kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланың тәрбиесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланың тәрбиесі»

Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.

Қымбатты, ата-ана, ұстаздар! Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу. (Ульзана)


Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. (Азамат)

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады. () -ата-ана туралы дана сөздерді бірнеше оқушы айтып өтеді.

1.Ұл, қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да, тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі. (Мейрамбек)

2.Ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

3.Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек. (Мадина)

4.Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.(Айдана)

5.Ата-анасын ұмытқан бала анасыз, рақымсыздың рақымсызы.

6.Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.

7.Кейбір тәрбиесіз, әдепсіз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әже, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.

8. Әке-тірегің, қамқоршын, асқар тауың,

Ана-жарық дүниеге әкелуші.


І.«Танысу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш  қасиетін  кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау:   Қандай  әсер алдыңыздар ? Не қиындық келтірді ?


Баяндама:

Мен өзімнің сөзімді Абайдың 7 қара сөзінен бастағым келеді.Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе же мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі - жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс-шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.

Ата-аналарға көмек ретінде:

Талапты бала өсіргіңіз келсе:


• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беріңіз.
• Балаға жоспар құруға көмектесіңіз.
• Балаға қызық жерлерді нұсқаңыз.
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсетіңіз.
• Достарымен араласуға көмектесіңіз, қолдаңыз.
• Балаңызға басқалардан жамансың деп айтпаңыз.
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспаңыз.
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беріңіз.
• Оған кітап оқып беріңіз,оқыған кітаптарын бірге талқылыңыздар.
• Бала кезінен кітап оқуға үйретіңіз.
• Қалауын түсіне біліңіз.
• Баламен жеке араласуға уақыт табыңыз.
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспаңыз, бірге жасаңыздар,

үйретіңіз.
• Үлкендермен еркін араласуға үйретіңіз.


ІІ.    «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы: Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

      1.   Балаңыздың туған  күні?

      2.    Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

      3.    Балаңыздың парталас көршісі кім?

      4.    Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?

      5     Балаңыздың сүйікті асы қандай?

       6.     Балаңыз кеше қандай баға алды?

      7.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

       8.    Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

       9.    Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

       10.    Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

      11.    Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

      12.Балаңыздың ең жақын досы кім?


ІІІ. «Үшеуіміздің суретіміз!»

Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, анасы жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, баласы ол суретті аяқтайды. керек.

Талдау:

1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?

2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?

4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.


IV.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен  үлестірмелі қағаздарды  бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да

сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әәрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз  күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі  бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

    9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?


V. Логикалық есептер.

1. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 2 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)

2. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)

3.Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

4.Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

5.1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)

6.Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

7.«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)

8. Жүз тауық 100 күнде 100 қадақ тары жейді, ал 10 тауық 10 күнде қанша тары жейді? (1 қадақ)

9.Жұма күніне сабақ кестесін құрғанда: «Информатика - бірінші немесе екінші, физика- бірінші немесе үшінші, тарих - екінші немесе үшінші сабақ болсын»,- деген тілектер айтылады. Мұны қалай орындауға болады?


.Егер ……..онда…. жаттығуы


 "Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт" деген орыс мақалы бар. Сіз балаңызға ақылды қалай айтасыз?

  1. Көп балалы ана болсам…

  2. Айлық табысым аз болса…

  3. Баламның оқу үлгерімі нашар болса…

  4. Бұзақылығы үшін мектепке шықырса…

  5. Істеген іс-әрекетім дұрыс болмаса..

  6. Балаңыз жүлделі орын алса…

  7. Бинго ойынынан Джек пот жеңіп алса…

  8. Жолдастарымен беймезгіл уакытта кыдырғысы келсе…

  9. Материалдық шығын келтірсе…

  10. Балаңыздың сұрағына жауап беруге біліміңіз жетпесе…


VIІ.«Біз бақытты жанұямыз!»


Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?


VIII.Мақалдың жалғасын тап:


1.Атаға қарап …(ұл өсер)

Анаға қарап…(қыз өсер)

2. Ананың көңілі балада, … (баланың көңілі далада)

3.Ата-ананың қадірін … (балалы болғанда білерсің)

4.Ата баласы болма, …(адам баласы бол)

5. Әдепті     бала,

...

(Ата –анасын мақтатар)

Әдепсіз бала,

...

(Ата-анасын қақсатар)

6.Балалы үй базар,

... (баласыз үй қу мазар)


IX.Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)

1)    Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

2)    Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )


Қорытынды:

ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтың тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баланың тәрбиесі

Автор: Сейлханова Сауле Кабыкеновна

Дата: 25.11.2016

Номер свидетельства: 362438

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ."
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesindiegi-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "295467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455814688"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Бала т?рбиесіні? ді?гегі - отбасы"
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesinin-din-ghieghi-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "249060"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446822095"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "" Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі""
    ["seo_title"] => string(39) "bala_t_rbiiesindieghi_ata_ananyn_roli_2"
    ["file_id"] => string(6) "411119"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1492978733"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі бірлігі"
    ["seo_title"] => string(54) "otbasy_mien_miektieptin_bala_t_rbiiesindieghi_birlighi"
    ["file_id"] => string(6) "441002"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511800334"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бала т?рбиесі-орта? міндет "
    ["seo_title"] => string(28) "bala-t-rbiiesi-ortak-mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "209766"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431284219"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства