| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, Білім күнімен құттықтау. Тақтаға апта дәйексөзін жазу Құрметті оқушылары, сіздер биыл мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған, заң алдында жауап бере алатын азаматсыздар. Ата Заңымыздың 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосу — әрбір "Адал азаматтың" міндеті. Бүгін біз экстремалды жағдайларда құтқару қызметтерімен дұрыс байланысу мәдениетін талқылаймыз». | Ақпаратты тыңдайды, өздеріне қатысты құқықтар мен міндеттерді (мысалы, білім алу құқығы, Отанды қорғау міндеті) еске түсіреді. | «Family Star» (Шаңырақ жұлдызы стикері) — Белсенді оқушыларға беріледі. | Дәйексөз жазылған плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | 1-топ: «Адал азамат». (Конституциялық құқықтарды дұрыс пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адал еңбек). 2-топ: «Зерделі ұлт». (Білім мен ғылымның маңызы, тарихи мен мәдениетті сақтау, заңдық сауаттылық). 3-топ: «Жауапты қоғам». (Қоршаған ортаны қорғау, өзгелердің құқығын бұзбау, қоғамдық тәртіпті сақтау). | Постер дайындайды немесе спикер шығарып, өз тақырыптарын дәлелді түрде қорғайды. | «Value Thinker» (Шам стикері) — Шығармашыл жұмыс үшін. | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| | Түлектерге алдағы уақытта кездесуі мүмкін құқықтық жағдаятты ұсынады. Жағдаят: «18 жасқа толған азамат сайлауға барудан бас тартты және бұл менің жеке құқығым, маған бәрібір деді. Оның бұл әрекеті "Жауапты қоғам" принципіне сай келе ме?» | Пікірталасқа түседі. Бірі бұл оның құқығы десе, екіншісі мемлекет болашағына бейжай қарамау — азаматтық міндет екенін айтып, «Жауапты қоғам» идеясын қорғайды | ЖИ Feedback: | |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Ақпараттық блок (2 мин): Тақтада жедел қызмет нөмірлерін (101, 102, 103, 104, 112, 111) көрсетеді. Смартфондардағы «Шұғыл шақыру» функциясының (SIM-картасыз жұмыс істеу) ерекшелігін түсіндіреді. Құқықтық сауаттылық пен кейс (5 мин): Оқушыларға ҰБТ немесе емтихан кезіндегі «жалған бомба/қоңырау» туралы жағдаяттық сұрақ қояды. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабын (5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) түсіндіреді. | Жедел қызмет нөмірлерін еске түсіреді, смартфондағы қауіпсіздік параметрлері туралы ақпаратты тыңдайды.Берілген жағдаяттық сұраққа жауап береді, өз пікірлерін ортаға салады. Жалған қоңырау шалудың заңдық салдарын және оның қоғамға тигізетін зиянын (басқа адамдардың өміріне қауіп төнуі) ұғынады. | «Safe School» (Жүрек/Қауіпсіздік стикері) — Дұрыс көзқарас пен белсенділік үшін. | Буллингтің алдын алу жадынамалары, плакат. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: Оқушылардың белсенділігін атап өтеді. Сабақты Тұңғыш Президенттің немесе Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» тұжырымдамасымен түйіндейді. Мұғалімнің түйін сөзі: «Зерделі ұлт — заңды құрметтейтін, өз әрекетіне жауап бере алатын саналы қоғам. Өмірде кез келген жағдаятқа дайын болыңыздар, бірақ заңды бұзуға жол бермеңіздер». | Сабақтан алған негізгі түйінді (заң сауаттылығы мен қауіпсіздік) бекітеді.Өз смартфондарындағы төтенше жағдай параметрлерін тексеруге бағыт алады. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы шаңырақ макеті. |