Просмотр содержимого документа
«Тілім мені? – ?асырлардан аманат»
«№35 орта мектеп» МКМ
6а сынып жетекшісі
М.А.Смайлова
2015 – 2016 оқу жылы
Тақырыбы: Тілім менің – ғасырлардан аманат
Мақсаты: ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын жүйелі айта алуына, еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: «Ана тілім – асыл қазынам» кітап көрмесі, нақыл сөздер, плакаттар, буклеттер, сазды бағдарлама.
Мұғалім: Ана тілім – бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тілі – әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.
«Қазақ тілі – ғажап тілі» әні орындалады. ( Н.Алимтаев )
6 сынып ішінде өткелі отырған «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты сынып сағатымыз сайыс түрінде өткізіледі. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
Ана тілі – қазағымның қаймағы
Тілім сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
6-сынып білгірлері шығады.
Алдымен сайысымызға төрелік жасайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
ДТІЖО – К.С.Майлыбаева
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Ф.Ч.Оразалиева
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Н.Н.Рахмитуллаева
Топ екіге бөлінеді
І бөлім. Таныстыру.
І топ:
Біздің топ: «Болашақ».
Біздің ұран: «Тіл бар жерде өмір бар»
Біздің әніміз: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ топ:
Біздің топ: «Өркен»
Біздің ұран: «сүйемін туған тілді – анам тілін»
Біздің әніміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Екі топтың бағаларын анықтау үшін әділқазылар алқасына жүгінеміз.
І бөлім бойынша «Болашақ» тобының алған бағалары:
І бөлім бойынша «Өркен» тобының алған бағалары:
ІІ бөлім. Мақал-мәтелдің жалғасын айту
Мұғалім: Мақал-мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі – әз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім, – дей отырып, келесі бөлімге кезек
беремін. Бұл бөлімде берілген 10 мақал-мәтелдің жалғасын қай топ бірінші болып жауап берсе, сол топтың бағасы артады.
Мақал-мәтелдің жалғасын айту
Тіл тәтті ... ( бауыр қатты )
Тіл тас жарады ... ( тас жармаса бас жарады )
Шебердің қолы ортақ ... ( шешеннің тілі ортақ )
Бал тамған тілден ... ( у да тамар )
Бас кеспек болса да ... ( тіл кеспек жоқ )
Тұз ... ( астың дәмін келтірер )
Ана сүті бой өсіреді ... ( ана тілі ой өсіреді )
Қол шешпегенді ... ( тіл шешеді )
Жақсы байқап сөйлейді ... ( жаман шайқап сөйлейді )
Ең тәтті, ең ащы, ең жұмсақ ... ( тіл )
Әділқазылар алқасынан екі топқа қойған баға сұралады.
ІІІ бөлім. Мәнерлеп жатқа айту
Мұғалім: Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.
Бұл бөлімде әр топ ана тілі туралы өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтады.
Әділқазылар алқасынан екі топқа қойған баға сұралады.
ІV бөлім. Ұшқыр ой, жылдам жауап
Мұғалім: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ұшқыр ой, жылдам жауап» деп аталады.
«Атамекен» тобына қойылатын сұрақтар:
ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды?
( 1991 жыл 16 желтоқсанда )
Қазақтың төл дыбыстары нешеу, атын ата? ( 9 )
ҚР Мемлекеттік Туының авторы? ( Шәкен Ниязбеков )
Бес дұшпан? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ )
Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? ( Ахмет Байтұрсынов )
Қазақша жыл басы? ( Наурыз )
ҚР «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды? ( 1989 жыл 22 қыркүйекте )
«Алтын адам» қай монументтің ұшар басына көрік беріп тұр? Ол қай қалада орналасқан? ( Алматыдағы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» монументі )
Әлемге әйгілі «Абай жолы» романының авторы? ( Мұхтар Әуезов )
Фонетика саласы нені зерттейді? ( әріп, дыбыс, буын, тасымал,үндестік заңы )
«Өркен» тобына қойылатын сұрақтар:
ҚР «Тіл туралы» Заң неше тарау, неше баптан тұрады? ( 6 тарау, 27 бап )
Бес асыл істі ата. ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым )
ҚР Әнұранның авторлары? ( әні: Шәмші Қалдаяқов,
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев )
Ең асыл жан? ( ана )
Төрт түлікті ата. ( қой, түйе, сиыр, жылқы )
Тұңғыш мектеп ашқан кім? ( Ыбырай Алтынсарин )
«Гимн» сөзі қай тілден алынған, қандай мағынаны білдіреді? ( грек тілінен, «салтанат, мадақтау әні» деген мағынаны білдіреді.
Тұңғыш Президент күні қай күн? ( 1 желтоқсан )
Қазақтың билері? ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )
Лексика саласы нені зерттейді? ( тілдегі сөздербарлық жиынтығы, сөздік қор )
Әділқазылар алқасынан екі топқа қойған баға сұралады.
V бөлім. Ана тілім – жыр-әнім
Мұғалім: Ана тілім – ақ қанатты тұлпарым,
Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.
Ана тілім – махаббатым, құштарым,
Ана тілім – әнге қосар ардағым.
V бөлім «Ана тілім – жыр-әнім» деп аталады. Бұл бөлімде әр топтан бір-бір оқушыдан тіл туралы ән айтады.
Әділқазылар алқасынан екі топқа қойған баға сұралады.
Мұғалім: Ана тілім бірге жанар өзіммен,
Ана тілім қадір тұтам сені мен.
Ана тілім, ардақтысың қашан да,
Орын берем жүрегімнің төрінен.
Өсірген ой білімді,
Сүйемін туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Қастерлеп қазағымның ана тілін,
Қайнаған қаныменен баба тілін.
Бірлікке, татулыққа ұран болған,
Бұрынғы тектілердің дана тілін.
«Өз тіліңді оқы» дейді мектепте,
Селтең қағып жүрме балам, бос текке.
Өзге тілге қанша құмар болсаң да,
Өз тіліңді шамаң келсе шеттетпе.
Қорытынды: Бүгінгі сайыс сабағымыз да өз мәресіне жетті. Жүлдегерлерді анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі. ( марапаттау ).