындайтын 2-сынып оқушысы Өмірбекқызы Томирис.
2-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. Келесі кезекте тамашалайтындарыңыз, 5-6-7-8 сынып оқушылары Мұқағали өлеңдерін жатқа оқуға оқиды. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды.
1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. Келесі кезекті 8-сынып оөушысы Жоспархан Ақботаның қазақ биін тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік. Келесі кезекте тамашалайтындарыңыз, 2-3- сынып оқушылары Мұқағали өлеңдерін жатқа оқуға оқиды. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құттықтаймын ана» әніне кезек берейік.
Орындайтын 2-сынып оқушысы Өмірбекқызы Айғаным
2-жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.
Келесі кезекті көрініс: Аққулар ұйықтағанда
1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
2-жүргізуші: Ән сал, жаным, Әніңмен тербет мені Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі. Дала ұйысын, Дамылдап таулар жатсын, Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі. ӘН «Ән отыздан асып барамын» Орындайтын 7-сынып оқушысы Ерқұл Арсен. 1-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Мұқағали Мақатаевтың өнердегі достары Шәмші Қалдаяқов, Жүсіпбек Елебековтар болды. Ендеше сол өнердегі достарының әніне де кезек берейік. Ортада Адият Қамбар ағайдың орындауындағы әсем әнге кезек берейік.
2-жүргізуші: Мінеки құрметтеі оқушылар кешіміздің соңғы мәресіне жетіп үлгерді. Келесі кезекті құттықтау сөзге береміз. Мектебіміздің директоры Айгүл Исабаева Миятқызына сөз кезегін береміз. 1-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.
2-жүргізуші: Осымен М. Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз.