kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бердібек Со?па?баев "Мені? атым ?ожа"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Балалар ба?ыны? ба?баны» Бердібек Со?па?баевты? ту?анына 90 жыл толуына орай «Мені? атым ?ожа» повесі бойынша о?ырмандар конференциясы. Ма?саты: ?аза? балалар ?дебиетіні? классигі Бердібек Со?па?баевты? ?мірі мен шы?армашылы?ын таныстыра отырып, о?ушыны? кітап о?у?а деген ?ызы?ушылы?ын дамыту. Ойлау ?абілеттерін, к?ркем жеткізе білу да?дыларын дамыиу. Елжандылы??а т?рбиелеу. ?аза?ты? классик жазушысы Бердібек Со?па?баевты? 90 жылды?ы ?аламгерді? ту?ан жері Райымбек ауданында?ы Нарын?ол ауылында аталып ?тті. Мерейтой ??рметіне ?аламгерді? ?ш томды? шы?армалар жина?ы жары? к?рді. О?ан «Мені? атым ?ожа», «Балалы? ша??а саяхат», «Бозт?беде бір ?ыз бар», «?лгендер ?айтып келмейді» сынды к?птеген ??гіме мен хикая енді. ?з шы?армасында «?лгендер ?айтып келмейдi» деп к?рсiніп алып, оларды ?лместей етiп ?айта тiрiлткен жазушыны? 90 жылды? тойы Бердібек Со?па?баев атында?ы мектептегі музейден басталды. Т?рі: та?ырыпты? кеш «Кітап – ой-сананы? ?оз?аушы к?ші» Кітап – адам баласыны? а?ыл-ойынан ту?ан байлы?ты са?тап, оны ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыратын, білім ж?не т?рбие беретін ??рал. Кітап – бізді? а?ылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты о?и білу, т?сіну, есте са?тау ?абілеттерін арттырады. ?асыр к?ші ілгері жылжып, тарих беттері ?алы?ды?ымен адамзатты? кітап?а деген ??рметі, пейіл-ы?ыласы ортаймаса керек. «Арты? ?ылым кітапта, ерінбей о?ып к?руге», - деген Абай атамыз «кітап» атты ??діретті? ?ажайып к?шін бойына жинап, ?мірлік азы? етпеп пе еді?! Б?гінгі к?ні теледидар, компьютер, интернет ?лкен рольге ие болып отыр?ан уа?ытта кітап о?уды? сиреп бара жат?аны ащы да болса шынды?.Сонды?тан, кітапты насихаттауды? т?рлі формалары мен ?дістерін пайдаланып, о?ырмандарды? кітап о?у?а ?ызы?ушылы?ын арттыру ба?ытында ж?мыс ж?ргіземіз. Соны? бірі – балалар ?дебиетіні? классигі Бердібек Со?па?баевты? шы?армашылы?ына арнал?ан «Мені? атым ?ожа» атты та?ырыпты? кешін ашы? деп жариялаймыз. «Жазушы келбеті» Б.Со?па?баевты? ?мірі мен шы?армашылы?ынан ??гіме-шолу. Балалар?а арнап шы?арма жазу, сол ар?ылы кішкентай о?ырманны? ??рметіне б?лену ?лкен таланттылы?ты ?ажет етеді. Міне, бізді? ?аза? балалар ?дебиеті де осындай таланттар?а кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап М?зафар ?лімбаев, Сапа?али Бегалин, Сейтжан Омаров, Кастек Баянбай, С?кен Ж?нісов, М??ан Иманжанов, М?хтар Ма?ауин, Т?манбай Молда?алиев, Сайын М?ратбеков, ?адыр Мырза ?ли т.б. к?птеген балалар жазушыларын білеміз. Соларды? ішінде шо?ты?ы биік, бірегей таланттарды? бірі – Бердіьек Со?па?баев аталары? болатын. Оны? шы?армаларын о?ы?ан кез келген бала ?мірбаянымен де танымып шы?ады. Себебі жазушыны? шы?армаларыны? басты кейіпкері ?зі болып табылады. Балалы? ша?ына деген са?ынышын ?з шы?армаларына ар?ау еткен. Белгілі жазушы Б.Со?па?баев 1924 ж. 13 ?азанда Алматы облысы, Нарын?ол ауданы (?азіргі Райымбек ауданы) ?ост?бе ауылында д?ниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. ?аза?ты? Абай атында?ы педагогикалы? институтын бітіріп, ту?ан ауылында м??алім болып ?ызмет етті. 1952-1970 жылдар аралы?ында «Ж?лдыз», «Балдыр?ан» журналдарында, ?аза?стан Жазушылар ода?ында т?рлі ?ызметтер ат?арды. ?зіні? шы?армашылы? ?мір жолын балалар?а арнап ?ле? жазудан баста?ан ол кейін прозалы? шы?армалары ар?ылы балаларды? с?йікті жазушысына айналды. Сондай-а? балалар?а арнал?ан бірнеше кино?а сценарий, пьесалар жазды. Б.Со?па?баевты? таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-а? ел аузына іліге бастады. Ал?аш?ы кітабы 1950 жылы «Пионер» журналында «Б?ла?» атты ?ле?дер жина?ымен жары? к?рді. Кейін ?асым Аманжолов «?аламы?ды енді прозадан сынап к?рші» деп жанашырлы?пен жол к?рсеткен. Содан кейін жазушылы??а шы?дап ден ?ойып, «Ба?ыт жолы» (1952), «Алыста?ы ауылда» (1953), «Балалы? ша??а саяхат» (1965), «Дала ж?лдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Мені? атым ?ожа» (1957), «?лгендер ?айтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «?айдасы?, Гау?ар?» (1966) т.б. шы?армаларын д?ниеге ?келді. Жазушыны? к?зі тірісінде 20-дан астам кітабы жары? к?рді. Б?л шы?армаларыны? ішіндегі «?айдасы?, Гау?ар?» ?з отбасына арнал?ан шы?арма. Осы та?ырыпта, ?немі ?амауда ?алатыг кішкентай Самалды? ??лыпты оша?та?ы к?лді? ішіне ты?ып таста?аны жайлы – «??лып» деген ??гімесі жары? к?рді. Та?ы бірде кинотеатрдан «Антон мен Кнопка»деген австриялы? фильмді к?рген. Фильмде Антон – кедейді? баласы, Кнопка байды? ?ызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, м?ны к?рген Самал ?йге келген со? ая? киімін кесіп тастайды. А??арымпаз жазушы осы о?и?аны ар?ау етіп «Сандал» деген ??гімесін жазады. Жазушылы?ты бар ??мырыны? ?зегі деп сана?ан Б.Со?па?баевты? шы?армашылы? жолы да ?иыншылы?пен, кедергіге толы болды. Жазушыны? со??ы жаз?аны «?лгендер ?айтып келмейді» романы. Б?л кітабыны? басылып шы??анына ?атты ?уана ?ой?ан жо?. «?ара бояуды? ?алы? жа??ансы?» деп к?п жерін, т?зды?ы татиды-ау деген на?ыз «д?мді» жерлерін сызды да тастады» деп к?йіне, ?ажып айтып ж?рген. ?мірден ойып алын?ан шынды?ты ?ана жаз?аны ?шін жо?ар?ы жа??а жа?пады, шет?а?пайлы??а ?шырады. С?йтіп Бердібек атамыз на?ыз кемеліне келген, жазар ша?ында жазуды ?ойыпты. Жазушы шы?армаларыны? ішіндегі бала ж?регіне жол тап?ан ?здік туындысы «Мені? атым ?ожа» повеі болды. Б?л – ?арапайым тілмен жазыл?ан, шынды?тан туында?ан шы?арма. «?тірік еште?е ?оспаймын» деп у?де берген автор у?десін орындайды да, повесте жазушы балалар?а бала болып бар сырын ашады. ?зіні? бар болмысын, жаманды?ын да жа?сылы?ын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуыны? ар?асында о?ырманны? ысты? ы?ыласына б?ленеді. Жазушы б?л кітабын шы?арарда ?з елінен ал?аш?ыда ?олдау таба алмады. «Ке?естік т?рбиеге ?айшы. Бізді? о?ушылар ?ожаны? сот?ар ?ылы?ына еліктеп, т?рбиеден аттап кетеді. М??алімні? с?мкесіне ба?а сал?ан о?ушы ерте? ?андай азамат болады?» деген пи?ылда?ы ??гімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушыны? кітабын басудан бас тарт?ан. Біра? о?ан мойыма?ан Б.Со?па?баев шы?армасын Москвадан шы?атын «Детская литература» баспасына апарып береді. С?йтіп бірінші «Мені? атым ?ожа» кітабы орыс тілінде басылып шы?ты. ?аза?ты? ?ожасы о?ырман ?ауымыны? ?ызы?ушылы?ын ту?ызды. Одан кейін екінші болып француздар ?з тілдеріне аударды. Бірден 30 ша?ты тілге аударылып шартарап?а жайылды. Содан кейін ?ана ?з елі Б.Со?па?баевты мойындады. Повесть 1957 жылы жары? к?ріп, жазушыны бірден о?ырманына танытты. 1963 жылы «?аза?фильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, к?ркемфильм етіп шы?арды. ?аза? киносында соны со?па? сал?ан режиссерді? бірі Абдолла ?арса?баев сия?ты екі ірі т?л?аны? орта? шы?армашылы?ы Францияны? Канн ?аласында ?ткен халы?аралы? кинофестивальда арнайы сыйлы??а ие болды. Фильмде ?ожа ролінде басты кейіпкер Н?рлан Сегізбаев ойнадым, - дейді. Ол да ?мір жолын ?уелі м??алім болып бастап, кейін кітап жаз?ан, ?азір ?л-Фараби атында?ы Каз?У-да м??алім, актер. С?лтанны? р?лін сомда?ан С?лтан Какенов ж?рек талмасынан ертерек ?айтыс болып кеткен. Жантас – Ерік ??рмашовтан хабар жо?. Жанар р?лінде Г?лнар ??рабаева. Ж?ма??л ?ойшыны? баласы Д?улет – Юнус Шамусов бокстан ?аза?стан ??рамасыны? д?рігері. Ал Май?анова апайлары? – Рая М?хамедиярова, танымал актриса. Б.Со?па?баев атында?ы мектепті? 10-сынып о?ушысы Тал?ат Оразымбет?лыны?: Бала жайлы шы?арманы? т?ресі, «Мені? атым ?ожа» деген повесі. ?зімізді сол повестен табамыз, Шал?ып-тасып ?ияларды? кемесі, - деп ?зіні? ж?рек-жарды лебізін ?ле? жолдары ар?ылы білдірген екен. Шынды?ында да ?ожа бейнесі бізді? ж?регімізде, м??гі жас ?алпымызбен есімізде са?талады. Енді балалар, есімі ?лемге таныл?ан ?ожаны? ?з бейнесімен есімін талда?ан монологын ты?дайы?. (О?ушы орындауда). «... Мені? атым ?ожа. К?ріп отырсы?дар, п?лендей ?йдік ат емес. Шынымды айтсам, б?л о баста ?ожа емес, ?ожаберген екен. Туу ку?лігіні? ?зінде солай жазыл?ан. Біра? д?ниеде не ?илы ?ажайып ??былыстар бола беретіні т?різді, бертін келе «?ожабергенні?» ??йры?ы ?зіліп т?сіп ?алыпты. Б?л ??былысты? д?л ?ай жылы, ?ай айда, ?ай к?ні бол?анын тап басып ешкім айта алмайды» Ал, балалар, сендерді? б?л кітапты о?ы?андары?ды, ?ш?ыр, жылдам ойлай алатындары?ды к?ру ?шін мынандай с?ра?тар ?ой?алы отырмын. «?айтсем екен деп біраз ойлап т?рдым да, т?уекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым... ?зге болмаса да, ?уелі о?улы?тары? сай болсын. Мен былай деп ма?алда?ан болар едім: «?ожа ?андай ма?ал айтты?» Жауабы: «О?улы?ы сай бала – к??ілі жай бала». (О?ушы с?ра? ?ояды)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бердібек Со?па?баев "Мені? атым ?ожа" »

Бердібек Соқпақбаев – 90 жасқа толуына орай «Менің атым Қожа» шығармасына тақырыптық кеш

«Балалар бағының бағбаны»

Бердібек Соқпақбаевтың туғанына

90 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» повесі

бойынша оқырмандар конференциясы.


Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыиу. Елжандылыққа тәрбиелеу.


Қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығы қаламгердің туған жері Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылында аталып өтті. Мерейтой құрметіне қаламгердің үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді.


Оған «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» сынды көптеген әңгіме мен хикая енді. Өз шығармасында «Өлгендер қайтып келмейдi» деп күрсiніп алып, оларды өлместей етiп қайта тiрiлткен жазушының 90 жылдық тойы Бердібек Соқпақбаев атындағы мектептегі музейден басталды.


Түрі: тақырыптық кеш

«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»


Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Менің атым Қожа» атты тақырыптық кешін ашық деп жариялаймыз.


«Жазушы келбеті»


Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу.


Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев, Сапағали Бегалин, Сейтжан Омаров, Кастек Баянбай, Сәкен Жүнісов, Мұқан Иманжанов, Мұхтар Мағауин, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Қадыр Мырза Әли т.б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердіьек Соқпақбаев аталарың болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танымып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.

Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1924 ж. 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.

1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.

Өзінің шығармашылық өмір жолын балаларға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.

Б.Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950 жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» атты өлеңдер жинағымен жарық көрді. Кейін қасым Аманжолов «Қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шыңдап ден қойып, «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалық шаққа саяхат» (1965), «Дала жұлдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Менің атым қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «Қайдасың, Гауһар?» (1966) т.б. шығармаларын дүниеге әкелді. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.

Бұл шығармаларының ішіндегі «Қайдасың, Гауһар?» өз отбасына арналған шығарма. Осы тақырыпта, үнемі қамауда қалатыг кішкентай Самалдың құлыпты ошақтағы күлдің ішіне тығып тастағаны жайлы – «Құлып» деген әңгімесі жарық көрді. Тағы бірде кинотеатрдан «Антон мен Кнопка»деген австриялық фильмді көрген. Фильмде Антон – кедейдің баласы, Кнопка байдың қызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, мұны көрген Самал үйге келген соң аяқ киімін кесіп тастайды. Аңғарымпаз жазушы осы оқиғаны арқау етіп «Сандал» деген әңгімесін жазады.

Жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолы да қиыншылықпен, кедергіге толы болды. Жазушының соңғы жазғаны «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Бұл кітабының басылып шыққанына қатты қуана қойған жоқ. «Қара бояудың қалың жаққансың» деп көп жерін, тұздығы татиды-ау деген нағыз «дәмді» жерлерін сызды да тастады» деп күйіне, қажып айтып жүрген.

Өмірден ойып алынған шындықты ғана жазғаны үшін жоғарғы жаққа жақпады, шетқақпайлыққа ұшырады. Сөйтіп Бердібек атамыз нағыз кемеліне келген, жазар шағында жазуды қойыпты.

Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повеі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.

Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады?» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымының қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.

Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Фильмде Қожа ролінде басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев ойнадым, - дейді. Ол да өмір жолын әуелі мұғалім болып бастап, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы КазҰУ-да мұғалім, актер.

Сұлтанның рөлін сомдаған Сұлтан Какенов жүрек талмасынан ертерек қайтыс болып кеткен. Жантас – Ерік Құрмашовтан хабар жоқ. Жанар рөлінде Гүлнар Құрабаева. Жұмағұл қойшының баласы Дәулет – Юнус Шамусов бокстан Қазақстан құрамасының дәрігері. Ал Майқанова апайларың – Рая Мұхамедиярова, танымал актриса.


Б.Соқпақбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Талғат Оразымбетұлының:


Бала жайлы шығарманың төресі,


«Менің атым Қожа» деген повесі.


Өзімізді сол повестен табамыз,


Шалқып-тасып қиялардың кемесі, - деп өзінің жүрек-жарды лебізін өлең жолдары арқылы білдірген екен. Шындығында да Қожа бейнесі біздің жүрегімізде, мәңгі жас қалпымызбен есімізде сақталады.


Енді балалар, есімі әлемге танылған Қожаның өз бейнесімен есімін талдаған монологын тыңдайық. (Оқушы орындауда).


«... Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.


Шынымды айтсам, бұл о баста қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім айта алмайды»


Ал, балалар, сендердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.

«Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым... Өзге болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Қожа қандай мақал айтты?»


Жауабы: «Оқулығы сай бала – көңілі жай бала».

(Оқушы сұрақ қояды)


«Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр...»


Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөнінде қандай пікір естіді?


Жауабы: «Қадыров түбінде адам болатын бала», - дейді Майқанова.


«Оты бар», - деп қостады Ахметов».


Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарын тексеріп көрейік.

(екі оқушы жатқа оқып, қалғандары жауап береді.)


-Бұл кім?


-Мен ғой, ата


-Менің кім?


-Мен...


-Мұнда неғып отырсың?


-Педсоветке келдім.


-Онда сенің не шаруаң бар?


-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.


-Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?


-Директор етейміз дейді.


Бұл кімдердің арасындағы әңгіме?


(Әкесінің көзін көрген, мектеп күзетшісі Сәйітбек қарт пен Қожаның әңгімесі).



Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі кімдерге арналған шығарма? («Менің атым Қожа» повесі балаларға арналған туынды.Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі, қараша қазақ қауымының күйбеңі, ауыл балаларының мінез-құлықтары көркем де, қарапайым түрде суреттелген. Бұл шығарма шын мәніндегі өмір жолын табуға тәрбиелік үлесімен қымбат. Сонымен бірге балалық шақтың балғын мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан, өзімізге өте жақын.)

Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала? (Қожа ақылды тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала. Менің ойымша, Қожаның тентек болуының бірінші себебі әкесінің жоқтығы.Екіншіден, бос жүрген Сұлтанға еріп жаман әдеттерге жолығады. Ол өзін-өзі түзегісі келгенмен оны бос жүрген Сұлтан өзімен бірге ертіп алып кетіп отырады. Бірақ Қожа өз тентектеріне есеп бере білетін бала).


Тағы кім толықтырады? (Қожа туралы айтар болсам, ол тентек болғанымен, ақылды, ақкөңіл. Оның іс-әрекеттері кездейсоқ жағдайлардан өрбіп отырады. Қожаның ой-қиялы бай. Адам жанын түсінбейтіндерге ол қарадай қас. Мұнысын басқалар тентек деп түсінеді. Бірақ оның бойында жақсылық жасауға ұмтылу, басқаларға көмек қолын созу сияқты жақсы қасиеттер мол).

Повестегі Жанар қандай оқушы деп ойлайсыңдар? Ол Қожаға несімен ұнайды? (Жанар сыныпта үздік оқушы. Сабақты өте жақсы оқиды. Ол Қожаны ақылды тентек деп бағалайды. Және ішкі жан дүниесін түсіне біледі. Екеуі де дойбы ойнағанды ұнатады. Жанар Қожаға осы қалпымен ұнайды деп ойлаймын).


Тағы кімнің қандай ойы бар? (Жанар ол сұлу, ақылды, ән айтқанда даусы жақсы, сыныптағы үздік оқушы. Жанар Қожаға үлілігімен, ақылдылығымен ұнайды. Жанар мен Қожаның арасында балалық сезім болады. Қожа өзі өлең шығарғанда Ж.-ға арнаймын деп айтады. Бұл сөзді естіген Жанар қызарып кетеді. Бұдан біздер Қожа Жанарды жақсы көретінін түсінеміз. Жанар да Қожаның ішкі сезімін түсінеді. Қожаның тентектіктеріне кешіріммен қарай біледі. Яғни Қожаның жан дүниесін түсіне біледі деп ойлаймын).

Қожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не, қалай ойлайсыңдар? (Қожа тентек бала, ол өзін қаншалықты түзелемін деп жолға қойғанымен, түзеле алмайды. Бұл оның әлсіздігін көрсетеді. Өзі сияқты Сұлтанға еріп біреудің бөркін, біреудің тымағын, қымызын алдап ішулері тентектік емеспе? Өзі жақсы болса қожаны ешкім келемеж етпес еді. Алған тәрбиесіне байланысты қателіктерді әдейі жасайды)


Тағы қандай себебі болуы мүмкін? (Жоқ, бұл пікірге келісе алмаймын. Қожа тентек болса да, ақылды тентек. Оның қателіктерге ұрына беруінің себебі бос не істерін білмей жүрген тентек Сұлтанға еруі. Ол барлық тентектіктерін абайсызда істейді. Кейін өкініп, қателіктерін түсініп, өзіне-өзі баға береді. Неге олай істедім деп өкінеді. Мысалы: жолдама ала алмай қалғанда Майқанова апайға тарсылдатып кіріп барғаным жөнсіз болды-ау деп ойлайды. Бұл оның өз ісіне есеп бере алатын бала екендігін көрсетеді).

Жантас қандай бала? (Жантас пәлеқор, мақтаншақ өзімшіл бала. Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деген жалғыз сол ғана. Педкеңес, сынып оқушылары, яғни Қожаның жолдастары шешсін деп ұйғарады. Темір бастаған сынып оқушылары Қожаға сенім артып, осы мектепте қалдырылсын деп шешті. Әрине, бұл дұрыс шешім. Тек жалғыз Жантас қана мектептен шығарылсын деді. Бұл оның өзімшіл, басқаға жаны ашымайтын, қиын кезде жолдасына көмек қолын соза алмайтын, қызғаншақ, жаман бала екенін көрсетеді.


Қожа жастайынан әкесінен жетім қалғасын, әжесінің тәрбиесінде болды. Ол әжесін өте жақсы көрді. Әжесіне үнемі еркелейтін.


Адам өміріндегі ең қызықты, ең есте қаларлық шақ – мектеп өмірі. Себебі мектептегі барлық жағдайлардың бәрі есте қалады. Оны ешкім де ұмытпайды.

Қожа кезіндегі мектеп өмірі мен қазіргі кездегі мектеп өмірінің айырмашылығына тоқталып кететін болсам, айырмашылық өте көп. Қожа өте қиыншылық кезде өмір сүрді.

Ал қазіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша. Қожа кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатыр алмайсың. Оқимын деген балаға еш кедергі жоқ. Оқулықтар тегін үлестіріледі. Техникалық дамуға байланысты компьютер, телевизорлар шықты. Қазір үлкен оқу орындары, компьютерлік залдар, кітапханалар ашылды. Алайда осылардың ішінде әдеби кітаптардың алар орны ерекше. Кітаптың бізге берер рухани байлығы көп деп ойлаймын. Ол бізді сауаттылыққа, тәрбиелілікке, тіл байлығымызды дамытуға, ойлау жүйеміздің жетілуіне көп көмек береді. Сол сияқты біздің кітапханамызда әдеби кітаптар, газет, журналдар өте көп. Мен өзімнің достарымды кітап оқуға шақырамын.

Қазіргі таңда әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?



«Бердібек атаға арнау» өлеңін тыңдайық.


Кім білмейді «Менің атым Қожаны»,


Аңғал, тентек, зейінді сол баланы.


Сан мәрте рет оқып шықтық қайтадан,


Соқпақбаев салған жолды саралы.


Балалықтың Қожа деген үлгісі,


Әр нәрсені келіп тұрар білгісі.


Таза көңіл, пейілімен баурады,


Ұнатты оны үлкені де, кішісі.


Біз де қазір сол Қожадай баламыз,


Кейде сондай тентек болып қаламыз.


Білімді боп, өнерлі боп жүрейік,


Ақ пейілді, ашық болсын санамыз.


Балалыққа саяхаттап барамыз,


Көркем әдебиетке толы кітапханамыз.


Естелігін мәңгілікке қалдырған,


Соқпақбаев дара тұлға атамыз.


Қорытынды: Артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаев көзі тірісіндегідей ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ.


Бұл шығарманың басты мақсаты – жақсылыққа тәрбиелеу. Қожаға еліктеген бала қаншама бала әдебиетке жақын болып, кітап та жазғандары бар. Сондықтан оның шығармаларын іздеп оқитындар қатары алдағы күндері де көбейе түсетіндігі күмәнсіз


Көзі тірісінде классикалық шығармаларымен бірде-бір сыйлыққа ие бола алмаса да, қалың оқушыларының назарынан ешуақытта тыс қалған емес. Жазушы өмірінің бақыты да, ғұмырының ұзақтығы осы болса керек, әсіресе Б.Соқпақбаев тәрізді әдебиетті арым деп білген жазушының ғұмыры халқымен бірге жасайды.


Оқушылар, біз бүгін сендермен бірге балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Бердібек Соқпақбаевтың балаларға арнап жазған шығармалары көп. Жазушы шығармашылығы жөнінде белгілі ақын-жазушылардың пікірлерінен үзінділер келтірейік. Қ.Баянбаев: «...Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – Менің атым Қожа» повесі... Қожа бейнесі – қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның енсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргенінің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!»


Жазушы С.Шаймерденов: «...Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой.» Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады.


Жазушы Т.Ахтанов: «... Бердібек не нәрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы». Баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бердібек Со?па?баев "Мені? атым ?ожа"

Автор: Тотенова Ару Тажибаевна

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150837


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства