kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп кітапханашысы - а?паратты? бапкер

Нажмите, чтобы узнать подробности

           «Мектеп кітапханашысы - а?паратты? бапкер»

                   Мен кітапханаларды а?ыл-білім,адамгершілік,парасат ордасы деп      білемін. Ал кітапханашыларды сол еш?ашан жо?алмау?а тиісті асыл ?азынаны? са?шылары деп санаймын. 
                                                                                          ?біш Кекілбай?лы 
Ел Президентіні? «?аза?стан-2030» ба?дарламасында: «XXI ?асырда білімсіз ?мір с?ру м?мкін емес, халы?ты салауатты да сауатты ?мірге ба?ыттауымыз керек» деген с?здері б?гінгі ?рпа?, ерте?гі ел азаматтарына білім мен т?рбие берер жандар?а міндеттелген тапсырма іспетті. Б?гінгі к?ні жас ?рпа??а берілер білім мен т?рбиені? ?з м?нінде сапалы болуы бірінші кезекте т?р?аны аны?. Кітап–білім ?азы?ы, ?мір азы?ы болса, кітапхана–халы?ты ?лемдік ?ркениетпен таныстыратын, ?лтты? болысымызды ?лемдік руханиятпен табыстыратын ?асиетті орда, сана мен ойды? шамшыра? сарайы. 
«Кітапхана – м??гілік парасатты? е? киелі ?имараты», - деп ?біш Кекілбаев айт?андай, тарихты? небір ??пиясы мен ?лемдік а?ыл-ойды? інжу-маржанын ?ойнына са?тап т?р?ан кітапхана. ХХІ ?асыр - руханият, м?дениет, а?парат ?асыры. ?ай ?о?амны? да т?ра?ты дамуында м?дениетті? алар орны зор екенін ал?а тартса?, бізді? рухани-м?дени тынысымызды? ?зекті м?селелеріні? бірі-кітапхана.О?ушыларды? рухани ?азына кітап?а деген талап-тілегі мен с?ранысын ?ана?аттандыруды к?ннен-к?нге жа?сарта беру-уа?ыт талабы. Жас ?рпа?ты т?рбиелеуде кітапхананы? орны ерекше.Б?гінгі ш?кірттер-ерте?гі ел т?т?асы. ?йткені, т?рбие мен т?лім-егіз ??ым десек, т?рбие мен білім беруді? жа?а жолын кітапханадан табамыз.Т?уелсіз кітапхананы? келешегі –жас ?рпа?ты т?рбиелейтін мектеп дейтін болса?, сол мектепте орналас?ан Кітапхана да осы міндетті бірге ат?арады. Мектеп кітапханасы – мектепті? бір б?лігі. Жа?а заман компьютер д?уірі бол?анымен, рухани азы? іздеген, к?зі ашы?,?рбір адамны? келер шаныра?ы - кітапхана.Кітапхана –адамны? білім к?кжиегін ке?ейтеді десек,ал Ж?сіп Баласа??нны? с?зімен айт?анда: «Білім-адам баласыны? орта? ?азынасы». Сонды?танда кітапхана?а келіп, ?деби к?ркем шы?армаларды, т?рлі газет-журналдарды о?ы?ан адамны? мерейі ?сіп,рухани азы? алып, д??геленген д?ниеден хабардар болады.Жа?а ?асыр электронды технологиямен сауаттылы?ты ?ажет етеді.Осы заман?ы а?парат ??ралдары дамы?ан,жа?а технологиялар заманында да кітап-адамны? ішкі д?ниесіне, ой ?рісіне ы?пал жасап, м??тажын ?ана?аттандыратын, рухани азы?ы болып ?ала береді.?азіргі кітапханалар-а?паратты? м?дени-а?артушылы?, ?ылыми-зерттеушілік мекеме болу керек. Заман талабына сай технологияны біліп ?ана ?оймай, сонымен бірге оны сауатты т?рде ?олдануы керек.

Кітапханашыларды? алдында т?р?ан ма?саты-ХХІ ?асыр азаматтарына алуан т?рлі а?параттар а?ымында ж?н сілтеп, пайдалыларын ?з игіліктеріне ж?мсау?а ?йрету,а?паратты? ?о?ам тіршілігіне ?зірлеу.Адамзат баласыны? ?ол жеткізген ?лы игіліктеріні? бірі– білім ?азынасы. Ал білім сипаты алуан т?рлі. Ол ?рпа?тан – ?рпа??а ауызша, жазбаша т?рде немесе к?ркем ?дебиет ар?ылы да жеткен. Кітап адам баласыны? сан ?асырлы? а?ыл – ойыны? жемісі, тарихы мен та?ылымыны? алтын санды?ы. 
«Кітап дегеніміз – алды??ы ?рпа?ты? арт?ы ?рпа??а ?алдыр?ан рухани ?сиеті. Кітап о?удан тиылса?, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді. ?аза?ты? к?ркем тілі – ?аза? тілі ?аза?ты? к?ркем ?дебиетінде. Ал ?р ?лтты? ?дебиеті мен тілі е? алдымен ?р ?лтты? ?зіне керек. ?азіргі ?аза? ?о?амыны? алдында жас ?рпа?ты кітап?а, оны? ішінде ?аза? тілінде жазыл?ан кітап?а баулу. Б?гінгі о?ушы, ерте?гі ел маманыны? еліне, жеріне деген с?йіспеншілігіні? артуы, оларды бойында ?лтты? намыс, отаншылды?, адамгершілік ?асиеттеріні? ?л?ая т?суі жолында кітапхана ?ызметкері- хал?ымызды? ?илы тарихын, ?негелі ?дет-??рпы мен салт-д?ст?рін, м?дени м?раларын, ?дебиет ?азыналарын, тере?нен тол?айтын с?з ?нерін о?ырмандар?а кітап ар?ылы насихаттайды.Хал?ымыз ?асырлар бойы білімді ерекше ?адірлеп ?зіні? алдына ма?сат етіп ?ой?ан.Сонымен ?атар, кітапты ерекше а?ылшы ?стаз сана?ан. «Арты? ?ылым кітапта,ерінбей о?ып к?руге» - деп Абай бабамыз айтпа?шы барлы? адам баласы ?шін кітап рухани азы?. Кітапхана ?абыр?асына келіп, кітап б?ла?ына сусындайтын, кітапхана ж?мысын жандандыру, о?ушыларды? рухани-м?дени дамуына кітапты?, о?уды? р?лін к?теруге басты назар аудару ба?ытында ат?арылып жат?ан ж?мыстар аз да емес. 
Электронды кітапхана – заман талабы. Электронды кітапхананы? ма?саты мектеп кітапханасы ж?йелі ?йымдастыр?ан,?ызмет к?рсететін ж?не ?олдайтын электронды ?атынасатын электронды нысанда?ы ?р алуан ресурстар. Жалпы автоматтандыру ж?мысыны? негізгі ма?саты- кітапхана?а келген о?ырман талабын, с?ранысын сапалы ?ана?аттандыру барысында ?ызмет к?рсету д?режесін к?теру.Б?л ар?ылы кітапханалы? ?ызмет к?рсетуді? саны мен сапасы жо?арылады, ізденістерді тездетуге же?ілді ту?ызады. 
«Автоматтандырыл?ан кітапханалы?-а?паратты? «МАРК-SQL» ба?дарламасымен ж?мыс». 
Б?л шараны? ма?саты: ?аза?стан Республикасында 2011-2020 жылдарда?ы білім беруді дамыту т?жырымдамасы ж?не білім беру саласында?ы ?азіргі саяси к?з?арас; ?Р мемлекеттік білім беру ?йымдарыны? кітапхана ?орыны? т?зілуі туралы н?с?аулы?. Жалпы ережелермен таныстыру, МАРК-SQL автоматтандырыл?ан а?паратты?-кітапханалы? ба?дарламамен ж?мыс ж?ргізуді ?йрету. Мектеп кітапханасында?ы барлы? ?ажетті ??жаттарды, кітаптарды, о?улы?тарды электронды каталог?а енгізу; есептен шы?арыл?ан ??жаттарды? есебін шы?ару, кітапты? берілу санын автоматтандыру, керекті о?улы?тар мен о?у ??ралдарына с?раныс беруді автоматтандыру, кітап о?ылымын талдау, электронды каталогты пайдалана отырып керекті ??жаттарды, та?ырыптарды «кілттік с?здер » ар?ылы іздеп табу, Интернет ж?йесі ар?ылы ж?не мектеп кітапханасы ?орында?ы керекті ??жаттарды сол к?йінде немесе мультимедия т?рінде іздеу ?діс-т?сілдермен таныстыру. Автоматтандырыл?ан кітапханалы?-а?паратты? MARK-SQL негізінен мектеп кітапханашыларына арнал?ан. Ба?дарлама сонымен бірге м??алім мен о?ушы?а да керекті ??жаттарын тез тауып алу?а к?мектеседі ?шан те?із а?парат пен білім к?здерін бір арна?а то?ыстырып талдауда, іздеуде, табуда алдымен к?мекке келетін MARC-SQL автоматтандырыл?ан. 
Ба?дарламада 5 автоматтандырыл?ан ж?мыс орны бар. Олар :«?кімшілік», «Каталогизатор», «Комплектование Толы?тырушы», «Ізденіс-поиск» ж?не «Абонемент». Кітапхана - тек ?ана кітап са?тайтын орын ?ана емес,сонымен катар ?о?амны? рухани жа?ынан дамуына,м?дениетін к?теруге ы?пал ететін м?дени орта. Хал?ымызды? тар жол, тай?а? кешуі жолында елі ?шін ?ызмет еткен тарихи т?л?аларымыз – ?о?ам ?айраткерлеріні?, а?ын-жырауларды?, жазушыларды? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ?р т?рлі м?дени шаралар ?йымдастыру – тарихымызды ?мытпау?а,?ткеннен саба? алу?а, елімізді, жерімізді с?юге, барды ??рметтей білуге, тіпті кітап о?и отырып, ой ?иялымызды дамыту?а ?сер етеді. ?азіргі та?да а?паратты? технологияларды? дамуы, оларды? ?о?ам ?міріндегі роліні? артуы, т?рлі де?гейдегі салаларыны? ж?мысын автоматтандыратын ж?йелерді? к?птеп пайда бола баста?анды?ынан бай?алып отыр. Алайда ?рбір осындай ж?йені ?айсыбір сала ?шін жасау ж?не енгізу, осы салада к?п жылды? т?жірибесі бар мамандарды? ?атысуымен, к?рделі талдау жасау негізінде ?ана ж?зеге асырылатын шара болып табылады.Сонымен ?атар автоматтандырыл?ан ж?йені? енгізілуі оны пайдаланушыларды?, я?ни сала ?ызметкерлеріні? а?паратты? технологияны пайдалана алу де?гейін, оларды? ?азіргі та?да?ы ж?не стратегиялы? жоспар бойынша аны?тал?ан болаша?та?ы техникалы? м?мкіндіктерін ескере отырып жоспарлы т?рде кезе?-кезе?мен ж?зеге асырылуы тиіс. Осы?ан орай мектеп кітапханасы ж?мысын автоматтандыру ж?йесін енгізу келесі кезе?дер бойынша ж?ргізіледі. 
1.Электронды ??жат алмасу ж?йесін жасау ж?не оны? т?ра?ты ж?мыс жасап т?руын ?амтамассыз ету.а) кітапхана ж?йесіндегі барлы? ??жат т?рлеріні? электронды жалпы?а орта? н?с?асын жасау;?) осы ??жаттарды алу толтыру ж?не орталы??а жіберу ж?мыстарын автоматтандыру;б) ?рбір мектеп кітапханасыны? ?алыпта?ы жа?дайын аны?тайтын (кітап ?оры, о?ырмандармен ж?мыс, кітап берілімі т.б.) м?ліметтерді электронды ба?ылау?а алу.в) веб-портал негізінде сала ?ызметкерлерін ?ажетті а?паратпен т?ра?ты т?рде ?амтамассыз ететін ??рылым жасау.г) веб-портал негізінде ?рбір о?ушыны? м??алімні? ж?не ата-ананы? мектеп кітапханасы м?мкіндіктерімен танысуына ж?не ?з ?сыныс-пікірлерін, с?ранымдарын білдіруге м?мкіндік жасау 
2. ?рбір кітапхананы? электронды каталогын жасау 
3. Кітапханалар ж?йесіні? бірегей а?параты? ке?істігін жасау. 
А?паратты? м?дениет – а?паратты ??растыру, ??деу, са?тау, іздестіру мен пайдалану деген ??ымды білдіреді, сондай – а?,кітапхананы? а?паратты? ке?істігінде ?зіні? орнын сезіне білу, ?зін а?паратты ??растырушы, т?тынушы ретінде ?абылдау, а?паратты? жа?дайды т?сіне білу. Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев ?зіні? кезекті жолдауында «?аза?стан ?леміні? б?секеге барынша ?абілетті 50 елді? ?атарынан лайы?ты орын алу ?шін ?зіні? м?дениеті мен ?ылымын, білімі мен білін, рухани байлы?ымен елімізді айдай ?лемге паш ете білуі керек» - деген болатын. ?азіргі а?параттандыру технологиясы дамы?ан заманда мемлекетімізді? болаша?ы жас ?рпа??а заман талабына сай білім беруде о?ытуды? озы? технологияларын ме?геру ?ажеттілігі туып отыр. 

?олданыл?ан ?дебиеттер: 
1. Мектептегі кітапхана №2, 2012 
2.Мектептегі сыныптан тыс ж?мыстар № 4,2012

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп кітапханашысы - а?паратты? бапкер »

Қазақстан Республикасының Заңы


Білім туралы

 

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле­кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын­дайды және Қазақстан Республикасы азаматта­рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ­рақты тұратын шетелдіктердің және азамат­тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция­лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайда­ланылады:

  1. академия – мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми-зерт­теу қызметін және педагогтік қызметті, кадр­лардың біліктілігін арттыруды және қайта даяр­лауды жүзеге асыратын оқу орны;

  2. бейін алды даярлық – білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

  3. бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау про­цесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

  4. білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  5. білім алушыларды қорытынды аттестат­тау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  6. білім беру қызметі – білім беру субъек­ті­­лерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адам­ды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

  7. білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

  8. білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттес­таттay - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;

  9. гимназия – білім алушылардың бейім­ділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гумани­тарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  10. жалпы білім беретін мектеп – баста­уыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру­дің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

  11. инновациялық - білім беру консор­циумы – жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғы­лыми зерттеулер мен технологиялық инно­ва­циялар негізінде жоғары білікті мамандар даяр­лау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет тура­лы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

  12. қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі;

  13. лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушы­лардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны;

  14. мемлекеттік аралық бақылау - оқыту сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі;

  15. оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

  16. оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

  17. педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  18. ұлттық бірыңғай тестілеу – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушы­ларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;

  19. шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

  20. эксперименттік алаң - жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режи­мінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;


2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

Әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.

3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.

4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі бірыңғай ұлттық тестілеу бағдарламасына енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.


3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

12-бап. Білім беру деңгейлері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.


4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.


5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

28-бап. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру

1. Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.


29-бап. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

1. Ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.


31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін ұйымдардың негізгі түрлері мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады.

3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Жетім балаларды және ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.

39-бап. Білім беру туралы құжаттар

1. Лицензиясы бар, мемлекеттік аттестаттаудан өткен және негізгі орта, жалпы орта, техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.

3. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген азаматтарға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.


6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

40-бап. Білім беру ұйымдары

1. Бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді асырау мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы

1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:

1) іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларының тізбесін;

2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;

3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);

4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;

5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;

6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:

1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;

5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (маман­дықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу;

6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

11) білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық ныса­нындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағай­ындалады.

    1. Білім беру ұйымы басшысы лауазымының атауы, білім беру ұйымының алқалы органдарының құзыреті, құрылу және қызметінің тәртібі, олардың арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен айқындалады және олардың жарғы­ларымен бекітіледі.

    2. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

    3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшы­ларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.

    4. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа да нысандар бола алады.


45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі

  1. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу және тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.


7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі

  1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.

  1. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

  1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.

  2. Педагог қызметкердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) жеке педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

  1. Педагог қызметкер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығарма­шылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қыз­меткерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орын­даумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

  2. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медици­налық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жібе­рілмейді.

52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

  1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

1) 18 сағаттан аспайтындай:

бастауыш білім беру ұйымдары үшін; негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін; білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;

2) 24 сағаттан аспайтындай:

мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;

3) 30 сағаттан аспайтындай интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін белгіленеді.

 

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары

    1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

    2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

55-бап. Білім беру сапасын басқару

    1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.

    2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

    3. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі.

Білім беру сапасын сырттай бағалау білім беру ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттік аттестат­таудың, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рәсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рәсімдерін қамтиды.

Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менедж­менті жүйесін, білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды қамтиды.

Жоғары оқу орындарының қызметін бағалау осы оқу орнындағы оқыту сапасы туралы студенттердің пікірін қамтиды.

56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:

1) білімнің мазмұнына;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысан­дарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.

59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

  1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына және білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім беру сала­сындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

  2. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:

  1. білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;

  2. мемлекеттік аралық бақылау;

  3. Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау болып табылады.

  1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестат­тауды, олардың ведомстволық бағыныс­тылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

  1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргізілетін білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жоспарлаған тексеру;

2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлға­лардың өтініштеріне дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;

3) қарсы – егер тексеру жүргізу кезінде бақылаушы органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаса, аталған адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру.

Білім беру ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкіндігі болмаған жағдайларда комиссия төрағасы анықтамада тиісті жазба жасайды.

Анықтаманың бір данасы тексерілген ұйымда қалады.

6




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Мектеп кітапханашысы - а?паратты? бапкер

Автор: Базарбекова Гульнур Уланбековна

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 178004


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства