kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"О?ушыларды? жеке т?л?асын зерттеу ?дістемелері" атты та?ырыпта жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ма?саты:  Сынып о?ушыларыны?   жеке т?л?асын                                 зерттеуге  арнал?ан  ?ылыми механизмдерді  аны?тау.

 Міндеттері:

1. А?парат  жинау,

2.?р о?ушы?а диагностикалы? зерттеу картасын ??ру.

3. Баланы?  дамуын аны?тау.

4. Баланы? жас ерекшелігіне  сай ?дістерін та?дап алу.

К?тілетін  н?тиже:

1.Сынып о?ушыларыны? танымды? процестерін  зерттеуге арнал?ан ?ылыми механизмдері аны?талады.

2.О?ушыларды? танымды? ?абілеттері аны?талады.

3.А?парат жина?талады.

4.?р о?ушы?а диагностикалы?  зерттеу картасы ??рылады.

5 Балаларды? жас ерекшелігіне сай ?дістер та?далады.

Жобаны? негізгі мазм?ны

  1. Теориялы? негіздемесі

Т?рлі білім саласыны? ?кілдері: биологтар, медиктер, философтар, ?нер зерттеушілері, саясаткерлер ж?не т.б. адамдарды? т?рлі типологияларын, адамды ?ылыми т?рде ?арастыр?анда бір типті адамды, немес жеке т?л?алар арасында ?айталанатынын бай?а?ан.

М?ндай типтерге б?луге негіз бол?ан н?сілдік, м?дениеттілік, т?пкі жаратылысы ж?не психологиялы? ж?йке ж?йесіні? ерекшеліктері болды. 1921 жылы толы? суреттеп, танымал т?л?аны? типологиясын е? ал?аш жарияла?ан психолог К. Юнга болатын

?лемге танымал бол?ан типологияны, психолог мамандар ?лі к?нге дейін бар ?ызы?ушылы?пен зерттеп келеді. Немісті? романсист жазушысы О. Шмиц К.Юнганы? б?л ж?йесі психоанализді? адамзат дамуына ?ызмет етуге м?мкіндік беретіндігі айтса, ал ата?ты профессор – Р. Вильгельм Юнганы? ж?мыс туралы былай деп жазды: «Юнга негізін тапты ма, жо? па, ?азіргі кезде онымен салыстыратын психолог жо? екенін мойындау керек, оны? практикалы? ?ткірлігігіне, теориялы? тере?дігіне, шешімді батылды?ына ешкім де те? келмейді».

Француз сыншысы Э. Берль «к?пті? ішінен Юнгадан бас?а ешкім мынадай ?лкен табыс?а жеткен емес, психологияны тере? грамматикалы? зынданнан шы?ару ?шін Кантты? айт?ан пікірін ?олдап, Юнганы? психологиясы – ежелгі заманнан бастап жан-жа?ты, м?дениетті зерттеулерге с?йенгендігі жайында айтады.»

Психодиагностикалы? т?жірибеде ?леуметтік – психологиялы? зерттеулер н?тижесінде социометриялы? тест пайда болды, оны е? ал?аш рет американды?  психолог Дж. Морено ойлап тапты.

Психикалы? процестерді? т?жірибе ар?ылы ??рылуын е? ал?аш рет Л.С:Выготский ойлап тап?ан.

Зейін психикалы? процестерді? бастыларыны? бірі болып табылады. Оны? сипаты ар?ылы баланы? танымды? де?гей? аны?талады., оны? о?у іс-?рекетіні? сапасына ?сер етеді. О?ытуды? бастап?ы кезінде пайда бол?ан ?иынды?тарды? б?рі зейінні? дамуында?ы жетіспеушіліктерін байланысты болады.  Оларды дер кезінде аны?тап жою?а болады.

Т?менгі сынып о?ушыларыны? зейініні? де?гейін Ландольт са?иналары ар?ылы аны?тау?а болады. Мектепке келетін балаларды? зейінін, мектепке о?у?а дайынды? де?гейін аны?тау?а биіктігі ?ліппедегі ?ріптерді? к?лемінде са?иналар ?сынылады.

Баланы? мектепке дайындалу ?дісі педагогикалы? психология жа?ынан жа?ында ?ана орын алды.

Педагогика ж?не психологияны? проблемаларын тал?ылауда, е? біріншіден мектепке дайындалу барысыны? шешімін аны?тау ?шін екі т?рлі жолдама ?ажет, ал кей кездерде о?ан ?арама-?арсы к?з?арастар да пайда болады.

Баланы зерттеу м??алім ?ызметінде белгілі бір ма?сат?а ба?ытталушылы?ты талап етеді. Педагог ?зіні? нені білгісі келетінін, о?ушыны? жеке басыны? ?ай жа?ы оны ?ызы?тыратынын аны? к?з алдына елестетуге тиіс. Б?л ке? де жеткілікті ?ойыл?ан міндет болуы м?мкін. Болуы м?мкін, мысалы, ?з класында?ы о?ушыларды? ?зара ?арым-?атынасыны? немесе о?ушыны? ерекшелігін зерттеу. Міндет ?те тар к?лемде болуы да м?мкін.мысалы, кейбір о?ушыларда болатын грамматиканы ме?герулеріндегі т?ра?ты ?иыншылы? тарды? себебін ашу.

?ойыл?ан міндетке сай м??алім фактілер жинау ?дісін та?дап алады. ?зіні? м?мкіндіктерін ?арай, м??алімге е? ?олайлысы бай?ау ?дісі болып табылады.

Бай?ау – ?абылдауды? жоспарлы да ж?йелі., д?л ба?ыттал?ан процесі.

М??алім балаларды зерттеп білу ?шін кейбір ?арапайым т?жірибелерд іде пайдалана алады, ??г?мелер ?ткізеді немесе с?ра?тарды? к?мегімен сауалдама ж?ргізеді.

О?ушыларды зерттей отырып, м??алім ?детте бір негізгі ма?сатты – ?рбір бала?а, оны? ?рі ?арай дамуына, ?уаныштыра? та толы? ба?алы ж?не перспективті ?міріне – е? жа?сы жа?дайлар жасауды к?здейді. Сонды?тан оны? о?ытушы мен т?рбиеші ретіндегі б?кіл зерттеу ж?мысыны? балалар ?мірлеріні? ?лі де ?ызы?тыра? болып, оларды? мектептегі о?уды ?р?айсысы ?шін ?уанышты да ма?ызды е?бек болсын, сынып ?жымы ?мірінде, спортты? секцияда, ?рбір о?ушыны??, оны? жеке дара ерекше сипаттарымен ?оса, адамзатты? е? жа?сы белгілері болып саналады.

 

 

  1. Жоба ?німіні? сипаттамасы

 Б?гінгі заман талабына сай сапалы білім болу ?шін ?р о?ушыны? танымды? процестері жа?сы даму керек.Сынып о?ушыларыны? танымды? ?ректтері бірдей емес.Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып,о?у процесін ??ру педагогты? шеберлігіне байланысты ол ?шін педагог жас ерекшеліктеріне ?арай ?діс т?сілдерді ?олданып,таным процестерін зерттеу керек.Жас ерекшелік психологиясын ме?геру керек.Сонда ?ана ?р жас?а байланысты на?ты зерттеулер ж?ріп,на?ты н?тиже ?олданылады,Сол себепті «сандарды есте са?тау » ?дістемесін ж?мыс ?сынамын.Б?л ?дістеме баланы? аз уа?ытта сандарды ?аншалы?ты к?ріп,есте са?тауын ба?алау?а арнал?ан.Тапсырмада 10-15 екі орынды сандар жазылады.20 секундтан со? кесте алынады,ал зерттеушілер естерінде ?ал?ан сандарды ?а?аз?а т?сіру керек.1-2 сыныптар?а -5сан,3-4 сыныптар?а 10 сан беріледі.

Сандарды есте са?тау ?дістемесіне материал

13

91

47

51

65

83

19

87

23

94

71

11

15

90

39

27

Бала ?иялыны? дамуы де?гейін аны?тау ?дістеріне арнал?ан шы?армашылы? тапсырма

5 минут ішінде тірі жан туралы ермек сазбен м?сін жасау керек.Ойлау?а 1 минут беріледі.Б?нда кез келген тірі жандарды ермек сазбен бейнелеу керек.Б?л 10 ?пайлы? ж?йемен ба?аланады.

0-1 еште?е жасай алмаса;

2-3 тая?ша,домала?,текше са?ина же?іл т?рдегі зат ?шін;

4-5 ?пай 2-3 ??рал?ан жарайтын м?сін;

6-7 ерекше фантазия бай?алмайды,біра? ?ызы?ты зат жасаса;

8-9 ?пай жасал?ан зат тамаша,біра? б?ліктері толы? емес;

10 ?пай ?те тамаша,толы? ойластырыл?ан,к?ркемдік жа?ынан жо?ары де?гейде;

Техникалы? ??рал ар?ылы балалар кез келген жануарларды?,тениканы? а?дарды? дыбыстарын естиді,б?л кезде бала бір минут ішінде естілген дыбыстар ?ай жануар?а т?н екенін айту керек.

Б?л тапсырма ар?ылы саба??а о?ушыларды? зейіні ?алыптасады.

Жадыны? т?рін зерттеу

Шам

Кеме

?ша?

?ас?ыр

Алма

Ит

Ш?йнек

Б?шке

?арындаш

Парта

К?белек

Конки

Найза?ай

Етік

Ая?

Ара

?йрек

Таба

Б?рене

Ескек

Ше?бер

То?ай

Май шам

Ж?мба?

Дейірмен

Са?ырау??ла?

Журнал

Кітап

Тоты ??с

Ш?п

?ріп

К?з

?а?аз

Сабын

Жіп

К?мір

Сиыр

машина

?ару

Зерттелуші о?ушылар?а рет-ретімен есте са?таулары ?шін т?рт топта?ы с?здерберіледі.М??алім бірінші ?атарда?ы с?здерді ретімен,арасына 4-5сек. Салып о?иды.(дыбысты? есте са?тау) 10cек. Со? о?ушылар естерінде са?тал?ан с?здерді жазады.10 мин. Кейін м?алім екінші ?атарды? с?здерін та?та?а жазады.О?ушылар ?нсіз о?ып,со?ынан есте са?та?андарын жазады (к?ріп есте са?тау)  10 мин.со? о?ушылар?а ?шінші ?атарды? с?здері беріледі:м??алім с?зді о?иды,ал о?ушылар осы с?здерді іштерінен ?айталап жазады,сода? со? есінде ?ал?а?андарын ?а?аз бетіне т?сіреді.(моторлы? дыбысты? есте са?тау).Аз ?ана ?зілістен со? т?ртінші ба?анда?ы с?здер беріледі.Б?л жолы м??алім та?тада жазыл?ан с?здерді о?иды,ал о?ушылар ?рбір с?зді сыбырлап ?айталайды.Содан со? естерінде ?ал?ан с?здерді ?а?аз?а т?сіреді.(к?ру,есту- моторлы? есте са?тау)

1-2 сыныптар?а 5 с?з

3-4 сыныптар?а 10 с?з

Н?тижелерін ??деу

Жады т?ріні? коэффициентін есептеп,о?ушыдан жадыны? ?ай т?рі басымыра? екендігін аны?тау?а болады.

С=А х 100% / В,м?нда?ы А д?рыс жазыл?ан с?здерді? саны

                                             В берілген с?здерді? саны

  О?ушыларды? ?ай ?атарды?ы с?здеріні? саны бірлікке (100%) жа?ын болса,о?ушыда жадыны? сол т?рі жа?сы дамы?ан.Сыныпта?ы о?ушыларды? басым к?пшілігі о?у материалын жа?сы есте са?тап ?алуы ?шін сыныпта жадыны? ?ай т?рі басымыра? екені? аны?тап алу керек.Б?л ?шін жадыны? ?рбір т?рі коэффициенті есептеледі.

К= С1+С2+С3+С4/n,м?нда?ы С1,С2,С3,С4 жадыны? берілген т?ріні? жеке к?рсеткіштері.n о?ушыларды? саны.

  Міне,осындай бірнеше танымды? процестерге байланысты зерттеулерді ?олдан?анда с?ра?тар туындайды.Зерттеу не ?шін ?ажет,м??алімні? о?у ?рдісінде ?андай н?тижеге жеткізеді.Оны схема ар?ылы к?рсетемін

Баланы? ішкі жан д?ниесінен а?парат алады

Сонымен ?атар о?у жылы ая?ында о?ушы келесі сынып?а к?шер кезде,?рбір о?ушылар?а мінездеме беріледі.Мына берілетін мінездемені психолог,мектеп медбибісімен бірігіп отырып ?стаз мінездемені жазады.

  О?ушыларды? дамуында?ы психологтік- педагогтік мінездеме

Аты – ж?ні.................

Ту?ан жылы.................

Мекен-жайы................

Денсаулы?ы................

О?ушыны? ?ызмет-?абілеті(есту,к?ру,с?йлеу).......

Есте са?тау ?абілетіні? даму сипаты..........

Ойлау ?абілетіні? дамуы.............

Мінез – ??л?ы ?згерістері(шыдамсыз,сенімсіз,ала?даушылы?)

Темперамент типі..............

?абілеті (жалпы,арнайы,музыкалы?,?деби,математикалы? т.б)..

  1. Жобаны ж?зеге асыру іс-?рекетін жоспарлау        

Т?менгі сынып о?ушыларыны? психологиялы? даму де?гейі туралы ?орытынды ?зірлеу. Б?л ?орытындыны ?зірлеу баланы? танымды? процестерін зерттеу н?тижелері, оны? жеке т?л?алы? ж?не ?зара ?арым-?атынастарыны? негізінде жасалады. Б?л ?ортынды?а негіз болатын баланы? психологиялы? дамуыны? к?рсеткіштері Картасы.

?орытынды

Бастауыш мектеп о?ушыларыны? таным процестеріні? даму де?гейі туралы м?ліметті жо?арыда к?рсетілген ?дістемелер ар?ылы аны?тау?а болады. Ж?мыстарды ?р о?ушылармен жеке ж?ргізіп, оларды? таным процестеріні? даму де?гейі туралы ?орытынды шы?арып, дара ерекшеліктері м?ліметтері негізінде оны дамыту ба?ытында?ы ж?мыстарды жаспарлау?а болады. О??шы бойында?ы кемшіліктер дер уа?ытында аны?талатын болса, оны бастауыш сыныптан бастап т?зету же?іл болады.

III.Жоба тиімділігін ба?алау критерийлері

-Баланы? жеке психологиялы? дамуында?ы  танымды? процестерді? даму де?гейі бес ?пайдан кем болмауы тиіс;

-Дайынды?ы толы? емес деп 3-4 ?пай, 2 немесе одан т?мен ?пай мектепте о?у?а дайын емес деп саналады.

-Танымды? процестеріні? даму де?гейі 7 ?пай жа?сы дайын балалар, 9 ?пай одан  к?п болса – ол ерекше ?абілетті о?ушы болып саналады.

.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"О?ушыларды? жеке т?л?асын зерттеу ?дістемелері" атты та?ырыпта жоба »





















Тақырыбы:Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері
















Орындаған:Бекмағамбетова М.Е..





  1. Кіріспе


Балалардың қасиеттерін анықтау және дамыту бастауыш мектептің басты міндеті болып табылады. Бастауыш мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мазмұны баланы мектеп жағдайына дайындауды қамтамасыз етуі қажет.

Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестігінің негізінде табысқа жететін мәселе және бұл болашақ мектеп табалдырығын атттайын деп тұрған бүлдіршінлерді де толғандырады.

Көпшілік ата-ана бала мектепке барғанша хат танып және жазу, санау машықтарын игеріп барса, жеткілікті деп ойлайды. Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды.

Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған саын баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығыушылығы болмайтын кездері болады. Оның негізгі себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр-салақ, оқу материалдарын қалай болса-солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

Сло себепті балалардың танымдық белсенділігін, зейінділігін, пайымдауын, талдап салыстыру, жалпылау мен рекше белгілеріне қарап ажырату дағыдларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оларды дамытудың маңызы ерекше.















Жобаны негіздеу


Қабылдау мен сезіну арқылы әлемді тануға болады. Адам қоршаған ортада өмір сүруі үшін ақпараттарды қабылдауы, өңдеуі, оны талдауы және олардың арасынан өзіне қажетті мәліметтерді ала білуі керек. Адамның өзекті қажеттіліктеріне байланысты, әсіресе оны қанағаттандыруға қажетті ақпараттар ең маңызды. Маңызды ақпаратта адамға әсер ететін механикалық, химиялық, электрмагниттік, гравитациялық және т.б. энергия түрлері жинақталады. Миллиондаған жылдар бойы жануарлар мен адамдардың ақпараттар қабылдайтын, әртүрлі энергиялары бар және ақпараттарды электромагниттік толқын (көру), механикалық әсер ету (тері сезімдігі), химиялық әсері (иіс және дем сезу), ауа қысымының тербелісі (есту) арнайы мүшелері дамып, жетілді.

Адамды қызықтыратын ақпараттар олардың сезім мүшелері арқылы қабылданғанымен барлық уақытта қажетті түрде болмайды. Сондықтан әлем туралы ақпараттарды қабылдаумен қатар, оның тіке қабылдаудан жасырын тұрған бөлігін бөліп өңдеу қажет. Кейде ақпараттардың осындай қажетті бөлігін алу үшін күрделі міндеттерді шешу керек болады. Ол үшін адамдарда зейін, елестету, есте сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты психологиялық танымдық процестер бар.

Ең алғашқы әлем туралы түсінікті адамдар сезіну арқылы алды. Оларды адамдар қоршаған ортаның әсері ретінде қабылдайды. Қабылдаудың сезінуден айырмашылығы –адамдар әлемді бейнелер ретінде қабылдайды, бұл өзін қоршаған денелер мен құбылыстар және олардың қасиеттер жиынтығын тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

Адамның қоршаған ортаны сезімдік тануына сезіну, қабылдау, елестету, есте сақтау жатады. Ал, ойлау мен сөйлеу - әлемді танудың рационалды немесе ойлау тәсілі. Өйткені сөйлеу мен ойлау арқылы сезімі мен қабылдауы арқылы көрсетілмеген әлемді басқа жағынан таниды.

Елестету мен есте сақтау – танымдық процестер

Елестету барлық уақытта бейне түрінде болады, ал есте сақтау көрнекі түрде бейнелеумен қатар, логикалық (ойды есте сақтау), эмоциялық (сезінуді есте сақтау) болып екіге бөлінеді. Адам елестету арқылы шығармашылығын енгізуге мүмкіндік беретіндей әлемді өзбетінше түрлендіре алады. Сондай-ақ алдағы болатын жағдайларды елестете алады.

Елестету адам өмірінде бірнеше арнайы міндеттер атқарады. Нақтылықты елестете алу және оларды қажетті жағдайларда қолдана алу осы міндеттердің бірі болып табылады. Екінші міндет адамның көңіл-күй жағдайын басқара алатындығына байланысты. Үшінші міндет адамның жағдайы мен оның танымдық процестерін еркін басқаруымен тікелей байланысты болады. Төртіншісі – адам өзінің ішкі жоспарын жасап, ойша образдарды манипуляция жасай алатындығында.

Есте сақтау қабілеті адам өмірінде маңызды роль атқарады. Есте сақтау қабілетінсіз балалар меңгергенін және дұрыс әрекеттері мен жіберілген қателері туралы өзінің ой-пікірін есте сақтай алмаған болар еді. Оқушы өзінің есте сақтаған білімін қажет кезінде қайта еске түсіріп, пайдалана алады.

Қоршаған ортаны тануда балалардың есте сақтауы мен елестетуі бір-бірімен келесі бағыттарда әсерлеседі:

  1. бейне мазмұнымен алмасу: елестету материалын өз жадысынан алады, ал жады елестету бейнелерін пайдаланады;

  2. өзара бір-біріне әсер ету: елестету есте сақтауды одан әрі жақсарта түсу процесіне қатысады; есте сақтау елестету процесін шығармашыл, әрі өнімді етеді;

  3. есте сақтау мен елестету басқа да психологиялық процестерге әсерлесе отырып, көрнекі ойлаудың негізін құрайды.

Аз уақыт аралығында ақпараттарды есте сақтау қысқа мерзімді деп аталады. Бірнеше секундтан бірнеше күндерге созылатын уақытта ақпаратты есте сақтау шапшаң немесе оперативті деп аталады. Белгіленген мерзімге ақпаратты есте сақтау ұзақ мерзімді деп аталады. Оны пайдалану ойлау мен жігерді күшейте түседі.

Генотипте сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ақпарат генетикалық деп аталады. Көру қапері (есте сақтау) айналадағы көрінетін денелер мен құбылыстарды есте сақтайды және оларды қажет уақытында қайта жаңғыртады.

Естігенін есте сақтау дегеніміз әртүрлі музыкалық және сөздік дыбыстарды есте сақтау және оларды қайта жаңғырту. Есте сақтаудың бұл түрінің көмегімен оқушы оқыған мәтіндерінің мағынасын түсінеді. Қозғалтқыш есте сақтау барысында оқушы қажетті жағдайда көпфазалы күрделі қозғалысты жеткілікті дәлдікпен есте сақтайды. Баланың өз басынан кешірген қандай да бір жағдайды еске түсіруін эмоциялық есте сақтау дейді. Оған белгілі материалдарды берік есте сақтау негіз болады.

Түйсіну, иіс сезу, дәм сезу адамның биологиялық мен организмінің өзін-өзі қорғауы мен қауіпсіздігін сақтауымен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыруға әкеледі.

Баланың есте сақтау процесі оның жас кезінен бастап белгілі бір бағытта дамиды. Алдымен механикалық есте сақтау бірте-бірте толығып, логикалық есте сақтауға айналады. Ал, тікелей есте сақтау уақыт өте келе әртүрлі мнемотехникалық құралдар мен тәсілдерді есте сақтау мен оларды қайта жаңғырту үшін қолданылатын белсенді, сапалы есте сақтауды байланыстыратын аралық есте сақтауға ұласады. Сондай-ақ жас кездегі еріксіз есте сақтау баланың жасы ұлғая келе еркін есте сақтауға ұласады.

Есте сақтаудың филогенетикалық даму түсінігін анықтауда П.П.Блонский үлкен үлес қосты. Ол ересек адамдардағы есте сақтаудың түрлері өзінің тарихи даму кезеңдері де болып табылады, әрі есте сақтауды жетілдірудің филогенетикалық сатысы деп қарастырды. Бұл айтылған пікірлер қозғалтқыш, аффектілі, бейнелік, лигикалық есте сақтау түрлеріне де қатысты.

Ішкі есте сақтау құралдарының қалыптасуында сөз, сөйлеу үлкен орын алады. Сөйлеу – адамдардың қарым-қатынасының негізгі құралы. Бірақ сөйлеу мен тілді нақты ажырата білу керек. Тіл – адамдар үшін белгілі бір мағына беретін дыбыстардың байланысы берілетін шартты символдар жүйесі. Сөйлеу қатынас құралы болуымен қатар, басқа адамдарды басқару және адамның өз мінезін жүйелеу құралы да болады. Сөйлеу функцияларына қарай ішкі, сыртқы, монолог, жазу, ауызша сөйлеу болып бірнеше түрге бөлінеді.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, баланың ойлауы оның есте сақтауымен тікелей байланысты. Ойлау тікелей есте сақтау мен елестету негізінде дамиды. Адамзаттың қоршаған әлемді тануы ойлау мен сөйлеу болмаса мүмкін болмаған болар еді. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы – адамдар өздерінің ойлары мен сезімдерін сақтап, басқаларға сөз арқылы бере алады. Олай болмаған жағдайда адам санасының сөздік-логикалық ойлау түрі болмайды. Ғылыми білімдердің барлығы дерлік сөз түрінде сақталған. Адамдардың қажеттілігі мен қызығушылықтары үшін пайдаланатын барлық материалды және рухани құндылықтардың аты бар, олардың барлығы ойлау нәтижесінде пайда болған. Сондықтан оқушылардың сөйлеу, ойлау мәдениетін қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі.

Танымдық процестер: қабылдау, зейін, елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу – балалардың кез келген іс-әрекеттерінің негізгі құраушылары болып табылады.

Адам әңгімелесу, ойлау, оқу, еңбек ету т.с.с. қажілеттіктерін қанағаттандыру үшін қоршаған әлемді қабылдауы, өзінің іс-әрекетін белгілі бір құраушысына немесе сәттеріне көңіл бөлуі, өзінің не істейтінін, нені есте сақтайтынын, ойланатынын, айтатынын, талдайтынын елестете алуы қажет. Сондықтан адам әрекеттерінің бөлінбейтін ішкі сәттері болып табылатын танымдық процестерсіз ешқандай адам әрекеттері болмайды. Танымдық процестер әрекеттер барысында үздіксіз дамып отырады.

Оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмысқа кірісер алдында ең алдымен баланың табиғи қабілеті мен қоршаған ортаның әсерінен алғанына көңіл бөлуі керек.

Адамның талабының дамуы, оның қабілеттіліктерге айналуы – оқу мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері, оларды танымдық процестердің дамуы мен ол туралы мәліметтерді білмей шешу мүмкін емес. Олардың дамуымен қатар қабілеттілік жаңа сатыға көтеріліп жетіледі. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін дұрыс таңдау үшін танымдық процестердің психологиялық құрылымын, оның қалыптасу заңдарын білу қажет. Танымдық процестердің дамуы мен оны зерттеуге Л.С.Выгодский, А.Н.Леонтьев, Л.С.Сахаров, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олар танымдық процестердің қалыптасу теориясы мен әдістемесін дайындаған. Қазіргі кезде оқу әрекетіндегі танымдық процестерді ойдағыдай дамыту үшін оқытудың қазіргі кездегі әдістері мен құралдарын іздестіру керек. Осындай құралдардың бірі – сабақтарда көпсалалы жоғарғы мүмкіндікті компьютерлерді пайдалану.

Өзбетінше ойлайтын, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін осы жаста танымдық процестерді дамыту өте маңызды. Егер белгілі бір тақырыптарды үйретуге компьютер пайдаланса, онда бейнелеу өнеріне бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесі тиімді болуы мүмкін, себебі:

  1. оны пайдалану мұғалім әрекеттерін оңтайландырады;

  2. қазіргі кездегі видеотехника құралдарын, түсті, графиктерді, дыбысты пайдалану арқылы жағдайлар мен ортаның айырмашылығын модельдеуге болады және оның барысында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды;

  3. ол оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра түседі.

Осындай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына:

  • бейнелеу өнері сабақтарындағы оқыту процесіне компьютерлік оқыту құралдарын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық, әдістемелік аспектілерін зерттеу;

  • бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарына компьютерлік оқыту құралдарын пайдалану тиімділігін тәжірибеде зерттеу;

  • алынған мәліметтер негізінде бейнелеу өнері сабақтарында компьютерлік оқыту құралдарын пайдаланып өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау міндеттері қойылады.

Осындай міндеттерді шешуге арналған зерттеу барысында

  • зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік еңбектерге талдау жасалады;

  • бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процестеріне бақылау жүргізіледі;

  • бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында компьютерді пайдаланып оқытуға арналған тапсырмаларды таңдалып, құрастырылады;

  • эксперименттік оқыту және алынған мәліметтерді өңдеу тәсілдері қолданылды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі балаларға қарағанда,бастауыш сынып оқушыларында әжептәуір дамыған.Бірақ әлі де болса қабылдау дами қоймаған.Баланың қабылдауы эмоцияға байланысты,көп нәрсе оны қуанышқа немесе ренжуге бөлейді.Бастауыш сынып оқушыларында кеңістікті қабылдауы және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды.Баланың қабылдау ерекшеліктерінің қалыптасуында мұғалім негізгі роль атқарады.

Л.С.Выготскиидің айтуынша,бала оқуға келген соң,оның ойы мен интеллектісі үлкен өзгерушіліктерге ұшырайды.Бала қарапайым ойдан,ұғым арқылы ойлауға көшеді.Оның абстрактылы үғымдық ойлауы қалыптасады.

Төменгі сынып оқушыларының таным процестерінің зерттеу кезінде,мұғалім қызметінде белгілі бір мақсатқа бағытталушылықты талап етеді.Мұғалім өзінің нені білгісі келетінің,оқушының жеке басының қай жағы оны қызықтыратынын анық көз алдына елестетуге тиіс.Бұл кең де жеткілікті қойылған міндет болуы мүмкін,мысалы,өз сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін,немесе оқушылардың бірнеше танымдық процестерін зерттеу.Зерттеу кезінде мұғалім неғұрлым әрбір оқушының өмірін,оның отбасын,отбасы мүшелерінің өзара қарым- қатынасын толығырақ білсе,оның басынан кешкен қиыншылықтарды,қателіктерді немесе табыстар мен неғұрлым толығырақ таныс болса,соғұрлым оқушыларды зерттеу қиынға соқпайды.

Мұғалім балалардың танымдық поцестерін зерттеп білу үшін кейбір қарапайым тәжірибелерді де бөлек пайдалана алады,әңгімелер өткізеді немесе сұрақтардың көмегімен анкета,тест жүргізуге болады.

Оқу,санау,жазу машықтарын игеріп барған баланың өзі,кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады.Оның негізгі себебі,сабаққа зейінін шоғырландыра алмай,селқос,салдыр – салақ,оқу материалдарын қалай болса –солай тыңдайтын,үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы,есте сақтауы,таным процестері өз дәрежесінде толық дамып,жетілмегендіктен,яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

Сол себепті балалардың танымдық белсенділігін,зейінділігін пайымдауын,талдап салыстыру,жалпылау мен ерекше белгілеріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оарды дамытудың маңызы ерекше.12 жылдық білім беру кезінде оқушылардың танымдық процестерінің көрсеткіштерін төмен болдырмау үшін көптеген жұмыс түрлерін ұсынып отырмын.

Сонымен қатар мектепке дейінгі балаларға қарағанда,бастауыш сынып оқушыларында әжептәуір дамыған.Бірақ әлі де болса қабылдау дами қоймаған.Баланың қабылдауы эмоцияға байланысты,көп нәрсе оны қуанышқа немесе ренжуге бөлейді.Бастауыш сынып оқушыларында кеңістікті қабылдауы және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды.Баланың қабылдау ерекшеліктерінің қалыптасуында мұғалім негізгі роль атқарады.

Л.С.Выготскиидің айтуынша,бала оқуға келген соң,оның ойы мен интеллектісі үлкен өзгерушіліктерге ұшырайды.Бала қарапайым ойдан,ұғым арқылы ойлауға көшеді.Оның абстрактылы үғымдық ойлауы қалыптасады.

Төменгі сынып оқушыларының таным процестерінің зерттеу кезінде,мұғалім қызметінде белгілі бір мақсатқа бағытталушылықты талап етеді.Мұғалім өзінің нені білгісі келетінің,оқушының жеке басының қай жағы оны қызықтыратынын анық көз алдына елестетуге тиіс.Бұл кең де жеткілікті қойылған міндет болуы мүмкін,мысалы,өз сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін,немесе оқушылардың бірнеше танымдық процестерін зерттеу.Зерттеу кезінде мұғалім неғұрлым әрбір оқушының өмірін,оның отбасын,отбасы мүшелерінің өзара қарым- қатынасын толығырақ білсе,оның басынан кешкен қиыншылықтарды,қателіктерді немесе табыстар мен неғұрлым толығырақ таныс болса,соғұрлым оқушыларды зерттеу қиынға соқпайды.

Мұғалім балалардың танымдық поцестерін зерттеп білу үшін кейбір қарапайым тәжірибелерді де бөлек пайдалана алады,әңгімелер өткізеді немесе сұрақтардың көмегімен анкета,тест жүргізуге болады.

Оқу,санау,жазу машықтарын игеріп барған баланың өзі,кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады.Оның негізгі себебі,сабаққа зейінін шоғырландыра алмай,селқос,салдыр – салақ,оқу материалдарын қалай болса –солай тыңдайтын,үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы,есте сақтауы,таным процестері өз дәрежесінде толық дамып,жетілмегендіктен,яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

Сол себепті балалардың танымдық белсенділігін,зейінділігін пайымдауын,талдап салыстыру,жалпылау мен ерекше белгілеріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оарды дамытудың маңызы ерекше.12 жылдық білім беру кезінде оқушылардың танымдық процестерінің көрсеткіштерін төмен болдырмау үшін көптеген жұмыс түрлерін ұсынып отырмын.

Мақсаты: Сынып оқушыларының жеке тұлғасын зерттеуге арналған ғылыми механизмдерді анықтау.


Міндеттері:


1. Ақпарат жинау,

2.Әр оқушыға диагностикалық зерттеу картасын құру.

3. Баланың дамуын анықтау.

4. Баланың жас ерекшелігіне сай әдістерін таңдап алу.



Күтілетін нәтиже:


1.Сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеуге арналған ғылыми механизмдері анықталады.

2.Оқушылардың танымдық қабілеттері анықталады.

3.Ақпарат жинақталады.

4.Әр оқушыға диагностикалық зерттеу картасы құрылады.

5 Балалардың жас ерекшелігіне сай әдістер таңдалады.






















  1. Жобаның негізгі мазмұны


  1. Теориялық негіздемесі

Түрлі білім саласының өкілдері: биологтар, медиктер, философтар, өнер зерттеушілері, саясаткерлер және т.б. адамдардың түрлі типологияларын, адамды ғылыми түрде қарастырғанда бір типті адамды, немес жеке тұлғалар арасында қайталанатынын байқаған.

Мұндай типтерге бөлуге негіз болған нәсілдік, мәдениеттілік, түпкі жаратылысы және психологиялық жүйке жүйесінің ерекшеліктері болды. 1921 жылы толық суреттеп, танымал тұлғаның типологиясын ең алғаш жариялаған психолог К. Юнга болатын

Әлемге танымал болған типологияны, психолог мамандар әлі күнге дейін бар қызығушылықпен зерттеп келеді. Немістің романсист жазушысы О. Шмиц К.Юнганың бұл жүйесі психоанализдің адамзат дамуына қызмет етуге мүмкіндік беретіндігі айтса, ал атақты профессор – Р. Вильгельм Юнганың жұмыс туралы былай деп жазды: «Юнга негізін тапты ма, жоқ па, қазіргі кезде онымен салыстыратын психолог жоқ екенін мойындау керек, оның практикалық өткірлігігіне, теориялық тереңдігіне, шешімді батылдығына ешкім де тең келмейді».

Француз сыншысы Э. Берль «көптің ішінен Юнгадан басқа ешкім мынадай үлкен табысқа жеткен емес, психологияны терең грамматикалық зынданнан шығару үшін Канттың айтқан пікірін қолдап, Юнганың психологиясы – ежелгі заманнан бастап жан-жақты, мәдениетті зерттеулерге сүйенгендігі жайында айтады.»

Психодиагностикалық тәжірибеде әлеуметтік – психологиялық зерттеулер нәтижесінде социометриялық тест пайда болды, оны ең алғаш рет американдық психолог Дж. Морено ойлап тапты.

Психикалық процестердің тәжірибе арқылы құрылуын ең алғаш рет Л.С:Выготский ойлап тапқан.

Зейін психикалық процестердің бастыларының бірі болып табылады. Оның сипаты арқылы баланың танымдық деңгейң анықталады., оның оқу іс-әрекетінің сапасына әсер етеді. Оқытудың бастапқы кезінде пайда болған қиындықтардың бәрі зейіннің дамуындағы жетіспеушіліктерін байланысты болады. Оларды дер кезінде анықтап жоюға болады.

Төменгі сынып оқушыларының зейінінің деңгейін Ландольт сақиналары арқылы анықтауға болады. Мектепке келетін балалардың зейінін, мектепке оқуға дайындық деңгейін анықтауға биіктігі әліппедегі әріптердің көлемінде сақиналар ұсынылады.

Баланың мектепке дайындалу әдісі педагогикалық психология жағынан жақында ғана орын алды.

Педагогика және психологияның проблемаларын талқылауда, ең біріншіден мектепке дайындалу барысының шешімін анықтау үшін екі түрлі жолдама қажет, ал кей кездерде оған қарама-қарсы көзқарастар да пайда болады.

Баланы зерттеу мұғалім қызметінде белгілі бір мақсатқа бағытталушылықты талап етеді. Педагог өзінің нені білгісі келетінін, оқушының жеке басының қай жағы оны қызықтыратынын анық көз алдына елестетуге тиіс. Бұл кең де жеткілікті қойылған міндет болуы мүмкін. Болуы мүмкін, мысалы, өз класындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасының немесе оқушының ерекшелігін зерттеу. Міндет өте тар көлемде болуы да мүмкін.мысалы, кейбір оқушыларда болатын грамматиканы меңгерулеріндегі тұрақты қиыншылық тардың себебін ашу.

Қойылған міндетке сай мұғалім фактілер жинау әдісін таңдап алады. Өзінің мүмкіндіктерін қарай, мұғалімге ең қолайлысы байқау әдісі болып табылады.

Байқау – қабылдаудың жоспарлы да жүйелі., дәл бағытталған процесі.

Мұғалім балаларды зерттеп білу үшін кейбір қарапайым тәжірибелерд іде пайдалана алады, әңгңмелер өткізеді немесе сұрақтардың көмегімен сауалдама жүргізеді.

Оқушыларды зерттей отырып, мұғалім әдетте бір негізгі мақсатты – әрбір балаға, оның әрі қарай дамуына, қуаныштырақ та толық бағалы және перспективті өміріне – ең жақсы жағдайлар жасауды көздейді. Сондықтан оның оқытушы мен тәрбиеші ретіндегі бүкіл зерттеу жұмысының балалар өмірлерінің әлі де қызықтырақ болып, олардың мектептегі оқуды әрқайсысы үшін қуанышты да маңызды еңбек болсын, сынып ұжымы өмірінде, спорттық секцияда, әрбір оқушыныңғ, оның жеке дара ерекше сипаттарымен қоса, адамзаттың ең жақсы белгілері болып саналады.












  1. Жоба өнімінің сипаттамасы

Бүгінгі заман талабына сай сапалы білім болу үшін әр оқушының танымдық процестері жақсы даму керек.Сынып оқушыларының танымдық әректтері бірдей емес.Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып,оқу процесін құру педагогтың шеберлігіне байланысты ол үшін педагог жас ерекшеліктеріне қарай әдіс тәсілдерді қолданып,таным процестерін зерттеу керек.Жас ерекшелік психологиясын меңгеру керек.Сонда ғана әр жасқа байланысты нақты зерттеулер жүріп,нақты нәтиже қолданылады,Сол себепті «сандарды есте сақтау » әдістемесін жұмыс ұсынамын.Бұл әдістеме баланың аз уақытта сандарды қаншалықты көріп,есте сақтауын бағалауға арналған.Тапсырмада 10-15 екі орынды сандар жазылады.20 секундтан соң кесте алынады,ал зерттеушілер естерінде қалған сандарды қағазға түсіру керек.1-2 сыныптарға -5сан,3-4 сыныптарға 10 сан беріледі.


Сандарды есте сақтау әдістемесіне материал

13

91

47

51

65

83

19

87

23

94

71

11

15

90

39

27


Бала қиялының дамуы деңгейін анықтау әдістеріне арналған шығармашылық тапсырма


5 минут ішінде тірі жан туралы ермек сазбен мүсін жасау керек.Ойлауға 1 минут беріледі.Бұнда кез келген тірі жандарды ермек сазбен бейнелеу керек.Бұл 10 ұпайлық жүйемен бағаланады.

0-1 ештеңе жасай алмаса;

2-3 таяқша,домалақ,текше сақина жеңіл түрдегі зат үшін;

4-5 ұпай 2-3 құралған жарайтын мүсін;

6-7 ерекше фантазия байқалмайды,бірақ қызықты зат жасаса;

8-9 ұпай жасалған зат тамаша,бірақ бөліктері толық емес;

10 ұпай өте тамаша,толық ойластырылған,көркемдік жағынан жоғары деңгейде;


Техникалық құрал арқылы балалар кез келген жануарлардың,тениканың аңдардың дыбыстарын естиді,бұл кезде бала бір минут ішінде естілген дыбыстар қай жануарға тән екенін айту керек.






Бұл тапсырма арқылы сабаққа оқушылардың зейіні қалыптасады.


Жадының түрін зерттеу



Шам

Кеме

Ұшақ

Қасқыр

Алма

Ит

Шәйнек

Бөшке

Қарындаш

Парта

Көбелек

Конки

Найзағай

Етік

Аяқ

Ара

Үйрек

Таба

Бөрене

Ескек

Шеңбер

Тоғай

Май шам

Жұмбақ

Дейірмен

Саңырауқұлақ

Журнал

Кітап

Тоты құс

Шөп

әріп

Көз

Қағаз

Сабын

Жіп

Көмір

Сиыр

машина

Қару

ән


Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін төрт топтағы сөздерберіледі.Мұғалім бірінші қатардағы сөздерді ретімен,арасына 4-5сек. Салып оқиды.(дыбыстық есте сақтау) 10cек. Соң оқушылар естерінде сақталған сөздерді жазады.10 мин. Кейін мұалім екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады.Оқушылар үнсіз оқып,соңынан есте сақтағандарын жазады (көріп есте сақтау) 10 мин.соң оқушыларға үшінші қатардың сөздері беріледі:мұғалім сөзді оқиды,ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап жазады,содаң соң есінде қалғағандарын қағаз бетіне түсіреді.(моторлық дыбыстық есте сақтау).Аз ғана үзілістен соң төртінші бағандағы сөздер беріледі.Бұл жолы мұғалім тақтада жазылған сөздерді оқиды,ал оқушылар әрбір сөзді сыбырлап қайталайды.Содан соң естерінде қалған сөздерді қағазға түсіреді.(көру,есту- моторлық есте сақтау)


1-2 сыныптарға 5 сөз

3-4 сыныптарға 10 сөз


Нәтижелерін өңдеу



Жады түрінің коэффициентін есептеп,оқушыдан жадының қай түрі басымырақ екендігін анықтауға болады.



С=А х 100% / В,мұндағы А дұрыс жазылған сөздердің саны

В берілген сөздердің саны


Оқушылардың қай қатардығы сөздерінің саны бірлікке (100%) жақын болса,оқушыда жадының сол түрі жақсы дамыған.Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі оқу материалын жақсы есте сақтап қалуы үшін сыныпта жадының қай түрі басымырақ екенің анықтап алу керек.Бұл үшін жадының әрбір түрі коэффициенті есептеледі.


К= С1+С2+С3+С4/n,мұндағы С1,С2,С3,С4 жадының берілген түрінің жеке көрсеткіштері.n оқушылардың саны.

Міне,осындай бірнеше танымдық процестерге байланысты зерттеулерді қолданғанда сұрақтар туындайды.Зерттеу не үшін қажет,мұғалімнің оқу үрдісінде қандай нәтижеге жеткізеді.Оны схема арқылы көрсетемін



Баланың ішкі жан дүниесінен ақпарат алады

Сонымен қатар оқу жылы аяғында оқушы келесі сыныпқа көшер кезде,әрбір оқушыларға мінездеме беріледі.Мына берілетін мінездемені психолог,мектеп медбибісімен бірігіп отырып ұстаз мінездемені жазады.

Оқушылардың дамуындағы психологтік- педагогтік мінездеме


Аты – жөні..................................................................................................

Туған жылы...............................................................................................

Мекен-жайы.............................................................................................

Денсаулығы................................................................................................

Оқушының қызмет-қабілеті(есту,көру,сөйлеу)......................................

Есте сақтау қабілетінің даму сипаты........................................................

Ойлау қабілетінің дамуы...........................................................................

Мінез – құлқы өзгерістері(шыдамсыз,сенімсіз,алаңдаушылық)

Темперамент типі.................................................................................

Қабілеті (жалпы,арнайы,музыкалық,әдеби,математикалық т.б)..........

  1. Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау

Төменгі сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейі туралы қорытынды әзірлеу. Бұл қорытындыны әзірлеу баланың танымдық процестерін зерттеу нәтижелері, оның жеке тұлғалық және өзара қарым-қатынастарының негізінде жасалады. Бұл қортындыға негіз болатын баланың психологиялық дамуының көрсеткіштері Картасы.


Қорытынды

Бастауыш мектеп оқушыларының таным процестерінің даму деңгейі туралы мәліметті жоғарыда көрсетілген әдістемелер арқылы анықтауға болады. Жұмыстарды әр оқушылармен жеке жүргізіп, олардың таным процестерінің даму деңгейі туралы қорытынды шығарып, дара ерекшеліктері мәліметтері негізінде оны дамыту бағытындағы жұмыстарды жаспарлауға болады. Оқүшы бойындағы кемшіліктер дер уақытында анықталатын болса, оны бастауыш сыныптан бастап түзету жеңіл болады.




III.Жоба тиімділігін бағалау критерийлері

-Баланың жеке психологиялық дамуындағы танымдық процестердің даму деңгейі бес ұпайдан кем болмауы тиіс;

-Дайындығы толық емес деп 3-4 ұпай, 2 немесе одан төмен ұпай мектепте оқуға дайын емес деп саналады.

-Танымдық процестерінің даму деңгейі 7 ұпай жақсы дайын балалар, 9 ұпай одан көп болса – ол ерекше қабілетті оқушы болып саналады.


IY.Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау

Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет жүйесінің жолға қойылмауы ең бірінші кедергі болып табылады.

Мектеп психологының функционалдық міндеттерінің дұрыс анықталмауы, психолог мамандардың жетіспеушілігі, бар болған жерде оның кәсіби деңгейінің төмендігі оқушыларды жеке тұлға ретінде танып, білуге бөгет болатын басты қиындықтар.


Y.Глоссарий


Зейін-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс

Жеке тұлға-әлеуметтік ортада қалыптасып, өзіндік ерекшеліктерімен ( талғам, мұратымен) қабілет, мінез-құлық, мүдделерімен) сипатталатын адам.

Даму-заңды , тек ілгері бағытталған өзгерістер. Оның нәтижесінде нысан жаңа сапалық қасиетке ие болады.

Жады-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында жатталып, сақталып, қажет кезінде қайтадан жаңғыртылуын бейнелейтін психикалық танымдық процесс






YI.Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана 2007.

2.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана 2010.

3.М.М.Жанпейісова Модульдік оқытк технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы, 2002.

4.А.А.Аманжолова, Г.Ш.Абитаева Мектепалды және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық диагностикасы Жезқазған, 2004.


YII.Қосымша



Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен мынадай жаттығулар өткізеге болады:

  1. «Көңіл-күй суреті» атты жаттығу. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді, көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса көңіл-күйімізді біліп алайық. Тақтадағы гүлге назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлдерісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл-күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.

  2. Өзін-өзі бағалау. Мен қандаймын?

Оқушылар 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз өздерін қалай қабылдап бағалайтынын анқтайды.

Мен қандаймын?

иә

жоқ

кейде

білмеймін

1

Мен жақсымын





2

Мен қайырымдымын





3

Мен ақылдымын





4

Мен тиянақты, ұқыптымын





5

Мен тілалғышпын





6

Мен ықыласты, ---------





7

Мен сыпайымын





8

Мен ақылды, қабілеттімін





9

Мен еңбекқормын





10

Мен шыншылмын












Нәтижесін бағалау:

«иә» - 1 ұпай; «білмеймін» - 0,5 ұпай;

«жоқ» - 0 ұпай; «кейде» - 0,5 ұпай;


10 – ұпай - өте жоғары;

8 - 9 ұпай – жоғары;

4 – 7 ұпай – орташа;

2 – 3 ұпай – төмен;

0 – 1 ұпай - өте төмен.



  1. Талым процестерін диагностикалау:

а) суретке мұқият қарап, естеріңе сақтап алыңдар. Енді еске сақтағандарыңды алдарыңдағы параққа жазыңдар (көріп есте сақтау);

ә) мен 12 сөз оқимын, тыңдап естеріңде сақтағандарыңды жазасыңдар (есте сақтау);

б) қиалының дамуын зерттеу. Үш сөз беріп (аю, қалам, балық) осы сөздерден бір сөйлем құрау керек.


12 жылдық білім беру мәселелері РҒПО мамандары Қағазбаева Ә.К.. Тәңірбергенова А.Ш. 12 жылдық білім беруде оқыту мен тәрбиелеудың жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығуына байланысты, мұғалім баланың қызығушылығын, бейімін, таным процестерінің даму деңгейін білуі маңызды деп санайды.

Зейіннің аумағын анықтау әдістемесіне арнап мынадай тапсырма ұсынады.

Эксперимент жүргізуші балаға төмендегі нұсқау береді: «қазір екеуіміз» «есіңде сақтап, нүктелерді дұрыс орналастыр» ойынын ойнаймыз. Мен саған нүктелер салынған карточкаларды бірінен соң бірін көрсетемін, сен оларды алдындағы шаршыға көргеніңдей етіп, жаңылыспай торға орналастыруға тырыс. Бұдан соң карточкалар үстінен астына қарай орналасу ретімен (яғни нүктелер біртіндеп көрінбейтіндей) әрқайсысын бір – екі секунд көрсетіліп, әрбір көрсетуден соң баладан көргенін бос шаршыға он бес секунд ішінде бейнелеп беру сұралады. Зейіннің аумағы 10 ұпайлық жүйемен бағаланады:

10 ұпай – берілген уақыт ішінде 6 және одан да жоғары нүктелерді жаңғыртты;

8 – 9 ұпай – берілген уақыт ішінде 4 – тен 5-ке дейінғі нүктелерді жаңғырта алды;

4 – 7 ұпай - берілген уақыт ішіндегі 2 –ден 4-ке деййінгі нүктелерді жаңғырта алды;

0 – 3 ұпай – берілген уақыт ішінде 2 нұктеден төмен нүктелерді жаңғырта алды.


Зейіннің аумағы туралы қорытынды:

10 ұпай – дейін аумағы өте жоғары;

8 – 9 ұпай – дейін аумығы жоғары;

4 – 7 ұпай - дейін аумағы орта;

2 – 3 ұпай – дейін аумағы төмен;

0 – 1 ұпай – дейін аумағы өте төмен немесе жеткіліксіз.


Зейіннің ауысуы мен тұрақтылығын ақыл – ой әрекетінде зерттеу эксперимент жүргізуші оқушыға екі қатардағы бір таңбалы сандарды көрсетеді, бірінің астына бірі жазылған сандарды өз ара қосу керектігін түсіндіреді. Бұл әрекет барынша шапшаң, яғни 10 минут ішінде орындалуы керек және қосу екі түрлі тәсілмен жүргізіледі. Әр минут сайын қосу тәсілін өзгертіп отыру керек.

Бірінші тәсіл. Зерттеуші жоғары жән төменгі санды қосады да қосындының мәніне бірді қосып, нәтижені жоғары санның тқсын жазады. Ал осының алдыңғы жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді. Пайда болған сандарды тағы өз ара қосып, оған бірді қосады да жоғарғы қатарға жазады. Жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді, сөйтіп жұмысты 10 минут жалғастырады.

Екінші тәсіл. Бұл жағыдайда бірінші тәсілдегі жоғары сан мен төмендегі сан қосылады, бірақ қосындының мәнінен бір саны шегеріліп, ол төменгі қатарға жазылады да, төменгі қатардағы алғашқы сан жоғарғы қатарға көшіріледі. Осы ретпен атқарылған жұмыс 10 минут жалғастырылады.

Дайындық кезенінде эксперимент жүргізуші кез келген 2 санды беріп, 5 минут бойы тек қана бірінші тәсілмен қосуды ұсынады. Одан соң екінші тәсілмен 5 минут жұмыс жасайды. Бұдан соң 1 минут ішінде істелінген есептеу оперициясының орта саны табылады. Эксперименттің негізгі бөлігінде зерттеуші эксперимент жүргізушінің белісінен соң берілген екі санды бірінші тәсілмен қоса бастайды. Бір минут өткен соң эксперимент жүргізуші «уақыт» деген сөзбен белі береді, оқушы соған сәйкес жазып жатқан санының тұсына тек сызық қойып, сол санақ бастап әрі қарай екінші тәсілмен қосуға көшеді.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"О?ушыларды? жеке т?л?асын зерттеу ?дістемелері" атты та?ырыпта жоба

Автор: Бекмагамбетова Молдыр Елеусизовна

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 207047


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства