kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі бірлігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты.» Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу – ата-ана мен ұстаздың қоғам алдындағы борышы. Баланың негізгі тәрбиешісі ата-ана екені анық. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Дүниеге ұрпақ әкеліп, оны өсіріп-бағып, әлпештеп-аялап, керегін тауып беру ғана емес, ата-ана бала тәрбиесі үшін жауапты. Мектеп жасына келіп, бала мектеп табалдырығынан аттаған соң, осы «жауапкершілік түгелімен мұғалімге көшеді» деген ұғым қалыптаспауы керек. Керісінше, баланың Азамат болып қалыптасуына сенімді одақтас табылды деп қуанған абзал. Мектепте мұғалім жанұяның тәрбиесін толықтырып, үйде ата-ана мектептен алған тәлімді жетілдіріп отырса, ортадағы алтын көпір балаларымыз екі жақты болмай, бірізді, жүйелі тәрбие алары сөзсіз. Кейбір ата-ана баласын барынша еркелетіп, бар айтқанын қалтқысыз орындап жүріп, өз айтқанын істете алмайтын халге жетеді де, «ертең мектепке барған соң, мұғалім тәрбиелеп береді» немесе «мұғалімге айтып қоямын, сені жақсылап тәртіпке түсіреді» деп мұғалім туралы алдын-ала мүлде теріс пікір қалыптастырып қояды. Сондықтан да мектепке келуден қаймығып, мұғалімді көргенде, жасқанып не анасының шалғайынан жібермей, мектепте қалғысы келмей жылап жататын балаларды кездестіріп жүргеніміз жасырын емес. Мектеп туралы қызығушылықтарын оятып, білім нәрімен сусындатар мұғалімі жайлы жағымды пікірлер айтып отыратын жанұяның баласының болашағына деген сенімі артары сөзсіз. Сенім демекші, бір күні оқушыларға мына бір әңгімеден үзінді айтып бердім: «Мектепте үзіліске шыққан балалар ойнап жүр еді. Бір бала доп алып келіпті. Сынып ішінде алғашында сақ ойнап, допты еденге соғып секіртеді де, қағып алады. Сонан соң ойынға басқа балалар қосылды. Біреуі допты алдымен теуіп қалып еді, екіншісі басқа бір жаққа қарай бағыттады, үшінші бала одан әрі ұзатты, балалар ойынға елігіп алды. Біреуінің қатты тепкен добы терезеге барып тиді. Әйнек сынды. Қоңырау естілді. Сыныпқа қолына доп ұстаған кезекші кірді де: Әйнекті кім сындырды?- деп сұрады. Бәрі үнсіз. Ешкім мойындар емес. Кезекші: Мынау кімнің добы? Менікі. Үзілісте доппен ойнаған сен бе? Мен, бірақ доп терезеге тиген кезде, мен ойында жоқ едім. Онда, доп әкелген саған жауап беруге тура келеді. Ата-анаңды шақырып кел. Кімнің кінәлі екенін сонда анықтаймыз! Бала үйіне келе жатып: «Мен шындықты қаз-қалпында айтып берсем,ата-анам сенер ме екен, сенбес пе екен?» - деп ойлады. Әңгімені осы жерден үзіп, әрі қарай не болатынын балалардың өздеріне айтқызып көрдім. Тыңдап отырсам, әр бала өз ата-анасының ойлау тұрғысынан, өзіне деген көзқарас бойынша әңгімелеп жатқаны байқалады. Әңгімені «ата-анасы сенбейді» деп аяқтаған оқушылардың үйіне қоңырау шалып, баласының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, мадақтағанымда, таң қалыстарын білдірген ата-аналар кездесті. Сондықтан, мұғалім мен ата-ана баланың тек қиын тұстарын, сабағының үлгірмейтінін т.с.с. проблемаларды айтып, шағымдану үшін емес, жылт еткен жақсылығы, табысы, ілгерілеушілігі, бойындағы жақсы қасиеттер туралы сұхбаттасып, ол үшін бір-біріне ризашылық сезімдерін айтуға асықса, балалардың бақытты жүзін байқар едік. Балаға мейірлене қарасаң, ол да сені жанына жақын санап, толық сенімділік білдіреді. Жылы сөз, ұнамды мінез, ыстық мейірім, қуаныш эмоциясы, ашық әңгімелесу арқылы баланың жүрегіне жол тауып, ішкі сырын ашуға болады. Үйде де, мектепте де өзінің проблемалары мен мазалап жүрген сұрақтарына жауап берер жан табылмаса, бала оны сырттан іздейді. Ал ол қандай жан болып кездесері беймәлім. Олай болса, ата-ана мен мұғалім балаларын тыңдай білгені, әр балаға көңіл аударып, уақыт бөле білгені абзал. Сондай-ақ,, ата-аналар мен мұғалімнің жиі хабарласып, кездесіп, жиналыстарынан қалмай, баланың күнделікті жағдайынан хабардар болу, ата-аналар үшін әңгіме мен лекциялар, мамандар кеңесін ұйымдастыру, түрлі іс шараларды бірігіп өткізу, педагогикалық кеңестерге, сабақтарға қатысу, емтихан комиссиясы жұмысына араласу секілді жұмыстар арқылы мектеп пен отбасы байланысын нығайту бала тәрбиесінде оң нәтижелер берері сөзсіз. Бұл жұмыстарды ұйымдастырудың формалары да алуан түрлі. Соның бірі – «Балалардың жанұяда қуаныш құшағында дамуы мен тәрбиеленуі» атты ата-аналар жиналысында ата-аналар «Проблемалар ағашынан» сары қағазға жазылған ситуация-жапырақтарды жұлып алып, оны шешудің жолдарын бірлесіп іздеді. Ал кілттерге жазылған «Психолог кеңестерін» ашып оқығанда, ата-аналарымыздың пікірлерімен ұштасып жатты. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар, отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай, ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Ұстаздардың балаларға мына қағидаларды естеріне салып отырғаны жөн. • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес; • Әділ ойна, өз досыңды сатпа; • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама; • Ескертулерге ренжіме! Ескертулер үшін мұғаліммен санаспа, көңіліңе алма; • Біреуге жала жаппа; •Сен қандай болсаң да, ата-ана үшін ең керемет, данышпан, ақылдысың. (Бірақ мұны олар айта бермейді) ; • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысың, ешкімнен кем емессің; Сен ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін - ең жақсысың. Өзің де ата-анаңа оны жақсы көретініңді ісіңмен байқатып отыр. Бұл ережелерді ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет. Ата-аналарға көмек ретінде: Талапты бала өсіргіңіз келсе: • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беріңіз; Сөзбен емес, іспен тәрбиелеңіз; • Балаға жоспар құруға көмектесіңіз; • Баланың бір нәрсені қалауына, жасап көруіне, қателесуіне кедергі жасамаңыз; • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсетіңіз. Оларға қамқоршы, күтуші керек емес, мейірімді, сенімді дос керек. • Достарымен араласуға көмектесіп, қолдаңыз; • Балаңызға басқалардан жамансың деп ешқашан айтпаңыз; • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспаңыз; Бір нәрсе жайлы ескерту керек болса, тек есіне салатын бір сөз айтсаңыз жеткілікті. Есте сақтаңыз: «мың ақылдан бір сөз тиімд!і» • Оны қызықтыратын кітаптар алып беріңіз. Оған кітап оқып беріңіз; • Бала кезінен кітап оқуға үйретіңіз. •Әрқашан жылы жүз, әзіл сөз өмірді жеңілдетеді; • Қалауын түсіне біліңіз; • Баламен жеке араласуға уақыт табыңыз; • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспаңыз; • Үлкендермен еркін араласуға үйретіңіз. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз. Балаңызға уәде берсеңіз, орындаңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз. Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше, тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Қазақта: «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі бірлігі»

«Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты.» Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу – ата-ана мен ұстаздың қоғам алдындағы борышы.

Баланың негізгі тәрбиешісі ата-ана екені анық. Бала  тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Дүниеге ұрпақ әкеліп, оны өсіріп-бағып, әлпештеп-аялап, керегін тауып беру ғана емес, ата-ана бала тәрбиесі үшін жауапты. Мектеп жасына келіп, бала мектеп табалдырығынан аттаған соң, осы «жауапкершілік түгелімен мұғалімге көшеді» деген ұғым қалыптаспауы керек. Керісінше, баланың Азамат болып қалыптасуына сенімді одақтас табылды деп қуанған абзал. Мектепте мұғалім жанұяның тәрбиесін толықтырып, үйде ата-ана мектептен алған тәлімді жетілдіріп отырса, ортадағы алтын көпір балаларымыз екі жақты болмай, бірізді, жүйелі тәрбие алары сөзсіз.

Кейбір ата-ана баласын барынша еркелетіп, бар айтқанын қалтқысыз орындап жүріп, өз айтқанын істете алмайтын халге жетеді де, «ертең мектепке барған соң, мұғалім тәрбиелеп береді» немесе «мұғалімге айтып қоямын, сені жақсылап тәртіпке түсіреді» деп мұғалім туралы алдын-ала мүлде теріс пікір қалыптастырып қояды. Сондықтан да мектепке келуден қаймығып, мұғалімді көргенде, жасқанып не анасының шалғайынан жібермей, мектепте қалғысы келмей жылап жататын балаларды кездестіріп жүргеніміз жасырын емес. Мектеп туралы қызығушылықтарын оятып, білім нәрімен сусындатар мұғалімі жайлы жағымды пікірлер айтып отыратын жанұяның баласының болашағына деген сенімі артары сөзсіз.

Сенім демекші, бір күні оқушыларға мына бір әңгімеден үзінді айтып бердім: «Мектепте үзіліске шыққан балалар ойнап жүр еді. Бір бала доп алып келіпті. Сынып ішінде алғашында сақ ойнап, допты еденге соғып секіртеді де, қағып алады. Сонан соң ойынға басқа балалар қосылды. Біреуі допты алдымен теуіп қалып еді, екіншісі басқа бір жаққа қарай бағыттады, үшінші бала одан әрі ұзатты, балалар ойынға елігіп алды. Біреуінің қатты тепкен добы терезеге барып тиді. Әйнек сынды. Қоңырау естілді. Сыныпқа қолына доп ұстаған кезекші кірді де:

  • Әйнекті кім сындырды?- деп сұрады. Бәрі үнсіз. Ешкім мойындар емес. Кезекші:

  • Мынау кімнің добы?

  • Менікі.

  • Үзілісте доппен ойнаған сен бе?

  • Мен, бірақ доп терезеге тиген кезде, мен ойында жоқ едім.

  • Онда, доп әкелген саған жауап беруге тура келеді. Ата-анаңды шақырып кел. Кімнің кінәлі екенін сонда анықтаймыз!

Бала үйіне келе жатып: «Мен шындықты қаз-қалпында айтып берсем,ата-анам сенер ме екен, сенбес пе екен?» - деп ойлады...

Әңгімені осы жерден үзіп, әрі қарай не болатынын балалардың өздеріне айтқызып көрдім. Тыңдап отырсам, әр бала өз ата-анасының ойлау тұрғысынан , өзіне деген көзқарас бойынша әңгімелеп жатқаны байқалады.

Әңгімені «ата-анасы сенбейді» деп аяқтаған оқушылардың үйіне қоңырау шалып, баласының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, мадақтағанымда, таң қалыстарын білдірген ата-аналар кездесті. Сондықтан, мұғалім мен ата-ана баланың тек қиын тұстарын, сабағының үлгірмейтінін т.с.с. проблемаларды айтып, шағымдану үшін емес, жылт еткен жақсылығы, табысы, ілгерілеушілігі, бойындағы жақсы қасиеттер туралы сұхбаттасып, ол үшін бір-біріне ризашылық сезімдерін айтуға асықса, балалардың бақытты жүзін байқар едік.

Балаға мейірлене қарасаң, ол да сені жанына жақын санап, толық сенімділік білдіреді. Жылы сөз, ұнамды мінез, ыстық мейірім, қуаныш эмоциясы, ашық әңгімелесу арқылы баланың жүрегіне жол тауып, ішкі сырын ашуға болады. Үйде де, мектепте де өзінің проблемалары мен мазалап жүрген сұрақтарына жауап берер жан табылмаса, бала оны сырттан іздейді. Ал ол қандай жан болып кездесері беймәлім. Олай болса, ата-ана мен мұғалім балаларын тыңдай білгені, әр балаға көңіл аударып, уақыт бөле білгені абзал.

Сондай-ақ,, ата-аналар мен мұғалімнің жиі хабарласып, кездесіп, жиналыстарынан қалмай, баланың күнделікті жағдайынан хабардар болу, ата-аналар үшін әңгіме мен лекциялар, мамандар кеңесін ұйымдастыру, түрлі іс шараларды бірігіп өткізу, педагогикалық кеңестерге, сабақтарға қатысу, емтихан комиссиясы жұмысына араласу секілді жұмыстар арқылы мектеп пен отбасы байланысын нығайту бала тәрбиесінде оң нәтижелер берері сөзсіз.

Бұл жұмыстарды ұйымдастырудың формалары да алуан түрлі. Соның бірі – «Балалардың жанұяда қуаныш құшағында дамуы мен тәрбиеленуі» атты ата-аналар жиналысында ата-аналар «Проблемалар ағашынан» сары қағазға жазылған ситуация-жапырақтарды жұлып алып, оны шешудің жолдарын бірлесіп іздеді. Ал кілттерге жазылған «Психолог кеңестерін» ашып оқығанда, ата-аналарымыздың пікірлерімен ұштасып жатты.

Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді.

Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар, отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай, ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.

Ұстаздардың балаларға мына қағидаларды естеріне салып отырғаны жөн.

 • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға  рұқсат сұра, бұл ұят  емес;
 • Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
 • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
 • Ескертулерге ренжіме! Ескертулер үшін мұғаліммен санаспа, көңіліңе алма;
 • Біреуге жала жаппа;
 •Сен қандай болсаң да, ата-ана үшін ең керемет, данышпан, ақылдысың . (Бірақ мұны олар айта бермейді) ;

  • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысың, ешкімнен кем емессің; Сен  ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін - ең жақсысың.

  • Өзің де ата-анаңа оны жақсы көретініңді ісіңмен байқатып отыр.

   Бұл ережелерді ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.

 

Ата-аналарға көмек ретінде:

Талапты бала өсіргіңіз келсе:
       • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі  шын  жауап    беріңіз; Сөзбен емес, іспен тәрбиелеңіз;

       • Балаға жоспар құруға көмектесіңіз;
       • Баланың бір нәрсені қалауына, жасап көруіне, қателесуіне кедергі жасамаңыз;
       • Балаға жұмысын жақсарту



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі бірлігі

Автор: Утеева Жанар Косаевна

Дата: 27.11.2017

Номер свидетельства: 441002

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "«Отбасы мен мектепті? ?зара ?рекеттестігі мен ынтыма?тасты?ыны? тиімділігі» "
    ["seo_title"] => string(83) "otbasy-mien-miektieptin-ozara-riekiettiestighi-mien-yntymak-tastyg-ynyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "239448"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444794439"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Отбасында?ы бала т?рбиесі "
    ["seo_title"] => string(27) "otbasyndag-y-bala-t-rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "172963"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423907390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ке мен бала т?рбиесі" "
    ["seo_title"] => string(23) "kie-mien-bala-t-rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "205118"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429799171"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Дөңгелек үстел: " Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту ""
    ["seo_title"] => string(68) "dongelek_ustel_ata_ana_men_okushy_arasyndagy_karym_katynasty_nygaitu"
    ["file_id"] => string(6) "578617"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1618834878"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Отбасы мен балаба?ша  ынтыма?тасты?ы» "
    ["seo_title"] => string(40) "otbasy-mien-balabak-sha-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "171922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423740895"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства