| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, Білім күнімен құттықтау. Тақтаға апта дәйексөзін жазу Құрметті оқушылары, сіздер биыл мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған, заң алдында жауап бере алатын азаматсыздар. Ата Заңымыздың 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосу — әрбір "Адал азаматтың" міндеті. Бүгін біз экстремалды жағдайларда құтқару қызметтерімен дұрыс байланысу мәдениетін талқылаймыз». | Ақпаратты тыңдайды, өздеріне қатысты құқықтар мен міндеттерді (мысалы, білім алу құқығы, Отанды қорғау міндеті) еске түсіреді. | «Family Star» (Шаңырақ жұлдызы стикері) — Белсенді оқушыларға беріледі. | Дәйексөз жазылған плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | 1-топ: «Адал азамат». (Конституциялық құқықтарды дұрыс пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адал еңбек). 2-топ: «Зерделі ұлт». (Білім мен ғылымның маңызы, тарихи мен мәдениетті сақтау, заңдық сауаттылық). 3-топ: «Жауапты қоғам». (Қоршаған ортаны қорғау, өзгелердің құқығын бұзбау, қоғамдық тәртіпті сақтау). | Постер дайындайды немесе спикер шығарып, өз тақырыптарын дәлелді түрде қорғайды. | «Value Thinker» (Шам стикері) — Шығармашыл жұмыс үшін. | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| | Түлектерге алдағы уақытта кездесуі мүмкін құқықтық жағдаятты ұсынады. Жағдаят: «18 жасқа толған азамат сайлауға барудан бас тартты және бұл менің жеке құқығым, маған бәрібір деді. Оның бұл әрекеті "Жауапты қоғам" принципіне сай келе ме?» | Пікірталасқа түседі. Бірі бұл оның құқығы десе, екіншісі мемлекет болашағына бейжай қарамау — азаматтық міндет екенін айтып, «Жауапты қоғам» идеясын қорғайды | ЖИ Feedback: | |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Ақпараттық блок (2 мин): Тақтада жедел қызмет нөмірлерін (101, 102, 103, 104, 112, 111) көрсетеді. Смартфондардағы «Шұғыл шақыру» функциясының (SIM-картасыз жұмыс істеу) ерекшелігін түсіндіреді. Құқықтық сауаттылық пен кейс (5 мин): Оқушыларға ҰБТ немесе емтихан кезіндегі «жалған бомба/қоңырау» туралы жағдаяттық сұрақ қояды. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабын (5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) түсіндіреді. | Жедел қызмет нөмірлерін еске түсіреді, смартфондағы қауіпсіздік параметрлері туралы ақпаратты тыңдайды.Берілген жағдаяттық сұраққа жауап береді, өз пікірлерін ортаға салады. Жалған қоңырау шалудың заңдық салдарын және оның қоғамға тигізетін зиянын (басқа адамдардың өміріне қауіп төнуі) ұғынады. | «Safe School» (Жүрек/Қауіпсіздік стикері) — Дұрыс көзқарас пен белсенділік үшін. | Буллингтің алдын алу жадынамалары, плакат. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: Оқушылардың белсенділігін атап өтеді. Сабақты Тұңғыш Президенттің немесе Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» тұжырымдамасымен түйіндейді. Мұғалімнің түйін сөзі: «Зерделі ұлт — заңды құрметтейтін, өз әрекетіне жауап бере алатын саналы қоғам. Өмірде кез келген жағдаятқа дайын болыңыздар, бірақ заңды бұзуға жол бермеңіздер». | Сабақтан алған негізгі түйінді (заң сауаттылығы мен қауіпсіздік) бекітеді.Өз смартфондарындағы төтенше жағдай параметрлерін тексеруге бағыт алады. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы шаңырақ макеті. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | •Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасады, психологиялық жағымды ахуал туғызады.Интерактивті тақтадан отбасы, үлкен өмірге қадам басқан жастар туралы 1,5 минуттық қысқа бейнеролик көрсетеді.«Миға шабуыл» сұрағын қояды: «Балалар, бірнеше айдан кейін мектеп бітіріп, дербес өмірге қадам басасыздар. Сендер үшін "дербестік" пен "болашаққа жауапкершілік" деген не?» | Бейнероликті мұқият тамашалайды.Сұраққа жауап береді. Дербестікті ата-анадан бөлек тұрумен ғана емес, өз бетінше шешім қабылдап, оның салдарына жауап берумен байланыстырып, өз ойларын айтады. | «Family Star» (Шаңырақ жұлдызы стикері) — Белсенді оқушыларға беріледі. | «Ой қозғау», жағдаяттық талдау (кейс-стади), топтық пікірталас, «Болашаққа хат» әдісі. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | «Отбасылық құндылықтар және біздің болашағымыз» тақырыбын талқылау: - Отбасыдан басталатын игі қасиеттер: сыйластық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және олардың бала болашағына әсері. 1. «Құндылықтар пирамидасы» (Топтық жұмыс - 10 мин): Сыныпты 3 топқа бөлдіреді. Әр топқа «Отбасы», «Дербестік», «Жауапкершілік» ұғымдарын беріп, бұл құндылықтардың 11-сынып түлегі үшін неліктен маңызды екенін постерде дәлелдеуді тапсырады | Отбасылық құндылықтардың қоғам мен жеке тұлға үшін маңызын талқылайды. . Толық құрамда топқа бөлінеді, берілген ұғымдарды талқылайды, постер дайындайды және топ басшысы өз тұжырымдарын сынып алдында қорғайды | «Value Thinker» (Шам стикері) — Шығармашыл жұмыс үшін. | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| | 2. Жағдаяттық талдау (Кейс-стади - 10 мин): Оқушыларға ересек өмірде кездесетін нақты кейсті ұсынады: «Оқушы грантқа түсе алмады. Ата-анам кінәлі, маған репетитор жалдамады деп ренжіді. Ал оның досы ақылы бөлімге түсіп, ата-анасына салмақ салмас үшін кешкісін жұмыс істеуді шешті. Қай кейіпкерде "дербестік пен жауапкершілік" жоғары?»3. Құқықтық сауаттылық (5 мин): Мұғалім 18 жасқа толғанда азаматтардың толық заңды жауапкершілікке (қылмыстық, азаматтық) ие болатынын және отбасылық заңнама бойынша ата-ананы күту міндеті барын түсіндіреді. | Жағдаятты қызу талқылайды. Өз сәтсіздігіне өзгелерді кінәлау — балалық, ал шешім қабылдап, еңбектену — нағыз дербестік екенін айтып, екінші кейіпкерді қолдайды.Заң алдындағы және отбасы алдындағы міндеттерін тыңдап, болашақ қадамдарына сақтықпен әрі саналы қарау керектігін ұғынады. | ЖИ Feedback: «Отбасылық құндылықтарды терең түсінгенің – болашаққа салынған мықты іргетас!» | |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Миға шабуыл» сұрағы: «Ересек өмірге қадам басқанда адам әртүрлі қиындыққа (психологиялық, заңдық) тап болуы мүмкін. Көмек сұрау әлсіздік пе, әлде сауаттылық па?» Ақпараттық блок (3 мин): Интерактивті тақтада сенім телефондары мен қолдау орталықтарын көрсетеді:111 — Адам құқықтары, отбасылық мәселелер мен зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық жедел желі.150 — Жастар мен балаларға арналған ұлттық психологиялық көмек телефоны.Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог — алғашқы ішкі көмек нүктесі.Жағдаяттық талдау (4 мин): Кейс ұсынады: «11-сынып оқушысы ҰБТ жақындаған сайын қатты мазасызданып, депрессия белгілерін сезді немесе қатарластары тарапынан кибербуллингке (желідегі қудалауға) ұшырады. Ол не істеуі керек?» | Көмекке жүгінудің ресми байланыс нөмірлерін смартфондарына жазып алады немесе есте сақтайды.Қоңырау шалу мүлдем анонимді (құпия) және тегін екенін ұғынады.Жағдаятты талдайды. Мәселені іште сақтамай, ата-анасына, мектеп психологына айту немесе 150 нөміріне хабарласып, кәсіби психологтан кеңес алу ең дұрыс жол екенін негіздейді. | «Safe School» (Жүрек/Қауіпсіздік стикері) — Дұрыс көзқарас пен белсенділік үшін. | Буллингтің алдын алу жадынамалары, плакат. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: «Болашаққа хат» әдісі: Оқушыларға шағын парақтар таратады. «Өзіңіздің 5 жылдан кейінгі тұлғаңызға хат жазыңыз. Онда қандай маман иесі, отбасыңызда қандай перзент болғыңыз келетінін жазыңыз» деп тапсырма береді. Қорытынды: «Дербес болу — еркіндік қана емес, ол үлкен жауапкершілік. Болашақтарыңыз өз қолдарыңызда». | Әр оқушы жеке отырып, өз парағына 5 жылдан кейінгі өзіне арналған мақсаттары мен армандарын, жауапкершілік міндеттемелерін жазады. Хаттарды конвертке салады.Мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдап, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы шаңырақ макеті. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Тақтаға апта дәйексөзін жазу: «Еңбекқорлық – адамның ең жақсы қасиеті» (Абай). Ой қозғау / Пікірталас: «Абайдың бұл қағидасын қалай түсінесіздер? Неліктен еңбексіз адамның күні қараң?» деген сұрақтар арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. • Мұғалімнің түйіндеуі. | Оқушылар Абайдың қара сөздері мен нақылдары негізінде еңбектің қадір-қасиеті туралы өз ойларын ортаға салады. Дәйексөздің мағынасын дәптерге жазып алады. | «Worker Star» (Еңбек жұлдызы стикері) — Белсенді оқушыларға беріледі. | Абайдың нақылы жазылған плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын таныстыру: - Әртүрлі мамандықтар әлеміне шолу жасау (дәстүрлі және жаңа заманауи мамандықтар). | Өз топтарында таңдаған мамандықтары бойынша шағын жоба немесе қорғау әзірлейді. | «Smart Thinker» (Шам стикері) — Шығармашыл жұмыс үшін. | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы |
| | Топтық жұмыс: «Болашақ мамандығым» - Оқушылар топтарға бөлініп, белгілі бір мамандық иесінің (мысалы: инженер, эколог, құрылысшы, IT маманы) бір күндік жұмысын сипаттайды. ЖИ-ді қолдану: Оқушылар AI Career Guide қосымшасы арқылы өздерінің қызығушылықтарына сай келетін мамандықтарды анықтап, ЖИ берген кеңестерді талқылайды. | AI Career Guide арқылы өз қабілеттеріне сәйкес мамандықтар тізімін қарап, талдау жасайды. | ЖИ Feedback: «Бұл мамандықты таңдауың – болашаққа жасалған үлкен қадам!» | |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | 1. Груминг — интернетте бейтаныс адамның (көбіне ересектердің) жасөспірімнің сеніміне кіріп, дос болып, кейіннен бопсалау немесе зиян келтіру мақсатында жақын қарым-қатынас орнатуы. 2. Сталкинг — шынайы өмірде немесе желіде (киберсталкинг) бір адамның екінші адамды оның еркінен тыс үнемі аңдуы, соңынан қалмай хат жазуы, қорқытуы. • Құқықтық ескерту: ҚР Заңнамасына сәйкес, қудалау, қорқыту және жеке өмірге қол сұғушылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК 147-бабы) әкеледі. | Ұғымдардың айырмашылығын есте сақтайды. Желідегі «жақсы сөйлейтін» кез келген бейтаныс адам дос емес, манипулятор болуы мүмкін екенін ұғынады.Қудалау мен аңду — махаббаттың немесе назар аударудың белгісі емес, бұл жеке шекараны және заңды бұзу екенін түсінеді.Қорғану алгоритмін талқылайды: үнсіз қалмай, бірден жақындары мен құқық қорғау органдарынан көмек сұрау қажеттігін бекітеді. | «Safe Step» (Жасыл белгі / Жүрек стикері) — Қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгергені үшін. | Жол картасы немесе аудан сызбасы, қауіпсіздік жадынамалары. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: «Бүгінгі сабақтан өзіме қандай өмірлік сабақ алдым?» Қорытынды: Еңбекқорлық пен қауіпсіздік ережелерін ұстанудың маңызын пысықтау. . | Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып, тақтаға («Жетістік баспалдағына») іледі. Бір-біріне еңбекпін жетістікке жетуді тілейді. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, баспалдақ плакаты. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл» деген сөзін слайдқа шығарады .«Миға шабуыл» сұрағы: «Балалар, алда ҰБТ және мамандық таңдау тұр. Кәсіби адалдық пен азаматтық адалдық қалай байланысады? Өз еңбегіңмен жеткен жетістік неліктен құнды?» | Нақыл сөздің мағынасын түсінеді.Сұраққа жауап береді. Оқушылар емтиханда көшірмеу («академиялық адалдық») — кәсіби адалдықтың алғашқы баспалдағы екенін, ал алдаумен келген диплом немесе қызмет болашақта қоғамға зиян тигізетінін айтып, өз ойларын білдіреді. | «Honesty Star» (Адалдық жұлдызы стикері) | Дәйексөз жазылған плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | Жағдаяттық талдау (Кейс-стади - 10 мин): Ресми заңдылық пен азаматтық ұстаным кейсін ұсынады: «Жас маман компанияға жұмысқа орналасты. Ол басшылықтың қаржылық құжаттарды бұрмалап, салықтан қашып жатқанын байқады. Үнсіз қалса — жұмысы сақталады, құқық қорғау органдарына хабарласа — жұмыссыз қалуы мүмкін. "Адал азамат" бұл жағдайда не істеуі керек?»3. Заң мен Ар-ождан (5 мин): Конституция бойынша әр азамат заңдарды сақтауға міндетті екенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — «Жауапты қоғамның» басты шарты екенін түсіндіреді. | Кейсті талдауда екіұдай күй кешсе де, 11-сынып деңгейінде заңдылық пен азаматтық ұстанымды таңдайды. Үнсіз қалу қылмысқа ортақтасу екенін, адал азамат заңсыздыққа жол бермеуі тиіс екенін айтады.Мұғалімнің түсіндірмесінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттырады. | «Safe School» (Жүрек стикері) — Топтық жұмыстағы белсенділік үшін. ЖИ Feedback: «Сенің әділ шешімің мен талдауың нағыз саналы азаматтың көзқарасы!» | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы), акция жадынамалары. |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Түсіндіру: Бейтаныс адамдардың немесе жаман ортаның күмәнді, заңсыз немесе қауіпті істерге (көшедегі төбелес, белгісіз заттарды көтеру, қауіпті ойындар) тарту әрекеттерінен қалай сақтану керектігін түсіндіру. Практикалық әдіс («Жоқ дей біл!»): Осындай жағдайда «Жоқ!» деп кесіп айту, дереу ол жерден кету және ересектерге (ата-ана, мұғалім, полиция) хабарлау ережелерін пысықтау. | Қауіпті жағдайлар мен күмәнді ұсыныстарға тап болғанда қандай әрекет жасау керектігін ережелерге сүйене отырып талқылайды. Қауіпсіздік алгоритмін («Тұр – Ойлан – Бас тарт – Хабарла») жадына түсіреді. | «Safe Guard» (Қауіпсіздік белгісі) — Қауіпсіздік ережелерін дұрыс түсінгені үшін. | Қауіпсіздік жадынамалары, плакат. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | «Болашақта өз кәсібіңізде ешқашан аттамайтын басты адалдық принципіңізді жазып, тақтадағы Таразы суретіне жабыстырыңыз» деп сұрайды. Қорытынды: «Адалдық — уақытша ұран емес, ол өмірлік ұстаным. Зерделі ұлт — адал еңбекпен байитын ұлт». | Стикерлерге өздерінің болашақ кәсіби қағидаларын жазады (мысалы: «Пара алмау», «Адал емдеу», «Заңды бұзбау») және тақтаға іледі.Мұғалімнің сөзінен қорытынды шығарып, ересек өмірде «Адал азамат» болуға іштей серт береді. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы макет. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Тақтаға апта дәйексөзін жазу: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың мәңгілік ұраны» Ой қозғау: Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы болу, ұлағатты ұстаз жолын жалғастыру туралы қысқаша әңгіме жүргізу. Мұғалімнің түйіндеуі. | Оқушылар дәйексөздің мағынасын талқылап, тәуелсіздік пен білімнің байланысы туралы ой бөліседі. Дәптерге жазып алады. | «Independence Star» (Жұлдызша стикері) — Белсенділік үшін. Ауызша мақтау. | Дәйексөз жазылған плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | «Ұстаз еңбегі және білім алушының жауапкершілігі» тақырыбын талқылау: - Ұстаз еңбегінің ұлылығы, мектеп пен ұстаздың тұлға қалыптастырудағы рөлі. «Шабыт» жобасы және «Даналық ұстаздан» челленджі: - Оқушылар өздеріне өмірлік бағыт-бағдар берген немесе шабыттандырған ұстаздары туралы әсерлі естеліктерімен бөліседі. ЖИ-ді қолдану: - Оқушылар AI Poetry / Message Assistant көмегімен сүйікті ұстаздарына арналған жүрекжарды алғыс хат, шумақ немесе құттықтау мәтінін дайындайды. | «Шабыт» жобасы аясында өз шығармашылық ойларын ортаға салады. «Даналық ұстаздан» челленджіне қатысып, ұстаздарға арналған жылы лебіздерін жазады. ЖИ ұсынған әдемі сөздер мен тіркестерді қолдана отырып, өз құттықтауларын толықтырады. | «Creative Star» (Шабыт стикері) — Шығармашылық жұмыс үшін. ЖИ Feedback: «Ұстазға деген шынайы алғысың мен әдемі жазылған лебізің жүрекке жетеді!» | А4 қағаздар, түрлі-түсті маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Ақпараттық блок: «ТЖ кезіндегі 3 алтын ереже» (3 мин): Мұғалім тақтаға негізгі іс-әрекет алгоритмін шығарады: 1. Сабырлық сақтау — дүрбелеңге бой алдырмау, айқайламау, айналаға байыппен қарау. 2. Эвакуация ережесі — ғимараттан шығу сызбасы (эвакуациялық жоспар) бойынша лифтіні қолданбай, баспалдақпен жылдам, бірақ жүгірмей шығу. 3. Байланыс — қауіпсіз жерге шыққан соң бірден 112 нөміріне хабарласып, нақты мекенжай мен жағдайды баяндау. Зерделі ұлт — кез келген сын-қатерге дайын, ережеге бағынатын саналы қоғам. Экстремалды жағдайдағы сіздің суыққандылығыңыз бен дұрыс әрекетіңіз жүздеген өмірді сақтап қалуы мүмкін». | Қауіпсіздік ережелерін мұқият тыңдайды. Смартфонда желі жұмыс істемей қалса да, құтқару қызметіне хабарласу жолдарын еске түсіреді.Жағдаятты талқылайды. «Жауапты қоғам» мүшесі ретінде тек өзін ғана ойламай, кіші сынып оқушыларын тыныштандыру, оларды бағыттап, ғимараттан қауіпсіз шығаруға көмектесу — мектеп бітіруші түлектердің азаматтық парызы екенін негіздейді. | «Safe Road» (Жасыл белгі / Қауіпсіздік стикері) — Қауіпсіздік ережелерін меңгергені үшін. | Қауіпсіздік жадынамалары, плакат. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: «Бүгінгі сабақтан қандай рухани әсер алдым және өзіме қандай сақтық ережесін түйдім?» Қорытынды: Ұстазға құрмет көрсету мен өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңызын қорытындылау. Белсенді оқушыларды мадақтау. | Оқушылар өз әсерлерін стикерлерге жазып, тақтадағы «Шабыт ағашына» немесе «Алғыс жүрегіне» іледі. Бір-біріне сәттілік тілейді. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы макет. |
| Педагогтің аты-жөні: | Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы |
| Күні: | 05.10.2026 ж. |
| Сыныбы: | 5 «А» |
| Сабақтың тақырыбы: | «Ұстаз – ұлы есім, мәртебелі мамандық». №6 Қауіпсіздік сабағы: «Мектептегі және сыныптағы қауіпсіздік ережелері (жарақаттанудың алдын алу)». |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға ұстаз мамандығының қоғамдағы рөлін, ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімін терең түсіндіру; Мектеп ішінде (дәлізде, сатыда, спорт залда және кабинетте) қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өзін және өзгелерді жарақаттан қорғауға үйрету. |
| Апта дәйексөзі: | «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» |
| ЖИ элементтері: | AI Gratitude Assistant (Ұстаздарға алғыс хат/эссе құрастыруға арналған ЖИ көмекшісі), ЖИ авто-кері байланысы (AI Feedback) |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | •Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Қазан айының басында аталып өтетін ұстаздар мерекесінің маңызын айтып, сабақ тақырыбымен таныстыру. Ой қозғау: «Ұстаз сіз үшін кім?» деген сұрақ арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. | Оқушылар өз ұстаздары туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, пікір алмасады. | «Teacher's Friend» (Жұлдызша стикері) — Белсенділік үшін. Ауызша мақтау. | Мерекелік плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | Негізгі тақырыпты талқылау: - Ұстаз еңбегінің қадір-қасиеті, білім мен тәрбие берудегі рөлі. Топтық жұмыс / Шығармашылық сәт: - Оқушылар топта біріге отырып, сүйікті ұстаздарына арналған лебіздер немесе алғыс тілектер дайындайды. ЖИ-ді қолдану: - Оқушылар AI Gratitude Assistant көмегімен ұстаздарға арналған әдемі жүрекжарды құттықтау мәтінін немесе алғыс хат жолдарын құрастырып, талқылайды. | Топта ұстаз туралы ойларын ортаға салып, шығармашылық жұмыс жасайды. ЖИ көмегімен әдемі тіркестерді таңдап, өз құттықтауларын толықтырады. | «Creative Star» (Шабыт стикері) — Шығармашылық жұмыс үшін. ЖИ Feedback: «Ұстазға деген жүрекжарды алғысың өте әсерлі шықты!» | А4 қағаздар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Тақырып: «Мектептегі және сыныптағы қауіпсіздік ережелері». Түсіндіру: Мектеп дәліздерінде жүгірмеу, сатымен дұрыс түсіп-шығу, терезе мен есік маңында абай болу, спорт залында және кабинеттерде қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері. Практикалық кеңес: Оқыс жағдай немесе жарақат алған кезде дереу мұғалімге немесе медпунктке хабарласу қажеттігін ескерту. | Мектеп ішіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын талқылайды. Дұрыс әрекет ету алгоритмін бекітеді. | «Safe School» (Жасыл белгі / Қауіпсіздік стикері) — Қауіпсіздік ережелерін білгені үшін. | Қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия: «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым? Ұстазыма қандай алғыс айтамын?» Қорытынды: Ұстазды сыйлау мен мектепте тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызын қорытындылау. • Белсенді оқушыларды мадақтау. | Оқушылар өз әсерлерін стикерлерге жазып, тақтадағы «Алғыс ағашына» іледі. • Бір-біріне сәттілік тілейді. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы макет. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Тақтаға апта дәйексөзін жазу: «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» (Ы. Алтынсарин). Ой қозғау / Пікірталас: Слайдқа Конституцияның 38-бабын шығарады: «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраларды сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті». | Конституциялық міндеттерін еске түсіреді.Сұраққа жауап береді. Өз өңірлерінен шыққан атақты тұлғаларды, тарихи ескерткіштерді атап, тарихты білу — болашақты дұрыс құрудың негізі екенін айтып, пікір бөліседі. | «Patriot Star» (Ел патриоты стикері) — Белсенді оқушыларға беріледі. Ауызша мақтау. | Дәйексөз жазылған плакат, тақта, Ы. Алтынсарин портреті. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | Сыныпты 3 топқа бөлдіреді. Әр топқа туған өңірдің шежіресін жан-жақты ашатын тапсырма береді:1-топ: «Тарихи орындар» (Өңірдегі ескерткіштер, көне қалалар немесе мұражайлар).2-топ: «Ұлы есімдер» (Өңірден шыққан батырлар, ақын-жазушылар, ғалымдар немесе еңбек ерлері).3-топ: «Заманауи шежіре» (Өңірдің бүгінгі жетістіктері, өндірісі, даму бағыты). «Тарихтан тағылым» кейс-стади (10 мин): Оқушыларға талдау сұрағын ұсынады: «Шетелдік инвесторлар біздің өңірдегі тарихи нысанның орнына зауыт салмақшы. Зауыт жұмыс орындарын ашады, бірақ тарихи құндылық жойылады. "Жауапты қоғам" мен "Зерделі ұлт" азаматтары ретінде бұл мәселені қалай шешер едіңіздер?»3. «Адал азамат» үні (3 мин): Мұғалім туған жердің табиғатын, тарихын қорғау — мемлекетті сыйлаудың алғашқы шарты екенін түсіндіреді. | Топқа бөлініп, өз өңірлері туралы білетін ақпараттарын жинақтайды, постер сызады немесе кластер жасайды. Спикерлер шығып, өз жұмыстарын қорғайды.Кейсті белсенді талқылайды. 11-сынып оқушылары ретінде экономикалық пайда мен рухани құндылықтың арасындағы теңгерімді іздейді. Мұраны сақтай отырып, зауытты басқа орынға ауыстыру немесе тарихи нысанды туристік орталыққа айналдыру идеяларын ұсынады.Азаматтық ұстанымның маңыздылығын ұғынады. | «Homeland Thinker» (Шам стикері) — Танымдық жұмыс үшін. ЖИ Feedback: «Туған жеріңе деген сүйіспеншілігің мен білімің нағыз азаматтық кейіпті көрсетеді!» | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Ақпараттық блок (3 мин): Интерактивті тақтада қажу мен күйзелістен қорғанудың «3 Қадам» ережесін көрсетеді: 1. Белгілерді тану: Созылмалы шаршау, зейіннің төмендеуі, себепсіз ашушаңдық — ағзаның демалыс талап еткен сигналы. 2. Тайм-менеджмент: Сабақ пен демалысты теңгерімде ұстау (Помодоро әдісі: 25 минут оқу, 5 минут үзіліс). Кемінде 7-8 сағаттық сапалы ұйқы. 3. Көмек сұрау: Стресс созылып кетсе, мектеп психологына немесе 150 ұлттық сенім телефонына хабарласу әлсіздік емес, сауаттылық. | Күйзелістің белгілерін және демалыстың физиологиялық маңыздылығын ұғынады..Мазасыздық кезінде көмекке жүгінудің ресми телефондарын естеріне сақтайды.Мұғаліммен бірге тыныс алу жаттығуын жасайды. Бұл әдісті емтихан немесе қатты толқу сәттерінде өздігінен қолдануды үйренеді | «Cyber Guard» (Қауіпсіздік / Жүрек стикері) — Цифрлық сауаттылық үшін. | Интернет қауіпсіздігі бойынша жадынамалар, слайд. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | «Өлкеме тарту» әдісі: Оқушыларға стикерлер таратады. «Сіздер мектеп бітіріп, үлкен маман иесі болғанда, өз туған өңірлеріңіздің дамуына, тарихын танытуға қандай үлес қосар едіңіздер? Нақты бір істі жазыңыздар» деп сұрайды.Сабақты қорытындылайды: «Зерделі ұлт өз тарихын ұлықтайды, ал адал азамат туған жерін гүлдендіреді. Болашақта қайда жүрсеңіздер де, туған өңір шежіресін ұмытпаңыздар». | Әр оқушы стикерге өз мамандығы тұрғысынан туған жерге тигізер пайдасын жазады (мысалы: «Туған ауылыма тегін заңдық көмек көрсетемін», «Өңір тарихы туралы сайт ашамын», «Инженер ретінде туған қалама заманауи мектеп саламын») және тақтаға жабыстырады.Сабақтан алған әсерлерін түйіндейді. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы макет. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Ұйымдастыру Әлихан Бөкейхановтың: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзін шығарады. «Миға шабуыл» сұрағы: «Балалар, сіздер жақын арада мектеп бітіріп, үлкен қалаларға, тіпті шетелге оқуға кетулеріңіз мүмкін. Қай жерде жүрсеңіздер де "туған жерге қызмет ету" дегенді қалай жүзеге асырар едіңіздер? Бұл тек ауылда қалып еңбек ету деген сөз бе?» | .Нақыл сөздің мағынасын ұғынады.Сұраққа жауап береді. Оқушылар туған жерге қызмет ету тек бір орында отыру емес, қай жерде жүрсең де алған біліміңмен, кәсіби жетістігіңмен еліңнің атын шығару, туған өңіріңе инвестиция тарту, әлеуметтік көмек көрсету екенін айтып, пікірталас жүргізеді. | «Patriot Star» (Ел патриоты стикері) — Белсенді оқушыларға беріледі. Ауызша мақтау. | Дәйексөз жазылған плакат, тақта, Ы. Алтынсарин портреті. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | 1-топ: «Цифрлық ауыл/қала» (Өңірді дамытуға арналған IT жоба немесе стартап). 2-топ: «Жасыл өлке» (Экологиялық мәдениетті арттыру, Конституцияның 38-бабы бойынша табиғатты қорғау жобасы). 3-топ: «Мейірімді қоғам» (Ауыл/қала жастарына, қарттарға немесе мұқтаж жандарға еріктілер (волонтерлік) көмегін ұйымдастыру Заңдылық негізі (3 мин): Конституция бойынша әр азаматтың құқықтарымен қатар мемлекет алдындағы міндеттері (Отанды қорғау, заңдарды сақтау) барын, бұл — жауапты қоғамның тірегі екенін түсіндіреді | опқа бөлінеді. Өз мамандықтары мен қызығушылықтарына сай (мысалы: ауыл шаруашылығын цифрландыру, қоқысты сұрыптайтын эко-акциялар, тегін ағылшын тілі курстарын ашу) жобалар ойлап тауып, оны қорғайды.Кейсті белсенді талдайды. Шетелге кету — Отанды сату емес екенін, заманауи «Адал азамат» әлемдік тәжірибені меңгеріп, еліне технология, білім тарту арқылы немесе шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру арқылы да қызмет ете алатынын алға тартады.Азаматтық парыздың ауқымды ұғым екенін сезінеді. | «Homeland Thinker» (Шам стикері) — Танымдық жұмыс үшін. ЖИ Feedback: «Туған жеріңе деген сүйіспеншілігің мен білімің нағыз азаматтық кейіпті көрсетеді!» | Плакаттар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы). |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | «Миға шабуыл» сұрағы: «Жасанды интеллект (ChatGPT, Midjourney) — бұл тек көмекші құрал ма, әлде дұрыс пайдаланбаса, заң бұзушылыққа әкелетін қауіп пе?» 1. Академиялық адалдық: Реферат, ғылыми жобаларды ЖИ-ге толық жаздырып, өз атынан ұсыну — зияткерлік ұрлық. 2. Дипфейк және киберқылмыс: Біреудің фотосын ЖИ арқылы өзгертіп, желіге тарту немесе бопсалау — ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. 11-сынып оқушылары (16-17 жас) бұл заң алдында толық жауап береді. «Зерделі ұлт технологияны дамытады, ал адал азамат оны ешқашан жамандыққа қолданбайды. Цифрлық әлемдегі әрбір басқан қадамдарыңызға, жазған пікірлеріңіз бен қолданған бағдарламаларыңызға жауапты болыңыздар». | ЖИ-ді пайдаланудың да құқықтық шекарасы бар екенін түсінеді.Жас ерекшелігіне байланысты (14-16 жастан бастап) киберқылмыстар үшін заң алдында жауап беретіндіктерін ұғынады.Кейсті талдайды. Желідегі кез келген қалжыңның арты қылмысқа әкелуі мүмкін екенін, досының намысына тию Конституцияға қайшы екенін айтады. «Жауапты қоғам» цифрлық кеңістіктегі әдептіліктен басталатынын негіздейді. Сабақты түйіндейді. Желіде және ЖИ-мен жұмыс істеуде цифрлық гигиена мен заң талаптарын сақтауға бағыт алады. | «Cyber Guard» (Қауіпсіздік / Жүрек стикері) — Цифрлық сауаттылық үшін. | Интернет қауіпсіздігі бойынша жадынамалар, слайд. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | «Азаматтық серт» әдісі: Оқушыларға стикерлер таратады. «Мектеп бітіріп, үлкен өмірге аттанғалы тұрған азамат ретінде, болашақта туған жеріңіз үшін міндетті түрде жасайтын бір игі ісіңізді (сертіңізді) жазып, тақтадағы Қазақстан картасына жабыстырыңыз» деп сұрайды.Сабақты қорытындылайды: «Зерделі ұлт — білімді, адал азамат — еңбекқор. Туған жерге қызмет ету үлкен ерліктен емес, күнделікті кішігірім адал істерден басталады». | Әр оқушы стикерге өз сертін жазады (мысалы: «Маман болғанда туған ауылыма заманауи емхана саламын», «Ешқашан заңды бұзбаймын», «Өз кәсібіммен елімді дамытамын») және картаға іледі.Мұғалімнің сөзінен қорытынды шығарып, болашаққа азаматтық жауапкершілікпен қарауға серпін алады. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы макет. |
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурсар |
| Сабақтың басы (5 мин) | Мемлекеттік Гимн орындалады.Слайдқа 1990 жылғы 25 қазанның тарихи маңызы туралы қысқаша мәлімет шығарады .«Миға шабуыл» сұрағы: «Балалар, Республика күні — егемендігіміздің алғашқы баспалдағы. Бүгінгі тәуелсіз елдің 11-сынып оқушысы үшін "азаматтық ұстаным" деген не? Ол тек сайлауға барумен шектеле ме?» | Республика күнінің еліміздің бас ұлттық мерекесі екенін сезінеді. Азаматтық ұстаным — бұл ел тағдырына бейжай қарамау, заңды құрметтеу, өз біліміңмен, әділдігіңмен және адал еңбегіңмен мемлекеттің дамуына үлес қосу екенін айтып, пікір бөліседі. | «Patriot Star» (Рәміздер/Жұлдызша стикері) — Белсенділік үшін. Ауызша мақтау. | Дәйексөз жазылған плакат, тақта. |
| Сабақтың ортасы (20 мин) | Негізгі бөлім: «Республика күні: тарихи тамыры мен бүгінгі бағыты»: - 25 қазан – Республика күнінің шығу тарихы, Егемендік декларациясының маңызы. 1. «Жауапты жастар — қуатты мемлекет» (Топтық жұмыс - 12 мин): Сыныпты 3 топқа бөліп, жастардың азаматтық ұстанымын көрсететін бағыттарды талдауды тапсырады:1-топ: «Құқықтық мәдениет» (Заңдарды сақтау, Конституцияны құрметтеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық).2-топ: «Экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік» (Еріктілік (волонтерлік), туған өңірді гүлдендіру, табиғатты қорғау).3-топ: «Зияткерлік патриотизм» (Ғылым, IT, білім арқылы Қазақстанды әлемге таныту). | Кейсті белсенді талқылайды. Құқықтық сауатсыздық пен мемлекет тағдырына немқұрайлылық ертеңгі күні қоғамның құлдырауына әкелетінін алға тартады. «Адал азамат» өз басын ғана ойламай, қоғам алдында жауапты болуы керектігін дәлелдейді.Егемендіктің құндылығын жете ұғынады. | «Healthy Patriot» (Шам стикері) — Танымдық және шығармашылық жұмыс үшін. ЖИ Feedback: «Тарихты білу және денсаулықты бағалау – саналы азаматтың белгісі!» | А4 қағаздар, маркерлер, ноутбук/смартфон (ЖИ платформасы), тарихи слайдтар. |
| Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | «Миға шабуыл» сұрағы: «Интернетте немесе таныстар арасында "оңай әрі жылдам ақша табу" (мысалы, біреудің ақшасын карта арқылы өткізу, белгісіз затты жеткізу) туралы ұсыныстардың артында қандай қауіп тұруы мүмкін?» Ақпараттық блок: Заманауи қауіптер (3 мин): Мұғалім тақтаға жастарды қылмысқа тартудың негізгі айлаларын шығарады: 1. Дропперлік: Біреудің өтінішімен өзінің банк картасын ақша аударымдары үшін беру немесе сату. Бұл — интернет-алаяқтарға көмектесу (қылмысқа ортақтасу) болып табылады. 2. Курьерлік («Закладчик»): Желідегі «жасырын жұмыс» ұсыныстары. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша есірткі заттарын таратқаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жас ерекшелігі қылмыстық жауапкершіліктенқұтқармайды (14-16 жастан бастап толық жауап береді). 3. Қорғану алгоритмі: Күдікті сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдардан ақша алмау, жеке деректерді бермеу.Жағдаяттық тапсырма (4 мин): Кейс тастайды: «11-сынып оқушысына Telegram желісінде белгісіз біреу хабарласып: "Сенің банк картаңа 50 000 теңге аударамын, сен оны басқа шотқа аударып жіберші, қызметің үшін 10 000 теңге өзіңде қалады" деп ұсынды. Оқушы не істеуі керек?» | Құқықтық ақпаратты мұқият тыңдайды. Жай ғана «картаны бере салу» немесе «жеткізіп беру» әрекеті үшін де өмір бойына соттылық дерегі қалыптасып, болашақ мансапқа (ҰБТ-дан кейінгі мемлекеттік қызмет, заңгерлік, т.б.) балта шабылатынын ұғынады.Кейсті белсенді талдайды. Бұл ақшаның алаяқтық жолмен (дропперлік) келгенін түсінеді. «Адал азамат» ретінде бұл ұсыныстан бірден бас тартып, аккаунтты бұғаттау, қажет болса ата-анасына немесе 102 нөміріне хабарлау керектігін негіздейді. | «Cyber Guard» (Қалқан / Жасыл стикер) — Цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздік үшін. | Мессенджерлердегі қауіпсіздік жадынамасы, суреттер. |
| Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия «Болашақ Қазақстан» әдісі: Оқушыларға стикерлер таратады. «Республикамыздың егемендігін нығайту үшін дәл қазір және болашақта маман ретінде қандай нақты қадам жасайсыз?» деп сұрайды.Сабақты қорытындылайды: «Егемендік — бізге аманат. Тәуелсіздікті сақтап қалу оны жариялаудан да қиын. Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз — еліміздің ертеңгі бейнесі». | Стикерлерге өз мақсаттарын жазады (мысалы: «ҰБТ-ны адал тапсырып, мықты инженер боламын», «Сайлау құқығымды белсенді пайдаланамын», «Еліміздің заңдарын қатаң сақтаймын») және тақтадағы «Бәйтерек» немесе Ту суретіне жабыстырады.Республика күніне деген азаматтық мақтаныш сезімдерін бекітеді. | «Success Path» (Түрлі түсті смайликтер) арқылы өзара бағалау. | Стикерлер, тақтадағы макет. |