kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып тәрбиешісі жұмысының әдістемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып тәрбиешісі жұмысының әдістемесі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып тәрбиешісі жұмысының әдістемесі»

Сынып тәрбиешісі жұмысының әдістемесі

Сынып тәрбиешісі

жұмысының әдістемесі

Әдістемелік жұмыстың мақсаты – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуін ұйымдастыруды жақсартуда, озық педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау мен енгізуде, мұғалімдер мен мектеп басшыларының теориялық деңгейлері мен педагогикалық біліктілігін арттыруда мұғалімдер мен сынып тәрбиешісіне пәрменді көмек көрсету.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуін ұйымдастыруды жақсартуда, озық педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау мен енгізуде, мұғалімдер мен мектеп басшыларының теориялық деңгейлері мен педагогикалық біліктілігін арттыруда мұғалімдер мен сынып тәрбиешісіне

пәрменді көмек көрсету.

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ТӨМЕНДЕГІ ПРИНЦИПТЕРГЕ  СӘЙКЕС ҚҰРЫЛАДЫ:  Ғылымилық Гуманитарлылық Жүйелілік Өзектілік және талап етілу Мәденисәйкестілік

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ТӨМЕНДЕГІ ПРИНЦИПТЕРГЕ

СӘЙКЕС ҚҰРЫЛАДЫ:

Ғылымилық

Гуманитарлылық

Жүйелілік

Өзектілік және талап етілу

Мәденисәйкестілік

Сынып тәрбиешісі жұмысын бағдарламалық-әдістемелік қолдау және нормативтік қамтамасыз ету төмендегілерді көздейді: Тәрбие жұмысы бағдарламасының, сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысы жоспарын. Тәрбие жұмысы жоспарларын (жоспарға берілген түсінік) жүзеге асыру. Тәрбие жұмысын жүргізу тиімділігін анықтау құралдары. Есеп беру аралығындағы әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижелерін талдау.

Сынып тәрбиешісі

жұмысын бағдарламалық-әдістемелік қолдау және нормативтік қамтамасыз ету төмендегілерді көздейді:

Тәрбие жұмысы бағдарламасының, сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысы жоспарын.

Тәрбие жұмысы жоспарларын (жоспарға берілген түсінік) жүзеге асыру.

Тәрбие жұмысын жүргізу тиімділігін анықтау құралдары.

Есеп беру аралығындағы әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижелерін талдау.

Сынып тәрбиешісі – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын тікелей және негізгі ұйымдастырушы, сыныптағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін директор тағайындаған ресми тұлға . Сынып тәрбиешісінің негізгі қызметтері Тәрбиелеу Үйлестіру Басқару

Сынып тәрбиешісі

мектептегі оқу-тәрбие жұмысын тікелей және негізгі ұйымдастырушы, сыныптағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін директор тағайындаған ресми тұлға .

Сынып тәрбиешісінің негізгі қызметтері

Тәрбиелеу

Үйлестіру

Басқару

ТӘРБИЕЛЕУ

  • Баланы әлеуметтік қорғау; сынып және мектептің тіршілік әрекетінің барлық педагогикалық аспектілері бойынша жұмыс, тұлғаны және ұжымды қалыптастыру, оқушыларды зерделеу; Баланы әлеуметтік қорғау қызметі басым болып табылады, бұл – балалардың дене, ақыл-ой және рухани-адамгершілік дамуы, олардың барлық құқықтары мен адами құндылықтарын шектеудің алдын алу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ететін практикалық әлеуметтік, саяси, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, экономикалық және медициналық-экологиялық шараларды мақсатты, саналы түрде реттейтін жүйе.
  • Баланы әлеуметтік қорғау; сынып және мектептің тіршілік әрекетінің барлық педагогикалық аспектілері бойынша жұмыс, тұлғаны және ұжымды қалыптастыру, оқушыларды зерделеу;
  • Баланы әлеуметтік қорғау қызметі басым болып табылады, бұл – балалардың дене, ақыл-ой және рухани-адамгершілік дамуы, олардың барлық құқықтары мен адами құндылықтарын шектеудің алдын алу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ететін практикалық әлеуметтік, саяси, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, экономикалық және медициналық-экологиялық шараларды мақсатты, саналы түрде реттейтін жүйе.

ҮЙЛЕСТІРУ

  • Тәрбие процесіне қатысушылар – педагогтер, оқушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында дұрыс қарым-қатынас орнату; Ұйымдастыру қызметінің басты міндеті – балалардың аймақ, микроорта, мектеп өмірін және оқушылардың өз өмірін жетілдірумен байланысты жақсы бастамасына қолдау көрсету. Бұл кездегі сынып тәрбиеші міндетінің бірі оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту болып табылады. Сынып тәрбиешісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен жұмыс жасайтын педагогтермен (сыныптың микропедагогикалық ұжымымен) тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыруда көрінеді .
  • Тәрбие процесіне қатысушылар – педагогтер, оқушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында дұрыс қарым-қатынас орнату;
  • Ұйымдастыру қызметінің басты міндеті – балалардың аймақ, микроорта, мектеп өмірін және оқушылардың өз өмірін жетілдірумен байланысты жақсы бастамасына қолдау көрсету. Бұл кездегі сынып тәрбиеші міндетінің бірі оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту болып табылады.
  • Сынып тәрбиешісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен жұмыс жасайтын педагогтермен (сыныптың микропедагогикалық ұжымымен) тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыруда көрінеді .

БАСҚАРУ Оқушылардың жеке ісін және құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының өзгерісін бақылау басқару қызметі аясында сынып тәрбиешісі тәрбие жұмысына болжау, мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асырады. Бақылау қызметін жүзеге асыру оқушылар тәрбиелілігінің бастапқы деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді. Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты – сынып тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету. Оқушылардың жеке ісін және құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының өзгерісін бақылау басқару қызметі аясында сынып тәрбиешісі тәрбие жұмысына болжау, мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асырады. Бақылау қызметін жүзеге асыру оқушылар тәрбиелілігінің бастапқы деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді. Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты – сынып тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету.

БАСҚАРУ

  • Оқушылардың жеке ісін және құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының өзгерісін бақылау басқару қызметі аясында сынып тәрбиешісі тәрбие жұмысына болжау, мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асырады. Бақылау қызметін жүзеге асыру оқушылар тәрбиелілігінің бастапқы деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді. Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты – сынып тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың жеке ісін және құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының өзгерісін бақылау басқару қызметі аясында сынып тәрбиешісі тәрбие жұмысына болжау, мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асырады.
  • Бақылау қызметін жүзеге асыру оқушылар тәрбиелілігінің бастапқы деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді.
  • Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты – сынып тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету.

Қарастырылған қызмет деңгейлері сынып жетекшісі жұмысының бағыттарын анықтайды, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге болады. Бірінші бағыт – Денсаулық Екінші бағыт – Қарым-қатынас Үшінші бағыт − Адамгершілік Төртінші бағыт − Оқу Бесінші бағыт – Бос уақыт Алтыншы бағыт − Отбасы

Қарастырылған қызмет деңгейлері сынып жетекшісі жұмысының бағыттарын анықтайды, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге болады.

Бірінші бағыт – Денсаулық

Екінші бағыт – Қарым-қатынас

Үшінші бағыт − Адамгершілік

Төртінші бағыт − Оқу

Бесінші бағыт – Бос уақыт

Алтыншы бағыт − Отбасы

БІРІНШІ БАҒЫТ – ДЕНСАУЛЫҚ

Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын қорғау, сақтау және дамыту мақсатында сынып жетекшісі оқушылардың физикалық денсаулығын зерделеу және алдағы уақытта түзету үшін мектептің, аудан, немесе қаланың медицина қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайды; оқушылардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс жасайды және пән мұғалімдеріне кеңес береді; денсаулықты сақтау, дамыту, түзету бойынша оқушылармен ағартушылық жұмысты ұйымдастырады; дене шынықтыру сабақтарына, спортпен айналысуға дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; оқушыларда тұлғалық өсуді (өзі туралы және өз денсаулығы туралы пікірді қалыптастыру) қалыптастырады және т.б.

Сынып тәрбиешісі оқушылардың түрлі жас деңгейінде дамуының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, бала ағзасының физиологиялық ауытқу белгілерін білуі, олардың денсаулығындағы ауытқу себептерін түсінуі тиіс.

Сынып тәрбиешісі мектеп дәрігерімен және ата-аналармен бірге оқушыларды тамақтандыру, шынықтыру, физикалық және тыныс алу жаттығуларының жеке бағдарламасын құрастыруға көмектеседі, оған жұмыс жасау мен демалудың, ұйықтайтын уақытының жеке кестесін дайындауға көмектеседі; оқушыға өз тұрмыс кестесін жасауға көмектеседі

ЕКІНШІ БАҒЫТ – ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Қарым-қатынас – бұл бала тұлғасын дамытуға, ең алдымен көпшілікке таныс құндылықтар қалыптастыруға бағытталған этикалық тәрбиесіне барынша көңіл бөлу ескерілген ықпал.

Сынып тәрбиешісі балаларды, олардың өзара қатынасын, қарым-қатынастағы проблемаларды зерделейді. Ол үшін ата-аналармен әңгімелесу барысында оқушылардың қандай ортада тәрбиеленіп жатқанын және отбасылық байланыстың беріктігін, ата-аналардың баламен арадағы өзара қатынас стилін, баланың отбасындағы орнын түсінуі, мінез-құлқының тұқым қуалаған ерекшеліктерін және т.б. анықтай білуі керек.

Қарым-қатынас аясындағы баланың орнын анықтаған педагог әдептілікті сақтай отырып проблемаларды шешуге көмектеседі, оқушының жолдастарымен, ересектермен, ата-анасымен қарым-қатынасын түзетуі, баланың ұжымда өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасайды, мысалы, «жолы болмайтын», «сотқар», «екілік алатын оқушы» сияқты оның әлеуметтік рөлін өзгертуіне көмектеседі. Тәрбиешінің басты міндеті – адамдар арасындағы қарым-қатынасты, адамның әрекетін бағалау нормаларын басқарушы болу.

ҮШІНШІ БАҒЫТ − АДАМГЕРШІЛІК

Оқушыларда өз дене дамуының сапалары туралы білімді, қатынас жасау біліктілігін дамыта отырып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге зор назар аудару қажет. Сынып тәрбиешісі осы бағытта жұмыс жасай отырып шынайы өмірлік жағдайлардан алынған адамгершілік тәрбиелеріне сәйкес білу, түсіну және әрекет ету тілегін дамытуы; басқа адамдардың ұқсас жағдайларда аман қалған мысалдарын келтіре отырып төтенше жағдайларда күресу және аман қалу біліктілігін тәрбиелеуі; оқушының өзіне деген қызығушылығын, өзін өзі жетілдіру тілегін тәрбиелеуі; өз халқының, өз отбасының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына оң көзқарас қалыптастыру, айтылғанды тыңдау, көру, түсіну және жауап қайтару, өзі туралы қорытынды жасау біліктілігін қалыптастыруы тиіс.

Сынып тәрбиешісі оқушыларды адамзаттың өмір сүруінің мәнін, өзінің және өзге адамдардың өмір сүру құндылықтарын түсінуге үйретеді, оқушыларда тарихи өткенді және болашақты, сондай-ақ өзінің тікелей рөлін түсінуі мен сезінуін қалыптастырады. Тәрбиешінің

міндеті – оқушыларға ең жоғары құндылық – ол адам өмірі екендігін түсінуге үйрету, олар ересек өмірде әлемнің рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарынсыз толыққанды қалыптаса алмайтынын түсіндіру.

ТӨРТІНШІ БАҒЫТ − ОҚУ Оқушылардың зияткерлік біліктіліктерін дамыту – сынып тәрбиешісі жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырғанда жалпы сыныптың оқу ерекшеліктерін зерделеу және әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін алдағы уақытта түзету үшін анықтау; педагогтармен бірлесе отырып оқушылармен сабақ барысында және сабақтан тыс жүргізілетін жеке жұмыстың әдістерін, тәсілдерін және түрлерін анықтау; сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда зерделеу нәтижесін пайдалану; отбасымен бірлесе отырып оқушының оқудағы біліктіліктерін, оның танымдық белсенділігін, болашағы мен кәсіптік анықталуын дамытудағы бірыңғай тәсілін дайындау; оқушының өз зияткерлігін дамытуына оң қарым-қатынас қалыптастыру қажет. Сынып тәрбиешісі оқушылардың танымдық қызығушылықтары, қабілеттері, ойлау ерекшеліктері, ес, зейін, ерік, оқудағы қиындықтарын анықтауға бағытталған тесттер жүргізген тиімді .

ТӨРТІНШІ БАҒЫТ − ОҚУ

Оқушылардың зияткерлік біліктіліктерін дамыту – сынып тәрбиешісі

жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырғанда жалпы сыныптың оқу ерекшеліктерін зерделеу және әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін алдағы уақытта түзету үшін анықтау; педагогтармен бірлесе отырып оқушылармен сабақ барысында және сабақтан тыс жүргізілетін жеке жұмыстың әдістерін, тәсілдерін және түрлерін анықтау; сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда зерделеу нәтижесін пайдалану; отбасымен бірлесе отырып оқушының оқудағы біліктіліктерін, оның танымдық белсенділігін, болашағы мен кәсіптік анықталуын дамытудағы бірыңғай тәсілін дайындау; оқушының өз зияткерлігін дамытуына оң қарым-қатынас қалыптастыру қажет.

Сынып тәрбиешісі оқушылардың танымдық қызығушылықтары, қабілеттері, ойлау ерекшеліктері, ес, зейін, ерік, оқудағы қиындықтарын анықтауға бағытталған тесттер жүргізген тиімді .

БЕСІНШІ БАҒЫТ – БОС УАҚЫТ

Сынып тәрбиешісі жұмысының маңызды құрамдас бөлігі балалардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Бұл – демалыс, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту және адамдармен еркін қарым-қатынас жасау уақыты. Сынып тәрбиешісі сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін анықтау; оқушылар үйірме, секция және т.б. таңдағанда оларға кеңес беру және түсіндіру; оқушылардың жеке өзінің және басқа адамдардың жетістіктері мен табыстарына қуану біліктілігіне және т.б. назар аударуы қажет.

Сынып тәрбиешісі келесі ережелерді ескерген жағдайда оқушылар бос уақыт аясында жақсы дамиды: бос уақыт формасы мен мазмұны оқушыларға күштеп таңылмайды, олар өз еркімен таңдайды; бос уақыт қызметі оқушылардың өзін-өзі басқару принципіне құрылады, балалар өз бос уақытының ұйымдастырушысы болып табылады; бос уақытты ұйымдастыру формалары орынды кезектеседі. Бос уақыт әрекетінде оқушылардың дербестігі, шығармашылық мүмкіндіктері, адамгершілік қасиеттері айқын көрінетіндіктен сынып тәрбиешісі балаларды мұқият қадағалауы және олар туралы жаңа білімді тәрбие процесінде пайдалануы қажет.

АЛТЫНШЫ БАҒЫТ − ОТБАСЫ

Мектеп оқушыларының отбасылары әртүрлі. Олардың материалдық және мәдени деңгейлері әртүрлі. Ол оқушылардың денсаулығына, оның психикасына, оқуға деген қарым-қатынасына әсер етеді. Тәрбие процесін отбасымен ынтымақтаспай жүргізу мүмкін емес. Бұл бағыттағы жұмыстарда сынып тәрбиешісі оқушылардың отбасын зерттеуі; ата-аналармен психологиялық-педагогикалық ағартушылық жұмыстар ұйымдастыруы; ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізуін ұйымдастыруы; ата-аналардың жеке бастамасын марапаттауы тиіс.

Сынып тәрбиешісі оқушының материалдық игілік аясын, өмір салтын, оның отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрпын білуі керек. Ол тақырыбы балалардың жеке және жас ерекшеліктері, сыныпқа тән проблемалар, мектептің міндеті ескеріле отырып жоспарланған ата-аналар жиналысын үнемі өткізіп отыруды; туындаған қажеттіліктерді ескеріп жеке әңгімелер өткізуді; сынып тәрбиешісі қызметінің барлық бағыттары бойынша сынып ата-аналарын бірге жұмыс жасауға қатыстыруды; оқушылар мен ата-аналардың өзара шығармашылығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.

СЫНЫП САҒАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДА ЖӘНЕ ӨТКІЗУДЕ ТҮРЛІ ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ: әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау; шақырылған мамандар өткізген дәрістер; сауалнама және оның нәтижесін талдау; дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау; өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде); танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау; – «ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс

СЫНЫП САҒАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДА ЖӘНЕ ӨТКІЗУДЕ ТҮРЛІ ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ:

  • әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау;
  • шақырылған мамандар өткізген дәрістер;
  • сауалнама және оның нәтижесін талдау;
  • дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау;
  • өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде);
  • танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау;

«ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс

Сынып тәрбиешісі мен отбасының ынтымақтастығы – бұл ең алдымен, отбасын, баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері мен шарттарын жан-жақты және жүйелі зерделеуді білдіретін мақсатты және ұзақ жұмыстың нәтижесі.

Сынып тәрбиешісі мен отбасының ынтымақтастығыбұл ең алдымен, отбасын, баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері мен шарттарын жан-жақты және жүйелі зерделеуді білдіретін мақсатты және ұзақ жұмыстың нәтижесі.

БҰЛ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ: – отбасының құрамы, ата-ананың жасы мен мамандығы; – отбасы өмірінің тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі; – бала тәрбиесіне қатысудағы ата-аналардың белсенділігі; – ата-аналар мен балалардың құндылықты бағдарлары; – баланың күн тәртібін орындауы; – ата-аналар мен балалардың бос уақыты; – отбасында міндеттерді бөлу; – дәстүрлер, отбасылық мерекелер; – ата-аналар мен балалардың қызығушылықтары, қабілеттері; – отбасындағы қарым-қатынас болуы тиіс .

БҰЛ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ:

отбасының құрамы, ата-ананың жасы мен мамандығы;

отбасы өмірінің тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі;

бала тәрбиесіне қатысудағы ата-аналардың белсенділігі;

ата-аналар мен балалардың құндылықты бағдарлары;

баланың күн тәртібін орындауы;

ата-аналар мен балалардың бос уақыты;

отбасында міндеттерді бөлу;

дәстүрлер, отбасылық мерекелер;

ата-аналар мен балалардың қызығушылықтары, қабілеттері;

отбасындағы қарым-қатынас болуы тиіс .

ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ  Тәрбие процесінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі критерилердің бірі – ұжымның даму деңгейі және ондағы қарым-қатынас сипаты .

ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тәрбие процесінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі критерилердің бірі – ұжымның даму деңгейі және ондағы қарым-қатынас сипаты .

Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжым дамуының маңызды сипаттамасы болып табылады, оны зерделеуде келесі көрсеткіштер негізге алынады:  - ұжым мүшелерінің ұжымдағы қарым-қатынасқа, қызметті ұйымдастыру процесіне, басшылыққа қанағаттанушылығы; – басым көңіл-күйі; – үлкендер мен кішілердің, ересектер мен балалардың өзара түсіністігі; – ұжым мүшелерінің басқаруға қатысу деңгейі, өзін-өзі басқарудың даму деңгейі; – ұйымшылдық, бірлескен іс-әрекеттің нәтижелілігі; – ұжымның әрбір мүшесінің өз қадірін сезінуі, ұжым үшін мақтанышы; - ұжым мүшелерінің барлығының қорғалуы .

Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжым дамуының маңызды сипаттамасы болып табылады, оны зерделеуде келесі көрсеткіштер негізге алынады:

- ұжым мүшелерінің ұжымдағы қарым-қатынасқа, қызметті ұйымдастыру процесіне, басшылыққа қанағаттанушылығы;

басым көңіл-күйі;

үлкендер мен кішілердің, ересектер мен балалардың өзара түсіністігі;

ұжым мүшелерінің басқаруға қатысу деңгейі, өзін-өзі басқарудың даму деңгейі;

ұйымшылдық, бірлескен іс-әрекеттің нәтижелілігі;

ұжымның әрбір мүшесінің өз қадірін сезінуі, ұжым үшін мақтанышы;

- ұжым мүшелерінің барлығының қорғалуы .


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сынып тәрбиешісі жұмысының әдістемесі

Автор: Есимбаева Меруерт Едылхановна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419340

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемесі»"
    ["seo_title"] => string(50) "ok_ushylarg_a_u_lttyk_t_rbiie_bierudin_distiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "366823"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481101575"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?дістемелік ??рал"
    ["seo_title"] => string(50) "trbiieisininmienghierushilieriniedistiemielikkural"
    ["file_id"] => string(6) "316850"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460187039"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Т?зете дамыту сыныптарыны? білім алуына кедергісіз айма?тар ?алыптастыруды? жа?а жолдары"
    ["seo_title"] => string(98) "tuzietie-damytu-synyptarynyn-bilim-aluyna-kiedierghisiz-aimak-tar-k-alyptastyrudyn-zhan-a-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "311871"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459261394"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) ""О?ушыларды? жеке т?л?асын зерттеу ?дістемелері" атты та?ырыпта жоба "
    ["seo_title"] => string(79) "ok-ushylardyn-zhiekie-tu-lg-asyn-zierttieu-distiemielieri-atty-tak-yrypta-zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "207047"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430324678"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ойын арқылы бала тілін дамытуға арналған сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytug_a_arnalg_an_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "468121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525161703"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства