Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Көрнекілігі: А4, фломастерлер, қыстырғыш, шар және стикерлер,гүлдер
"Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз"
Н.Ә. Назарбаев
Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі.Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің мақсаты-баланың жасын жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Бұл Мәреге жету үшін отбасындағы тәрбие мынадай міндеттерді шешу керек:
-Баланың тағдырына физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау керек.
-Бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап-тілектерді балаға деген махаббат сезіндіруге лайықтап реттеу;
-Балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;
-Еңбек сүйгіштікке баулу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдылындыру;
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасы тіл тауып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
І. Амандасу. «Бумба – юмба тайпасы» жаттығуы.
Біз сіздермен бірге бумба – юмба тайпасына түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүр, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Алақанымызды бір рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен мұрындарыңызды түйістіресіздер. Белгі беріліп алақанды екі рет соққанда арқаларыңызды түйістіресіздер.
Бала деген кім?
(ізбасарымыз, болашағымыз, көмекшіміз, сүйенішіміз, өмірімнің жалғасы)
Осы орайда мына видеороликке бір сәт назар аударыңыздаршы.
1.Осы видиороликтен нені аңғардыңыз?
2. Ата – ананың бала тәрбиесіндегі рөлі қаншалықты маңызды?
Шар ішіндегі сұрақтарға жауап береді?
1. Балаңыздың туған күні?
2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Бүгін сабактан қандай баға алды?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды және қазіргі кезде нешінші сыныпта оқиды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек -
дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана. Одан ары тренингімізді жалғастырсақ.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«ия» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1.Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2.Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
-егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыз.
-егер «қоршаған орта,қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.
3.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
-егер «әке» десеңіздер, қолды шапалақтаңыз,
-егер «шеше» десеңіздер қолды бұлғаймыз.
-егер «екеуі» десеңіздер, орнымыздан тұрамыз.
Сұрақ-жауап.
1.Отбасының қорғаны кім?
2.Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
3.Отбасыңызда ұлттық салт-дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
4.Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?
5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
6.Балаңыз қандай білім алғанын қалайсыз?
7.Баланың сапала білім алуы кімге байланысты
«Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңіздер
-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
-өтінемін, бір-біріңізді құшақтаңыздар.
- оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңыздыды уқалаңыздар
- өтінемін сол қолдарыңызбен оң құлақтарыңызды уқалаңыздар.
Рефлексия. Ата – аналар бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, парақ беттеріне өз ұсыныстары мен игі тілектерін жазып қалдырады.
Қорытынды
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»
В.А.Сухомлинский
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен:
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастарға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата-ана да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.