жоспары
| Педагогтің аты-жөні: | Қадырбек Г.Қ. |
| Күні: | 13.10.2026 ж. |
| Сынып: | 10а |
| Сабақтың тақырыбы: | Автомобиль инженері: қозғалыс физикасы |
| Оқу мақсаты: | Көліктің түзу сызықты және қисық сызықты қозғалысындағы физикалық заңдылықтарды (жылдамдық, үдеу, үйкеліс, инерция) түсіндіру; Автомобильдің қозғалыс динамикасын зерттеу, оның жолдағы қауіпсіздігі мен маневр жасау мүмкіндіктерін физика тұрғысынан бағалау. |
| Сабақтың мақсаты: | Автомобиль қозғалысына әсер етісетін негізгі физикалық күштермен (тарту күші, кедергі күші, үйкеліс күші) танысады; Көліктің тежелу жолын, тоқтау қашықтығын және бұрылыстағы қозғалысын физикалық формулалар арқылы есептеп түсіндіреді; Автомобиль инженері мамандығының маңыздылығын түсініп, жолқауіпсіздігін арттыруға арналған физикалық шешімдерге өз бағаларын береді. |
| Бағалау критерийлері: | Автомобиль қозғалысының физикалық табиғатын дұрыс сипаттайды; Қозғалыс пен тежелуге қатысты есептеулер мен талдаулар жасайды; Инженерлік тұрғыдан өмірлік жағдаяттарға шешім ұсынады. |
| Құндылықтарға баулу: | «Адал азамат» бағдарламасы аясында – академиялық адалдық, жауапкершілік, қауіпсіздік мәдениеті және инженерлік ойлаудыдамыту. |
| Аптаның дәйек сөзі: | «Автомобиль жобалау – физика заңдарын өмірде дәл қолдану.» |
Сабақтың барысы
| Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау (Дескрипторлар) | Ресурстар(Сілтемелер) |
| I. Ұйымдастыру кезеңі (0–5 мин) | 1. Амандасу, түгендеу. 2. Психологиялық ахуал: «Авто-импульс» жағымды сәті. 3. Өмірмен байланыстыру(Мотивация): – Неліктен тайғақ жолда келе жатқан автомобильді бірден тоқтату мүмкін емес? Автомобиль инженерлері көлік жылдамдығы мен қауіпсізді |
