Өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту . ойлау қабілеттерін ,өз ойын көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. елжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі:сұрақ- жауап сайысы
Сәлеметсіңдерме , құрметті оқушылар ! Бүгінгі сұрақ -жауап сайысына қош келдіңіздер ! «Кітап-ой –сананың қозғаушы күші «» дегендей ,біз үнемі кітапты насихаттаудың түрлі әдістерін пайдаланып ,оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргіземіз. Соның бірі балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген» атты сұрақ- жауап сайысы. Сендерге белгілі уақыт аралығында «Менің атым Қожа» повесін оқып келу тапсырылған болатын. Сол оқығандарыңмен бүгін бөлісетін уақытта келіп жетті. Ендеше бәріміз бірге өз оқығанымызды ортаға салайық.
Балаларға арнап шығарма жазу ,сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену , жүрегіне жол табу үлкен таланттылықты қажет етеді . Солардың ішіндегі шоқтығы биік ,бірегей таланттардың бірі - Бердібек Соқпақбаев аталарың болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала оның өмірбаянымен танысып шығады. Себебі ,жазушының балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау етеді. Олай болса алдымен «Жазушыкелбеті» айдары бойынша Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап өтейік. Сөз 6-шы сынып оқушысы Қалысбек Перизатқа беріледі.
Жүргізушісөзі: өте жақсы балалар. Міне , автор жайлы ,повесть жайлы автор өзге де шығармаларын қысқаша мағұлматтар алдық. Ендігі ке зекте есімі әлемге танылған Қожаның өз бейнесі мен есімін, өзінің сырт келбетін талдаған монологын тыңдайық. (Меніңатым,,, кейіпкеріментанысу 5-ші сынып оқушысы Қабдыл Ақылбектің орындауында
Жүргізуші сөзі: Ал, балалар сендердің бұл кітапты қаншалықты оқығандарыңды білу үшін ,ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін ,шығарманың мазмұнын еске
түсірейік.
Шығарманың авторы кім?
Шығарманың бас кейіпкері?
Қожаның шын аты кім?
Қожаның анасының аты кім? (миллат
Сынып жетекшісі кім?(майқанова)
Алғаш майқанова апаймен қожа қай жерде кездеседі?(дүкенде)
Қожаны жақсы көретін мұғалім?(анфиса михайловна)
Қожа неліктен сабаққа дайындалмай келді?(Сұлтанмен біргебалыққа барады)
Повесть дегеніміз не?(баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть дейміз. олкөлемі жағынан әңгімеден ұзақтау ,романға жақындау)
Қожаға әжесінің қойған аты(Шыбыным)
Мектеп директоры ?(Ахметоов)
Қожаның әкесіндей көретін адамы?(Оспанов)
Майқанова апайды Қожа немен қорқытады?(Бақамен)
Қожаның тәртібінің түзелуіне не әсер етеді?(Берген уәдесі ,өзін өзі тәрбиелеуі)
Қожаның әкесінің көзін көрген,әңгімесімен Қожаға дұрыс жол сілтеген, мектепте күзетші болып қызмет істейтін қарт?(Сәйтүбек қарт)
Жазушы шығарманы қай жақтан баяндайды?(Өз атынан)
Қожаның жасы нешеде және нешінші сыныпта оқиды?(12жаста 5 сыныпта оқиды)
Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да ,тәуекел деп ішке кезексіз кірмекші болдым. өзге болмаса да ,әуелі оқулықтарың сай болсын .менбылай деп мақалдаған болар едім: Қожа қандай мақал айтты?(Оқулығы сай бала –көңілі жай бала)
Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. дымымды ішіме бүгіп ,теректің діңінежабысып ,қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып,бермен қарай бұрылды. екеуі тура мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр. Қожа Майқанова мен мектеп директорының өзі жөнінде қандай пікір естіді?(«Түбі адам болатын бала»)»отты бала»)
Менің атым Қожа фильмінің авторы кім?(Абдолла Қарсақбаев)
Менің атым Қожа кинофильмінде (Нұрлан Сегізбаев
Менің атым Қожа повесі неше тараудан тұрады? (27тараудан тұрады
Менің атым қожа кинофильмінде Жұмағұл қойшының баласы Дәулеттің рөлінде кім ойнайды?(Юнус Шамусов бокстан қазақстан құрамасының дәрігері)
«Менің атым Қожа» повесі ең алғаш қай тілде ,қай жерде басылып шықты?( орыс тілінде ,москвада «детская литература» баспасынан басылып шықты)
Шығарма калай аяқталады?(Қожаның»құпия кеңес» ашуымен,серт беруімен аяқталады) Үй тапсырмасы повестен үзінді:
Жүргізуші сөзі: Енді балалар осы повесті барлығымыз талдап , шығарманың негізгі ойын ашайық,оқығанымыз пікір алмасайық.
Барлығыңа сұрақ:
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі кімге арналған шығарма?
«Менің атым Қожа» повесі балаларға арналған туынды.
Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі қараша қазақ қауымының күйбеңі
Ауыл балаларының мінез –құлықтары көркем де ,қарапайым түрде суреттелген.Сонымен бірге балалық шақтың балғын мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан ,өзімізге өте жақын.
2. Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала? Ның жан дүн(Қожа ақылды тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала.Менің ойымша ,Қожаның тентек болуының бірінші себебі әкесінің жоқтығы.Екіншіден ,бос жүрген Сұлтанға еріп жаман әдеттерге жолығады.Ол өзін –өзі түзегісі келгенмен оны бос жүрген Сұлтан өзімен бірге ертіп алып кетіп отырады.Бірақ Қожа өз тентектеріне есеп бере білетін бала)
3 Тағы кім толықтырады?(Қожа туралы айтар болсам ,ол тентек болғанымен ,ақылды, ақкөңіл. Оның іс- әрекеттері кездейсоқ жағдайлардан өрбіп отырады. Қожаның ой қиялы бай. Адам жанын түсінбейтіндерге ол қарадай қас. Мұнысын басқалар тентек деп түсінеді. Бірақ оның бойында жақсылық жасауға ұмтылу ,басқаларға көмек қолын созу сияқты қасиеттер мол, Қанат Мұралбектің орындауында «Бәйтерек» өлеңін оқиды:
4 Повестегі Жанар қандай оққушы деп ойлайсыздар?
Ол Қожаға несімен ұнайды?
(Жанар сыныпта үздік оқушы. Сабақты өте жақсы оқиды. Ол Қожаны ақылды тентек деп бағалайды. Және ішкі жан дүниесін түсіне біледі.Екеуі де дойбы ойнағанды ұнатады. Жанар Қожаға осы қалпымен ұнайды деп ойлаймын) Тағы кімнің қандай ойы бар?(Жанарол сұлу ,ақылды ,ән айтқанда дауысы жақсы ,сыныптағы үздік оқушы.Жанар Қожаға үлгілігімен,ақылдылығымен ұнайды. Жанар мен Қожаның арасында балалық сезім болады. Қожа өзі өлең шығарғанда Жанарға арнаймын деп айтады. Бұдан біздер Қожа Жанарды жақсы көретінін түсінеміз.Жанар да Қожаның ішкі сезімін түсінеді. Қожаның тентектіктеріне кешіріммен қарай біледі. Яғни Қожаның жан дүниесін түсіне біледі деп ойлаймын.)
5 Жантас қандай бала? (Жантас пәлеқор ,мақтаншақ ,өзімшіл бала. Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деген жалғыз сол ғана.Педкеңес ,сынып оқушылары ,яғни Қожаның жолдастары шешсін деп ұйғарады.\Темір бастаған сынып оқушылары Қожаға сенім артып осы мектепте қалтырылсын деп шешті.Әрине бұл дұрыс шешім.Тек қана Жантас қана мектептен шығарылсын деді. Бұл оның өзімшіл ,басқаға жаны ашымайтын ,қиын кезде жолдасына көмек қолын соза алмайтын , қызғаншақ жаман бала екенін көрсетеді.
6Қожа Майқанованы не үшін жек көрді?
Қожа біз екеуіміз таныс сияқтымыз деп айтқанын ,кекеткені деп түсінеді. Кейін педкеңестен шыққан Майқанова мен Ахметовтың өзі туралы пікірін естігенде ,өзінің қате пікірде екенін түсінеді.)
7 Жақсы көретін мұғалімі кім?
Қожа орыс тілінен сабақ беретін Анфиса Михайловнаны жақсы көреді.
Бірде Қожа сабаққа кешігіп мұғаліммен бірге кіреді. Балалар орындарынан тұрып құрмет көрсетіп жатты.Бір секунтқа кідіріп ,мұрнымды көкке шүйіріп ,маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім . Бұным балалардың құрметіне сыпайгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді. Анфиса Михайловнаның қас –қабағын андамаққа ,артыма жалт бұрылып қарап едім. Оның күлімсіреген жүзін көрдім. «Әй ,Қадыров, шығармайтының жоқ-ау», -дегендей Анфиса апай жымиып , басын шайқап қойды» .
Осы жолдардан мұғалімнің де Қожаны
Жақсы көретінін түсінеміз).
фото
8 Қожа кімнің тәрбиесінде болды?Ол мамасын Қаратайдан неге қызғанады?
(Қожа жастайынан әкесінен жетім қалғасын ,әжесінің тәрбиесінде болды. Ол әжесін өте жақсы көрді. Әжесіне үнемі еркелейтін.
Қожа мамасын Қаратайдан қызғанатын . Қаратай әкесінің орнын басады деп балалық сезіммен ойлайды. Оның көк мотоциклін теуіп –теуіп өтіп , бар ашу ызасын солай алатын . Қаратайды жек көрді.
9 Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі мектеп өмірінің
айырмашылығы бар ма?
Адам өміріндегі ең қызықты ,ең есте қаларлық шақ -мектеп өмірі. Себебі мектептегі барлық жағдайлардың бәрі есте қалады. Оны ешкім ұмытпайды. Қожа кезіндегі мектеп өмірі мен қазіргі кездегі мектеп өмірінің айырмашылығына тоқталып кететін болсам,айырмашылығы өте көп.Қожа өте қиыншылық кезде өмір сүрді.
Ал қазіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша .Қожа кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатып алмайсың . Оқимын деген балаға еш кедергі жоқ.
Оқулықтар тегін үлестіріледі. Техникалық жағдайға байланысты компьютер ,телевизорлар шыққан. Қазір үлкен оқу орындары , компьютерлік залдар кітапханалар ашылды.
10 Қазіргі әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?
Мен қазіргі кезде Сұлтан және Қожа секілді щқушылар бар деп ойлаймын. Себебі «бес саусақ бірдей емес» дегендей ,бәрі бала бірдей болмайды. Бірі тәртіпті ,бірі тәртіпсіз , бірі сабақты жақсы оқиды , бірі сабақты нашар оқиды дегендей
11 Қожа болашақта жақсы азамат болады деп есептейсіңдерме?
Мен Қожаны жаңалыққа жаны құмар ,көпшіл .әзіл оспаққа батыл , бірбеткей біреудің алдында беделін қорғап бүгежектемейді .Анасында көңілі бар Қаратайды жек көреді. Сұлтанның жақсы жолдас емес екекнін түсінеді .Ол анасын сыйлайды . Педкеңеске анасын шақырғанда «Байғұс мамам» деп өз ісіне қатты күйзеледі . «Әкем тірі болса, мен бұдан гөрі басқарақ болар едім»,- деп қиялға беріледі .Әкесінің көзін көрген
Сейітбек қарттың әңгімесі де Қожаға ой салады. Ол ісіне есеп бере біледі.Ол өзіне-өзі жиналыс жасап ,түзелуге уәде береді .Сондықтан мен ойлаймын ,Қожа болашақта жақсы азамат болады.
Кітапханашы сөзі: Артында өшпестей мұра лар қалдырған аса биік дарын шығарманың басты мақсаты --жақсылыққа тәрбиелеу . Қожаға еліктеген қаншама бала әдебиетке жақын болып ,кітап та жазғандары бар.Өйткені Қожа -сыни тұрғыдан ойлай алатын бала . Сондықтан оның шығармаларын іздеп оқитындар қатары алдағы күндері де көбейе түсетіндігі сөзсіз.Көзі тірісінде классикалық шығармалармен бірде -бір сыйлыққа ие бола алмаса да, қалың оқушыларының назарынан ешуақытта тыс қалған емес . Жазушы өмірінің бақыты да , ғұмырының ұзақтығы осы болса керек ,әсіресе Б. Соқпақбаев тәрізді әдебиетті арым деп білген жазушының ғұмыры халқымен бірге жасайды.
Бүгінгі сайысымызды « Менің атым Қожа» кинофильмнің әнұранына айналған «Туған ел» әнімен аяқтайық. 9-шы сынып оқушысы Мұхаметкәрім Думанның орындауында «Туған ел» әні.