kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

25 жыл ішіндегі ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

а) Білімділік: Студенттерге ?аза?стан Республикасы Мемлекеттік р?міздеріні? ма?ыздылы?ын т?сіндіру, ?аза?станны? егемендікке жету жолы, ?азіргі та?да?ы республика ?міріне ке?інен то?талу.

?) Дамытушылы?: Студенттерді?  жан-жа?ты ойлауын, с?йлеу ?абілетін, т?йсігін, д?ниетанымын дамыту.

б) Т?рбиелік: Студенттерді отанс?йгіштікке, ?лтжандылы??а,ту?ан жеріне, ата-мекеніне деген с?йіспеншіліктерін арттыру?а д?рыс ба?ыт-ба?дар беру,?з еліні? тарихын сыйлау?а ?йрету, о?ушыларды патриотты? рухта т?рбиелеу.


Саба?ты? к?рнекілігі: презентация,плакаттар, диафильмдер, желто?сан ??рбандарыны? плакаты, арнайы шарфтар, ?Р 1991-2015 жыл?а дейінгі тарихынан ?зінділер о?у. 

Саба?ты? барысы: 

             І. ?йымдастыру б?лімі

1. Студенттермен амандасу, т?гендеу.

2.  Мемлекеттік ?н?ран орындалады.

М??алім с?зі: ??рметті студенттер б?гінгі т?рбие са?атымыз елімізді? т?уелсіздік ал?анына 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр. 25 жыл – ?аза?стан т?рбие са?атын бастамас б?рын, сіздерді б?л мерекені? ма?ызымен таныстырып ?тейін. Алтайдан Алатау?а дейін ?лан – ?айыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз т?уелсіздікті арман еткен. Осынау ке? даланы к?к найзаны? ?шымен, сом білекті? к?шімен ?ор?а?ан бабаларымызды? аманатын орындау ?шін талай бозда?тар жанкештілікке бар?ан. ?аракерей ?абанбай, ?анжы?алы Б?генбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, М?нш?к, ?лия сынды батырлар сол ел ?ор?ауды ?ран еткен, сол ?шін ??рбан болып, ел ??рметіне б?ленген батырлар.

Ресейді? езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстан?алы т?р?анда ?айрат Рыс??лбеков, Л?ззат Асанова сия?ты ?ыршын жастарды? ??рбанды??а баруы ар?асында ?ана т?уелсіздік алып, егеменді ел болды?.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«25 жыл ішіндегі ?аза?стан»

«25-жыл ішіндегі Қазақстан» тәрбие сағатының жоспары


Сабақтың мақсаты:


а) Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын түсіндіру, Қазақстанның егемендікке жету жолы, қазіргі таңдағы республика өміріне кеңінен тоқталу.

ә) Дамытушылық: Студенттердің жан-жақты ойлауын, сөйлеу қабілетін, түйсігін, дүниетанымын дамыту.

б) Тәрбиелік: Студенттерді отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа,туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру,өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: презентация,плакаттар, диафильмдер, желтоқсан құрбандарының плакаты, арнайы шарфтар, ҚР 1991-2015 жылға дейінгі тарихынан үзінділер оқу. 


Сабақтың барысы: 


І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Студенттермен амандасу, түгендеу.

2. Мемлекеттік әнұран орындалады.

Мұғалім сөзі: Құрметті студенттер бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр. 25 жыл – Қазақстан тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.





ІІ. Кіріспе:

  1. Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі” (тарихи шолу)

  2. «Отан» деген сөзге ой шақыру

  3. «Бәрін білгім келеді» ойыны


«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» (тарихи шолу)


1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

5.1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

6.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

    1. жылы қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды. 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Еліміздің ата Заң Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

Ал екінші бақытым-Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілемдедім

Кей кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

8.1998 жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Осал жерге

Ортаймас бақ қона ма?

Ер көңілі толмаса тақ қона ма?

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-Қасиетті Астанаға.

9.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

10. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.

11. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

12. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,

Аман ба? жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,

Қазақстан қасиетті ел екенін.

Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІ съезі өтті.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.

13.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.

14.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.

15.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.

16. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.

17. 2009 жыл Туған облысымыз Қызылорданың 190 жылдығы.

18. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.

19. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.

20. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

21. 2012 жылы 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде

еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.

2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.   

Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Көрмені өткізу құқығы үшін Қазақстан бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты.

Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Президентінің штандарты көтерілді. Қазақстандықтар мейрамның арқасында 3 күн демалыс алды.

Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.

22. 2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды. Бірігуге дейін елімізде 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп, олардағы жалпы жинақ көлемі 3,116 триллион теңгені (21 миллиард доллар) құрады және 8,5 миллион клиенттің есепшоты ашылды (жұмысқа қабілетті адамдардың 95 %).

23. 2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

Тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.

24. 2015 жылы 5 ақпанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «2015 жыл-мерейтойлар жылы» атты дәстүрлі өлкетану кездесуі өтті. Кездесуге келген студенттер, мұғалімдер мен кітапханашылар назарына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақстан тарихының ғұмырнамасы» ауқымды кітап көрмесі және Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Біздің Абай» электронды кітапханасы ұсынылды. Абай тақырыбын Семейдің Абай атындағы қорық –мұражайы директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева онлайн түрінде жалғастырып, мұражай тарихынан сыр шертті. Ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойына орай өткізілетін мәдени шараларға тоқталып өтті. Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамлеясының жылы деп жариялады.

25. 2016 жылы Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. ЮНЕСКО-ның 2015 жылы 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылданды.

2016 жылы - ХХХІ Олимпиада ойындары

ХХХІ Олимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылдың 5 - 21 тамыз күндері аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр. 2016 жылы мемлекетіміз бен халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бірқатар мерейтойлар мен атаулы күндер бар.

2016 жылы Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл толады.

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығында іргесі қаланған саяси құрылым.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы. 1916 жылы 25 маусым күні ұлты орыс емес, «бұратана» саналған халықтардың 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын соғыс жүріп жатқан жерде қорғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына алу жөнінде патша жарлығы шығады. Осы бір елдің ашу-ызасын тудырған жарлық Қазақ жерінде және Орталық Азия халықтарының біраз бөлігін қамтыған ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына басты себеп болды.

Соның ішінде 1836-38 жылдары еліміздің батысында болған халық көтерілісінің қолбасшысы Исатай Тайманұлының 225 жылдығы өтетіні жоспарланған. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келіп, 1838 жылы Ақбұлақ өзенінің жағасында болған шайқаста асқан ерлікпен қаза табады. Исатай - Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. И.Тайманұлының ерлігі мен қайраткерлігі Махамбет Өтемісұлының жалынды жырларында көрініс тапқан. 

2016 жылы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске (1836 жыл) 180 жыл толады.

2016 жылы ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығы аталып өтеді. 

Халыққа білімнің нұрын шашқан, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы да кең көлемде тойланады деп жоспарлануда.

Қазақтың жыр дүлдүлі, ақын Қашаған Күржіманұлының және әйгілі сазгер Мұхит Мералыұлының 175 жылдық мерейтойлары да аталып өтпек.

2016 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Халық ақыны Қазанғап Байболұлының және ақ күріштің атасы атанған еңбек майталманы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың да 125 жылдығы 2016 жылғы маңызды іс-шаралар қатарында тұр.

Сонымен қатар ақын, жазушы, публицист Баубек Бұлқышевтің, белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың, Қазақстанның халық әртісі, әнші, режиссер Кәукен Кенжетаевтың, дауылды жырлар жазған ақын Хамит Ерғалиевтің, Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары (егіздер)Мүсілім мен Ришат Абдуллиндердің 100 жылдық мерейтойлары елімізде аталып өтетін болады.

2016 жылы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толады. 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері СОКП Орталық Комитетінің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары бейбіт ереуіл жасап, Алматы қаласындағы Орталық Алаңға жиналып, наразылықтарын білдірді.  Мұндай қарсылықты күтпеген отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйе бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарын аяусыз жазалау операциясын жүзеге асырды. Бұл кеңестік империяның жымысқы саясатын, шағын халықтарға қарсы жүргізіп келген опасыз саясатын жария еткен алғашқы көтерілістің бастауы болды. Содан кейін өзге республикаларда да осындай наразылық білдірген оқиғалар болғаны тарихтан белгілі.

1991 жылы КСРО күйреп, оның құрамында болып келген республикалар ғасырлар бойы аңсап келген азаттығына, тәуелсіздігіне қол жеткізді. Соның бірі - Қазақ Елі! 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.

Алматыда болған Желтоқсан көтерілісіне байланысты 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні болып белгіленген. 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

Бұдан 55 жыл бұрын, яғни, 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы алғаш рет ғарышқа аттанды. Юрий Гагарин адамзат тарихында ғарыш кеңістігіне көтерілген тұңғыш азамат.

Ал 25 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңестер Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті. 10 қазан күні Жерге оралды.

Биыл Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына 25 жыл толады. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Осы орайда, 29 тамыз Қазақстанның бастамасымен бүгінгі таңда Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні болып белгіленді. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды.




  1. «Отан» деген сөзге ой шақыру


-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.




  1. «Бәрін білгім келеді» ойыны



Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!

Мұғалім сөзі: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Әрбір іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыруға шақырса, ол халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз. Мәні зор іс-шараларымыз игілікті, мерейтойларымыз мәртебелі болғай!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
25 жыл ішіндегі ?аза?стан

Автор: Хайтбаева Айн?р Яхия?ызы

Дата: 14.05.2016

Номер свидетельства: 326529

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(29) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti"
    ["file_id"] => string(6) "267010"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282273"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(31) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti-1"
    ["file_id"] => string(6) "267011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282280"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) ""А? орда" "
    ["seo_title"] => string(9) "ak-orda-1"
    ["file_id"] => string(6) "179611"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425038116"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Дүниетану «Пайдалы қазбалар» 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(36) "duniietanu_paidaly_k_azbalar_4_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "368087"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481388999"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства