Просмотр содержимого документа
«С. Торайғыров "Шілде" өлеңі»
Қысқа мерзімді жоспар
Д.Қ. Жексенова, № 33 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Павлодар қаласы, Ленин кенті
Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні:
Сыныбы: 8 (орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың
тақырыбы
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сілтеме
Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет.
Мақсаты
Мақсаты:
білімділік: Оқушыларды С.Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, табиғаттың сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс
Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері
Уақыт
Мұғалімәрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1 мин
3 мин
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
Қосымша №1.Семантикалық карта.
оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер
2 мин
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. С. Торайғыров жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды.
-Балалар, бұл өлең қай ақынның өлеңі?
-Дұрыс айттыңдар, С. Торайғыровтың өлеңі екен.
-Олай болса, бүгін біз С.Торайғыров жайлы тереңірек танысамыз.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут
С.Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазды. Бірқатар өлеңдерінде жыл мезгілдерін , табиғат көріністерін шебер суреттейді.
1.Оқулықпен жұмыс, 71 бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша С.Торайғыров туралы конспект жазып алады.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
«Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша өлеңді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.
Тақырыбы: Табиғат көрінісі.
Идеясы: Жаз жыл мезгілі табиғатының көрінісін, сұлулығын оқушыларға таныту.
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
ЭО – пен жұмыс
Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.
Қосымша № 2. Жауап кілті.
Оқушылар ЭО- тағы тапсырмаларды орындайды.
1.Өлеңдегі шумақты, бунақ саны, ұйқас түрлерін анықтайды.
топ: 1 -шумақ
топ: 2-шумақ
топ: 3-шумақ
2.Өлеңнен эпитет, теңеулерді теріп жазу.
Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»;
1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті
2 мин
Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Кәне, кәне, тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық.
Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Талдау
5 мин
Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Мен қандай баламын?» ойыны
«Ойтолғаныс» кезеңі
«Бес жолды» өлең құрастыру.
Қосымша № 3
Жауап кілті.
Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.
Синквейн құрастырады.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Фраза
5.Зат есімге синоним
Жинақтау
8 мин
Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
«Өзіңнің туған жеріңді көз алдыңа елестету» - жазғы мезгілінде.
Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия
6 мин
1.Осы тақырыптағы басқа ақындардың өлеңдерін негізге ала отырып, Венн диаграмма құрастыру.