kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ананың тілі, жүректің үні" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ананың тілі, жүректің үні"  тіл мерекесіне орай өткізілген ашық сабақ.Тілді үйрену ана құрсағынан бастап, дүниеге келіп, іңгалағанда жалғасын табатын ұлы қасиет. Үш тілдікті меңгеру балаларды болашаққа жетелейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ананың тілі, жүректің үні" ашық тәрбие сағаты»

Тақырыбы: «Ананың тілі – жүректің үні»
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, , сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу
туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер жөніндегі кітаптар, Отан, ана, тіл туралы қанатты сөздер.
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады 
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді.

Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел – өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез - келген мемлекет өзінің территориялық салт - дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал біздің қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы 22 қыркүйекте алды.
Қазақстан Республикасында ана тілі - қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыт, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді. ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы Тіл туралы жолдауы.(Видеомонтаж)

«Тіл туралы» Заң қабылданды.
Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. – деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап  құлағымызға сіңген қандай үн? 
- Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Бүгін міне, 22 – қыркүйек Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!  

Арсен : Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Қарақат: «Тіл туралы»
Заңым енді күшіне,
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Тахмина: Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді,
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Қадыр Мырзалиев
Гүлдана: Ана тіл - біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап бағып, қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз?
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп санаңыз.
Айгүлім: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Мұғалім: Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде.

«Тіл ұлттың басты - негізі»(Видеомонтаж)
1. Тіл тас жарады, тас жармаса...бас жарады.
2. Дәлелсіз сөз...желмен тең
3. Ине көзінен сынады...шешен сөзінен сынады
4. Піл көтермегенді...тіл көтереді
5Сөз тьапқанға ...қолқа жоқ
6. Жеті жұрттың тілін біл...жеті түрлі ілім біл
7. Қақарлы сөз.... қамал бұзар
8 бас кеспек болса да.... . тіл кеспек жоқ
9. Айтылған сөз ...атылған оқпен тең
10. бал тамған. тілден ...у тамған
11Тауды, тасты жел бұзар.... адамзатты сөз бұзар
12.Жақсы сөз.... жарым ырыс
13.Жақсы байқап сөйлер.... жаман шайқап сөйлер
14. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі...ой өсіреді
15. Тілден артық...қазын жоқ
16. Өнер алды – қызыл тіл.
17.Тіл қылыштан да өткір.
18. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді

Ойын «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күн сәулесіндегі жұмбақтарды шешу:
  Ең ащы не?
Ең тәтті не?
Шешуі: Тіл.
Отыз екісі диірмен тартып,

Бір қапқа салады.

Шешуі:Тіс пен ауыз

Екі әскер соғысып жатыр,

Ортасында бір елші.

Шешуі: Тіс пен тіл

Ақ тоғайдың ішінде

Кісінейді күрең тай.

Шешуі: Тіл

Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.    (Тіл)

Айгүлім: «Үш бақытым»
Гүлдана:Тілім менің
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің
Тұнығым, Рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім
Ана тілім, туған тілім бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным
Тахмина:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім
Туған тілім-анам тілі –өз тілім
Туған тілім-далам тілі –өз тілім
Туған тілім –адам тілі -өз тілім
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар
Қарақат: Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам, 


Ән; «Ананың тілі – аяулы үні»
Қазақ ойшылдарының тіл туралы айтқандары.(Видеомонтаж)
Қортынды.
Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Ананың тілі, жүректің үні" ашық тәрбие сағаты

Автор: Кубаева Анаргуль Еркебаевна

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 379832

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ашы? т?рбие са?аты Та?ырыбы: «Абай болы?дар, балалар!»"
    ["seo_title"] => string(54) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-abai-bolyn-dar-balalar"
    ["file_id"] => string(6) "311955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459268131"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы? т?рбие са?аты: "?н падишасы - Ш?мші а?а" "
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-n-padishasy-sh-mshi-ag-a"
    ["file_id"] => string(6) "169880"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423481954"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "u-staz-bolu-zhuriektin-batyrlyg-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "276038"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452673031"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(51) "u-staz-bolu-zhuriektin-batyrlyg-y-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "276039"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452673038"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) ""Мені? Президентім" та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?атыны? жоспары 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(78) "mienin-priezidientim-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454326872"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства