kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елжанды, рухани- адамгершілік сезімі қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуде, халықтық салт-дәстүр тәрбиенің қайнар көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Адам баласы өз ұрпағын тәрбиелеуге өте ұзақ ғасырдан – ғасырға жалғасқан, ешуақытта тоқтамайтын ғұмырлық қозғалыс. Ұлттың тәрбиесі-  әрбір халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланыста туып, қалыптасқан тарихи қазынасы, мәдени мұрасы. Ұлттық рухани уызы дарымаған ұрпақтан ұлттың, елдің қамқорын, болашағын күтуге болмайды.Ұлтымыз ұлт болуы үшін бес түрлі шарттың сақталуы тиіс. Ол ұлттың территориялық және тілдік, мәдени-экономикалық, генетикалық бірлігі және тарихи-мәдени дәстүр жалғастығы. Әр халық өз мәдениетін жасаушы және оны  ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елжанды, рухани- адамгершілік сезімі қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуде, халықтық салт-дәстүр тәрбиенің қайнар көзі»

Елжанды рухани адамгершілік сезімі қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуде , халықтық салт-дәстүр тәрбиенің қайнар көзі.


.

Тілі , діні , ділі – салт пен дәстүрі

Және туған , өскен жердің тарихы .

Ұлт өнері – мақтанарлық болса егер ,

Рухани қайратыңды жаниды.


Мақатаев қадір тұтқан «Үш бақыт »,

Шахановта « Қасиетті төрт ана ».

Арыновта анықталған «Бес анық »,

Тәрбиеге басты негіз - салт ,сана.


Басты мұра танығанға , білгенге –

Тұлғалардың тағылымдық ойлары .

Ғылым болып жүйеленіп бір демде ,

Танымымды жанғыртады бойдағы .



Ұлттыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле ,

Руыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле !

/ Платон/.
















Адам баласы өз ұрпағын тәрбиелеуге өте ұзақ ғасырдан – ғасырға жалғасқан, ешуақытта тоқтамайтын ғұмырлық қозғалыс. Ұлттың тәрбиесі- әрбір халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланыста туып, қалыптасқан тарихи қазынасы, мәдени мұрасы. Ұлттық рухани уызы дарымаған ұрпақтан ұлттың, елдің қамқорын, болашағын күтуге болмайды.Ұлтымыз ұлт болуы үшін бес түрлі шарттың сақталуы тиіс. Ол ұлттың территориялық және тілдік, мәдени-экономикалық, генетикалық бірлігі және тарихи-мәдени дәстүр жалғастығы. Әр халық өз мәдениетін жасаушы және оны ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші. Тәрбие қызықты қиын, өнегел бала болашағына жол сілтейтін ғажап жұмыс. Тәрбие тамыры халық қазынасында – халықтық педагогика кешегі өмірден өткен сал-серіден, қариялардан, ғұлама ойшылдармен , шешен билерден, ақын жыраулардан мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы, олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін өмір кітабы. Егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді, асқақтаған айбынды « Отанды» сүюге, ата-анаға құрмет, үлкенге ілтипатты, кішіге парасатты, салауатты дені-сау ұрпақ тәрбиелеу тәрбие саласында еңбек атқаратын ұстаздардың жұмыстары сан-салалы. Адамшылықтан безген, алдын болжамайтын, есерсоқ ұрпақ, жасы кішіде кәрінің де ішімдікпен айналысып басқада жеңіл жүріспен жүруі, тастанды балалар көбеюі ... Нашақорлық, маскүнемдікдік ұрпағымызды уландырады-ау деген ойға келеміз . Тәрбие күрделі, қайшылықты, тартысты кейде жетістігі бағаланбайтын мәселе. Соңғы жылдардағы кемшіліктердің басты себебі:

Біріншіден білім мен тәрбие арасындағы алшақтық, тәрбие мәселесіне жеткілікті мән бермеу;

Екіншіден тәрбиелеу процесінде педагогтардың дайындық деңгейінің төмендеуі, халықтық салт-дәстүрді, этнопсихологияны, этнопедагогиканы жетік білмеуі.

Үшіншіден тәрбие теориясымен практиканың алшақтығы бала тәрбиесімен айналысатын ұстаз тәрбиешілердің практикалық жұмыстарының жетімсіздігі, жоғарғы оқу орындарында, педагог мамандығын таңдауда, нағыз мұғалім болатындарды таңдау, мұғалімді нағыз баланың жанашыры ретінде дайындау қажеттілігі.

Төртіншіден білім беру саласында педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық ықпал, балалармен ынтымақтастықтың аз болуы дей келе.. Білім беру тәрбиелеу кездерінде әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның тамаша қасиеттерін дамыту қажет екені өмір талабы.

Ұстаздық- мәңгі көнермейтін, қандай қоғам, қандай кезең болсада, құнын жоймайтын қуатқа ие. Қасиетті де, абыройлы мамандық. Ұстаз- баланың ішкі жан дүниесіне әсер ететін негізгі тәрбиеленуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, тілді үйретуді тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Ұлы ойшыл Әл-Фараби «Әлеуметтік этикалық трактатында»былай деді»Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту» /343-бет/.

Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан, әр педагогтың, этикалық, эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндеттеріне айналуы тиіс. Қазақ баласын қалай тәрбиелеген ? Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын, қазақ халқы ерте түсінген. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған депте айтуға болады. Өйткені тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап ағайын туыс, көрші қолаңнан бастап араласып, бәріде халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. Қазақта жасөспірімді тәрбиелеу үшін талап ету, талап қою рәсімдері өмірлік,тұрмыстық ереже болып қалыптасқан. Мысалы қызбалаға ізетті болып таза жүру, киіну, әке-шешені күту, өнерлі болу, іс тіге білу, тамақ дайындай білу, қонақты күте білу, қабақ шытпай жүру, әдеп сақтау, үлкеннің жолын кеспеу т.б. талаптар қойылады.Сол сияқты ер баланың жаратылысына сәйкес көптеген талаптар қойылып, оның іскер, инабатты, батыл ержүрек , жігерлі азамат болып өсуіне қамқорлық жасалады.Жасөспірімнің ағзасындағы анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгерістерді – ержету, бойжету, есею кезеңін педагогтар «қиын жас» атап жүр. Бұл кезең – адамзат ғұмырының көктемі тәрізді. Жасөспірім – бала да емес, әлі ересекте емес, оның бойында осы екеуінің де белгілері, мінез-құлқы бар. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде жыныс тәрбиесі міндетті түрде керек. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесін бөле-жара қарамай, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған- халық педагогикасының мәні зор. Қазақ халқы ұлы мен қызының тәрбиесін айыра бөліп, екі бағытта жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұл тәрбиесі әкеге, қыз тәрбиесі шешеге байланысты деп санаған. Мұны «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген- тон пішер» деп, әдеміде қысқа тұжырымдай білген. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі- мұның бәрі қыз балаға қамқорлығымыз деп есептеу қажет. Себебі, халқымыз қыз тәрбиесіне аса назар аударған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі- Ана. Дәл қазіргі заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуде ерекше көңіл бөлуіміз керек, өйткені қыз бала ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы, қызды тәрбиелеу ұлтты тәрбиелеу деген сөз. «Халықты тану үшін қызын көр». «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, Руыңды сақтаймын десең- ұлыңды тәрбиеле !» дейді дана халқымыз. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.Осыны жақсы түсінген халқымыз- «Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткені. Кезінде қазақтың біртуар азаматы , халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы өзінің үш қорқынышын ортаға салып , болашаққа байланысты үрейлерін ақтарып , былай деген екен .

« Біріншіден , сәбиіне « Бесік жырын айтып » бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын ; екіншіден , немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқаннан қорқамын ; үшіншіден , салт-дәстүрді қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын , олардың көкірек көзі соқыр көр болама деп қорқамын ».

Мен жаратылысынан болған көр соқырларды айтып отырғам жоқ, өсе келе пайда болған көрсоқырлықты айтамын.Көр соқырдың пақыр берсең – ала салады. Найза берсең- сұға салады,намыстанбай бұға салады- деп өз ұлтының рухани адамгершілік құндылықтарынан жұрдай болып қалған адамдардың күй жайын сипаттай келе бүгінгі күнгі жағдайды дәл болжаған екен.

Сондай-ақ туыс бауыр ел Түріктің көсемі Кемал Ататүрік :» Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен,ақыл-ойымызбен,бүкіл қимыл - әрекетімізбен құрметтеуіміз керек.Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын білгеніміз дұрыс»,- деген екен.Бізде өз ұлтымызды, оның асыл белгілерін қастерлеп, құрметтей алмасақ,қай жерлерден барып білім алсақ та, қанша жұрттың тілін білсек те, түптің түбінде жаһандану атты алыптың жұтқыншағына бірінші барып жұтылатын ұлт болатынымыз кімге де болса аян.Өйткені, қандай да болмасын халықтың қоғамдық құдіретті күші оның ұлттық моралінде, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінде екендігін , ол халықтың педагогикалық дәстүрлі үрдістер арқылы берілетінін жадында ұстау,одан айнымау басты шарт.

Сондықтан,әр адамның бойына қуат беретін, жігерін жасытпай рухтандыратын ұлттық рухани – адамгершілік құндылықтардың орны ерекше.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі үшін маман дайындауға арнаған ұстаз Мұқтар Арын өзінің « Бес анық » атты кітабында : « ... Ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа қатысты емес , кез келген ұлтқа байланысты айтылар әңгіме

Жаһандастыру әлсіз ұлттардың жойылып кетуіне соқтырады деген ойын соңғы кезде қазақ халқына үндеу ретінде тастап,ұлттық тамырсыздану қаупінен сақтандыруға шығармашылығын арнап жүрген елжанды ақындарымыздың бірі М.Шахановтың көкейіндегі арман – ұлттың рухани- адамгершілік құндылығын сақтап қалуға деген құлшыныс. Мұқағали ақынның елжандылық рухына күш қосар өлеңі - «Үш бақытым» , М.Шахановтың «Қасиетті төрт ана» өлеңімен ұштасты.


Құндылықтар – этномәдениет тірегі

М.Шаханов

М.Мақатаев

М.Арын

«Төрт ана»

Ана тілі

Ата тарихы

Дәстүр, салт

Туған жер


«Үш бақытым»

Халқы

Тілі

Отаны

« Бес анық»

Тіл

Дін

Дәстүр /әдеп-ғұрып,мораль/

Жер,су

Республика бойынша жүргізілген оқушылардың пікірін есепке алсақ, қазіргі таңда мектепте білімнің қажеттілігі үшін баратындардың саны 12 % , достарымен кездесу үшін баратындар 40 % , мектепті жақсы көретіндер 10 % , емес дейтіндер 12 % , балалармен ата-аналар арасындағы , педагогтар мен оқушылардың арасында қарым-қатынастың моральдік – психологиялық ахуалының нашар екендігін оқушылардың 7 % , ал оқушылардың топтарындағы , жеке оқушылар арасында кикілжіңнің ұшығуын 12 % растайды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған . Темекі мен нашақорлықтың , алкагольді пайдаланушылардың , жас мөлшері барған сайын жасарып келеді .Осы жаман әдеттердің мектепте жүрген кезде басталғанын мойындаған . Мектептен тыс мезгілде бос уақытын пайдалы жұмысқа пайдалана алмаған жасөспірімдер« оқшаулану » , « масылдық » , « азғындық », « нашақорлық », « жезөкшелік » т.б қоғамға жат әдеттердің қатарына қосылуда . Жыл сайын Республикада 10-15 мыңға жуық осындай балалар тіркеледі екен. Оның кемінде жылына 6,5 мыңынан қылмыстық істер қозғалып , соңғы 4 жылда жасөспірімдер арасында алкоголизмге тәуелділер саны көбейген. Тәрбиеге жетекші педагогика ғылымы дәрменсіз күй кешуде. Ғасырлар талқысында шыңдалған , халықтың ғылым болып табылатын , ұлттық тәлім-тәрбие қағидаларына көлеңке түсуде,дей келе қазіргі білім беру жүйесіндегі тәрбиені ұйымдастырудың формаларына халықтық тәрбие ұстанымдарын тереңірек пайдалану керегіне тоқталсақ.

  1. Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің, негізгі адамгершілікке, имандылыққа, елжандылық тәрбиесіне баса назар аудару.

  2. Үздіксіз тәрбиені негізі ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне айналдыру халықтық тәрбиені, дүниежүзілік ғылыми және рухани ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыратын тәрбие ұстанымын пайдалану керек.

  3. Халықтық тәрбие ұстанымдарын барлық тәрбие саласында пайдалану.

Тәрбиенің ұстанымдары дегеніміз –тәрбиелеу кезеңдерінде, тәрбие формасы мен әдістерін теориялық негізде және практикада жүзеге асыратын бастапқы және негізгі қағидалары.










Оқушыларды тәрбиелеуде өз тәжірибиемнен ұзақ жылдар тәрбие жұмысында жұмыс атқарғандықтан оңтайлы нәтиже беретін әдіс- тәсілдерді,қажетті материалдарды үлгі ететін тұлғалар жайлы сөз қозғамақпын.

Халық тәрбиесін құқықтық тәрбиемен ұштастыру қылмысты азайтудың тиімді жолы.

Халық тәрбиесі белгілі бір жүйеге түскен, әділ де, парасатты тәрбие. Әділ айтылған бір ауыз сөзге тоқтап, анасын ардақтап, бабасын қастерлеген.

Елдің бірлігін, жердің амандығын, ата-баба тарихын, тілінің шешендігін,дінінің имандылығын,азаматының ерлігі мен ептілігін,еңбеккерлігі мен шеберлігін дәріптеп отырған.Баланың текті де тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударған. Тәрбиеге көнбей бұра тартқан адам болса руы,елі жауап берген. Жаза қолдану арқылы қара қылды қақ жарғандай әділ шешім қабылдаған,осының бәрі дала заңы қалыптастырған қағида.Жастарға құқықтық адамгершілік тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет- ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегенің мәні зор. Сөз қадірін білетін заманда бір ауыз сөздің ішкі мағынасын жете түсініп,содан тәлім алған бабаларымыздың қасиетіне не жетсін?! Мысалы, «Көп қорқытады,терең батырады»,» Жігіттің құны жүз жылқы,ары мың жылқы», « Жаным арымның садағасы», « Арыңды жасыңнан сақта»,» Адасқанның алды жал, арты соқпақ» немесе :

«Әдептілік ар- ұят –

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез, жат қылық,

Надандықтың белгісі» -

деп тоқсан сөздің түйінін бере отырып, тарихта өткен хандардың жарлықтары мен билер шешімін бала кезден санаға жеткізу қажет, құқықтық ел болу үшін - құқықтық мәдениет, құқықтық білімді салт-дәстүрімізден, әдет-ғұрпымыздан,ғасыр соқпақтарынан іздеу басты парызымыз.

Барлық халық ұрпақ үшін мықты тағылым жасаған. Ал қазақ халқы заңының тағылымдарының негізгі бағыттары, көпшілік ұйғарымдары, қорытындылары :

а) көргенді атану ,көз жеткізу, шындық пен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік болу, аманатқа борышты болмау ;

ә)ар-ұждан тазалығын сақтау, барлық іс-әрекетінен, қарым-қатынасынан, сөйлеген сөзінен өнеге істердің сезілу;

б) иманды,қайырымды болу;

в) ел берекесін сақтау, рухына кір салмау, ала жіпті аттамау, достықты, елін қадірлеу, туған жерін қорғау, бұлар халқымыздың негізгі қағидасы. Бұл қағида қазақтың білген сөзі арқылы, ісі мен әрекеті, айналасындағылармен қарым-қатынасы жас ұрпақты үлкендер алдында бөтен қылықтар жасаудан аулақ болуға шақырып, не істесе де өз бетімен, ақылымен атқаруға дағдыландыруға баулиды. Кейкуастың Кабуснамасында мынандай ғибратты сөздер айтылған екен. « Сені жөнге салатын парасатты тек рухын емес, дұшпаныңмен күресе алу, оның зұлымдығын түсіне білуің». Сонымен қазақ халқы үшін заңдардың негізгі тағылымы, тәрбиесі әуел бастан қалыптасқан. Қазақ заңдары мен тағылымдарының орындалуын ақсақалдар қадағалады. Олар кітап болып басылмады, бірақ жазусыз заң ретінде жүзеге асырылды. Қазіргідей әрі күшті, әрі

беделді үгіт насихат болмаса да жол ретінде қолдау тапты. Адамды пәктікке, әділдікке,шындыққа, парасаттылыққа баули білген алғашқы қазақ заңдарына тоқталсақ.

Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келді...Бұл жүйе қазақ мемлкетінің жаңа жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны « Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Бұл мынадай бес бөлімнен құралды :

  1. Мал- мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.

  2. Әр түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар жинақталған.

  3. Әскер қызметіне, әскери міндетті атқару ережелеріне және тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған.

  4. Елшілік қатынастарды реттейтін нормалар,елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттердің өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері,т.б. енгізілген.

  5. Аруақтарға ас беру, әр түрлі той-думандар өткізу тәртібі айтылады.

Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті,әскер тәртібін бұзушыларға қолданатын жазаны қатайтты.Мұның өзі жоңғар қалмақтарының шапқыншылық әрекеттерін қорғау қажеттігінен туындаған еді.Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды.Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Қазақстан

құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды.

Шындығында бұл да құқықтық нормалардың жазба түріндегі жинағы болса керек. Әйтпеген жағдайда осынау өзіндік бір кодекс нұсқасындағы құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жүздеген жылдар өткеннен кейін мінсіз күйінде қағазға түсіру мүмкін болмас еді. Бұл кодекс « Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атқа ие болды.

Ескі заманнан бері келе жатқан халқымыздың ел басқару тәртібі, қоғамдық тәрбиесі,ел ынтымағы, үлкенді құрметтеу ,кішіні әлпештеу,адам құқығын қорғау,құқықтық мәдениетті сақтауы басқа халықтардан өзгеше болған.Тәртіп пен тәрбиенің ерекшелігінен кең байтақ қазақ даласында, киіз туырлықты үйінде еш уақытта түнде ілгек, күндіз құлып болмаған.

Осы дарқандыққа дағдыланған жұрт арам ниетті басқа халықтардың алдау-арбауына түсіп, шұрайлы жерінен,әдет-ғұрпынан айырылды.

Ал, сонау қаймағы бұзылмаған халық тәрбиесінде қылмыс жасаған бір адамға жаза қолдану үшін үш жүз басын қосып, бүкіл қазақ даласының назарын аударған.Оған дәлел ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар: Қозы Көрпеш-Баян сұлу , Қыз Жібектегі қылмыстық әрекеттердің барлығы да қоғамдық тәрбиемен қатар қойылады. Бекежанның жебені сындыру арқылы,қылмысын мойындап келуі.»қылмыс жасадың мойныңмен көтер» деген халық талабын орындап, жағдайды шиеністірмеген құқықтық әдеп.

  1. Адам өлтірген Бекежанды жазалау үшін үш жүз билерінің жиналуы, қазақ даласының назарын аудару, қоғамдық тәрбие.

  2. Айыпкерді ортаға қойып « Ұлы жүз үкіміңді айт» дегенде «Өлім» дейді. « Орта жүз сен үкіміңді айт» дегенде» , «екі ағаның сөзінен аспаймын» деуі де қай кезде болсын үлкенге құрмет,кішіге ілтипат,бірлікті ойлауы,бір жағадан бас, бір жеңнен кол шығару,ел ынтымағын сақтауы.

  3. Айыпкерді ортаға отырғызып,үш жүздің найзасын үш жағынан шаншып байлауы,халықта «қара найзаға отырғызу» деген жаза,яғни «әке қарғысы-оқ» деген қағида.

  4. Ақ жаулықты аналардың айыпкер бетіне түкіруі «сені өмірге әкелген ананың ақ сүті атсын» дегендік.

Осындай жазалар қолдану арқылы қоғамдық тәрбиенің ерекше қасиеті қалыптасқан. Аналар ер адамдармен қай жұмыста болсын қатар жүрген. Мұндай дала саясаты мен құқықтық тәрбие бұлтартпайтын әділдік жүйесін орнатқан. Онда ес, білім, ақыл тоқтатқаннан кейін адамдық парызды өтеу, көңіл мен ниет тазалығы,дене пәктігі,тәубаға келу, жомарттық пен қайырымдылық,үлгілі отбасын құру, үлкенді сыйлау,кішіге ізет көрсету,адал еңбектену, жаман нәрселерден қашу, жетім-жесірлерге жәрдемдесу, ұстамды болу, білім іздеу, білгенін басқаға үйрету дәріптелген.

Оқушыларды тәрбиелеуде өз тәжірибемнен ұзақ жылдар тәрбие жұмысында оңтайлы нәтиже беретін әдіс- тәсілдерді, қажетті материалдарды үлгі ететін жайлы сөз қозғамақпын.

Оқушыларға, гуманистік имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін беруде адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Мұхаммед /с.ғ.с/ хадистерінде ұрпақ тәрбиесі, зиянды әдеттер ғаламдағы өзгерістер мен тылсым сырлар, адамгершілік қадір қасиеттері жайлы, имандылық тәрбиесі, инабатты болу, ата- анасын ренжітпеу, ана қадірі әйел-

ананың қадір-қасиеті жайлы айтқан хадистері дәл бар ойыңа бағыт беріп, жүрегіңе жылы сезім ұялатады. Қашанда мен оқушыларыма Пайғамбарымыздың Хадистеріндегі ана-әйел жайлы айтқандарын оқып, көңілге түйгендерімді оқушыларға айтып отырамын. Қазіргі заманда жастар арасында жар таңдауда да, өмірде аналарын,туыстарын, жақындарын ренжітіп жататын кездері де кездеседі. Сол өмірден адасып шатасып жүрген адамдарға Мұхаммед/с.ғ.с/ барлық өмірімен танысып, ғибратты сөздерін,Хадистерін оқыса, білімін шыңдаса,кез –келген адамның өмірге көзқарасы өзгеретінін айта келе ең бірінші маған мына әңгіме қатты әсер еткенін айтпақпын.Қазақта « Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген даналық сөз бар. Сондықтан ислам дінінде әйел адамға аса құрметпен қарайды». Әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз.Әйелдер үнемшіл, пысық, талантты , жігерлі болса, халық бай, ал жалқау болса, ысырапшыл болса- халқы тақыр кедей болады» -деген екен бір ғұлама. Қай халықтың гүлденуі, өсіп-өнуі, ұрпағының дұрыс жетілуі әйел адамның ауылына еңбегі мен талантына жігері мен қасиетіне көп байланысты. Әйел адам бүкіл бір елдің ар-ожданы, ұяты деп білуі керек. Қыздар, ұлдар тәрбиесінде, жастармен пікірлесу сәттерімде « Ерін сыйлаған әйелдің еңсесі биік» демекші, аңызға парапар мына бір әңгімені жар таңдауға жастарға ой салар деген мақсатпен үнемі әңгімелеп беріп отырамын.

.... Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатиманы айттырған Хазіреті Ғали енді некелесемін деп жүргенде, тұтқиылдан елге жау шауып, майданға аттанып кетеді. Бетіне қарамай өскен пайғамбар қызы Фатима Хазіреті Ғалиды менсінбей, өзінің қиялындағы бір ғажайып жігітті іздей бастайды. Мұны естіген төңірегіндегі нөкерлері қатты абыржып сасады. Енді қайтсін, мұсылман дүниесінде Мұхаммед пайғамбардан кейінге екінші адам Хазіреті Ғалиды әйел басымен Фатиманың менсінбеуі деген не сұмдық ?

Ақыры бұл сыбыс Мұхаммед пайғамбарға да жетеді. Сонда ол ?

    • Ебін тауып елеусіз ғана Фатиманы Зеңгі бабаның лашығына бір кіргізіп шығыңдар,- деп ақыл береді. Зеңгі баба деп отырғаны пайғамбардың сиыршысы екен.

Содан бір серуеннен қайтып келе жатқанда, Фатиманы нөкербасы Зеңгі бабаның лашығына алып кіреді.

    • Төрлетіңіздер ! Көп ұзамай үй қожайыны да келіп қалар.

Қонағымыз болыңыздар,- деп төгілген қара шашты, сұңғақ бойлы сұлу әйел орнынан атып тұрып ізет білдіреді.

Оны көрген Фатима әйелдің кішіпейілділігі мен таңғажайып нұрлылығына таң қалып:

    • Ойпырмай,мынадай сұлу әйелдің қожайыны да кереметтей еркек болар,-деп ойлап, қалайда әйелдің ерін көргісі келіп, нөкеріне ілеспей, лашықта қалып қалады.

Сәлден кейін үй иесі әйел ошақ жағып, үш құманға су толтырып, бірін отқа, екіншісін ошақтың жиегіне, үшіншісін оттан оңаша қояды. Әйелдің мұнысын түсінбеген Фатима :

    • Үш құманды неге үш түрлі қойдыңыз ?- деп сұрайды.

    • Қазір даладан қожайын келеді. Жұмыс соқты болған еркектің мінезі аумалы-төкпелі,ала құйын секілді болады. Бір күні ыстық суға жуынғысы келсе,келесі күні қанжылым, үшінші күні салқынсуға жуынғысы келеді.Қайсысы керек болса, сол дайын тұрғаны дұрыс қой.

«Мынандай сұлу, ақылды әйелдің ері де ер тұлғалы, айтулы азамат шығар» деген ой Фатиманың тіпті Зеңгі бабаны тезірек көруге ынтасын аударады. Ақыры Фатима күткен сәт те туады. Өрістен қайтқан сиырларды үйді-үйіне таратып болып, ұзын бишігі

сүйретіп, қатты қалжырап шаршаған, қап-қара боп тұтығып,көзін былшық басқан, екі иығы қушиған тапал еркек келе жатты.

    • Фатима ,шырағым осы үйдің қожайыны мына кісі,- деп бәйбішесі ерін таныстырып, сосын күйеуін күтіп қызмет қылуға тура жұгірді.

Сонда барып Фатима өзін атастырған адамды менсінбей, одан келісті өзіне жар болатын адам іздеп пендешілік жасап жүргеніне Тәңірден кешірім сұрап, сабасына түсіпті. Фатима Хазіреті Ғали мен некелескеннен кейін, ерінің алдынан өмірі кесе- көлденең өтпей , адал жар, жақсы серік болыпты.

Мұндай құдай қосқан қосағын сыйлап, ата-енесін өзінің әке-шешесіндей әлпештеп, отбасының береке-бірлігін келтіріп отырған ақылды қазақ әйелдері өте көп-ақ.

Иә, Мұхаммед ғ.с.с. пайғамбарымыз «Әйел адам ерінің алдында қарыздар, ал ер адам бәрінен бұрын анасының алдында қарыздар,»- деп ер адамның беделін көтерсе, әйелдерді де құрметтеуді ескертеді. »Әйелдерге жақсылықпен қараңдар. Өйткені , ол сенің қабырғаңнан жаратылған. Кеуде – қабырғаңның кисық екені белгілі, егер оны күшпен түзеткің келсе, сынып кетуі мүмкін,ал тіпті тимесең қисық болып қала береді. Әйелді аялап ұстаңдар.!» / Бұхари, Мүсілім/.

Құран кәрімде және Пайғамбарымыздың Хадис аятында әйелдер жөнінде көп айтылған. Әйелдерді құрметтеген, ұрпақ өсіруші құдірет ретінде бағалаған, Пайғамбарымыздың 210- хадисінде «Алла- Тағала әйелдерге жақсы қарауға,нысапты қарым-қатынас жасауды ескертеді. Өйткені, әйел –ана-қызыңыз. Аналарды сыйлау, құрметтеу ерлерге міндет саналады.

Өйткені заман ағымына байланысты әлеуметтік орта да, экономикалық өркендеуде, өзгеруде, ерекше есте ұстайтын жағдай пәнді ұлттық психологияны ,халықтық салт- дәстүрді білетін, арнайы пән ретінде өтілетін « Әдеп және отбасы өмір психологиясы» сабағын шығармашылықпен тәжірибелі педагог- психолог өткізген жөн.»Әдеп және отбасы психологиясы» пәні, салалар бойынша әдеп, отбасы, махаббат достық адамдық,еңбекқорлық қасиеттері, өзімшілдік, менменшілдік, қыңырлық сияқты жаман қасиеттерді ажырата білуге баулиды. Халқымызға тән туыстық қатынастар / жеті ата/ ата - ана туралы түсініктер беріледі.

Қайнар орта мектебінде жастардың бойына асыл қасиеттерді халықтық салт-дәстүрді әлемдік мәдени-мұраларды, тәрбие бағдарламаларын, озық тәрбие ұстанымдарын пайдалана, жан-жақты тәрбие беруде. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру жұмысында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Мектеп ұстаздарының озат тәжірибесі.

Алматы облысының білім департаменті, Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында « Мектептегі тәрбие жүйесін жандандыру жолдары» атты әдістемелік кітап / авторы мектеп директорының тәрбие жөніндегі Исембаева Саюзханның/ жарияланды. Кітапта тәрбие саласында жұмыс істейтін педагогтарға басшылыққа алатын нормативті, әдістемелік жұмыстарға нақты мәліметтер, деректер топталып берілген.

Мектептің тәрбие жүйесі, тәрбие жоспары, таным бағдарламасы, құқықтық кеңес, жаз- бағдарламасына байланысты жұмыстарға кеңес беріліп, үлгілі, тәжірибелі ұстаздардың 30 мұғалімнің тәрбиенің әр саласы бойынша озат тәжірибесі облыс көлемінде танылып,тәжірибе алмасуда.

Қазіргі таңда халықтық тәрбиеге соңғы жылдарда баса назар аударылып үлгілі, өнеге танымдық сағаттар, саяхат, кездесу, дебат, слеттер, жарыстар, оқырмандар конференциялар жүргізуде. Бастауыш сыныптардан ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші мазмұнды өнегелі сағаттарды өтілуіне ерекше ықпал етіліп отырады.

1).2 сыныптармен өткен «Ұлттық ойындар» 4 сыныптар «Ырым-тиымдар» атты ертеңгіліктер.

2).8 сыныптар арасында өткен әдет-ғұрыптарды насихаттауда, »Халықтың тәрбиелік дәстүрлері» атты өнеге сағаттар.

3). Жастарды елжандылыққа, патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған «Жас қыран» атты 5-11 сыныптар ұландар арасындағы өткен слет.

4). Атамекенді сүюге танымдық тәрбиеге бағытталған 7 б сыныбының «Қайнарым-қасиетті мекенім» атты танымдық сағаты. Оқушыларды саяси-сауаттылыққа құқықтық әдеп, мәдениеттілікті сақтауға, құқықтық оқуды халықтық тәрбиемен ұштастырып өткізген «Дін туралы» атты оқу, «Суцидтің алдын алудағы халық тәрбиесі» атты құқық пәні мұғалімдері өткізген панорамма сабағы .

8-10 сыныптар арасында « Ал, қанеки қыздар» байқауы, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» атты кітабы бойынша өткен 6-9 сыныптар арасында оқырмандар конференциясы ; Жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Біз СПИД-ке қарсымыз» атты прессконференция, мәдени шараларды насихаттауда 10 сыныптармен өткен « Шоған-абыз» атты тарихи сағат ; 11 сыныптардың ұйымдастыруымен, «Егеменді елім менің Қазақстан» және «Мұсылман дініндегі адамгершілік, имандылық шарттары» атты дебат сағаттары; «Қарты бардың қазынасы бар» атты кездесу, 4 сыныптармен өткен « Тіл-тіршілік тірегі» атты тәрбиелік шараларды қазақтың салт-дәстүрлері, ырым-тиым сөздері, ұлағатты ұлттық ұғымдары, әдет-ғұрып шаралары, халық мәдениеті мен этнографиясы, тағылымдары жан-жақты тәрбиемен бірге берілуде, шараларды өткізгенде міндетті түрде жақсы дәстүрді қамтитын бөлімі болуы керегіне көңіл бөлініп отырады, дәстүріміздің бірі тиым сөздердің әдепті мақал-мәтелдердің ғибратты, тәрбиелік мәні бар өнегелі сөздердің көп айтылуына мән беріледі. Жалпы көненің көзі тәрбие негізі екеніне көңіл бөлініп ауыл қариялары, еңбек озаттары мен кездесулер, қайырымдылық көмектер жиі ұйымдастырылып тұрады. Үлкенді сыйлау, ізеттілік, әдептілік құндылығымыз екенін, естен шығармай, қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі тәрбиені ұйымдастырудың ұлттық ұстанымдары, халықтың салт-дәстүр, өнегелі ғибратты сөздер сабақта да, тәрбиелік шараларда да тиімді ұтымды пайдалану. Оқушы дүние-танымын кеңейтуде танымдық байқаулар, зерттеулер, « Атамекен» тарихына арналған, мұражайдағы зерттеулер құнды –қажетті деректердің жинақталуы. Поэзия құдіреті оқушыға жан жүрегіне әсер ететін деңгейде болуы.

Қорыта келгенде, тәрбиесі тал бесіктен басталып, « бесік жырын» тыңдап өскен, ат жалын» тартып мінген шағынан бісіміләсі» аузынан түспейтін қазақ баласын қастерлеген, аздаған жақсы қылықтарын, іс-әрекетін көрсе «батасын беріп, жақсы сөзін аямаған». Осы өнегемен баланы өзара сыйластыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеген. »Көненің сөзі – тәрбиенің көзі» екендігін естен шығармай, намысты да айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңқты тарихымызды сақтап қалуда ұлттық тәрбиенің алар орны ерекше. Дәстүрін жоғалтқан ел-ұлтын жоғалтады.

«Ұстаз – адам жанының бағбаны» демекші, «Жас ағаш қалай исең, солай иіледі» деген, ендеше ұлттық салт- дәстүрімізді, қасиеттерімізді, әдет- ғұрпымызды сақтай отырып, баланы жан жүрегімізбен тәрбиелейік, оның жемісін бірнеше жылдан кейін байқармыз...

« Баланың бойына ата-анадан кейінгі ақыл - ой, ұлттық адамгершілік сезімдерін сіңіруші адам – мұғалім» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Ұстаз» - атты құрметті атқа лайық болайық!

























Қолданылған әдебиеттер :

  1. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек- Л.Н.Рубанский

  2. «Қазақ тәлім- тәрбиесі» .- Жарықбаев Қ, Қалиев С

  3. Тәрбиеге жетекші -Б.И. Иманбекова

  4. Халық педагогикасының негіздері -Советхан Ғабассов

  5. Аналар сөзі – ақылдың көзі-Жарықбаев Қ

6. «Білім жүйесіндегі тәрбиенің ұлттық идеологиялық стратегиясы мен тактикасы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары.






Алматы облысы

Райымбек ауданы

Қайнар орта мектебі

Мектеп директорының

тәрбие жөніндегі

орынбасары

Исембаева Саюзхан





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Далеуова Зауреш Асауовна

Дата: 29.01.2017

Номер свидетельства: 385325


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства