kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" (ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абайдың шығармалары туралы баяндалады. Шығармаларымен өлеңдерін жаттап үйренуге баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" (ашық сабақ)»

Пәні: Қазақ әдебиеті, 8-сынып

Күні: 10.11.2017

Пән мұғалімі:

Батыргалиева Д.Е. Раздольный ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы:

А.Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақтың қиын қыстау кезде өмір сүргенінтүсіндіріп, олардың сөздік қорларын көбейтіп, тілдерін дамыта түсу.

Күтілетін нәтиже:

1.Өлең не жайлы екенін біледі.

2.Тапсырмаларды орындай алады.

3.Өз ойларын айта алады.

Көрнекілігі:

Психологиялық ахуал, слайд, сергіту сәті, видео, үлестірмелі материал.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс, тақтамен жұмыс,

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті:

Оқушы әректеті:

Кіріспе:

1.Оқушылармен амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

2.Оқушыларды түгендеу.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта бүгін кім жоқ?

3.Үй жұмысын тексеру.

Мұғаліммен амандасады

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық.


Ал енді сабағымызды бастамас бұрын психологиялық дайындық жасап жіберейік.Барлығымыз орнымыздан тұрайық.

Барлығы орындарынан тұрып бірге психологиялық дайындықты жасайды.


Өткен сабағымызда не туралы өтіп едік? Кім айтады? Есімізге түсіріп жіберейік.Қазір өткен сабақты сәл есімізге түсіріп, кішкене бейнебаян көрейік.Бұл сегіз аяқ –әні.

Өткен сабақта Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңін өткен болатынбыз.Барлығы бірге отырып бейнебаян қарады.

Тұсаукесер

Біз бүгін сабақта А.Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі туралы өтетін боламыз.Ал енді оқушылар, қазір Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша екі топқа бөліне қояйық.1-топ-«бес асыл іс» тобы, 2-топ-«бес дұшпан»

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.

Негізгі бөлім

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузына түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі мұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па құдай құлқын?

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?




Осы өлең бойынша тапсырмалар орындаймыз.

Әрбір топ осы өлеңдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді мәнерлеп оқу керек.

Өлең бойынша тапсырмаларды орындайды.Топтар өлеңдегң көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәнерлеп оқиды.


Жаңа сөздер

Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазып алады.


Сергіту сәтін болады.

Сергіту сәтін «Қара жорға» биін билеп барлығы бірге орындайды.

Қорытынды

Біз бүгін не туралы өттік?Бүгінгі сабақты түсіндік пе?

Біз бүгін А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңі туралы өттік.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі, «қолпаштау» әдісі арқылы бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі, «қолпаштау» әдісі арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасын беру.

Жаңа сөздерді түсініп оқу; өлеңнен өзіңе ұнаған екі шумағын жаттау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" (ашық сабақ)

Автор: Батыргалиева Дария Еркиновна

Дата: 06.08.2019

Номер свидетельства: 517389

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Т?уелсіз елді? ?ланымыз!"
    ["seo_title"] => string(28) "t-uielsiz-ieldin-u-lanymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "277223"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452859607"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Урок по казахскоому языку "Абай ??нанбаев. Он жетінші ?ара с?зі" "
    ["seo_title"] => string(70) "urok-po-kazakhskoomu-iazyku-abai-k-u-nanbaiev-on-zhietinshi-k-ara-sozi"
    ["file_id"] => string(6) "141357"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418109328"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Арнау  ?ле?дер"
    ["seo_title"] => string(16) "arnau-olien-dier"
    ["file_id"] => string(6) "296992"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456130519"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Абайды? ?ара с?здері."
    ["seo_title"] => string(24) "abaidyn-k-ara-sozdieri-2"
    ["file_id"] => string(6) "295825"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455879491"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері."
    ["seo_title"] => string(35) "soiliemnin_biryn_g_ai_mushielieri_1"
    ["file_id"] => string(6) "403934"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490637316"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства