| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру: Амандасу, қонақтармен таныстыру. Сабақ тақырыбын ашу. «Ұлттық мәдениет дегеніміз не?» | Ұлттық мәдениет туралы түсінік береді Сұраққа жауап береді, пікір білдіреді.Оқушылар еңбек пен мәдениеттің (қолөнер, күй, салт-дәстүр) байланысын талқылайды. | «Identity Star» (Көк жұлдыз) — Ұлттық болмысты сезінгені үшін. Мұғалім: «Керемет жақсы, нағыз патриотша ойлайсың!» | Видео-ролик, слайдтар. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | Көрмеге бағыт береді «Бұл құндылықтар бүгін бар ма?» Би туралы түсіндіреді Телефон мен ұлттық құндылық туралы ой қозғайды «Біз мәдениетті сақтап жүрміз бе?» Талдау: «Рухани қазына — тарихтан болашаққа». Ұлттық киім, музыка және еңбек этикасы. Топтық жұмыс: «Заманауи мәдениет». Ұлттық құндылықты сахналық қойылым арқылы жаңаша форматта (дизайн,қолөнер,би, музыка) ұсыну. | - AI Cultural Heritage Analyzer-ге салт-дәстүрді енгізіп, оның жаһандық маңызын біледі. - Ұлттық құндылықты сақтаудың 3 жолын ұсынады. Суретші оқушылар галерия ұйымдастырып, өз жұмыстарын таныстырады Ер балалар «Қол күрес», «Асық» ұлттық ойындарын ұйымдастырады. Оқушылар өз қолөнерінен шыққан бұйым-сылдырмақпен таныстырады. Биші қыздар сол бұйым-сылдырмақпен би билейді. | «Cultural Treasure» (Гауһар тас стикері) — Құндылықты терең ұққаны үшін. ЖИ Feedback: «Ғажап! Сенің мәдениетке деген құрметің — елдің болашағы!» | Планшеттер, маркерлер. |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Түсіндіру: «Судағы мінез-құлық қағидаларын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу» -Қайсыларың жазда су айдындарында - өзенде, көлде немесе теңізде демалаласындар? Суда демалу тамаша уақыт . * Судағы жарақаттар *Бейтаныс жерлерде шомылу * Көмекке шақыру -Егер сіз суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз не істеу керек? -Егер өздеріңнің қабілеттеріңе сенімді болмасаңдар, тереңдікте шомылу қауіпті. | Судағы жарақаттар: -Жағалаудан немесе жардан секіру тастар, өткір заттар қауіпіне немесе суға батуға әкелуі мүмкін Бейтаныс жерлерде шомылу -Бейтаныс су қоймаларында су астындағы шұңқырлар, жартасты жерлер немесе қауіп төндіретін су астындағы кедергілер (ағаштар,торлар) болуы мүмкін.Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, жалғыз шомылуға болмайды: Көмекке шақыру - Құтқарушыларды немесе басқа ересектерді бірден шақырыңыз. Егер жағажайда құтқару қызметі болса, оларға хабарласыңыз. ‣ Әрқашан достарыңыздың немесе жақындарыңыздың ортасында болыңыз. Төтенше жағдайда көмекке шақыра алатын адам болуы керек | «Boundary Keeper» (Қорған стикері) — Өзін сыйлай білгені үшін. Мұғалім: «Жарайсың, демалыс кезі жағымды және қауіпсіз болуы үшін тәуекелдерді және қауіпсіздік қағидаларын есте сақтау маңызды!» | Жағдаяттық карточкалар. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: «Бүгін мен өз болмысымнан нені көрдім?». Қорытынды:“Ұлттық мәдениет – ұлттың жаны!” – Бүгін біз ұлттық мәдениетті көзбен көрдік, жүрекпен сезіндік. – Ұлттық мәдениет – ұлттың жаны, рухы, болашағы. Оны сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. | Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып, «Болмыс айнасына» іледі. | Мұғалім: «Сендер бүгін тағы бір рухани белесті бағындырдыңдар!» Ең белсенді оқушыларды «Рухани қазына сақшысы» деп марапаттау. | Кері байланыс парағы. |