kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әкелер кеңесі "Әкем айтқан асыл сөз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әкелер кеңесі "Әкелер айтқан асыл сөз"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әкелер кеңесі "Әкем айтқан асыл сөз"»

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені











«Әкем айтқан- асыл сөз»

(әкелермен кездесу кеші)









Өткізген:Cағынғалиева Ә.Е.







2016жыл



Бекітемін:__________

ДТЖО: М.Ж.Тапалова

10.02.2016 ж.

Тақырыбы. «Әкем айтқан- асыл сөз»



- Мектеп пен ата–ананың арасындағы қарым–қатынасты, қыз баланың әкеге деген құрмет сезімін нығайту;
- халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы қыздардың бойына асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- ата-ана және мектеп қарым-қатынасын  жоғары дәрежеде ұйымдастырып, бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін арттыру;


Түрі: кездесу кеш.
Қатысушылар: 7а сынып қыздары мен әкелері.

Көрнекілік: «Әке тілегі» бүгінгі тақырыпқа сай тәрбие негізінде өлең жолдарын тыңдау,салт-дәстүр туралы нақыл сөздер,




Жоспары:

1.Кіріспе сөз.
2. Әке тілегі(әкелер тілек-өлеңдерін айтады)
3. Сан сұраққа саяхат

4.«Қазағымның салт-дәстүрлері-ай»(дәстүрге байланысты сұрақтар)
5. «Сөздің көркі-мақал»

6. .Білектей арқасында өрген бұрым.ойын (әкелері қыздардың шашын

өреді)

7 Әкеге хат










Өту барысы:



1.Кіріспе сөз.

-құрметті қыздар,әкелер бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер! Бұған дейін біз аналарымызбен бірге сырласу кешін өткізген болатынбыз бала тәрбиесіне әке мен ана бірдей жауапты дейтін болсақ бүгінгі кешімізді қыздарымыз бен әкелерге арнамақпыз.

-Отбасының ұйытқысы,берекесі, мейір-шапағаты бұл әрине –ана.Білмегенімізді анамыздан сұрап,үйренеміз.Қыз баланың іс-әрекетін,мінез-құлқын,жүріс-тұрысын қадағалап отыратын аналарымыз үйде әке алдында да қыз баланың іс-қимылын мұқият бақылап отырған: «әкең келе жатыр», «әкеңнің айтқанын істе», «әкеңмен ақылдас» деген сөздерден әке мәртебесінің қаншалықты жоғары екенін көреміз.

Олай болса,бүгін біз әкелерімізден салт-дәстүрге байланысты сұрақтар туралы білетін боламыз.


2.Әке тілегі (әкелер қыздарға арнаған өлеңдерін оқиды)

Қызым менің, қызығым, Аминашым!

Анаң сенің жүзіңді аяласын.

Таң нұрымен таранып еркем ертең,

Күн нұрымен бойжетіп боянасың.

 

Қызым келді өмірге, көз қуаныш

Қуаныштан қиялды кездім алыс.

Мәпелеген ботам-ау, бір мен үшін,

«Әке» деген ардақты сөз жұбаныш.

 

Бірегейі сен едің көп үміттің,

Ниет қылып Алладан сені күттім.

Менен асқан бақытты жан бар ма екен

Құшағымда тұрғандай көрініп Күн.

 

Жұдырықтай жүректің бөлшегісің,

Анаң барда асқақсың, еңселісің.

Өмірімнің жалғасы – ерке құсым,

Өлең жазам өлмейтін мен сен үшін! 


Қызым менің,

Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.

Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,

Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

 

Қызым менің,

Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім.

Бұл өмірдің бақ тұнған бақшасынан,

Жемісіңді қалаған үзіп жегін.

 

Қызым менің,

Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім.

Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен,

Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын.

 

Қызым менің,

Бой жетерсің боялып қызылға ерін.

Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,

Анаң сенің атанған түзу келін.





3. Сан сұраққа саяхат (әкелерге сұрақтар беріледі)



1.Қыз бала үшін салт-дәстүрдің,тыйым сөздердің пайдасы бар ма?

2.Отбасында берілген тәрбие ұл баланың тәрбиесі, қыз баланың тәрбиесі деп бөлініп берілуі керек деп ойлайсыз ба?

3. Ана көп жағдайда баласының жаман қылықтарын әкесінен жасырады, сіз оған қалай қарайсыз?

4.Қыз баланы өсіріп тәрбиелеу, тек қана ананың, ал ұл баланы тәрбиелеу тек қана әкенің тікелей міндеті деген пікірге қалай қарайсыз?



5.Жанұяда бала тәрбиесіне кім жауапкершілікпен қарайды?

6.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектеп жауапкершілігі басым ба?

7.Қыз баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

8.Қазақтардың баланы еркелеткен кезде жиі айтылатын «сөзі»?













4.«Қазағымның салт-дәстүрлері. (қыздары әкелеріне дәстүрге байланысты сұрақтар қояды)



Қонақкәде дегеніміз не?

Алыс жол жүріп келген бейтаныс қонақты ас-ауқат, тамақ беріп күткен үй иелері сол қазақтың құрметіне көршілерін, жақын ағайындарын да шақырады. Мақсат – қонақтың құрметіне ойын-сауық ұйымдастырып, ән айтып, күй тартып көңіл көтеру.

(Қонақтың өлең, ән айтуына тілек білдірудің аты – қонақкәде сұрау)

Байғазы деген не?

Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны,көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Базарлық деген не?

Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.



Құрметті қыздар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.


Бата дегеніміз не?

Қазақтың дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде кездесетін қуаныш кезінде той иесіне, қуаныш иесіне және т.б. арнап, сондай-ақ алыс жолға аттанғалы тұрған азаматтарына ақ жол тілеп, қол жайып айтатын тілегі бата деп аталады. Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған.



Сүйінші.Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші»деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың,ризашылықтың белгісі.



Бастаңғы.Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып, ойын-сауық құрады.

Енші. Балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік,мал беріп,отау тігіп,жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.

«Сөздің көркі-мақал»

(Мақал-мәтелдер сайысы,Әке бастайды, қызы жалғастырады)

Әке балаға ........ сыншы

Ата-атаның қадірін ......... балалы болғанда білерсің

Әке көрген оқ жонар, ........

Ананың көңілі балада

VI. “Білектей арқасында өрген бұрым” ойын.

(әкелері қыздардың шашын өреді)

VII. Әкеге хат.

(қыздардың хатын оқу)



Қорытындылау.

Мұхаммед пайғамбардың «әке-шешенің баласына беретін ең үлкен сыйлығы – өнегелі, үлгілі тәрбиесі», Абайдың жетінші, сегізінші қара сөздерінде «Бала болашағына негіз салушы – ата-ана» деген сөздерімен қорытындылай келе, әкелерімізге сөз береміз.













Қызым менің, қызығым, Аминашым!

Анаң сенің жүзіңді аяласын.

Таң нұрымен

таранып еркем ертең,

Күн нұрымен бойжетіп боянасың.

 

Қызым келді өмірге, көз қуаныш

Қуаныштан қиялды кездім алыс.

Мәпелеген ботам-ау, бір мен үшін,

«Әке» деген ардақты сөз жұбаныш.

 

Бірегейі сен едің көп үміттің,

Ниет қылып Алладан сені күттім.

Менен асқан бақытты жан бар ма екен

Құшағымда тұрғандай көрініп Күн.

 

Жұдырықтай жүректің бөлшегісің,

Анаң барда асқақсың, еңселісің.

Өмірімнің жалғасы – ерке құсым,

Өлең жазам өлмейтін мен сен үшін! 


Қызым менің,

Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.

Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,

Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

 

Қызым менің,

Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім.

Бұл өмірдің бақ тұнған бақшасынан,

Жемісіңді қалаған үзіп жегін.

 

Қызым менің,

Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім.

Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен,

Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын.

 

Қызым менің,

Бой жетерсің боялып қызылға ерін.

Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,

Анаң сенің атанған түзу келін.









Қыз балаға бата 

Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін,

Жаздай жамал берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын,

Нәзік жаны болсын,

Елінің ары болсын,

Басына өнердің бағы қонсын,

Ақ орданың шамы болсын!

Ф.Оңғарсынова





























Кедейлік пен Байлық бір кісіге келіп:

-       Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз,-деп сұрапты.

Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып маған қолын бір-ақ сілтейді», ал Байлықты тартымды дейін десем, Кедейлікті ренжітіп алам, ол сосын менің зықымды шығарады ғой».

            Аз-кем ойланып,  былай депті:

-               Екеуің тап осылай қатарласып тік тұрғанда мен ештеңе айта алмаймын. Қане,  жүріс-тұрыстарыңды көрейін, бір айналып өтіңдерші.  

Кедейлік пен Байлық ерсілі-қарсылы жүре бастапты.

            Оларға қарап тұрып адамның айтқаны:

-       Кедейлік сен кетіп бара жатқанда, ту сыртыңнан қарасам, қандай тамашасың.

Ал Байлық, сен келгенде... өзіңнен асатын не бар!?

            Бүгін Байлық есігімізді келіп қағып тұрған күн, оған есіктеріңді айқара ашыңдар да, Кедейлік пен таршылыққа қол бұлғап  қош айтысыңдар.  




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Әкелер кеңесі "Әкем айтқан асыл сөз"

Автор: Сагингалиева Алия Еркиновна

Дата: 16.04.2018

Номер свидетельства: 466382

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "?ке-ас?ар тау"
    ["seo_title"] => string(12) "kieaskartau1"
    ["file_id"] => string(6) "294828"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455725358"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Дара ж?не к?рделі сан есім. "
    ["seo_title"] => string(32) "dara-zh-nie-kurdieli-san-iesim-1"
    ["file_id"] => string(6) "183738"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425920211"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ."
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesindiegi-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "295467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455814688"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?АЗА? ХАЛ?ЫНЫ? Т?УЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДА НАЙМАН  Ш?РЕК БАТЫРДЫ?  Р?ЛІ"
    ["seo_title"] => string(59) "kazakkhalkynyntuielsizdigizholyndanaimanshoriekbatyrdynroli"
    ["file_id"] => string(6) "318482"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460598597"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?АЗА? ХАЛ?ЫНЫ? Т?УЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДА"
    ["seo_title"] => string(34) "kazakkhalkynyntuielsizdigizholynda"
    ["file_id"] => string(6) "318488"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460600992"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1480 руб.
2110 руб.
1850 руб.
2640 руб.
2220 руб.
3170 руб.
1650 руб.
2350 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства