kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы» т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»

 ашы? т?рбие са?атыны? сценарийі

/Сахна сыртынан ж?ргізуші/

Алдамасын ?міт бізді жетелесін арман?а

?стаздарды? ?асиетін кемітетін жан бар ма.

Елімізді? келешегін т?рбиелеп отыр?ан

Бас иі?дер, ?стаз деген ?асиетті жандар?а!

К?з алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, т?л?асы да т?р аны?.

А?ыл алып келе жатыр ?зі?нен

?зі?менен келе жатыр н?р алып.

/к?й тартылады/

?ли Алпысбаевты? к?йі «?ке арманы», кешімізді? ??рметіне орындалатын ?бдімомын Желдібаевты? «Ерке сыл?ым» к?йін ?абыл алы?ыздар.

1 ж?ргізуші: Міне, жадырап жаз ?тіп, алтын к?з келіп жетті. Таби?атты? осы бір жыл мезгілін ?ркім-а? сы??ырла?ан жез ?о?ырау ?німен, мектептегі м??алімдер мен о?ушыларды? са?ыныса табыс?ан ?уанышты с?ттерімен елестетеді.

2 ж?ргізуші: Ия, жа?а о?у жылымен ?атарласа келетін м??алімдер к?ні де осы к?зді? ?лесіне тиіпті. Ендеше осы білім к?шін жылжытып келе жат?ан ?стаздар?а деген ??рмет арта бермек.

                  М??алім – ?стазысы? балаларды?.

Болаша? ?алымдарды?, даналарды?

?мірде сені? алар орыны?ды

Бірі де жеткізе алмас ба?аларды?.

 

Ата?ым Алатаудай болып биік

Т?рса да т?бем ?сіп, к?кке тиіп

Алды?да ?р?ашан да та?зым етіп

Т?рармын «?стазым» деп басымды иіп.

1 ж?ргізуші: Е? к?рделі ?ылым – Адам болу ?ылымынан д?ріс беріп ж?рген маманды? иесі,  с?зі маржан, ?ні ?н ?ла?атты ?стаздар, армысыздар!

Сіздерді к?сіби мерекелері?ізбен шын ж?ректен ??тты?таймыз! Е?бектері?ізге адалды?, отбастары?ыз?а ба?ыт, елімізге тынышты? тілейміз!

2 ж?ргізуші: Т??ыры биік Т?уелсіздігімізді? жасампазды?ына к?з жеткізіп, ?здеріні? еселі е?бектерін тек ш?кірт ??мырына арна?ан, ?мірге ?зі де ба?ытты болып келіп, ?згелерді де ба?ыт?а жеткізсем деп халы? ?алаулысы атанып, ба?ытты ша?ыра?ты? иесі болып отыр?ан, ?лы ?уезов тілімен айтса? «Ал?аш?ы жа?сы арт?ы жас?а т?лім айтпаса, ел бол?аны? ?айысы» дегендей кейінгі тол?ын ?стаздар?а алды??ы тол?ын а?а буын ?кілдері ардагер ?стаздарымыз келіп отыр.  

/келген ардагер ?стаздармен таныстыру/

Ендеше осы ?стаздарымыз?а  ?ол со?ып, ?ошемет к?рсетейік.

Б?гінде б?кіл ?лем мойында?ан ?аза?ты? ?лтты? биі «?аражор?амен» орта?а  «Балд?урен» би ансамблін ша?ырамыз.

/ж?ргізуші сахна сыртынан/

?стаз болу – ж?ректі? батырлы?ы

?стаз болу – сезімні? а?ынды?ы

?стаз болу – мінезді? к?н шуа?ы

Азбайт??ын адамны? алтынды?ы 

Данышпан да, дана да о?ып сенен

Ата?-да??ын асырды бар ?лемнен.

«?стаз» деген аяулы, асыл жанды

Жа?сы к?рем, арнаймын жа?сы ?ле?

/Б?гінгі ?стаздар?а ?з ??тты?тауларын ала келген бастауыш сынып о?ушыларын орта?а шы?ады/

  1.           Кім боласы??

Кім болса? да аман бол.

Басты?пысы??

?те жа?сы т?ра ?ал.

  1.              ?ашан к?рсе? к?нге ??са?ан жанары

?стаздардан к?нбіс адам жо? ?лі,

Мектеп к?рген ?дептілер айтпа?шы,

?стаздардан шы?па?ыздар жо?ары.

  1.              Махаббаты: бала ж?не Отаны

С?йікті ісі: ?а?аз, кітап ?опару

Демалысы: ш?кірттерге хат жазу

Ал к?сібі: от беру мен от алу

  1.              Б?л халы?ты? мектеп жалпы т?ра?ы

Мектеп деме жан-д?ние ??рамы

?сті-?стіне со??ыла?ан ж?рекпен

?зін ?зі ?мытудан т?рады.

  1.              Ал м??алім барса алды?а д?рысы

Ж?регі?мен сездір да?ы ?лы ісін

?шып т?рып, ?албала?тап ?ол беріп,

Тастай ?ылып тындырып бер ж?мысын.

  1.              Кім боласыз ?мтылма?ыз жо?ары

М??алімнен ?лкен адам жо? ?лі

Кім болма?ыз, прокурор ма, сотсыз ба

Бірге:                Шы?па?ыздар м??алімнен жо?ары!

  • 1 о?ушы: ??лама білгіш ?алымнан,
  • 2 о?ушы: О?ушы жас жалыннан,
  • 3 о?ушы: ?арышкерден, батырдан
  • 4 о?ушы: ?нері ас?ан актерден,
  • 5 о?ушы: Ырыс ?аз?ан шахтерден,
  • 6 о?ушы: О?ы?ан жас-к?ріден

   О?ушыны? б?рінен

                  ?стаздар?а мы? ал?ыс!

/Сахна сыртынан/ ?біла?ат Еспаевты? ?ні «?стазым»

1 ж?ргізуші:        Табан тіреп т?згенсі? ?анша ауыр?а

                            Тарап демде кетеді шаршауы? да

Бал-б?л жан?ан бал?ын ж?з, ж?удір к?здер

Т?р?анында соларды? ?оршауында

 

2 ж?ргізуші:        ?иынды?та кезіксе? к?п асу да

?анша тері? т?гіліп жол ашу?а

Сен ш?кіртті? ?стазы болмайсы? тек,

Сен ?мірді? ?стазы боласы? да!

1 ж?ргізуші: «?стаз» ?ла?атты есім. Ш?кірттерін білім н?рімен сусындатып, т?лім-т?рбие беру, жа?сы ?асиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта ба?ыт-ба?дар беруде ?стазды? е?бегі зор.

2 ж?ргізуші: Ия, ?рпа??а айтар а?ылы, к?рсетер ?негесі бар, аналы?, ?келік сезімні?, дана ойды? ысты? лебі бар а?а ?рпа? ?кілдері, мектепті? ж?регі ардагер ?стаздарымыз ортамызда отыр.

/келген ардегер ?стаздар?а с?ра?тар ?ойылады/

??рметті ?она?тар, б?гінгі кеш ерекше кеш, себебі ?стаз жолы – ?лы жол.

1 ?она??а с?ра?: Серке ?ожам??лов а?амыз былай дейді, «?стаз деген ?ла?атты атауды естігенде, к?ні б?гінге дейін ?зімді ш?кірттей сезінемін» дейді, Сіз ?зі?ізді ?алай сезінесіз?

2 ?она??а с?ра?: «?стаз болу ж?ректі? батырлы?ы» дейді, осы ?стазды? ?ызметті та?дауда батырлы?пен ?андай ?асиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 ?она??а с?ра?: Кешегі ?зі?із е?бек еткен мектебі?ізден ?андай ?згерістерді бай?ады?ыз? Мектебі?ізге айтар тілегі?із?

1 ж?ргізуші: Ш?кірттер санасына с?уле шашып, шыра? отын маздат?ан ?стаздар ?ауымына а? лебіз, жылы тілегін білдіру ?шін орта?а мектеп директорын ша?ырамыз.

?н: «?стазым»

1 ж?ргізуші:

Арылтып т?н-т?нектен саналарын,

Ойла?ан ?рпа? ?амын, бала ?амын

Бала емес, адамзатты т?рбиелер

?стаздар – ар-?яты замананы?.

2 ж?ргізуші:

М?рт мінез елі? барда ?ресі ке?,

Шы?пайсы? ?ажыма, ?стаз ел есінен

Жеті?дер м?раттар?а ?за? жолда

Та?дарды? тол?ын ?р?ан кемесімен

1 ж?ргізуші:

К?ндері?із толсын г?лге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

??тты?таймыз шын ж?ректен Сіздерді

?мір думан, ба? ?келсін мереке.

2 ж?ргізуші:

 ?уат алып к?ндерден алыста?ы

Ж?ресі?дер мініп ап намыс?а бір

Дерексіздер ?ткеннен, керексіздер

Болы?ыздар бай ?уатты арыстарым.

Со?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы» т?рбие са?аты»

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы»

ашық тәрбие сағатының сценарийі


/Сахна сыртынан жүргізуші/

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып.

/күй тартылады/

Әли Алпысбаевтың күйі «Әке арманы», кешіміздің құрметіне орындалатын Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.


1 жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.

2 жүргізуші: Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.

Мұғалім – ұстазысың балалардың.

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп

Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.


1 жүргізуші: Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

2 жүргізуші: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, Ұлы Әуезов тілімен айтсақ «Алғашқы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайысы» дегендей кейінгі толқын ұстаздарға алдыңғы толқын аға буын өкілдері ардагер ұстаздарымыз келіп отыр.

/келген ардагер ұстаздармен таныстыру/

Ендеше осы ұстаздарымызға қол соғып, қошемет көрсетейік.

Бүгінде бүкіл әлем мойындаған қазақтың ұлттық биі «Қаражорғамен» ортаға «Балдәурен» би ансамблін шақырамыз.


/жүргізуші сахна сыртынан/

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең

/Бүгінгі ұстаздарға өз құттықтауларын ала келген бастауыш сынып оқушыларын ортаға шығады/

  1. Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы тұра қал.

  1. Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.

  1. Махаббаты: бала және Отаны

Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару

Демалысы: шәкірттерге хат жазу

Ал кәсібі: от беру мен от алу

  1. Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы

Мектеп деме жан-дүние құрамы

Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен

Өзін өзі ұмытудан тұрады.

  1. Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы

Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын.

  1. Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба

Бірге: Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!


  • 1 оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан,

  • 2 оқушы: Оқушы жас жалыннан,

  • 3 оқушы: Ғарышкерден, батырдан

  • 4 оқушы: Өнері асқан актерден,

  • 5 оқушы: Ырыс қазған шахтерден,

  • 6 оқушы: Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен

Ұстаздарға мың алғыс!


/Сахна сыртынан/ Әбілақат Еспаевтың әні «Ұстазым»

1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.

/келген ардегер ұстаздарға сұрақтар қойылады/

Құрметті қонақтар, бүгінгі кеш ерекше кеш, себебі ұстаз жолы – ұлы жол.

1 қонаққа сұрақ: Серке Қожамқұлов ағамыз былай дейді, «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» дейді, Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?


1 жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз .


Ән: «Ұстазым»

1 жүргізуші:

Арылтып түн-түнектен саналарын,

Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын

Бала емес, адамзатты тәрбиелер

Ұстаздар – ар-ұяты замананың.

2 жүргізуші:

Мәрт мінез елің барда өресі кең,

Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен

Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда

Тағдардың толқын ұрған кемесімен

1 жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.

2 жүргізуші:

Қуат алып күндерден алыстағы

Жүресіңдер мініп ап намысқа бір

Дерексіздер өткеннен, керексіздер

Болыңыздар бай қуатты арыстарым.



Соңы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы» т?рбие са?аты

Автор: Сулейменов Нурлан Есенгелдиевич

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276039


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства