kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өз бетімен жұмыс істеуге баулып, әр оқушының өз мүмкіндіктерін жеке қабілетіне қарай дамуына ықпал ету»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өз бетімен жұмыс істеуге баулып, әр оқушының өз мүмкіндіктерін жеке қабілетіне қарай дамуына ықпал ету»»

Өз бетімен жұмыс істеуге баулып, әр оқушының өз мүмкіндіктерін жеке қабілетіне қарай дамуына ықпал ету»

«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін

кешікпей кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін

белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек».

А. Байтұрсынов.

«Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды».

К. Ушинский.

Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет.

Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өздігінен үйренуін талап етеді:

- Үнемі өткен тақырыпты қайталап, бақылау жасап отыру;

- Оқушыға үнемі өзара өзіне - өзі бақылау жасату, біліміне анализ жасай білуге үйрету, дағдыландыру;

- Оқушы білімін бағалауға қаталдыққа, немқұрайлыққа жол бермеу;

- Сабақ барысында есеп шығару кезінде өздіктерінен көбірек жұмыс істеуге бейімдеу;

Бүгінгі қоғам алдында тұрған міндетті оқи білуге, білімді өз беттерімен меңгере білуге үйреткенде шешуге болады. Менің ойымша, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда осы сабақты оқушы өз бетімен жұмыстың қай дағдыларын игеретінін де ойлау қажет.Егер оқушы жаңа материалды оқулықтың немесе қосымша әдебиеттің көмегімен өз бетінше игере алса, онда оқушының білімді сапалы түрде меңгергені. Оқушының білімді өз бетімен білгені, әрине, мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда берік болады. Сонымен қатар, өз бетімен жұмыс істеу дағдысы теориялық білімін практикада қолдана білуге мүмкіндік береді.

Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау, шығармашылыққа бағыттау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар өз бетінше іздену жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасадым. Сол себепті жан-жақты ойлана келіп, ең өзекті мәселелерімді ортаға сала отырып, өзекті тақырыбымды «Оқу- тәрбие барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулып, әр оқушының өз мүмкіндіктерін жеке қабілетіне қарай дамуына ықпал ету» деп алдым. Өйткені «Шайнап берген ас болмас» деген ата – баба сөзіне сүйенетін болсақ.  Өздігінен өз бетімен алған білім мен ғибрат қана адам ойында қалып, дағдыға ұласады. Яғни қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.

Өзекті тақырыбымды жүзеге асырудағы міндеттерім:

- Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында мәтінмен жұмыс істеу арқылы қоғамның қажетті талаптарын әрбір оқушыға борыш, намыс, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік ретінде қабылдауына әсер ету;

- Жан-жақты білімді, рухани байлығы мол тұлғаны қалыптастыруына әсерін тигізетін оқу материалдарымен таныстыру;

- Адамзат құндылықтарын, білімдерін нығайту;

- Оқушыларды шығармашылық жолында өз бетінше көп ізденуге талпындыру;

- Өзін - өзі бағалау, өзара бағалау арқылы іскерлік дағдыларын дамыту.

Нәтижелерінен күтілетін болжамдар:

- Оқушының танымдық қабілеті артады;

- Жүйелі қалыптасқан тілдік тұлға тәрбиеленеді;

- Өмірге деген көзқарастары қалыптасады;

- Шығармашылық жұмыстары жинақталады.

Өзекті тақырыбымды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері:

- Оқушыларды жан-жақты зерттеу;

- Әдебиет пәнінен сөздік қорын, тіл байлығын даму деңгейін бақылау.

- Өзекті тақырыпты кезеңдер бойынша жүзеге асыру:

Әрине алғашқы кезеңде қиыншылық сәттер көп кездесті.

1. Сыныптағы оқушыларының білім деңгейлерінің әртүрлі болуы.

2. Оқушылардың тіл байлықтары мен сөздік қорлары деңгейінің төмендігі.

3. Есте сақтау қабілеттерінің орта деңгейде болуы.

4. Шығармашылық қабілеттерінің әртүрлі болуы.

5. Әр оқушының күнделікті көңіл-күйіне, үйдегі әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлу керектігі кездесіп жатты.

Осы кезеңде ойға түйгенім: мұғалім сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылатыны, сонымен қатар сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалім қызметіндегі маңыздысы - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында өздерінің қалай ойлау арқылы білім алу керектігіне назар аудара, олардың өз ойлары мен дәлелдемелер арқылы көздеген мақсаттарына жетуге ұмтылатындығын байқадым. Менің сыныбымдағы дарынды оқушылар өздерін жан-жақты екендіктерін, әр бала өз мүмкіндіктерін көрсете отырып, өз беттерімен өлеңдер шығарып, 50-60 сөзге дейін эссе жазуға жетті. Мен өзекті тақырыппен жұмыс жасауда қолданған әдіс-тәсілдерімнің нәтижесі және жетістігім,- деп осы сыныбымның білім сапасының көтерілгендігін айтар едім. Сондықтан да оқушының қызығушылығын арттыратын, өз бетінше шығармашы-лықпен айналысуға итермелейтін - сын тұрғысынан ойлауға үйрету менің тәжірибем мен оқушыларымның білім сапасын арттыруға ең тиімді және қолайлы деген қорытындыға келдім. Сабақта оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше пайдаландым. Мысалы, топтық жұмыс, оқыту үшін бағалау, сұрақ-жауап, диалог әдістерін қолданудан көрініс табады.

Өз тәжірибемнен айтар болсам, мен сабақ кезінде оқушыға қандай да бір материалды оқуға беремін. Жаңа материалды оқыған соң баланың нақты нені білгенін және алдағы уақытта нені үйренуі қажет екеніне анализ жасап аламын. Содан соң әрбір оқушыға материалдың негізінде арнайы сұрақтар мен тапсырмалар беремін. Ол сұрақтардың ішінде оқулықта дайын жауабы жоқ, алайда оқушыларды ойландыратын сұрақтар қоямын. Нәтижесінде, оқушы ізденіп, миын жұмыс істетіп, қойылған сұраққа жауап береді әрі есінде сақтайды.

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, білімді өздігінен табу, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, жаңа технологияларды енгізе отырып, алдыма келесі мақсат қойған едім:

* Әр оқушыға оның мүмкіндіктерін ашып көрсету;

* Әр оқушының ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыру;

* Өз бетімен дами алатын оқушыларды тәрбиелеу;

 *Өз бетімен жұмыс жүргізе алатын оқушыларды өз мүмкіндіктерін қабілетіне қарай дамуына ықпал ету;

  Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыра отырып, оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда сын тұрғысынан ойлаудың және басқа да әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Әсіресе ең тиімді түрі постер құруда күнделікті өмірден өз білетінін қайта жаңғыртып еске түсіріп алған біліммен байланыстыра білді. Нәтижесінде оқушылардың танымдық қабілеттері артты. Жүйелі қалыптасқан тілдік тұлға тәрбиеленді. Өзінің идеяларымен бөлісіп, ойлау барысында сөйлеу мәдениеті мен көркем әдеби тілі қалыптасып, өз ойын еркін жеткізуде оқушы өлең шығарып, эссе жазып,сурет салып, ән айтып, әр оқушы өз бойындағы ұяңдық қасиеттерінен арылып, сынып алдына шығып еркін сөйлей білді. Өз ойын шығармашылық тұрғыда дамытуға жетеледім деп ойлаймын.

Сыныбымда қабілетті, зерек, білімді, шығармашыл оқушылар көптеп саналады.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталды. Тіл дамыту сабақтарында, шығарма жазған кезінде ойларын бес жол өлеңмен аяқтап жазуға үйретіп отырдым. Шығарған өлеңдерін жинақтап, сынаптан тыс шараларда оқып жүрді. Шығармашылық қабілеттерін шыңдауға өз үлесімді қоса бермекпін. Оқушым Хасанова Таңсудың шығармаларын баспасөз беттеріне жібердім.

Сыныптас қыздарыма.

Мінезі ашық көңілді Ойы зерек - дара

Ұқыпты да үнемді Ол білімді қара.

Айғаным деген досым бар Жүрегі неткен таза,

Салмақты болып жүреді. Міне біздің - Зағипа.

Аласа бойлы, Ақ көңіл, ақ жан,

Фатима ойлы Әрдайым бес алған.

Сүп - сүйкімді Өзі сондай нәзік

Қарашы оны. Міне біздің - Маржан.

Оқушының өздігінен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыруда алғашқыда оқулықтағы кейбір жаттығулар негіз болады. Мысалы:

Қазақ тілі. Сызба бойынша сөйлем құрастыр.
Математика. Кері есептер құрастыр. т/б.

Осындай жұмыстарды іске асыруда, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген әдіс - тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп отыруы керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді. Тек қана шығарма немесе мазмұндама ала берсең, бала дұрыс нәтиже де бермейді; немесе, математика сабағында мысал орындата берсең, есеп шығаруға қызығушылығын оята алмасаң, бала бойында өз бетімен жұмыс түгілі міндетті деңгейді де ұғындыру қиынға созады.

Өздігінен оқушының орындайтын тапсырмалардың түрлері:

  теріп жазу;

 бақылап белгілеу;

 үлгіге қарап орындау;

  құрастыру;

 сәйкестендіру;

түрлендіру;

 ВЕНН диаграммасымен салыстыру; т/б.

Осы әдіс - тәсілдерді алмастырсақ, баланың пәнге, оқуға қызығушылығын оятып, қабілеттерін ұштап отырсақ, өз бетімен ізденуге талпыныс пайда болады. Осындай игі жұмыстардың арқасында баланың өздігінен іздену, жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі де, бойында белгілі бір қасиеттер пайда болады:

 іс жүзінде білімін қолданып көру;

 өз ойын жүйелеп жеткізу;

  талас, пікірталас, ой толғаныс;

Өз сабақтарымда өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу мақсатымен көптеген әдіс - тәсілдерді қолданудамын. Өз тәжірибемде қалай осы жұмысты ұйымдастыратынымды сабақ үзінділерінен көрсетейін:

1. Ж. Караевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологияның элементтерін қолданамын. Сонда мынандай тиімді жақтары барын байқадым:

  оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;

жеке дара қабілеттері айқындалады;

  оқушылар өз деңгейінде бағаланады;

өз ойын жеткізуге үйренеді;

  жеңілден күрделіге көше отырып, жеке тұлғанын ойлау қабілетін жетілдіреді;

2.Әр тақырып бойынша құрған деңгейлік тапсырмалар. «Жаттықтыру парақтары» арқылы оқушылардың білім деңгейлерін байқап, сол бойынша бақылаулар, тест жұмыстарын беріп отырамын. Тексеру кезінде әр оқушының жеке табысқа жетуін есепке алып отырамын.

Дүниетану. «Өсімдіктерді қорғау керек».

І топ: сурет салу арқылы тақырыпты көрсетеді.
ІІ топ: өлең құрастырып тақырыпты ашады.
ІІІ топ: ойтолғау арқылы дәлелдейді.

3. Өз тәжірибемде оқушылардың жазбаша тілін дамытуға, білім сапасын көтеру үшін жазба жұмыстарын көбірек пайдаланамын. Мазмұндама, шығармадан басқа ой толғау, эссе, ойдан шығарған өлеңнің орны ерекше. Себебі:

 өз ойларын жеткізе білуге үйретеді;

  сөздік қорын молайтады;

 өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады;

 ой - өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі;

  оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.

Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін ала білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап көрсе, есте сақтау қабілеті де жақсарады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Оқушыны  жұрт алдында  сөйлеуге  дағдыландырады.

Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Сыныбымда жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Өзіндік жұмыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Оқушыларым өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, сыни көзқарастары дамып,мүмкіндіктерін саралай пайдаланатын дәрежеге жетті.

Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауда бірден-бір керегі -дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлерін анықтадым. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

"Әдебиеттік оқу"пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандығын, сөздік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын дамытуда мынадай мәселелерге көзім жетті.
* Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
* Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды;
* Оқуға ынта-ықыласы артты;
* Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
* Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
* Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
* Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді.
Қорыта келгенде, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ықпал ететін факторлар:

  мұғалімнің көмегі;

 ата - ананың демеуі;

  сайыстарға, интеллектуалдық байқауларға қатысуы;

 шығармашылықпен айналысуы;

 танымал бола бастауы; т/б

Өз бетімен жұмысты сабақтың кез келген уақытында беруге болады:

Жаңа сабақ түсіндіру кезінде

Қайталау сабағы кезінде

Сабақты бекіту кезінде

 Өз бетімен орындалатын жұмыстарды түрлі мақсаттарда қолданып келемін: 1)оқыту; 2)жаттықтыру; 3)бекіту; 4)шығармашылық,яғни іздену; 4)қайталау; 5)дамыту;

1.Оқыту мақсатындағы өз бетімен жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру  барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізілді. Оның мақсаты - жаңа материалға қызығушылығын дамыту, мұғалімнің нені түсіндіріп жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару. Осы жерде бірден не түсініксіз екені анықталады, яғни өтіліп жатқан тақырып бойынша ереже, қасиеттерге мысалдар келтіру арқылы жүргізуге болады. Мысалы: «Көбейтудің қасиеттері»тақырыбын түсіндіріп болғаннан кейін мынадай тапсырмалар бердім. а) Көбейтудің қасиеттеріне 2-3 мысал келтір.

2. Жаттықтыру мақсатындағы өз бетімен жұмысқа арналған тансырмалар бір текті болады, яғни түсіндіріліп берілген анықтама, ережелерге сәйкес қасиеттерді, белгілерді қорытып шығару. Бұны көбіне математика мен қазақ тілі сабақтарында қолдандым. Мұндай жұмыс кезінде мұғалімнің көмегі қажет болады немесе оқулық, дәптер-кестелерді қарауға рұхсат беріледі. Осындай өз бетімен жұмысқа тапсырмалар әр түрлі деңгейде карточкалар немесе дидактикалық материалдар арқылы беріледі. ( 3-4 сыныптар дидактикалық жаттығулар).

3. Бекіту мақсатындағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі анықтамалар мен ережелерді араластыра отырып қолдануда талап етеді.

4. Шығармашылық мақсаттағы өз бетімен жұмыс өте жоғарғы деңгейде жүргізілді; бұл оқушылардың үлкен қызығушылығын арттырды. Мұндай тапсырмаларға шығарылған есептің II-ші; III-ші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір ережелердің дәлелдемесін басқа тәсілдермен табу тапсырылды.

5. Қайталау мақсатындағы өз бетімен жұмысты жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргіздім, яғни оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтіретін сұрақтар болса анықтауға көмектеседі.

6. Дамыту мақсатындағы өз бетімен жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты эссе, шығарма жазуға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе мінездеме, сипаттама жазу,сауалнама,өздік жұмыстар,есептер шығарту, кестелер толтыру. Қорыта келе айтарым,оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру,білімдік деңгейін көтеру болып табылады.Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Қабілетін ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалпын құяды. Ол өзгермелі, үнемі даму үстінде болатынын, тоқтап қалмай, үнемі өсу керектігін ескеруіміз қажет.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Тастамбекова Алмагуль Солтановна

Дата: 01.12.2016

Номер свидетельства: 364651

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "«Бастауыш сыныптарда о?ытуды? жа?а  технологиясын саба?та тиімді ?олдану” ма?ала "
    ["seo_title"] => string(88) "bastauysh-synyptarda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologhiiasyn-sabak-ta-tiimdi-k-oldanu-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "210710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431492441"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Бастауыш сынып о?ушыларыны? ізденушілік ?абілеттерін дамыту "
    ["seo_title"] => string(67) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-izdienushilik-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "150896"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420567089"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Педогогті? к?сіби ??зіреттілігі "
    ["seo_title"] => string(38) "piedoghoghtin-k-sibi-k-u-ziriettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "148226"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1419613061"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Статья "ЖАНА АКПАРАТТЫК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТАРИХ САБАГЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ" "
    ["seo_title"] => string(77) "stat-ia-zhana-akparattyk-tiekhnologiialardy-tarikh-sabagynda-tiimdi-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "113569"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1410468888"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства