«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ас – адамның арқауы!» тәрбие сағатының жоспары»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ШҚО облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
«Бекітемін» __________
Әдіскер: Кабимолдина А.К.
«Келісемін» __________
Сынып жетекшісі: Музафарова Р.К.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Ас – адамның арқауы!»
Өтетін орны: «№ 4. ЖОББМ» КММ
Сынып: 4 «ә»
Мерзімі: 22.10.2016 ж.
Тобы: 26 «ә»
Машықкерлер: Смағұлова Қадиша
Баға: «_____» ____________________________
Семей, 2016 жыл
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану ережесімен таныстыру, денсаулыққа пайдалы және зиян тағамдар туралы мәліметтер беру.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Денсаулықты күтуге деген сезімдерін ояту.
Тәрбие сағатының түрі: Креативті сабақ .
Ұйымдастыру формасы: Ұжымдық.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ойын, пікіралысу.
Техникалық құрал – жабдықтар: Презентациялар, бейнематериалдар.
«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айналысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар (жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейді. Бұған бой алдыpмас үшін тамақ ішу тәpтібін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, тиімді тамақтану қажет. Тез дайындалатын тағамдаpмен тамақтанбаған абзал. Тамақтану тәртібінің тағы біp маңызды элементтерінің бірі – тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы, т.б. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар асқоpыту жұмысының жүйесін бұзады.
2.Адамның денсаулығы неге байланысты?
Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
Күніне неше рет тамақтануымыз керек?
Тамақ ішер алдында қандай гигиенаны сақтауымыз керек?
3.Жағдаятты шешу.
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді ?» деді. Самат анасына : « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша ?» деді. — Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ? Жауабы:: Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен тиімді тамақтану қажет.
2. Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
4. Дұрыс тамақтану режимін сақтайық! (Презентация)
5.Адам ағзасына пайдалы дәрумендер жайлы не білеміз? (бейнематериал)
- Ал, балалар жаңағы бейнематериалдан не түсіндік Адам ағзасына пайдалы қандай дәрумендермен таныстыңдар?
6. Артық болмас білгенің...
Бірнеше жыл бұрын Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т/б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!
7. Берілген тақырып бойынша мақал – мәтелдер, ырымдар мен тыйым сөздерді талдау.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Мешкей деген жақсы атақ емес.
Жат асыңа қарайды, Дос басыңа қарайды.
Ет дегенде бет бар ма?
Өле жегенше, бөле же.
Асы бар аяқтан аттама.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Сыйлап берсе, суын іш.
Ас – адамның арқауы.
Ас адамның — арқауы.
Нан— тамақтыңатасы Ынтымақ — көптің батасы.
Ас иесімен тәтті, Табағымен жақсы.
Быламық бетінен сыйды, Көже түбінен сыйды.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Сіңбес астың бөгеуі жаман.
Қарын тойса, Қарта әлем сасиды.
Ет — етке, сорпа — бетке.
Аш тамағым, тыныш құлағым.
Асқа талау түссе, Антұрғанның мұратын береді.
Қазаныңа не салсаң, Шөмішіңе сол ілінеді.
Тас қадақ болғанмен Тамақ болмайды.
Сұрап бергенше, Соғып бер.
Алты күн аш болсаң да, Атаңның әдетін тастама.
Жетерін білсең, жей тұр.
Ет жемей жатып тұздық, Асатпай жатып, құлдық.
8.Асқа байланысты тыйым сөздер.
9.Тақтада ілініп тұрған асқа байланысты даналық сөздерді оқушыларға оқыту. Жомарт адамның берген тамағы шипа да, сараң адамның берген тамағы ауру шығарғыш.
Мың бир хадистен.
Ұлы адамдардың барлығы тамақты тарта ішетін болған.
О.Больза
Егер адам қарны әбден ашқанда ғана тамақ ішіп, таза да кенеулі әрі жеңіл асты қорек етсе, онда олар ауру дегенді атымен білмей өтер еді, жаны мен тәнін ырқына көндірер еді.
Л.Толстой
Артық жеген ас-тамақ айналадй кеселге, шалдықтырар ауруға былапыт ас жесең де.
Ж.Баласұғын
Егер сенің алдыңда тәуір тамақ тұрса,басқалардың алдында ондай тамақ болмаса,әлгі тәуір тамақтан басқаларға да бер.Тамақ ішкенде қабағыңды түйіп отырма,тамақтың ұнамағанын айтып,аспазға кейіме: «Мына тамағың тәуір,мына тамағың нашар»,-деме,өйткені тамақ ішіп отырып,олай деу жақсы емес.
Қабуснамадан.
9. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық,
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық.
10. Бұл не? Ойыны.
Ортаға оқушы шақырылады. Сол баланың көзі байланады. Қолына кез – келген жеміс немесе көкеніс беріледі. Оқушының мақсаты соны табу.