| Бөлім: | Тәрбие жұмысы. Бірыңғай сынып сағаты | |
| Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Артықбай Д.М | |
| Күні: | 01.09.2026 жыл | |
| Сынып: 1 а | Қатысушылар саны: 22 | Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» | |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | • Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы қарапайым, жас ерекшелігіне сай түсінік қалыптастыру; • «адал азамат» болу, ережені сақтау, еңбексүйгіштік, тазалық ұғымдарын меңгерту; • Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. | |
| Сабақтың мақсаты | • Конституция – еліміздің ең басты заңы екенін біледі; • «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» ұғымдарын өз сөзімен қарапайым түсіндіре алады; • мектепте, үйде, көшеде ережені сақтаудың маңызын мысалдар арқылы көрсете алады. | |
| Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау. |
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
| Сабақтың басы | • Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Достық шеңбері» ойынын ұйымдастырады.
• Қызығушылықты ояту үшін «Жалпы ережелер бізге не үшін керек?», «Ал ережелер болмаса не болар еді?» деген сұрақтарды қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады
• «Балалар, еліміздің ең басты заңы қалай аталады, білесіңдер ме?» деген сұрақ қояды.
«Үш құндылық» әдісі: Оқушыларға үш түрлі сурет бейнеленген карточкаларды тарату арқылы сыныпты үш топқа бөледі.
| • Шеңберге тұрып, бір-біріне күлімсіреп, интерактивті тақтада берілген сөздерді мұғаліммен бірге қосылып айтады
• Слайдты қарап, мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны таниды.
• Мұғалімнің сұрағына өз болжамын айтады.
Мұғалім таратқан карточкалардың көмегімен үші топқа бөлінеді |
Ауызша мадақтау («жарайсың», «тамаша ой») | Презентация
Презентация
| ||||||||
| Сабақтың ортасы
| Сабаққа кіріспе: Презентация көмегімен оқушыларға Конституция, балалардың құқытары мен міндеттері, зерделі ұлт, адал азамат, табиғатты қорғау жайлы мұғалім жан жақты түсіндіреді
Топтық тапсырма: оқушыларға А4 форматтағы парақта берілген суреттерді бояп, суреттерді өз сөздерімен мұғалім көмегіне сүйене отырып қысқаша түсіндіреді. Берілетін суреттер: Жауапты қоғам тобына: Бірге - жауапты қоғам Адал азамат тобына: Мен – адал азаматпын Зерделі ұлт тобына: Менің Отаным - Қазақстан
Ұжымдық жұмыс: «Сен не істер едің?» жағдаяттық тапсырмалар. Сыныптағы оқушыларға үш жағдаяттық тапсырма слайд арқылы көрсетіледі. Берілген жағдаяттарды оқушылар мұғаліммен бірге талқылайды. Жағдаяттар: «Досыңның қарындашы сынып қалды», «Еденде басқа біреудің кітабы жатыр. Сен онымен не істейсің?», «Бір оқушы қоқысты еденге тастады.»
Ойын «Құқық па, әлде міндет пе?» тақтада берілгендердің қайсы құқық немесе міндет екенін ажыратып, құқық пен міндет деген себетке жіктеп салады.
Қорытынды: сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға ЖИ көмегімен жасалған бейнероликті тамашалау ұсынылады | • Конституция туралы әңгімені тыңдайды, сұрақ қояды.
• Топпен сурет-карточканы талқылап, «Бұл — адал азаматтың ісі, өйткені.» деп қорытынды жасайды.
• Слайдта берілген жағдаяттарды мұғалім көмегімен талқылайды
• Құқық пен міндетті бөліп, себетке салады
Оқушылар бейнероликті тамашалайды | Жұмыс нәтижесін ауызша талқылау, мадақтау сөздер
Мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс беріледі. Мақтау, марапаттау сөздер болады
Мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс беріледі. Мақтау, марапаттау сөздер болады
Мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс беріледі. Мақтау, марапаттау сөздер болады | Презентация
| ||||||||
| Сабақтың соңы
| «Жүрекше» рефлексия әдісін ұйымдастырады: әр оқушы қызыл/сары/жасыл жүрекшенің бірін таңдап, бүгінгі сабақтан не үйренгенін бір сөйлеммен айтуын сұрайды.
• Қорытынды сөз айтады: Конституция — бәрімізге ортақ басты заң, әр бала — Қазақстанның болашақ адал азаматы. | • Жүрекше түсін таңдайды, «Мен бүгін білдім.», «Мен адал азамат болу үшін.» деп өз пікірін айтады. • Мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдайды. | «Жүрекше» әдісімен өзін-өзі бағалау |
