kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көнерген сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәні: Қазақтілі Сыныбы: 5 «Б» Күні, айы, жылы: 25.11.16. Мұғалімі: Озғанбаева Ұлболсын Тақырыбы: «Көнерген сөздер»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көнерген сөздер»

Пәні: Қазақтілі

Сыныбы: 5 «Б»

Күні, айы, жылы: 25.11.16.

Мұғалімі: Озғанбаева Ұлболсын
Тақырыбы:
«Көнерген сөздер»

Мақсаты:
Білімділік:
Көнерген сөздер түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстар орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Өз бетінше дербес жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, талдау.
Сабақтың барысы:

Сабағымызды қазақ тілі туралы өлеңмен бастайық.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшінің мәліметі, сабаққа назар аударту.

Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Әр топтан бір оқушы ереже айту,бір оқушы жазып келген сөйлемдерін оқу.

Ендеше үй тапсырмасын ия,жоқ ойынымен қорытындылайық.
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп атала ма? (иә)
2. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер кіре ме?
3. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, термин сөздер де диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіре ме? (иә)
4. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөліне ме? (иә)
5. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрамайды. (жоқ) құрайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Көнерген сөздер

Жақсы балалар ендеше бүгінгі жаңа сабағымызды бастаймыз «Ой қозғау»

Психологиялық байланыс.

Не үшін тілімізде кейбір сөздер қолданыстан шығып қалады?

Оқушылар өз ойын айтады.Оқушылардың ойын толықтыру.
Қоғам дамуына орай қолданылған дәуірі өтіп кетіп, тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс - тіршіліктің, әдет - ғұрыптың өзгеруіне орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.
Көнерген сөздер мағынасына қарай тарихи сөздер, архаизмдер болып бөлінеді.
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Мысалы:
1. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, т. б.
2. Қару - жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т. б.
3. Кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарба, т. б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.
1. Мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т. б.
2. Әдет - ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта, т. б.
3. Үй тұрмысы, киім - кешек, ыдыс - аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т. б.
Кейбір сөздердің қайтадан жаңаратын кезі де болады. Мысалы:
1. Кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран.
2. Бұрынғы жыл атаулары: барыс, жылқы, қоян, ұлу, т. б.
3. Ай атаулары: наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек, т. б.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері сөздеріміз қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.

Оқулықпен жұмыс:
Топтық жұмыс:

149-жаттығу.Қолдарындағы А4 бетшеге жаңарған сөздерден мұнара жасау.

Бұл жаттығуда көбірек ойланып, ізденуді талап етеді.

150-жаттығуды1-топ жазбаша. Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек жазыңдар.

Бұл жаттығу әр оқушының шапшаңдығын, жылдамдығын көрсетеді.

151-жаттығуды2- топ ауызша орындайды.Көнерген сөздердің сипатын анықтау.

Бұл жаттығу оқушылырдың ойлану, еске түсіру қабілетін дамытады.

152- жаттығу 3 – топ ауызша орындайды.Мәтінге ат қою.Берілген сөздер сөздік қордың қай атауына жататынын анықтау.

Бұл жаттығу оқушылардың тіл байлығын,есте сақтау қабілетін дамытуға ықпалы зор.

153- жаттығу 4-топқа беріледі.Оқушылар тағамдардың дайындалу ерекшеліктеріне тоқталу.Бұл жаттығуда оқушылардың сқздік қорын молайтуға әсері көп.

154 – жаттығу суреттер топтамсындағы 9-сурет. Көнерген сөздердің мағынасын ашу. «Бес қару» туралы өз ойларын айтады.

Сергіту сәті. Экранға қарап қимылдарды орындау.

154-жаттығу. Әр топтан бір оқушы шығып ұлттық ұғымды білдіретін сөздерді теріп жазу.

IV Сабақты бекіту.

Ойын түрінде. Қима қағаздарды өз топтарына қосу.

V Үйге тапсырма.

156 – жаттығу. Берілгеніне қарай орындау.Ереже жаттау.

VI Бағалау.

VII Қорытынды.

Біле бер қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле» деген

Жүсіп Баласағұнның тілегімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Көнерген сөздер

Автор: Озғанбаева Ұлболсын Түркменбаевна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377392

Похожие файлы

object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "урок К?нерген с?здер "
    ["seo_title"] => string(24) "urok-konierghien-sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "202600"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429285475"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "К?нерген  с?здер "
    ["seo_title"] => string(21) "konierghien-sozdier-2"
    ["file_id"] => string(6) "180132"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425128455"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Открытый урок на тему "Көнерген сөздер""
    ["seo_title"] => string(42) "otkrytyi_urok_na_tiemu_konierghien_sozdier"
    ["file_id"] => string(6) "380978"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484756892"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "К?нерген с?здер, т?рлері "
    ["seo_title"] => string(28) "konierghien-sozdier-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "182975"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425661477"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "К?нерген с?здер презентация"
    ["seo_title"] => string(33) "konierghiensozdierpriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "304415"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457711775"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства