Просмотр содержимого документа
««Қылмыс және жасөспірім»»
«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақстна тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Оқу мақсаты
8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді
Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылар
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
1 . А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікірімен қаншалықты келісесіз?
2. Елбасы Н.Назарбаевтың пікіріне қатысты деректер мен дәлелдер келтіріңіз.
Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында «1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды... «Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, қозғалыстың және болашақ «Алаш» партиясының баспа органы болды» деп жазды.
«1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды. Деректер келтіріңіз.
1.
2.
«Қазақ» газетінің рөліне төмендегі салалар бойынша дәлелдер келтіріңіз.
ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі
өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі
ағартушылық идеяларды насихаттауы
«Алаш» партиясының баспасөз органы
Дәлел
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді
1
А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазады;
1
Өз ұстанымына қатысты 1-дәлел келтіреді;
1
Өз ұстанымына қатысты 2-дәлел келтіреді;
1
Өз ұстанымына қатысты 3-дәлел келтіреді;
1
Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды
2
«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1-дерек келтіреді;
1
«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 2-дерек келтіреді;
1
«Қазақ» газетінің ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі туралы дәлел келтіреді;
1
«Қазақ» газетінің өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі туралы дәлел келтіреді;
1
«Қазақ» газетінің ағартушылық идеяларды насихаттауы туралы дәлел келтіреді;
1
«Қазақ» газетінің «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлел келтіреді.
1
Барлығы
10
«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан » бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________
Бағалау
Критерийлері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді
А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазып, оған 1/2/3-дәлел келтіруде қиналады
А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазып, оған 1/2/3-дәлел келтіруде қателіктер жібереді
А. Байтұрсыновтың: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген пікіріне қатысты ұстанымының себебін жазады, оған 1/2/3-дәлел келтіреді
Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды
«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1/2-дерек келтіріп, оның ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі, ағартушылық идеяларды насихаттауы, «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлелдер келтіруде қиналады
«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1/2-дерек келтіріп, оның ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі, ағартушылық идеяларды насихаттауы, «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлелдер қателіктер жібереді
«Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңнің басталуына 1/2-дерек келтіреді, оның ұлттық сана-сезімін оятуға үлесі, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтеруі, ағартушылық идеяларды насихаттауы, «Алаш» партиясының баспасөз органы болуы туралы дәлелдер келтіреді
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Қазақстандағы ұлттық автономиялар
Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Оқу мақсаты
8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру
8.4.1.1 Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
1.Ұлттық автономиялар туралы кестені толтырыңыз.
Алаш Орда үкіметі
Түркістан (Қоқан) автономиясы
Мақсаттары қандай болды?
Автономиялар өз мақсаттарына жете алды ма? Неліктен?
2. Деректерді салыстыра отыра, Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелерін салалар бойынша талдаңыз.
1-дерек
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды.
Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді. Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нәтижесінде мемлекет ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды.
Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болды?
Неліктен?
Екі дәлел келтіріңіз.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді
1
Алаш Орда үкіметінің мақсатын жазады;
1
Түркістан автономиясының мақсатын жазады;
1
Алаш Орда үкіметінің мақсатына жеткен/жетпегендігін жазады;
1
Себебін жазады;
1
Түркістан автономиясының мақсатына жеткен/жетпегендігін жазады;
1
Себебін жазады;
1
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасайды
2
ЖЭС-тың 1-саяси нәтижесін жазады;
1
ЖЭС-тың 1-экономикалық нәтижесін жазады;
1
ЖЭС-тың 2-саяси нәтижесін жазады;
1
ЖЭС-тың 2-экономикалық нәтижесін жазады;
1
Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болғандығы туралы пікірін білдіреді;
1
Бірінші дәлел келтіреді;
1
Екінші дәлел келтіреді.
1
Барлығы
13
«Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы » бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________
Бағалау
Критерийлері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді
Алаш Орда/Түркістан үкіметінің мақсатын жазуда, олардың мақсатына жеткен/жетпегендігін анықтауда, себебін жазуда қиналады
Алаш Орда/Түркістан үкіметінің мақсатын жазуда, олардың мақсатына жеткен/жетпегендігін анықтауда, себебін жазуда қателіктер жібереді
Алаш Орда/Түркістан үкіметінің мақсатын жазады, олардың мақсатына жеткен/жетпегендігін анықтайды, себебін жазады
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасайды
ЖЭС-тың 1/2-саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени нәтижелерін анықтап, Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болғандығы туралы пікірін білдіріп, 1/2-дәлел келтіруде қиналады
ЖЭС-тың 1/2-саяси, экономикалық нәтижелерін анықтап, Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болғандығы туралы пікірін білдіріп, 1/2-дәлел келтіруде қателіктер жібереді
ЖЭС-тың саяси, экономикалық нәтижелерін анықтайды, Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері тиімді/тиімсіз болғандығы туралы пікірін білдіреді, 1/2-дәлел келтіреді
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру
Қазақстандағы ұжымдастыру
Оқу мақсаты
8.4.2.1 Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
8.1.1.1 Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді
Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
Тест сұрақтарына жауап беріңіз
1. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны A) 100 мың. B) 150 мың. C) 200 мың. D) 220 мың.
2. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер
A) Т.Жүргенов.
B) О.Қожанов.
C) С.Садуақасов.
D) Т.Рысқұлов
3. Ф.И.Голощекин ұсынған идея
A) «ЖЭС».
B) «Әскери коммунизм».
C) «Кіші Қазан».
D) «Индустрияландыру».
4. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды
A) Қ.И.Сәтбаев.
B) Ғ.Мүсірепов.
C) С.Сәдуақасов.
D) А.Байтұрсынов.
E) Т.Рысқұлов.
5. 1931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары
A) 2,2 млн-ы.
B) 2,5 млн-ы.
C) 2,1 млн-ы.
D) 1,2 млн-ы.
6. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы не бары
A) 40,5 млн мал қалған еді.
B) 5 млн мал қалған еді.
C) 40,5 млн мал қалған еді.
D) 4,5 млн мал қалған еді.
2 . Берілген суреттер бойынша қандай оқиғаға қатысты екенін жазыңыз. Сұраққа жауап беріңіз.
1 2
1
2
3
4
3 4
Берілген суреттердегі оқиғалардың ортақ салдары қандай болды?
Бағалау критерийі
Тапсырма№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді
1
«Түркістан-Сібір» темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар санын анықтайды;
1
«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткерді анықтайды;
1
Ф.И.Голощекин ұсынған идеяны көрсетеді;
1
1933 жылы наурызда Сталинге кім ашық хат жазғанын көрсетеді;
1
1931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандарының санын көрсетеді;
1
ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса,1933 жылы не бары қаншасы қалғанын көрсетеді;
1
Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтайды
2
1-суреттегі оқиғаны анықтайды;
1
2-суреттегі оқиғаны анықтайды;
1
3-суреттегі оқиғаны анықтайды;
1
4-суреттегі оқиғаны анықтайды;
1
Суреттердегі оқиағалардың ортақ салдарын анықтайды.
1
Барлығы
11
«Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________
Бағалау
критерийлері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді
Индустрияландыру мен ұжымдастыру тақырыбы бойынша 1/2/3/4/5/6-тест сұрақтарына жауап беруге қиналады
Индустрияландыру мен ұжымдастыру тақырыбы бойынша 1/2/3/4/5/6-тест сұрақтарына жауап беруде қателіктер жібереді
Индустрияландыру мен ұжымдастыру тақырыбы бойынша тест сұрақтарынажауап береді
Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтайды
Суреттерге қатысты 1/2/3/4-оқиғағаны анықтауда және оқиғалардың ортақ салдарын анықтауда қиналады
Суреттерге қатысты 1/2/3/4-оқиғағаны анықтауда және оқиғалардың ортақ салдарын анықтауда қателіктер жібереді
Суреттерге қатысты 1/2/3/4-оқиғағаны анықтайды және оқиғалардың ортақ салдарын анықтайды
«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым » бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым
Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым
Оқу мақсаты
8.2.3.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау
8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын сипаттайды
Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне баға береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу мен түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
Берілген ақпараттардың ақиқат не жалған екендігін ажыратыңыз.
Ақпарат
ақиқат
жалған
А. Байтұрсынов қазақ тілінің ерекшелігін ескере отырып төте жазуды дайындады.
1923 жылы РК(б)П ХІІ съезінде И. Сталин орыс емес тұрғындарға қызмет көрсететін барлық мекемелерде ана тілді қолдануды қамтамасыз ететін арнайы заңдарды шығару туралы шешім қабылданды.
ҚазАКСР ОАК 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті алғашқы заңды құжат болды.
1938–1939 жылдары РКФСР халықтарының тілдерін жаппай латын тіліне көшіру жүзеге асырылды.
1938 ж. 5 сәуірде ҚАЗКСР Халық Комиссарлар Кеңесі "Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқып үйрену туралы" қаулы қабылдады.
Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне дәлелдер келтіріңіз.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын сипаттайды
1
1-ақпараттың ақиқат не жалғандығын анықтайды;
1
2-ақпараттың ақиқат не жалғандығын анықтайды;
1
3-ақпараттың ақиқат не жалғандығын анықтайды;
1
4-ақпараттың ақиқат не жалғандығын анықтайды;
1
5-ақпараттың ақиқат не жалғандығын анықтайды;
1
Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне баға береді
2
Қазақстан өнеркәсібін дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 1-дәлел келтіреді;.
1
Қазақстан өнеркәсібін дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 2-дәлел келтіреді;.
1
Қазақстан ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 1-дәлел келтіреді;.
1
Қазақстан ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 2-дәлел келтіреді.
1
Барлығы
9
«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым » бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________
Бағалау
Критерийлері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын сипаттайды
1/2/3/4/5-ақпараттың ақиқат не жалғандығын ажыратуда қиналады
1/2/3/4/5-ақпараттың ақиқат не жалғандығын ажыратуда қателіктер жібереді
1/2/3/4/5-ақпараттың ақиқат не жалғандығын ажыратады
Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне баға береді
Қазақстан өнеркәсібін/ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 1-2-дәлел келтіруде қиналады
Қазақстан өнеркәсібін/ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 1-2-дәлел келтіруде қателіктер жібереді
Қазақстан өнеркәсібін/ғылымын дамытудағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне 1-2-дәлел келтіреді
ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы
XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы
Оқу мақсаты
8.2.2.1 Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасына талдау жасайды
Шығармалардың қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға береді
Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу мен түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
1. Әдебиет өкілдерінің шығармалық мұрасына талдау жасаңыз.
Әдебиет өкілдері
Шығармалық мұрасына талдау жасаңыз
Шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіріңіз.
Ғ.Мүсірепов
С,Мұқанов
Ғ.Мұстафин
2. Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуін салалар бойынша деректермен көрсетіңіз.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасына талдау жасайды
1
Ғ.Мүсіреповтың шығармашылық мұрасына талдау жасайды;
1
С.Мұқановтың шығармашылық мұрасына талдау жасайды;
1
Ғ.Мұстафиннің шығармашылық мұрасына талдау жасайды;
1
Шығармалардың қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға береді
Ғ.Мүсіреповтың шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіреді;
1
С.Мұқановтың шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіреді;
1
Ғ.Мұстафиннің шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіреді;
1
Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтайды
2
Әдебиет саласында Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуіне дерек келтіреді;
1
Мәдениет саласында Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуіне дерек келтіреді;
1
Ғылым саласында Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуіне дерек келтіреді.
1
Барлығы
9
«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті : әдебиет пен өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________
Бағалау
Критерийлері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасына талдау жасайды
Ғ.Мүсіреповтың/С.Мұқановтың
/Ғ.Мұстафиннің шығармашылық мұрасына талдау жасауда қиналады
Ғ.Мүсіреповтың/С.Мұқановтың
Ғ.Мұстафиннің шығармашылық мұрасына талдау жасауда қателіктер жібереді
Ғ.Мүсіреповтың/С.Мұқановтың
/Ғ.Мұстафиннің шығармашылық мұрасына талдау жасайды
Шығармалардың қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға береді
Ғ.Мүсіреповтың/С.Мұқановтың
/Ғ.Мұстафиннің шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіруде қиналады
Ғ.Мүсіреповтың/С.Мұқановтың
/Ғ.Мұстафиннің шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіруде қателіктер жібереді
Ғ.Мүсіреповтың/С.Мұқановтың
/Ғ.Мұстафиннің шығармаларының қоғамдық санаға әсеріне дәлел келтіреді
Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтайды
Әдебиет/мәдениет/ғылым саласында Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуіне дерек келтіруде қиналады
Әдебиет/мәдениет/ғылым саласында Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуіне дерек келтіруде қателіктер жібереді
Әдебиет/мәдениет/ғылым саласында Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуіне дерек келтіреді
«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы