kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба «?аза? ертегілеріні? кейіпкерлері - ?лтты? спорт т?рлерін дамытуды? ?оз?алт?ышы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?датпа ?аза?стан т?уелсіздік ал?аннан кейінгі ?лтты? спортты дамыту?а арнал?ан мемлекет тарапынан жасал?ан ?олдауларды атай келіп, е? алдымен, «Дене шыны?тыру ж?не спорт За?ыны?» ?абылдануыны? ма?ызды ??жат бол?анды?ын атап ?теміз. Алайда осы к?нге дейін ?лтты? спорт т?рлеріні? дамуына ?ажетті ?оз?алт?ыш к?здері жо?ты? ?асы. ?ылыми ж?мыс осы та?ырыпты ?амтиды. ?зектілігі: ?азіргі заман талабына с?йкес дене т?рбиесі ж?не спорт саласында ?лтты? ойындар мен спорт т?рлерін ?тымды ?олдана білу жолдарын ?арастыруда?ы ертегілерді? р?лі осы ж?мысты? ?зекті та?ырыбы болып саналады Гипотеза: ?аза? ертегілері - ?лтты? спорт т?рлерін дамытуды? ?оз?алт?ышы Ма?саты: ?лтты? спорт пен ойындарды? дамуын жетілдіруде ?аза? ертегілеріні? ?оз?алт?ыш жолын ашу Міндеттері: 1. Ертегілер туралы материалдар жинау 2. Ертегілер мен ?лтты? спорт т?рлеріні? т?рбиелік м?нін сараптау 3. ?лтты? спорт пен ойындарды? дамуын жетілдіруді? жолын ?сыну 4. ?аза?стан Республикасында ?лтты? спорт т?рлерін дамыту ар?ылы салауатты ?мір салтын ?алыптастыру ?а?идаттарын насихаттау 5. ?лтты? спорт т?рлерін ?ркендету ар?ылы оны ?лтты? идея де?гейіне жеткізу Т?жірибелік ма?ызы: ?арастырыл?ан м?селелерді?, ?сынылатын зерттеу н?тижелеріні? болаша?та ?лтты? спорт саласын ?ркендету ба?ытында ?олдану ?шін зор м?мкіндікке ие болуы ?ылыми жа?алы?ы: Д?ст?рлі м?дениетімізді т?рбие ??ралы ретінде ?олдану, адамдар денсаулы?ы мен ?лтты? салт-д?ст?рлерімізді са?тауды? бірден - бір тиімді жолы екендігін д?лелдеуге м?мкіндік береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба «?аза? ертегілеріні? кейіпкерлері - ?лтты? спорт т?рлерін дамытуды? ?оз?алт?ышы»»

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық спортты дамытуға арналған мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды атай келіп, ең алдымен, «Дене шынықтыру және спорт Заңының» қабылдануының маңызды құжат болғандығын атап өтеміз. Алайда осы күнге дейін ұлттық спорт түрлерінің дамуына қажетті қозғалтқыш көздері жоқтың қасы. Ғылыми жұмыс осы тақырыпты қамтиды.

Өзектілігі: Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастырудағы ертегілердің рөлі осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады

Гипотеза: қазақ ертегілері - ұлттық спорт түрлерін дамытудың қозғалтқышы

Мақсаты: ұлттық спорт пен ойындардың дамуын жетілдіруде қазақ ертегілерінің қозғалтқыш жолын ашу

Міндеттері:

    1. Ертегілер туралы материалдар жинау

    2. Ертегілер мен ұлттық спорт түрлерінің тәрбиелік мәнін сараптау

    3. Ұлттық спорт пен ойындардың дамуын жетілдірудің жолын ұсыну

    4. Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау

    5. Ұлттық спорт түрлерін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу

Тәжірибелік маңызы: қарастырылған мәселелердің, ұсынылатын зерттеу нәтижелерінің болашақта ұлттық спорт саласын өркендету бағытында қолдану үшін зор мүмкіндікке ие болуы

. Ғылыми жаңалығы: Дәстүрлі мәдениетімізді тәрбие құралы ретінде қолдану, адамдар денсаулығы мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтаудың бірден - бір тиімді жолы екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

1. Теориялық бөлім

    1. Зерттеу нысандары

1.1.1 Қазақ ертегілері және олардың тәрбиелік мәні

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Ертегі кейіпкерлері – ұлттық спорт түрлерін дамыту қозғалтқышы» деп аталады.

Ертегілерді кішкентай күнімнен анамның, ағаларымның айтуынан тыңдап, кейін өзім оқып, қызығушылығым ерте оянды. Ертегілер тек балаларға, соның ішінде мектепке дейінгі балаларға арналған деп ойлаймыз. Бірақ ертегі сүйер қауымның жасына шектеу болмайды. «Ертегі» деген атының өзі ертедегі, ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған, яғни халқымыздың бұрынғы тарихынан, тіршілігінен, арман – мүддесінен мол дерек береді. Ауыз әдебиетінен нәр алып, ертегі, аңыздарды тыңдап өскен ұлы Абай атамыз әжесінен әңгіме, ертегі тыңдағысы келгенде: - Е – е...Бұлдыр – бұлдыр күн өткен, бұрынғыда кім өткен? – деп, бұрынғыдан сыр шертуін сұраған екен.

Менің жеке кітапханамда оннан астам ертегі жинақтары, жиырма шақты электронды ертегі нұсқалары бар. Ертегілер туралы тереңірек білу мақсатында осы жұмысты қолға алдым.

Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын ауыз әдебиетінің үлгісі - ертегілер. Ертегілер ел арасында қара сөз үлгісінде, көркем әңгіме түрінде айтылып таралған. Демек, ертегілердің жанры – көркем проза. Ертегілер адам баласының тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, дүниетанымына байланысты туған. Көркем прозаның бұл түрінде халықтың ой-арманы, мақсат-мұраты, әдет-ғұрпы көрініс тапқан. Ертегі жанрының атқаратын қызметі зор. Ең бастысы – оның тәрбиелік қызметі. Сонымен қатар тыңдаушының көркемдік - эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы. Ертегілердің басты мақсаты - сюжетті барынша ғажап, көркем, тартымды түрде әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындық өмірді суреттеуден гөрі,

оны әсірелеп баяндауды міндет санайды. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналуы, хатқа түсіріліп, баспасөзде жариялануы ХІХ ғасырдың II жартысынан басталады; Бұл ретте Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,

Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, И.Н. Березин, Ә. Диваевтың үлестері бірінші кезекте аталады. МәшҺүр Жүсіп Көпеев “Дала уәлаяты” газетінде қазақ ертегілерін жариялап отырған. Ахмет Байтұрсынұлының “Тіл-құрал” оқулығында мақал - мәтелдер мен ертегілер көптеп кездеседі. Сол сияқты

Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялауға маңыз берген. 60-шы жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізде жүргізіле бастады. Әсіресе, М. Әуезов,

Е. Ысмайылов, В. Сидельников, М. Ғабдуллиндер жемісті еңбек етті. Аталған ғалымдар 3 томдық қазақ ертегілерін қазақ және орыс тілдерінде басып шығарды. Қазақ ертегілері жаңа бағытта зерттеліп, олардың түрі және құрылымы туралы көлемді мақалалар жазылды. [1]

Ертегілердің сөйлем құрылымы ауызша айтуға ыңғайлы болып келеді. Қомпозициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Әдетте бастамада кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы мәліметтер ұйқасқан проза түрінде беріледі. Эпикалық баяндау қаһарманның ер жетуін, үйленуін, бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкер мақсат-мұратына жетеді. Бастама мен аяқтау үшін тұрақты тіркестер қолданылады. Мысалы бастама:

Бар екен де, жоқ екен

Аш екен де, тоқ екен

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкі жүні келте екен

Қырғауыл жүні қызыл екен, - деп басталса, соңы “... Сөйтіп, барша мақсат-

мұратына жетіпті”, - деп аяқталады. [2]

Қазақ ертегілері негізінен 3 топқа жіктеледі. Олар:

  • Қиял-ғажайып ертегілері;

  • Хайуанаттар жайындағы ертегілер;

  • Шыншыл ертегілер

Қиял-ғажайып ертегілері - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Ғалымдар олар алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасып дамығанын айтады. Сондықтан бұл ертегілерде адамзат дамуының алғашқы сатысындағы (матриархат, магия, анимизм, тотемизм сияқты діни наным-сенім) белгілері сақталған деп санайды. Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері - қарапайым адамдар, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар. Олар жыртқыш аңдармен, табиғаттың дүлей күшімен күреседі. Ал жағымсыз кейіпкерлер ретінде жалмауыз кемпір, жезтырнақ, албасты, шайтан, пері, дию, жалғыз көзді дәу, айдаһар, жетібасты жылан, қорқау қасқыр бейнеленеді. Бұл ертегілерде жақсылық пен жамандық, қастық пен достық, жауыздық пен әділдік күресіп, соңында адам баласы өзінің ақыл-парасаты, күш-қайратымен қиындықтарды жеңіп отырады.

Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес Айыртөс батыр», «Аңшы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілерінің де өзінше мәні үлкен. Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы фантазияға құрылады. Қаһармандарды  «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуларды» іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қияға барады. Олардың алысатын жаулары- қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара  құс, самұрық, алты айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар - адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер. Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді.[3]

«Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда , мазмұны, сюжеті, құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, еікінші жағынан, әр түрлі дию, перілермен күресі баян етіледі. 

Ертегігінің алға қойған негізі тілек-мақсаты − табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Бекторы, Темір хан, Шойынқұлақ тәрізді адамға зиян ойлайтын жауыздық иелерінен үстем шығып, оларды қалайда өздеріне  бағындыру болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Ер Төстікке жер астында кездесетін: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысарды алсақ, қайсысы болсын адам баласының  өмір-тіршілігіне керекті жандар. Өзінің әлі жетпейтін табиғат  күштерін адам баласы қиял туғызған күшті адамдар арқылы бағындыруды мақсат етеді. әр түрлі ауыздықтардың ұясы болған, адам баласына қастық қана ойлайтын Бекторы, Шойынқұлақ, Темір хан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі.Ер Төстік қандай қиын-қыстауды басынан кешіріп, ақыры өз дегеніне жетеді. Халық - оптимист, жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. «Ер Төстік» ертегісі осыны көрсетеді.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі - Ер Төстіктің жер бетіне шығып, Шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешімі болып саналады. Қандай ертегі болса да, аяғы жақсылықпен бітеді. «Ер Төстік» ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке көптеген бөгет, қиындықтар кездеседі.оның әрқайсысы - жеңуге болмастай  қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттердің бәрін жеңіп шығады да, барша мұратына жетеді.[4]

Қиял-ғажайып ертегілерінің бір түрі – батырлық ертегісіне кеңірек тоқталғым келеді.Батырлық ертегіде жеке адамның рулық ұжымнан дараланып шыға бастағаны және ол өзін жеке адам ретінде сезіне бастағаны көрініс тапқан. Табиғатқа толық тәуелді «әйтеуір, бір адамнан» басқа, керемет күш пен қасиеттердің иесі-алып батыр тұлғасы пайда болады. Ол - алып батыр ғана емес, небір сиқыр сырларды білетін ерекше адам, сол себепті ол өзінің іс - әрекеттерінде керемет көмекшілерге емес, қара басының қасиетіне, білегінің күшіне сенеді. Егер қиял-ғажайып ертегіде керемет көмекшілер дәріптелсе, мұнда елден асқан батыр мадақталады, оның күші мен қимылы, ерлігі әсерлене баяндалады. «Батырлық ертегінің» жанрлық ерекшелігіне тән қасиет: кейіпкер бойындағы батырлық мінез, қандайда дұшпанын ашық, бетпе-бет айқаста жеңіп, басымдық көрсетеді. Ұйқыда жатқанда я болмаса түрлі қапылысты жағдайларды, сиқырдың күшін пайдаланбайды. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі көмекші күштердің өзі қосалқы мән иеленеді. Бұл сипаттағы ертегінің негізгі кейіпкері батыр алдымен аңшы-мерген типінде әр түрлі құбыжықтармен, мифологиялық күштермен күресіп, рудың, тайпаның мүддесін көздесе, келе-келе тұтас халықты сырт жаудан қорғайтын батырға айналады. Ол қарақан басының күшіне сенеді Батырлық ертегілердің тағы бір ерекшелігі - батырлық сипаттың бір ерекшелігі ретінде екі-үш ағайынды жігіттің ең кішісін бауырға, ағайынға қайырымдылығы мен кешірімділігін әсірелеу арқылы кейіпкерін дәріптеудің басты мән иеленуі. Сол арқылы отбасылық, рулық, елдік тұтастық пен өзара бірлік мәселесі алғы кезекке шығады. Батырлық ертегілерде қаһарманның айнымас серігі тұлпарға ерекше мән беріледі. Аттың эпостағыдай, барлық қауіпті алдын ала сезіп иесіне сездіре білетін, қиын жағдайда құтқара білетін қасиеті кей тұста батыр әрекетімен теңбе-тең дәріптеледі. Қаһармандық үйлену болашақ батырдың өзіне қалыңдық іздеп, ұзақ жолға сапар шегуімен байланысты болып келеді. Бұның арғы түп негізінде өз руластарының ішінен қыз алуға тыйым салатын экзогамия заңы жатыр. [5]

Шыншыл ертегілерде өмірде болған немесе болуға тиісті уақиғалар орын алған. Кейіпкерлері - қарапайым адамдар. Басты тақырыптары - отбасы, ел, еңбек, жақсылық пен жамандық және т.б.

Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең көне заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Адамдар күн көру үшін жабайы аңдарды пайдаланып, оларды қолға үйрету, асырау жайын қарастырды. Олардың қасиеттері туралы мифтік ұғым- түсініктер пайда болды. Кейін келе қоғамдық сананың өзгеруімен ертегілерде жануарлар туралы реалистік түсініктер көрініс тапты. Жануарлардың ерекшеліктерін айқындайтын мінездемелер беріледі. Мысалы, маймыл жұртқа мазақ, күлкілі, түлкі айлакер, қасқыр аңқау. Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерінің бір түрі – мысал ертегілер (аполог) деп аталады. Қазақтың мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Ертегіде суреттелген жан-жануарлар бейнесі арқылы адамдардың жағымсыз мінез-құлықтары сыналады.

Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі - тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс,тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай - күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып, өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе, адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ - мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге кенелтеді.Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял- ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы дамыту мүмкіндігі бар.

Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі адамды мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін, өз бойындағы ерекше қасиеттерін, талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.[6]











1.1.2 Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша, («Фәниден бақиға дейін» — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».[7]

Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқының ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, қуаттың молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол - спорт, ол - өнер, ол - шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды.[8]

Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты.

Ойын -сауық - тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Ойын-сауық - қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.[9]

Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен - тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.

Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.

Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.

М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. [10]

Ұлттың ұлттығын айқындайтын дүниелер болады. Тілі, ділі, діні, дәстүрі мен мәдениетінің қатарында халықтың сипатын айқындап, болмысын танытатын тағы бір құндылығы ол – ұлттық спорты. Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік – Қазақстан өміріндегі бетбұрыс болды, ол халқымыздың рухани баюына кең мүмкіндік жасап, экономиканың алға басып, әр азаматтың әл-ауқатының өсуіне жол ашты» деген еді.

Елімізде он жылға жуық тарихы бар Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жұмыс жасауы, ұлттық спорт пен ұлттық ойындар бойынша жиырмаға тарта Федерациялардың құрылуы – тәуелсіздігіміздің арқасы.[11][12]






















2. Тәжірибелік бөлім

2.1 Зерттеу барысы

2.1.1 Сауалнама алу

Ұлтымыздың тұғыры мықты болуына ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі басты міндеттердің бірі. Халықтық ойындар мен дене жаттығулары саласында дамыған халықтық дәстүрлерді қайтадан жаңғыртып, дамыту бұл жұмысты өскелең ұрпақтың арасында жақсартуға мүмкіндік береді.[13]

Ертегі кейіпкерлерінің ұлттық спорт ойындарының қозғалтқышы бола алатындығын анықтау мақсатында мынадай тәжірибелік жұмыстар жүргіздім: 5 – 9 – сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіп, ересек спорт жанашырларынан сұхбат алдым.

Сауалнама

1. Қандай ертегі кейіпкерлерін білесің?

- Керқұла атты Кендебай

- Ер Төстік

- Тазша бала

- Аяз би

2. Олардың бойындағы қандай қасиеттерді өзіңе үлгі тұтасың?

- батылдық

- алып күш

- ақылдылық

- мейірімділік

- қамқорлық

-батырлық

3. Кейіпкердің бойындағы қандай қасиетті спортпен байланыстыруға болады?

- шеберлік

- айла - тәсілді

- ептілік

- қайраттылық

- алып күш

4. Кейіпкерлерлер қай ұлттық спорт түрлерінің дамуына қозғалтқыш бола алады?

- қазақша күрес

- бәйге

- көкпар тарту

- жекпе-жек

- тоғызқұмалақ

5. Ұлттық спорт түрлерінің дамуына қатысты қандай ұсыныс жасауға болады? _________________________________________________________



Сауалнама нәтижелері

Жалпы қатысқаны

Кейіпкер

Қасиет

Байланыс

Ұлттық спорт

24

- Керқұла атты Кендебай

- Ер Төстік

- Тазша бала

- Аяз би

- батылдық

- алып күш

- ақылдылық

- мейірімділік

- қамқорлық

-батырлық

- шеберлік

- айла -тәсілді

- ептілік

- қайраттылық

- алып күш


- қазақша күрес

- бәйге

- көкпар тарту

- жекпе-жек

- тоғызқұмалақ


100%

83%

92%

87,5%









      1. Сұхбат алу.

Сұрақ: Ұлттық спорт түрлерінің дамуына қазақ ертегілері кейіпкерлерінің тигізетін әсері әсері қандай?

Қаженов Аңсаған Бекжанұлы, Жалтыр негізгі мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, жекпе-жек, кикбоксинг, жұдырықтасу, муай-тай бойынша облыстық сайыстар, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, муай-тайдан спорт шеберіне үміткер.

Ежелден қазақ жігіттері елін, жерін қорғауда өз күшін, әдіс-айласын қолданып, жауларын тізе бүктірген. Бұл қасиеттерді шыңдауға бала кезден ұлттық спорт түрлерімен айналысу себеп болды. Күрес десе ішкен асын жерге қойған қазақ жұртынан әлемге әйгілі палуандар шыққан. Мысалы, Қажымұқан, Жақсылық Үшкемпіров бүкіл әлемді мойындатқан. Ал жекпе-жекке келетін болсақ, ол - батырлардың шайқасы екені ежелден белгілі. Қазақ ертегілерінде айқасулар көп суреттелген. Ер Төстіктің Шойын- құлақпен айқасы, қаһармандық эпостарындағы Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын шайқастарын зор шабытпен жырлаған. Бала кезден ертегі кейіпкерлері менің бастапқыда қазақша күрес, боксқа әуестігіме жол ашса, кейін жекпе-жек өнеріне ауысуыма себеп болды. Қазіргі кезде ұлттық спорт түрлеріне көп назар бөлінуде. Алайда оны үгіт –насихаттау көздері аз. Сондықтан ертегі кейіпкерлерінің спортты дамытудың қозғалтқышы болуы туралы ғылыми жоба идеясы қатты ұнады. Келешекте мол табыс тілеймін.

Шаукеров Азат, грек-рим, қазақша күрес бойынша облыстық сайыстар, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, күрестен спорт шеберіне үміткер.

Қазақ күресі әлемдегі ең әдемі спорт түрлерінің бірі деп ойлаймын. Жалпы алғанда, қазақтың дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің өзіндік ерекше қасиеті бар, жалпы қазақ халқын үйіріп алып кететін сипаттағы спорт түрлері ғой. Қазақ болғасын баланың бәйге мен күресті зер салып қарап, жанкүйер болу - ежелден қалыптасқан дәстүр. Мен де бала кезден спортқа үйір болдым. Оған қазақ ертегілерінің де әсері болған шығар. Бала тәрбиесінде аңыз-әңгіме, ертегілердің маңызы зор екенін дана халқымыз ежелден білген ғой. Мен өзім үлгі тұтатын ертегі кейіпкері – Ер Төстік болатын. Оның таңғажайып бастан кешулерімен қатар, ерлігі мен қайраты бала кезден қызықтырушы еді. Қазіргі кездің өзінде сәйгүлік тұлпардың құлағында ойнайтын, белдескеннің жауырынын жер иіскететін жігіттердің бірі болуыма бала кезімдегі сол ертегілерден бойыма сіңген үлгі-өнеге әсер етті ме деп ойлаймын. Ұлттық спорт – ұлт болашағының, салт-дәстүріміздің сақталуының бір нышаны, сондықтан оны дамытудағы еңбектердің маңызы зор. Сондықтан осы жобаңа үлкен сәттілік тілеймін.




Әбілқайыров Ерлан Мүсетұлы – Жаңажол ауылының тумасы, дене шынықтыру мұғалімі, самбо, қазақша күрестен бірнеше дүркін Қазақстан, Азия чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы. «Шал ақын барысы – 2013, 2014» атағының иегері

Менің есебімше, көшпенділер мәдениеті неше мыңжылдықты құраса, күрес тарихы да сонша мыңжылдыққа тиесілі. Бәсекелес тайпалармен соғыстарда адамдар мықты және шыдамды болуы тиіс. Олар қару қолдану мен күрес (жекпе-жек) әдістерін жақсы меңгерулері қажет болатын. Қазақ күресі ұлттық әскери техникамен өзара тығыз байланысты.

Қазақ ертегілерінде, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарында қазақ халқының күрес өнерінің барлық түрлері толық сипатталған: найза қолдану (сайыс), қылыштасу, шоқпар, айбалта, аударыспақ (ат үстіндегі күрес). Бейбіт уақытта осымен айналысу тойларда: бәйге, аударыспақ, қылыштасу, сайыс және күрес міндетті дәстүр еді – ау! ХІХ ғасырға қарай әр түрлі мерекелерде бәйге мен күрес қана өткізіле бастады.

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке - тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Әрине, ұлттық спорт түрлерін дамытуда көп істерді жүзеге асыру керек, ал сол істерге бастама болатын – бала тәрбиесі ғой. Ал тәрбие құралы ретінде ертегілерді қолдану дұрыс табылған шешім деп ойлаймын.



Түйіндеу:

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қоғамның даму ерекшеліктерін айқындайтын тарихи, әлеуметтік, мәдени салалар бойынша сараптау кезінде қазақтың дене тәрбиесі мәдениетін қоғам дамуының барлық салаларымен тығыз байланыста қарастыру ғана дұрыс қорытынды шығаруға негіз болатындығын көрсетті, себебі дене тәрбиесі қоғамдағы әрбір адамның өміріне керек, денсаулығын шыңдап отыру үшін қажет.

Жастардың төзімді, қайратты болып өсуіне спорттың айрықша маңызы бар.

Жастық шақ – тез жетілуге мүмкіншіліктің мол кезеңі.






















Қорытынды:


Ғылыми жобамның өзектілігі жұмыс барысында жобаның гипотезасын құруға себепші болды. Қазақ ертегілері - ұлттық спорт түрлерін дамытудың қозғалтқышы дегенге көптеген адамдар сенбеуі мүмкін, алайда алынған сауалнама мен сұхбаттар нәтижелерін сараптай келе, керісінше, жобаның мақсаты - ұлттық спорт пен ойындардың дамуын жетілдіруде қазақ ертегілерінің қозғалтқыш рөлін атқарып жүргені байқалды. Жұмыс барысында ертегілер туралы материалдар жиналып, ертегілер мен ұлттық спорт түрлерінің тәрбиелік мәні сарапталып, ұлттық спорт пен ойындардың дамуын жетілдірудің жолы ұсынылды. Яғни, жобаның мақсаты мен міндеттері толық орындалды.

Жоба нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар ұсынылып отыр:

- Ертегі кейіпкерлеріне ұлттық нышандағы ойыншықтар шығару;

- Спорттық киімдерге ертегілердің кейіпкерлері эмблемаларын бастыру;

- Жарнама кейіпкерлері ретінде қолдану;

- Ұлттық спорт жарыстарында қызықты видеороликтерді жіберу;

- Ұлттық жоғары сапалы мультфильмдер шығару.

Ұсынылатын зерттеу нәтижелерінің болашақта ұлттық спорт саласын өркендету бағытында оң нәтиже беретініне кәміл сенемін.

Уа, спорт!

Сен мәңгілік дамудасың, ұмтыласың сен алға,

Сен арқылы арман қуар адам да.

Сергектікті сенен алап келеміз,

Ширақ біздің жанымыз бен денеміз.

... Өзін күшті, өзін мықты сезінген

Дейді әрқашан – Тәуекел! [14]

.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Ұлттық энциклопедия. «Қазақ энциклопедиясы», 2001

2. Бабалар сөзі. Хайуанаттар туралы ертегілер «Фолиант» баспасы, 2011

3. Бабалар сөзі. Қиял - ғажайып ертегілер «Фолиант» баспасы, 2011

4. Бабалар сөзі. Батырлық ертегілер «Фолиант» баспасы, 2011

5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-Алматы,1974.

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы.-Алматы, 1991

7. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы : «Қайнар», 2008

8. Қазақ ертегілері. Электронды кітапхана. Алматы «Жазушы» 2009

9. Тәнікеев М. Т., Адамбеков І. Қ. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. – Алматы, 2008.

10. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.

11. Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы: «Қайнар», 2008.

12. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.

13. «Айгөлек» балалар журналы, 2013 № 5; 2013 № 12; 2014 №9

14. «Спорт әлемі» балаларға парналған спорт анықтамалығы. Алматы: «Сөздік - Словарь» 2010ж. 472 б.


22




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: ?ани ?ымбат

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 254846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства