kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Халық дәстүрі - асыл қазына"

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбие сағатының тақырыбы: "халық дәстүрі - асыл қазына"

Халық дәстүрінің маңыздылығын түсінеді. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Халық дәстүрі - асыл қазына"»

Күні: 23.12.2016 ж

Сыныбы: 7 «Г»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Халық дәстүрі – асыл қазына»

Мақсаты:

Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.

Күтілетін нәтижелер:

Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігі- нен қорытынды шығара алады.

Сабақтың түрі: танымдық

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу;

Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер , даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері, интерактивті тақта, слайд, буклет;

Қанатты сөздер: «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.», «Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол», «Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»; «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»

«Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов, «Алтын емес, ата салтым қымбат»;

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.

II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл» әдісі

«Қазақы дастарханым» әнін тыңдату.

Сөзін жазған Ж. Боранбаев
Әнін жазған М. Ілиясов
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді
Иілсе келін-балаң.
Ықылас, ізет еткен
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!
Қайырмасы.
Толықсып туған айым,
Наурызым, айналайын.
Өзіңсің ырыс-құтым,
Қуаныш, думан-тойым.
Қайырмасы.

Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.

  • Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады,

  • Біз қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі туралы әңгімелесеміз.

ДАСТАРҚАН
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.


(Интерактивті тақтадан «қазақтың дәстүрлері» атты презентация көрсету)


III. Негізгі бөлім.

  1. Мағынаны ашу.

Мұғалім сөзі: “Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт -дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық , ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер де осы жол арқылы дарыған.

Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.

Сұрақ-жауап:
(Оқушылар әр дәстүрлерді тауып атайды. Мәліметтер береді.)

1 сұрақ:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2 сұрақ:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3 сұрақ:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.
5 сұрақ
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.
6 сұрақ:
Баланы атқа мінгізу салтыбаланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.



  1. Келесі бөліміміз «Бейне сұраққа» көшелік.

Имандылық, инабаттылықтың көзі болып табылатын ұлттық дәстүрге деген құрметтің қазіргі таңдағы халі кімді болмасын алаңдатары сөзсіз. Ұлттық рухани дүниеміздің жанашырлары – ұстаздарымыздың оқушыларға қояр сұрақтары бар екен.

1-сұрақ: Ерулік беру дегеніміз не?

Жауабы:

Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәніде бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйге отын, су әкеліседі. Міне, кең ойлап, терең ойлайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.

2-сұрақ. Жылу жинау дегеніміз не?

Жауабы:

Бір бақытсыздыққа ұшырағанда, үй мүлкі, малынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көршілері, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем жылу жинау деп аталады. \Жылу қай кезде жиналмайды\

3-сұрақ : Енші беру дегеніміз не?

Жауабы: 

Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп бөлек шығарады. Сонда малынан-мал, мүлкінен мүлік бөліп береді. \Ата-анасы қайтыс болса еншіні кім береді\

  1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі.


Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдіретін түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген оқушыларымыз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.

(Мұнда сайыскерлер қоржыннан әр түрлі әріптері бар асықты таңдап алады да, берілген 2 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға таңдап алған әріптермен жауап беруі тиіс.)


1-топқа сұрақ:

Сен үшін ең құрметті не?

Мектеп саған не береді?

Ұялғанда не істейсің?

Сіз үшін байлық не?

Кім сұлу?

Қандай мақал білесіз?

Сөйлей-сөйлей кім боласың?

Бақшада не өседі?

Қиындықты қалай жеңесіз?

Қандай салт дәстүрді білесіз?

Неден қорқасың?

2-топқа сұрақ:

Кімге сенбейсіз?

Кімнің қамын ойлайсың?

Әке көрген не істер?

Үлкенді қалай сыйлайсың?

Арыс өзенінде не көп?

Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?

Кітап саған не береді?

Тіл не үшін керек?

Сен кімсің?

Ең биік не?

Қандай салт-дәстүрді білесіз?

Қандай аспапта ойнайсың?


3 топқа сұрақ:

Қандай мақал-мәтел білесің?

Ең кіші не?

Базарда не бар?

Қиындықты қалай жеңесің?

Ұлдардың ұлысы кім?

Қандай ақын-жазушыны білесің?

Қол не үшін керек?

Сіз үшін байлық не?

Ең жақын не?

Көре-көре кім боласың?

Өмірлік мақсатың не?

Не іздеп жүрсің?



  1. «Ата салтың-ұлттық қалпың»

Бұл бөлімде екі топ бір-біріне көрініс арқылы сұрақ қояды. Топ мүшелерінің бейнелеп көрсеткен салт-дәстүр көріністерін келесі топ қалай аталатындығы оның мән мағынасын түсіндіруі қажет.

1-топтың көрінісі

Қақпанда түлкі жатады. Тымақ киген екі адам келе жатып қақпандағы түлкіні көреді.

— Мынау түлкі ғой.

— Ия, қақпанға түсіп қалыпты. Осы маңдағы аңшылардың қойған қақпаны ғой.

— Алсақ қалай болады?

— Алсақ алайық. Бірақ ырымын жасап, қақпанға ақша салып кетейік.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы: Бұл – «баутағар» деп аталады. Қақпандағы олжаны немесе аңнан келе жатқан аңшы байлаған олжаны, яғни аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде ақша немесе бір затты ұсынуы керек «баутағар» бермеген адамның малы шығынға ұшырайды деген сенім болған.



2-топтың көрінісі

Кілем үстінде тымақ киген ақсақал отыр. Бір кезде жанына жас жігіт келеді.

Жас жігіт: - Ассалаумағалейкум?

Ақсақал: - Уағалекум! Оу, жиен келіп қалдың ба? Мал басы, ошақ қасы аман ба?

Жас жігіт:  Аманбыз, нағашы

Ақсақал: — Иә, әңгімеңді айта отыр. Ел аман, жұрт тынышта не жүріс?

Жас жігіт: — Баяғы сол қырық серкештің жыры ғой бітпей жүрген.

Ақсақал: — Жиеннің қырық серкешін бермеске болмас. Әуелі төргі үйге барып, тынығып ал, қырық серкеш мәселесін содан соң жайластырамыз.

Жас жігіт:  Жақсы, нағашы. Өзімнің айтпағым да осы еді. Жүріңіз.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы:  Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашы ларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атайды. Халық жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.



3-топтың көрінісі

Ауыл жастары кездесіп қалады.

Қанат: - Ассалаумағалейкум?

Дәулет: - Уағалекум! Оу, Қалай қыстан амансыңдар ма?

Қанат:  Ия, аман. Ертең Аяттың үйінде бас қосамыз.

Дәулет: - Не себепті?

Аяулым: - Себебі, үйдегі үлкендер жолаушылап кетеді екен. Аят жалғыз өзі қалады.

Қанат: - Бәріміз бас қосып, ойын-сауық өткізейік. Әңгіме дүкен құрайық.

Дәулет: - Жарайды онда бәріне хабар берейік. Жүріңдер.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі әдет-ғұрып қалай аталады мәні неде?

Жауабы: Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып, ойын-сауық өткізіп, әңгіме дүкен құрады. Әртүрлі дәмді тағамдар жасайды.



  1. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»


1.Ұяда............., ұшқанда ...................
(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2)Ата............, бала ..................... .
(Ата- бәйтерек, бала жапырақ.)
3)Ер......... , ез .................. .
(Ер бір өледі, ез мың өледі.
4)Өле ................. , бөле ...................
(Өле жегенше , бөле же.)
5)Таяқ ............... , сөз ................
(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
6)Мал .............. , жер ...................
(Мал баққандікі, жер жыртқандікі. )
7)Тентектің ақылы ...................
(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
8).................. сүйіндіреді, .................. күйіндіреді.
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9)Мысық................., тышқан....................
(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

  1. «Менің түйгенім»

(Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша білгендерін жинақтап тірек сызба құрастырады)

Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, салт-дәстүрлері оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
• Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
• “Салт-дәстүр”деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Халықтық дәстүрден қандай өнеге-үлгі алуға болады?
• Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.

Салт-дәстүрді неліктен халықтың асыл қазынасы дейміз?


Қорытынды

Ата – бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың  дәстүрлерінен  үлгі алуымыз  қажет. « Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады» -  деген  болатын  атақты жазушы  Ғ. Мүсірепов.

Жаңбыр менен жер көгерер

Батаменен  ел көгерер,

- дегендей үлкендердің, ұлағатты адамдардың берген батасы тарихта ұрпақтан – ұрпаққа  үлгі болған.

Бата беру. 

Әлемді жарық ет 
Ұл- қызды түгел білімді ет 
Ақылдары ассын! 
Ықыластары тассын! 
Шаңыраққа иірілсін! 
Достары көп болсын! 
Әумин!   
Жүректен жүрекке



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Халық дәстүрі - асыл қазына"

Автор: Сейітхан Гүлмира Фазылқызы

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 375163

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Халы? д?ст?рі -асыл ?азына"
    ["seo_title"] => string(22) "khalykdsturiasylkazyna"
    ["file_id"] => string(6) "269173"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450778664"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашы? саба? «ХАЛЫ? Д?СТ?РІ – АСЫЛ ?АЗЫНА » "
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-khalyk-d-sturi-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "200129"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428734907"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салт-д?ст?р – асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(24) "salt-d-stur-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "204507"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429684175"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие са?аты "«Н?р себеле,  ?лысты? ?лы к?ні!»" "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nu-r-siebielie-u-lystyn-u-ly-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "195656"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427952673"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты:"Наурыз -?лысты? ?лы к?ні!" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206190"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430126551"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства