kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларыны? ізденушілік ?абілеттерін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бастауыш сынып о?ушыларыны? ізденушілік, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту».

                                                         Ш.У?лиханов атында?ы орта

                                                         мектебіні? бастауыш сынып

                                                         м??алімі Мутиева Г

 

Жас жеткіншекті? бойында?ы таби?ат берген ерекше ?абілетті тани білу,оны? одан ?рі дамуына ба?ыт, ба?дар бере білу ерекше ?иын іс.Демек о?ушыларды? ізденушілік,шы?армашылы? ?абілетін дамытуда ?азіргі инновациялы? техниканы пайдалану-м??алімні? басты міндеті.

«Шы?армашылы?»-с?зіні? т?ркіні этимологиялы? шы?ару» ойлап табу,сол ар-?ылы жетістікке ?ол жеткізу.Шы?армашылы? –б?л адамны? ?мір шынды?ында ?зін-?зі тану?а ?мтылуы,ізденуі.Шы?армашылы? –жа?алы? ойлап табу?а ба?ыттал?ан ?абілеттер де?гейі.Шы?армашылы? ?рекетте баланы? іздену ж?мысы басты нысанада болады да,на?ты жа?дай шешу ар?ылы н?тижеге жеткізетін шы?армашылы? ?абілеттер дамытады.Шы?армашылы? тапсырмалар «дамыта о?ыту идеясын т?жірибеде толы? ж?зеге асыруда ма?ызды орын алады.

Б?гінгі бастауыш сынып о?ушыларыны? кез-келгені шы?армашылы? тапсырмалар шешуде табыспен ме?гере алады.

Б?кіл бір халы?ты? ?стазы ?лы Абай ?зіні? 43-ші ?ара с?зінде ?мірге келгендегі ?абілеттері ?рі ?арай дамытуды,шы?дауды ?ажет ететінін,сонда ?ана олар пайда?а асатынын жаз?ан.Ал назардан тыс ?ал?ан ?абілеттер бара-бара жойылып,жо? болатынын айт?ан.Б.Т?р?ынбаева ?дістемелік о?у ??ралында «Шы?армашылы?-б?л ?айшылы?тарды шешуге ба?ыттал?ан,ол ?шін жекелік ?асиеттерді? болуын талап ететін,н?тижеде ?леуметтік не жеке адам ?шін м?ні бар соны жа?алы??а ?келетін адам ?рекеті» т?жырымын жасайды.Ал бастауыш сынып о?ушысыны? шы?армашылы?ы тек ?зіне ?ана т?н болып табылатын субьективті жа?алы?.?азіргі та?да о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту ?шін о?ушыны неге ?йрету керек,?алай ?йрету керек,?лде оны ?зі ?йрене ала ма деген с?ра?тар тууы м?мкін .Ол ?шін о?ан м??алім дайын  болуы керек. Педагог жетекшіге  о?ушыларды? шы?армашылы? іс-?рекетін ?алыптастыруда мынадай ережелерді са?тау керек:

 

1.О?ушыларды ?з бетінше іс-?рекет жасау?а ?йрету.

 

2.О?ушыларды? м?мкіндіктерін шектемеу.

 

3.Ба?алауда асы?ысты? жасамау.

 

4. Білімді ме?герту ?рдісінде о?ушылар?а к?мек к?рсету

М??алім о?ушыларды? жеке басын дамыту мен білім беру ма?сатына жету жолында?ы педогогикалы? ?ызметті?, іс-?рекетіні? ж?йелі дамып отыратын жобасы ретінде о?ушы белсенділігін арттыруды к?здейді. Ал о?ушы белсенділігіні? артуы оны шы?армашылы??а жетелейді. Ал шы?армашылы? ?абілет ?р баланы? таби?атында болуы м?мкін. Бізді? міндетіміз- о?ушы?а оны? бойында жасырынып жат?ан м?мкіндіктерін ашып к?рсету.
Бастауыш білім беру ?здіксіз білім беруді ал?аш?ы сатысы. Міне осы?ан с?йкес о?ушы?а белгілі бір к?лемдегі білім, білік да?дыларын ме?герумен бірге таби?ат, ?орша?ан орта туралы т?сініктерін ке?ейте отырып, о?ушыларды шы?армашылы? ба?ытта жан- жа?ты т?рбиелеу ?ажет.
Осы орайда мен ?зімні? іс-т?жірибемні? негізгі м?селесі етіп, б?кіл о?ыту барысында о?ушыны? тілін дамытып,с?з байлы?ын арттыруды ?ол?а алдым.

Міндетім:


-Баланы ынталандыру, к?кірегіне сенім ?ялата білу


-?рбір о?ушыны? жеке- дара ерекшелігін ескеру


-О?ушыларды? ?абілеттері мен шы?армашылы?тарын ?алыптастыру


-О?ушыларды? тілін дамытып, с?здік ?орын молайту


-Берілген тапсырманы? т?рбиелік м?ніне, ол тапсырманы? т?сінікті болуын ?ада?алау.


М?ндай ма?сат пен міндеттерді ?оюыма ы?пал еткен балаларды? ?з бойында?ы ?абілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол ?асиеттерді одан ?рі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша ?абілетсіз бала жо?. Барлы? баланы? да бір н?рсеге ?абілеті болады. Тек соны д?рыс ба?ытта жетілдіру керек. Сонды?тан б?л ма?саттарды ж?зеге асыру ?шін жасалатын ж?мыстарды да д?рыс талдау ?ажет.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

О?ушы шы?армашылы?ын дамытуда?ы тиімді ?діс-т?сілдер

 

Шы?армашылы? ?абілет ?р баланы? таби?атында болуы м?мкін. Бізді? міндетіміз о?ушы?а оны? бойында к?рінбей т?р?ан м?мкіншіліктерін ашып к?рсету. Осы міндеттерді орындау?а м??алімге бірден-бір керегі – д?рыс, тиімді ?діс-т?сілдерді та?дап пайдалану.

Шы?армашылы? саба?тарды? жоспарын жасауда о?ушыны? шы?армашылы?  ?рекетіні?  ба?дарына  с?йкестендіріп,   оларды?  ?абілетері, ескерілуі тиіс.

О?ушыларды шы?армашылы? іс-?рекетке баулып, оларды? белсенділіктерін, ?ызы?ушылы?тарын арттыра т?су ?шін ?р т?рлі ?діс-т?сілдерді ?олдану?а болады:

  1. Балалар?а белгілі та?ырыпта ??гіме о?ып, о?ушылар?а бас?аша ая?тау?а кілт боларлы? сюжет ?сыну;
  2. ??гімені?, ертегіні? сюжетін бастап беру, ая?тауды о?ушылар?а тапсыру;
  3. Ертегіні ?жым болып ты?дау;
  4. ?нат?ан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
  5. ?иялдау ар?ылы сурет сал?азу, ролмен ойнату;
  6. Арнайы та?ырыпта пікірталас тудыру.

Сыныбымда?ы ?р о?ушыны? п?н бойынша ізденімпазды? де?гейлерін аны?таймын. Сонымен ?атар  п?нге ?абілеттілігі, ?ызы?ушылы?ы аны?талады. Шы?армашылы? ?р о?ушыны? жеке ?абілеттері мен м?мкіндіктерін, танымды? іс-?рекеттері мен да?дыларыны? д?режесін к?рсетіп береді.

«Ана тілі» п?нінен орында?ан шы?армашылы? ж?мыстары о?ушыларды? ойлау, м?тін ??растыру ?абілетіні?, ?ле? шы?ару?а да т?селіп ?ал?анды?тан с?зідік ?орыны? молды?ын к?рсетті. ?з т?жірибемде шы?армашылы?ын дамытуда мынадай м?селелерге к?зім жетті.

? О?ушыны? ?з бетінше білім алу?а деген ??штарлы?ы оянды;

 

? Шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге да?дыланды;

 

? О?у?а ынта-ы?ыласы артты;

 

? Бір-біріні? ойын, пікірін сыйлау?а ?йренді;

 

? ?з бойларына жа?сы ?асиеттерді жинау?а ?йренді;

 

? ?з ойын ?а?аз?а т?сіруді ?йренді;

 

Шы?армашылы??а ?йрететін саба?тар жа?а технологияларды ?олдану болып табылады.

А. Байт?рсыновты? пікірі бойынша, «бала білімді т?жірибе ар?ылы ?здігінен алуы керек. М??алімні? ?ызметі – оны? біліміні?, шеберлігіні? ?за? жолды ?ыс?арту ?шін, ол жолдан балалар ?иналмай ?туі ?шін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру ?шін, бала?а ж?мысты ?ліне ?арай ша?ындап беру мен бетін белгілеген ма?сат?а ?арай т?зетіп отыру керек» — деген.

М??алім б?л жа?дайда білімді т?сіндіріп ?оюшы, ба?ылаушы емес, ба?алаушы емес, танымды? іс — ?рекетін ?йымдастыратын ?жымды? шы?армашылы? істерді? ?йыт?ысы.

О?ушыларды? шы?армашылы?ын, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ?жымды? ж?мыстар ?йымдастыруда шы?армашылы?, п?ндік апталы?тар мен олимпиадалар, п?ндік ?йірмелер мен факультативтік саба?тарды?,ата–аналармен біріктірілген саба?тар.
Барлы? ж?мыстарда о?ушыларды? ?алауы, та?дауы мен ?сыныстарын ескеру ?ажет.

О?ушыларды? танымды? ізденімпазды?ы мен белсенділігін, шы?армашыл? ба?ыттылы?ына негізделген ж?мыс т?рлерін пайдалану – оларды? танымды? ?ажеттіліктерін ?ана?аттандыра алады.
Бастауыш буында шы?армашылы?ты? ал?аш?ы сатысын іс — ?рекет ж?не ойын ар?ылы баста?ан д?рыс. Сонды?тан саба?ты ?ызы?ушылы?ты ояту кезе?інде суретті ойындар, с?зж?мба?тар т.б. т?сілдерімен бастап оны та?ырып?а байланысты екшеп ал?ан д?рыс.
О?ушыларды? назарын шы?армашылы? арна?а б?ру ?шін, ?немі шы?армашылы? тапсырма – міндеттер, жатты?у, ойын т?рлерін ?сын?ан ж?н. Шы?армашылы? жатты?у, ойын тапсырмаларды? мазм?нын  балаларды?  жас ерекшелігіне, ?ызы?ушылы?ына ?йлесуі керек.
М??алімні? е? ?лкен міндеті бала белгілі бір к?ркемдік шешім тауып, ?з туындысын ?тымды ая?тап шы??ан?а дейін оны назарынан тыс ?алдырмай, шы?армашылы? ба?ыт–ба?дар беріп отыру.
Шы?армашылы?ты тежейтін ?ш н?рсе бар : «С?тсіздікке ?шыраймын, ?олымнан ешн?рсе келмейді» деген ?ор?ыныш сезім, екінші — ?зіне тым риза болмаушылы? сезімі, ?шінші жал?аулы?
Шы?армашылы? ж?мысты? о?ушыларды ойлау?а жетелеп, ?ызы?ушылы?ын оятып, шы?армашылы? ?абілетін арттыру?а, белсенділікке ынталандырады.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? ізденушілік ?абілеттерін дамыту »

«Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Ш.Уәлиханов атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі Мутиева Г



Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт, бағдар бере білу ерекше қиын іс.Демек оқушылардың ізденушілік,шығармашылық қабілетін дамытуда қазіргі инновациялық техниканы пайдалану-мұғалімнің басты міндеті.

«Шығармашылық»-сөзінің төркіні этимологиялық шығару» ойлап табу,сол ар-қылы жетістікке қол жеткізу.Шығармашылық –бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.Шығармашылық –жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.Шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады да,нақты жағдай шешу арқылы нәтижеге жеткізетін шығармашылық қабілеттер дамытады.Шығармашылық тапсырмалар «дамыта оқыту идеясын тәжірибеде толық жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуде табыспен меңгере алады.

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды,шыңдауды қажет ететінін,сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған.Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып,жоқ болатынын айтқан.Б.Тұрғынбаева әдістемелік оқу құралында «Шығармашылық-бұл қайшылықтарды шешуге бағытталған,ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін,нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті» тұжырымын жасайды.Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы тек өзіне ғана тән болып табылатын субьективті жаңалық.Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқушыны неге үйрету керек,қалай үйрету керек,әлде оны өзі үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін .Ол үшін оған мұғалім дайын болуы керек. Педагог жетекшіге оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда мынадай ережелерді сақтау керек:



1.Оқушыларды өз бетінше іс-әрекет жасауға үйрету.



2.Оқушылардың мүмкіндіктерін шектемеу.



3.Бағалауда асығыстық жасамау.



4. Білімді меңгерту үрдісінде оқушыларға көмек көрсету

Мұғалім оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педогогикалық қызметтің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Бастауыш білім беру үздіксіз білім беруді алғашқы сатысы. Міне осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгерумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушыларды шығармашылық бағытта жан- жақты тәрбиелеу қажет.
Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып,сөз байлығын арттыруды қолға алдым.

Міндетім:


-Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу


-Әрбір оқушының жеке- дара ерекшелігін ескеру


-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру


-Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту


-Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау.


Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.


















Оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер



Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану.

Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық  әрекетінің  бағдарына  сәйкестендіріп,   олардың  қабілетері, ескерілуі тиіс.

Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

  1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

  2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

  3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;

  4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

  5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату;

  6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлерін анықтаймын. Сонымен қатар  пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

«Ана тілі» пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандықтан сөзідік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын дамытуда мынадай мәселелерге көзім жетті.

● Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;



● Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды;



● Оқуға ынта-ықыласы артты;



● Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;



● Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;



● өз ойын қағазға түсіруді үйренді;



Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады.

А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» — деген.

Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс — әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен олимпиадалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың,ата–аналармен біріктірілген сабақтар.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылқ бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс — әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа байланысты екшеп алған дұрыс.
Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт–бағдар беріп отыру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар : «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші — өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық
Шығармашылық жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.















Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.

Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.

Кему ретін атау.

Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.

Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…

Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.

Оқушылардың байқағыштығын дамытуға арналған тапсырма. Мұнда, пішіндері мен орналасу ыңғайына қарай артық үш фигураны (басты) табу. Артық үш фигураның оң құлағы үшбұрыш, ал сол құлағы «Сопақша» пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).

Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты басқа фигураларарасынан ажырата және тани білуге үйрету

Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?

Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани білуге үйрету.

Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;



  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;



  • оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;



  • игерілген білімді тасымалдай білуі;



  • өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;



Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.

Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында құрал жабдықтардың , математикалық есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.









Дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептеймін.

1. Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

I топ-эссе жазады

II топ-сурет салады

III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.



5 жолды өлең:

Су

Мөлдір, түссіз

Ағады, жұғады, жабысады

Ол бізге өте қажет

Сусын

Өсімдік пен жануарлардың байланысы.

Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: —Егер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?



2.Адам мен табиғаттың байланысы.

— Біз табиғаттан не үйренеміз?

Шәйнектің қайнауына қарап, паровозды ойлап тапқан.

Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан.

Бұлбұлдан ән айтуды үйренген.



3. Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру,Ауа,су және жарық

Ауасыз жер бетінде тіршілік жок ,суреттің көмегімен әңгіме кұрастыру.

Ерте ,ерте,ертеде…….осыдан көп жыл бұрын су болмапты,кұстар шөлден қаталапты, талдар қурап ,гүлдер солыпты.

Шаршаған күн желден көмек сурайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді, Күн көлдердің суын қыздыра бастайды,су тамшылары буға айналып аспанға көтеріледі,

Ол жерде тамшылар бір- бірімен қосылып бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауады, жер рахаттана демалады. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар куанады.

4.Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)

5.ББҮ кестесі

Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.Осы орайда дүниетану пәні бойынша жаңа технология элементтерінің өз тәжірбиемде көрсетсем . Өсімдік-тірі организм тақырыбында мынадай мақсат қойдым. (қосымша №1)

а) Оқушылардың біліктерін арттыра отырып, өсімдік-тірі организм екенін түсіндіру және ұғындыру

ә) Логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа, танымдық қабылдауын арттыруға дағдыландыру

б) Табиғатты сүюге, қорғауға, өсімдіктерді күтуге оны өсіруге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, тест, венн диаграммасы, ребус, жұмбақтар.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: аралас , ойын сабақ.

І. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық жүргізу.

ІІ. Өткенді пысықтау. Ой ашар әдісі арқылы сызбамен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV Топтау әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндіру

V. Суретпен жұмыс. Плакатқа салынған сурет арқылы түсіндіру.

VІ. Топпен жұмыс

І-бұталар тобына. Жұмбақ шешу. Көкіністер мен жемістер туралы.

ІІ-шөптер тобы.Сурет салу.

ІІІ-ағаштар тобына. Тест тапсырмасы.

Х. Қорытындылау:Сұрақ-жауап арқылы.



Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

Мәтін бойынша мақал құрастыру.

Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

Өлең, мақалдар құрастыру.

Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

Кейіпкерге мінездеме беру.

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

Рөлге бөліп оқыту.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

Диалог-ертегі.

Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқталайын.. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

«Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды

«Суырып салма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Мысалы «Жаңбыр ойыны»

Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді.

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

«Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

«Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

Әдебиеттік оқу пәнінен өткізген «Шегіртке мен құмырсқа»сабағыма тоқталсам,алдыма мынадай мақсат қойдым.

Білімділік: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді мең-герту, ойын жүйелі айтуға үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыр

Тәрбиелілік: Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, Венн диаграмма, ассоциация, бес жолды өлең,рөлге бөліп оқу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, автор суреті, өмірбаяны.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту

Ой толғаныс.

  1. Топпен жұмыс.

«Шегіртке мен құмырсқаға» венн диаграмма әдісін құру.

ІІ топ.

Құмырсқаға бес жолды өлең жазу.

Қорытынды:

Абай атаның «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақалымен қорытындылау.

Бағалау.

YІІ.Үйге тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқу. Сурет салу.

Мысалды жаттау, суретін салу.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар



Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе… бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейін.

Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру мақсатымен әр сабақта сөздік диктант жүргізіледі. Ол сөздердің дұрыс жазылуын меңгертіп қана қоймай, осы сөздер бойынша мәтін құрастыруға тапсырма берілді

Мәтіннен үзінді оқып беріп, ары қарай өздерің аяқтаңдар деген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды.

«Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ» — деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі — К.Д. Ушинский.

Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой… қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.

Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын.

Мысалы:

Бұл… піл, бұл ірі піл.

Шеше, шеше,

Неше кесе Сынды кеше?

Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Адильгереева Аселдің құрастырған мәтіні.

Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:

— Айдар, жылама, қорықпа! Бұл — піл, бұл —ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, — деді.

- Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, — деп сұрады.

Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.

Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығы ескертіліп, әр жануардың қасына:

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.



Отансыз адам… ормансыз бұлбұл.



Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.



Ел іші… алтын бесік.



Отан… оттан да ыстық.



Бірлік түбі… береке



Мұндай тапсырмалардың түрлерін ойын түрінде қызықты өткізуге тырысамын.Мысалы «Кім жылдам» ойыны, «Артық сөзді тап», «Адасқан әріптер»ойыны.Әр сабақты көрнекі құрал арқылы өткіземін,себебі көрнекі құрал арқылы арқылы түсіндірілген сабақ оқушының жадына ұзақ әрі берік сақталады.Әр сабақта күнтізбе жоспары бойынша тілдік материалдар мен сөйлем әрекетінің түрлеріне тоқталамын.

Өлең жолын құрастыру 1-інші сыныптан бастап сауат ашу барысында басталады. Ол үшін оқушыларға алдымен ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Әрине жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Осының арқасында 4- сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп қалады.

Осындай шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді, шығармашылыққа баулиды. Сондай…ақ ережелерді де, құр жаттатпай өздері саналы түрде түсінетіндей жағдай туғызу арқылы беріп отырамын. Айт, кес, жаз, жүз +— қыш, кіш, —ғыш, —гіш = туынды сын есім.Оқытудың жаңаша мазмұны барлық пәндерде қолданылатын көрнекі құралдарға, олармен жұмыс істеуге де жаңаша талаптар қояды.

Нәтижесінде оқушы қазақ тілінде еркін сөйлеуге,өз ойын еркін жеткізе білуге сауатты жазуға,оқығанын,естігенін мазмұндай білуге дағдыланады.





Қорытынды.



Шығармашылықпен оқыту-жетістік көзі. Жұмысымды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.Оқушылардың білім сапасы көтерілді.Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі

Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс — әрекеті және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс — әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.

Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық еңбекті талап етеді.







Қолданылған әдебиеттер:



  1. Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

2. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева

3. «Проблемалық оқыту» Окунин

4. «Саралап деңгейлеп оқыту» Ж.Караев

5. «Оқытудың модульдік технологиясы» М.Жанпейісова

6. Ұстаздық шығармашылық Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007ж

7. Дамыта оқыту технологиясы Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2000ж

8. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы «Егемен Қазақстан» 1999ж

9. Бастауыш сынып журналдары №1. №2 .2013ж

10. Әдіскер мұғалім №5.2012ж















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Бастауыш сынып о?ушыларыны? ізденушілік ?абілеттерін дамыту

Автор: Мутиева Гульниса Аубекеровна

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства