Пәні: Қазақ әдебиеті | Күні: | Сыныбы: 8 (орыс тілді мектеп үшін) |
Сабақтың тақырыбы | С. Торайғыров «Шілде» өлеңі |
Сілтеме | Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет. www.youtube.com Ustaz.kz «Мемлекеттік тіл» журналы 26- бет |
Мақсаты | Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды С.Торайғыровтың өмірімен таныстырып, өлеңінің идеясын ашуға тырысады, білімдерін жан-жақтылы кеңейтіп, сөз байлығы молайтады, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады. Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, табиғаттың сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтижелер | Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады. |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту |
Пәнаралық байланыс | Музыка, өзін-өзі тану. |
Қолданылатын әдістер | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы, ДЖИГСО |
Керекті жабдықтар | Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б. |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | 1 мин 1 мин | Ұйымдастыру Психологиялық ахуал туғызу Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер Бір-бірімізге сыйлайық! Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады: Топқа бөлу Сыныптың оқушыларын өлең жолдары арқылы 2 топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер. Қосымша №1.Семантикалық карта. | Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер». оқушылар өлең жолдарын құрау арқылы топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды. Критерийлер: «5»- 0 қате «4» - 1 қате «3»- 2-3 қате |
Тұсау кесер | 2 мин | « Ой шақыру» әдісі арқылы суретті (Сұлтанмахмұт портреті) пайдаланып, тұлғаны сипаттау. Осы портрет арқылы сипаттап болған соң, «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. С. Торайғыров жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды. -Балалар, бұл өлең қай ақынның өлеңі? -Дұрыс айттыңдар, С. Торайғыровтың өлеңі екен. -Олай болса, бүгін біз С.Торайғыров жайлы тереңірек танысамыз. | |
Негізгі бөлім Білу | 8 минут | С.Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазды. Бірқатар өлеңдерінде жыл мезгілдерін , табиғат көріністерін шебер суреттейді. «ДЖИГСО» әдісі арқылы топпен жұмысты ұйымдастыру | Тапсырма 1-топқа-Сұлтанмахмұт өмірі 2- топқа –Сұлтанмахмұттың шығармашылығы Оқулықтағы берілген мәтінді әр топ бөліп оқиды да, бір көшбасшы шығып басқа топтарға барып түсіндіреді.1-2,2-1топқа барып түсіндіреді |
Түсіну | 5 мин | Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау. «Мағынаны тану» 1.Оқулықпен жұмыс «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша өлеңді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Қосымша №2 жауап кілті | 2-тапсырма Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, өлеңді әр топ сатылай кешенді талдап ортаға шығып қорғайды. |
Қолдану | 7 мин | Мақсаты: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытуда топпен жұмыс жасайды. | 3-тапсырма «Топтас, достас, бағала» 1-топ эссе жазады 2-топ сурет салады |
Сергіту сәті | 2 мин | Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату. Кәне, кәне, тұрайық! Алға, артқа бұрылайық. Ағаштар секілді тербелейік, Самал желдей соғайық. | Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату. Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды. |
Талдау | 5 мин | Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру. «Мен қандай баламын?» ойыны «Бес жолды» өлең құрастыру. Қосымша № 3Жауап кілті | 4-тапсырма Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды. Синквейн құрастырады. 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Фраза 5.Зат есімге синоним |
Жинақ тау | 5 мин | Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау «Өзіңнің туған жеріңді көз алдыңа елестету» - жазғы мезгілінде. | 5-тапсырма Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды. Оқушылар топ ішінде бағдаршам түстері арқылы өздерін бағалайды. |
Қорытынды Рефлек сия | 6 мин | 1.Осы тақырыптағы басқа ақындардың өлеңдерін негізге ала отырып, Венн диаграмма құрастыру. Оқушыларға А. Құнанбаевтің «Қыс» өлеңінен үзінді интерактивті тақтада беріледі.Қосымша № 5 2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Не білдім? | Не ұнады? | Сабақтан алған әсерім | | | | | 1. «Шілде» өлеңін Абай Құнанбаевтің «Қыс» өлеңімен салыстырады. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады) Қосымша №4 2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі. |
Үйге тапсырма | 1мин | «Шілде» өлеңін жаттау 76- 77 бет; «Шілде» өлеңі бойынша өз ойларын мазмұндап жазу. | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау | 2 мин | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. |
5. 5-тапсырма-
Ыстық шілде.
Ыстық шілде келді.
Қандай ыстық шілде келді.
Жаз.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Әуес көріп жүгірген жас балалар
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды. Беті-қолы домбығып үсік шалды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық, Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. Аязбенен қызарып ажарланды. Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
1.Авторы-С. Торайғыров
2.Тақырыбы-шілде айының өзіне тән көрінісі, табиғат әлеміне енген жаңалық, табиғат көрінісі
Кейіптеу жүзі күлімдеп, көңілі шат деген сөздер әдетте адам туралы айтылады, ал ақын
таңмен бірге нұрланған көк әлемін күлімдеген кісі жүзіне ұқсатып суреттейді.
Эпитеттер: мас, тоқ, қысқа түн, жарық күн, сансыз торғай, көк майса, асыл шөп.
Теңеулер: түскендей, батқандай, жауһардай, айнадай.
11.Өлеңнің тәрбиелік мәні-адам баласын табиғатпен бірге түрлентіп,құлпыртып еңбек етуге, өмір сүрген
ортада бірін-бірі түсінуге тәрбиелейді.