kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?дістемелік ??рал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасарды? негізгі бас?ару функциясы.

Директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасарыны?  бас?ару объектісі: педагог кадрлары, о?ушылар ж?не ата-аналар ?жымы. Атал?ан  объектілерді бас?ару п?рменді болуы ?шін директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасарыны?  ?зіндік бас?ару ?ызметі алдын ала жоспарлануы ?ажет. Осы?ан байланысты  «Педагог – О?ушы – Ата-ана»  ?штігі ?ызметіні?   дамуын  ?амтамасыз етуші бас?ару ?ызметіні? жоспары мен  мазм?нын  ?арастырайы?.

I. Бас?ару ?ызметіні? мазм?ны:

  1. Педагог кадрлармен ж?мыс.

Ма?саты:  Сынып ?жымыны? ?арым-?атынасын ?йымдастыру

  1. Сынып жетекшілерімен ж?ргізілетін  ?дістемелік ж?мыстар.
  2. к?сіби білімі мен білік, да?дысыны? ?ылыми-?дістемелік де?гейін к?теру.
  3. сынып ?жымында?ы т?рбие ж?мысын  бас?ару, заманауи   технологиялар мен  ?дістерді ме?герту, ?жымды? шы?армашылы? істер  ?зірлемесін дайындау,  сынып т?рбие са?аттарын ?йымдастыру,  сыныпта?ы зерттеу ж?мысы, о?ушы т?рибелік де?гейіні? диагностикасы.

Негізгі формалар мен ?дістер: ?дістемелік бірлестіктер ж?мысы,  семинарлар,  педагогикалы? о?улар, іскерлік ойындар, д??гелек ?стел отырыстары,  психологиялы?-педагогикалы? консилиумдар, ашы? т?рбиелік шаралар.

К?тілетін н?тижелер: сынып ?жымымен ат?арылатын ж?мыстарда саралан?ан  ?діс-т?сілдерді ?олдану

  1. Педагогтармен н?с?аулы? ?дістемелік ж?мыстар:
  2. мектеп ?жымыны? ?ызметіне талдау жасау ж?не ба?алау,  ?ойыл?ан ма?сат?а жету ?шін т?рбиеге ?атысушы барлы?  ?ызметкерлерді?  ж?мысын ?йлестіру
  3.   нормативтік ??жаттармен таныстыру, мектепте ?тіп жат?ан істер туралы а?парат беру, ат?арыл?ан ж?мыстар н?тижесін к?рсету,  талдау жасау.

Негізгі формалар мен ?дістер:  ке?естер, отырыстар,  а?парат беру,  талдау,  есеп беру

Н?тиже: кемшіліктерді уа?ытында жою,  іс-?рекеттер с?йкестігі мен бірізділігін ?амтамасыз ету.

  1. Педагогтармен жеке ж?мыстар.

Ма?саты: практикалы? ?ызметте педагогтар?а к?мек к?рсету

Мазм?ны: педагогтар ?ажеттіліктері мен с?раныстарына байланысты.

Негізгі формалар мен ?дістер:  ке?естер, практикалы? к?рсету.

Н?тиже: талдан?ан т?жірибені? іс ж?зінде ?олданылуы.

  1. П?ндік ?дістемелік бірлестіктермен ынтыма?тасты?.

Ма?саты: п?ндік циклдар бойынша  сыныптан тыс т?рбиелік шаралар жоспарын  келістіру, т?рбие ма?сатыны?  о?ыту ?дерісінде орындалуын ?йымдастыру ж?не ?ада?алау.

Мазм?ны: саба?ты? т?рбиелік функциясыны? орындау  ?дістемесі, педагогикалы? талап бірізділігін ?амтамасыз ету.

Негізгі формалар мен ?дістер:  п?ндік ?дістемелік бірлестік отырыстары, педагогикалы? о?улар мен ке?естер, ?дістемелік н?с?аулы?тар дайындау, публикациялар.

Н?тиже: бірлескен жоспар негізінде барлы?  т?рбиелік ?ызмет т?рлеріні? бір-бірімен байланысы мен ?йлесімділігі.

  1. О?ушылар ?жымымен ж?мыс

Ма?саты:?ызы?ушылы?ы  негізінде о?ушылар топтарымен ?арым-?атынас ар?ылы оларды?  ?мірлік ?ызметтерін ?йымдастыру.

  1. Жалпы мектепішілік ?жымды? шы?армашылы? ж?мыстарды ?йымдастыру (б?дан ?рі -?ШЖ)
  2. о?ушыларды? шы?армашылы? белсенділігін, ?йымдастырушылы?  ?абілетін  дамыту.
  3. ?жымды?шы?армашылы? ж?мыстарды ?йымдастыру ж?не ж?ргізу,  бірлесе жоспарлау.

Негізгі формалар мен ?дістер: ?ШЖ ?дістемесі негізінде топты? ж?не б??аралы? шараларды ат?ару

Н?тиже:  о?ушыларды? мектептік ?міріне  ризашылы?ы,  мектеп д?ст?рін аны?тау, о?ушыларды? ?йымдастырушылы? ?абілетіні? дамуы.

  1. О?ушыларды? ?зін-?зі бас?ару ?йымдарымен ж?мыс
  2.   о?ушыларды? ?зін-?зі бас?аруына жа?дай жасау,  бала ???ы?ыны? б?зылмауын ?амтамасыз ету.
  3. ж?мыс формасын  та?дау,  жоспарлау, іске асыру.

Негізгі формалар мен ?дістер: о?ушыларды? ?зін-?зі бас?ару органыны? отырысы,  тренингтер, іскерлік ойындар,  хабарландырулар, талдау-сараптама ж?мыстары

Н?тиже:  о?ушылар белсенділігін артуы, ?леуметтік м?нді ?асиеттеріні? жетілуі,  ?з ісіне деген жауапкершіліктеріні?  артуы.

  1. О?ушылармен жеке ж?мыстар
  2. жекелеген с?ра?тар бойынша о?ушы?а к?мек, ?олдау к?рсету.

Мазм?ны: ж?мыс формасын  та?дау,  жоспарлау, іске асыру.

Негізгі формалар мен ?дістер:психологиялы?-педагогикалы? ?олдау к?рсету, консультация беру, ??гімелесу, ой ?оз?ау.

Н?тиже: о?ушыларды? ?леуметтік  ?ор?алынуы.

  1. Ата-аналар ?жымымен ж?мыс
  •   ата-ана мен мектеп арасында?ы байланысты ны?айту,  ата-ананы? о?у-т?рбие ?дерісіне ?атысуын ?амтамасыз ету
  • мектептегі жа?даяттармен ата-аналарды хабардар етіп отыру, оларды о?у-т?рбие ісіне ?атыстыру, ата-аналарды? педагогика-психологиялы? білімдерін жетілдіру,  отбасы т?рбиесіне к?мектесу.

Негізгі формалар мен ?дістер:ата-аналар жиналысы,  ашы? есік к?ндері, лекторийлар, т?рбие ісі бойынша психологиялы?-педагогикалы? ке?ес беру.

Н?тиже: ата-аналарды? мектеп ?міріне  ризашылы?ы, отбасы т?рбиесінде  педагогтармен бірлескен іс-?рекеттер.

  1. ?осымша білім беру ?йымдарымен ж?мыс
  •   ?о?амды? ж?не ?леуметтік ?йымдармен ?арым-?атынасты ?йымдастыру
  • о?ушыларды? бос уа?ыттарын тиімді ?йымдастыру, с?раныстары  негізінде ?осымша білім беру

Негізгі формалар мен ?дістер:. Клубтар, ?йірмелер, секциялар, б??аралы? т?рбиелік шаралар ?йымдастыру

Н?тиже: социумны? т?рбиелік м?мкіндігін пайдалану

II. Болжамдау, жоспарлау ?ызметі:

Білім беру ?йымыны? ж?мысы  на?ты да д?л жоспарлан?ан жа?дайда ?ана болжамдал?ан  педагогикалы?  жетістікке жету м?мкіндігін береді.

1.Мектепті? жылды? ж?мыс жоспарыны? ??рылымы:

  • Мектепті? ?ткен жылы ат?ар?ан ж?мыстарыны? толы? талдауы.
  • Жа?а о?у жылында?ы ма?сат, міндеттері.
  • О?ушылар?а т?рбие - білім беру ?дерісін  ?амтамасыз ету ба?ытынды?ы іс-шаралар кешені.
  • О?ушылар мен м??алімдерді ?леуметтік ?ор?ау ба?ытында?ы іс-шаралар кешені.
  • Педагоикалы? кадрлармен ат?арылатын  іс-шаралар. Педагогтарды? білімін жетілдіру ж?мыстары.
  • Мектептен тыс т?рбие ж?мысын ?амтамасыз ету ба?ытында?ы іс-шаралар кешені.
  • ?осымша білім беру ?йымдарымен ?арым-?атынас.
  • Мектепішілік ба?ылау ма?сатында?ы іс-шаралар.
  • Мектепті? ата-аналар ?ауымдасты?ымен  ж?ргізетін іс-шаралар кешені.
  • Педагогикалы? ?йымдастыру шараларыны? жоспары.

Мектепті? жылды? ж?мыс жоспарын дайындауда негізге  графикалы? ?рдісті  пайдалан?ан тиімді:

  •  ?рбір календарлы? айларда ат?арылатын д?ст?рлі  іс-шаралар;
  • мектпеті? негізгі д?ст?рі;
  • т?рбиені? жа?а 8 ба?ыты бойынша ж?мысты жоспарлау.

2. Мектеп ішілік ба?ылау

  • О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ы мен бейімділігін зерттеу.
  • О?ушыларды т?рбиелеу жоспарыны? (сыныпта?ы, ?йірмедегі, клубта?ы, секцияда?ы, т.б.) орындалуы.
  • Белгіленген т?рбие  ж?мыстары жоспарыны? орындалуы (сыныпта?ы, ?йірмедегі, клубта?ы, секцияда?ы, т.б.).
  • ?ткізілген т?рбиелік шаралар сапасы
  • О?ушылар т?рбиелілігіні? диагностикасы бойынша ?згеру динамикасы.
  • Педагогикалы? - психологиялы? ?олдауды ?ажет ететін о?ушылармен  жеке ат?арыл?ан ж?мыстар ж?не оларды? сапасы мен н?тижелілігі.
  • Сынып жетекшілері  ж?мысыны? н?тижелілігі.
  • ?осымша білім беру педагогтары ж?мысыны? н?тижелілігі.
  • О?ушыларды? ?зін-?зі бас?ару ?йымыны? ж?мысы.
  • Ата-аналармен ж?мыс п?рменділігі.
  • О?ушыларды? сыныптан тыс, мектептен тыс т?рбиелік шаралар кезіндегі ?мір ?ауіпсіздігіні? ?амтамасыз етілу жа?дайы.
  • Мектептегі  т?рбие ж?мысыны? н?тижелілігі.

Сынып жетекшісіні? портфолиосы

Сынып жетекшісіні? портфолиосы – б?л сынып о?ушыларыны? дара ж?не ?жымды? жетістіктерін белгілеу, жина?тау ж?не ба?алау т?сілі.

Сынып жетекшісіні? портфолиосы – б?л сынып ?жымыны? психологиялы?-педагогикалы? диагностикасы (о?ушыларды? с?раныстары, м?дделері, м?мкіндіктері). Сынып о?ушыларыны? дара ж?не ?жымды? даму траекториясын зерттеуге арнал?ан о?ушылармен, ата-аналармен, ?ріптестермен бірге ж?ргізілген білім беруге байланысты с?раулар ?ойыл?ан сауалнама н?тижелері.

Сынып жетекшісі портфолиосыны? ма?саты:

-          о?у-т?рбие процесі бойынша есеп ?сыну;

-          т?тас сынып бойынша м?ні бар білім алу н?тижелеріні? «картинасын» к?рсету;

-          о?ушыларды? саба? бойынша ж?не сыныптан тыс ?рекеттеріні? н?тижелілігіне к?з жеткізуді ?амтамасыз ету;

-          сынып ?жымыны? ж?не о?ушыларды? жеке бастарыны? ?алыптасуын назарда ?стау.

Сынып жетекші міндеттері.

Мектеп бала ?шін тек ?ана о?итын орын емес, бар?ысы, балалармен аралас?ысы, ?зін-?зі к?рсеткісі келіп талпынып т?ратын жерге айнала ала ма, жо? па, ол т?рбиешіні? к?сібилігі мен адамгершілік ?асиеттеріне байланысты болады.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

·      ?аза?стан Республикасыны? «Білім беру туралы» за?ын;

·      Бала ???ы?тары туралы конвенцияны;

·      Педагогиканы, балаларды? жас ерекшелік ж?не ?леуметтік психологиясын, ?арым-?атынас психологиясын, балаларды? ж?не жеткіншектерді? жеке ж?не жас ерекшеліктерін;

·      жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын;

·      педагогикалы? этиканы;

·      т?рбие ж?мысыны? теориясы мен ?дістемесін;

·      о?ушыларды? бос уа?ытын ?йымдастыру;

·      е?бек за?намасыны? негіздерін;

Сынып жетекшісіні? функциялары:

  • т?тас т?рбие процесіні? барысын, ?рбір т?рбиеленушіні? жеке т?л?а ретінде дамуын, оны? адамгершілік сапаларыны? ?алыптасуына ба?ылау жасайды;
  • бала?а ?сер ететін ?серлер сипатына талдау жасайды;
  • ?рбір т?рбиеленушіні? ж?не т?тас ?жымны? о?у барысын, о?ушыны? ?зін-?зі к?рсете білуін ж?не ?зін-?зі дамытуын, ?жымны? ?алыптасуын ?йымдастырады;
  • о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамытуын, т?рбие процесіні? бас?а да ?атысушылармен ?арым-?атынасын ?йлестіреді.

Сынып жетекшісіні? ???ы?тары

            Сынып жетекшісі ???ылы:

1) мектепті? ?зін-?зі бас?ару ??рылымына; педке?ес, сынып жетекшілер 

бірлестігіні?, к?сіпода? ж?не бас?а мектеп органдарыны? ж?мысына ?атысу?а,

2) бастама к?теруге, мектеп ?ызметін жетілдіру ж?нінде ?сыныстар енгізуге, іскерлік сын т?р?ысында с?з с?йлеуге;

3) ?зіні? т?рбиелеу ж?йелері мен ба?дарламаларын жасау?а, «зиян келтірме» ізгілікті принципін басшылы??а ала отырып, т?рбиелеуді? жа?а ?дістерін, формалары мен т?сілдерін ?олдану?а;

4) мектепті? ?зін-?зі бас?ару ж?не ?ор?ау органдарында ?зіні? абыройы мен беделін ?ор?ау?а.

            Сынып жетекшісіні? ???ы?ы жо?:

  • т?рбиеленушіні? жеке басын ?орлау?а, оны ?рекетпен немесе с?збен ж?бірлеуге, ?осал?ы ат, айдар та?у?а, т.т.;
  • о?ушыны жазалау немесе одан ?ш алу ?шін  пайдалану?а;
  • баланы жазалау ?шін оны? отбасын (ата-аналарын немесе туыстарын) пайдалану?а;
  • ?зіні? ?ріптестеріні? сыртынан с?з ?ылып, жамандау?а, м??алімні?, барлы? педагогтер ?жымыны? беделін т?сіретін с?здер айту?а.

Баламен жеке ж?мыс жасау бар?ан сайын басымды? алып келеді. Сыныпта ?олайлы психологиялы? ахуал тудыру, о?ушыларды? ?зін-?зі бас?аруына баса к??іл б?лінуі ?ажет.

Сынып жетекшісіні? функциясына сондай-а? баланы? отбасымен, п?н м??алімдерімен, психолог педагогпен, кітапханашымен, медицина ?ызметкерімен де ынтыма?тасты?та болу кіреді.

Сынып жетекшісіні? ?ызметінде оны? барысында ма?ызды адамгершілік, ??лы?тылы? ж?не этикалы? проблемалар к?терілу ма?сатында ?неге са?аты ерекше орын алады.

Осы ж?мыстарды? барлы?ын ж?ргізу кезінде сынып жетекшісі ?зіні? жеке басыны? ж?не к?сіптік сапаларын ?немі жетілдіріп отыруы тиіс.

               

 

Т?рбие ісіні? ме?герушісі:            Ш.І.М?рсалова

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?дістемелік ??рал»




«З.Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектебі» КММ







Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарларына арналған көмекші

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ











Құрастырған: Тәрбие ісінің меңгерушісі

Мұрсалова Шынар Ілдебайқызы







Аудандық семинар.

2016 жыл 3 ақпан.







Тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың негізгі басқару функциясы.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқару объектісі: педагог кадрлары, оқушылар және ата-аналар ұжымы. Аталған объектілерді басқару пәрменді болуы үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзіндік басқару қызметі алдын ала жоспарлануы қажет. Осыған байланысты «Педагог – Оқушы – Ата-ана» үштігі қызметінің дамуын қамтамасыз етуші басқару қызметінің жоспары мен мазмұнын қарастырайық.

I . Басқару қызметінің мазмұны:

  1. Педагог кадрлармен жұмыс.

Мақсаты: Сынып ұжымының қарым-қатынасын ұйымдастыру

  1. Сынып жетекшілерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар.

Мақсаты: кәсіби білімі мен білік, дағдысының ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру.

Мазмұны: сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын басқару, заманауи технологиялар мен әдістерді меңгерту, ұжымдық шығармашылық істер әзірлемесін дайындау, сынып тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, сыныптағы зерттеу жұмысы, оқушы тәрибелік деңгейінің диагностикасы.

Негізгі формалар мен әдістер: әдістемелік бірлестіктер жұмысы, семинарлар, педагогикалық оқулар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел отырыстары, психологиялық-педагогикалық консилиумдар, ашық тәрбиелік шаралар.

Күтілетін нәтижелер: сынып ұжымымен атқарылатын жұмыстарда сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану

  1. Педагогтармен нұсқаулық әдістемелік жұмыстар:

Мақсаты: мектеп ұжымының қызметіне талдау жасау және бағалау, қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеге қатысушы барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіру

Мазмұны: нормативтік құжаттармен таныстыру, мектепте өтіп жатқан істер туралы ақпарат беру, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрсету, талдау жасау.

Негізгі формалар мен әдістер: кеңестер, отырыстар, ақпарат беру, талдау, есеп беру

Нәтиже: кемшіліктерді уақытында жою, іс-әрекеттер сәйкестігі мен бірізділігін қамтамасыз ету.

  1. Педагогтармен жеке жұмыстар.

Мақсаты: практикалық қызметте педагогтарға көмек көрсету

Мазмұны: педагогтар қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты..

Негізгі формалар мен әдістер: кеңестер, практикалық көрсету.

Нәтиже: талданған тәжірибенің іс жүзінде қолданылуы.

  1. Пәндік әдістемелік бірлестіктермен ынтымақтастық.

Мақсаты: пәндік циклдар бойынша сыныптан тыс тәрбиелік шаралар жоспарын келістіру, тәрбие мақсатының оқыту үдерісінде орындалуын ұйымдастыру және қадағалау.

Мазмұны: сабақтың тәрбиелік функциясының орындау әдістемесі, педагогикалық талап бірізділігін қамтамасыз ету.

Негізгі формалар мен әдістер: пәндік әдістемелік бірлестік отырыстары, педагогикалық оқулар мен кеңестер, әдістемелік нұсқаулықтар дайындау, публикациялар.

Нәтиже: бірлескен жоспар негізінде барлық тәрбиелік қызмет түрлерінің бір-бірімен байланысы мен үйлесімділігі.

  1. Оқушылар ұжымымен жұмыс

Мақсаты:қызығушылығы негізінде оқушылар топтарымен қарым-қатынас арқылы олардың өмірлік қызметтерін ұйымдастыру.



  1. Жалпы мектепішілік ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру (бұдан әрі -ҰШЖ)

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Мазмұны: ұжымдықшығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, бірлесе жоспарлау.

Негізгі формалар мен әдістер: ҰШЖ әдістемесі негізінде топтық және бұқаралық шараларды атқару

Нәтиже: оқушылардың мектептік өміріне ризашылығы, мектеп дәстүрін анықтау, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетінің дамуы.

  1. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс

Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау, бала құқығының бұзылмауын қамтамасыз ету.

Мазмұны:жұмыс формасын таңдау, жоспарлау, іске асыру.

Негізгі формалар мен әдістер: оқушылардың өзін-өзі басқару органының отырысы, тренингтер, іскерлік ойындар, хабарландырулар, талдау-сараптама жұмыстары

Нәтиже: оқушылар белсенділігін артуы, әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жетілуі, өз ісіне деген жауапкершіліктерінің артуы.

  1. Оқушылармен жеке жұмыстар

Мақсаты:жекелеген сұрақтар бойынша оқушыға көмек, қолдау көрсету.

Мазмұны: жұмыс формасын таңдау, жоспарлау, іске асыру.

Негізгі формалар мен әдістер:психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, консультация беру, әңгімелесу, ой қозғау.

Нәтиже: оқушылардың әлеуметтік қорғалынуы.



  1. Ата-аналар ұжымымен жұмыс



Мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ата-ананың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету

Мазмұны:мектептегі жағдаяттармен ата-аналарды хабардар етіп отыру, оларды оқу-тәрбие ісіне қатыстыру, ата-аналардың педагогика-психологиялық білімдерін жетілдіру, отбасы тәрбиесіне көмектесу.

Негізгі формалар мен әдістер:ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері, лекторийлар, тәрбие ісі бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

Нәтиже: ата-аналардың мектеп өміріне ризашылығы, отбасы тәрбиесінде педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер.



  1. Қосымша білім беру ұйымдарымен жұмыс



Мақсаты: Қоғамдық және әлеуметтік ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру

Мазмұны:оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сұраныстары негізінде қосымша білім беру

Негізгі формалар мен әдістер:. Клубтар, үйірмелер, секциялар, бұқаралық тәрбиелік шаралар ұйымдастыру

Нәтиже: социумның тәрбиелік мүмкіндігін пайдалану



















II. Болжамдау, жоспарлау қызметі:

Білім беру ұйымының жұмысы нақты да дәл жоспарланған жағдайда ғана болжамдалған педагогикалық жетістікке жету мүмкіндігін береді.

1.Мектептің жылдық жұмыс жоспарының құрылымы:

  • Мектептің өткен жылы атқарған жұмыстарының толық талдауы.

  • Жаңа оқу жылындағы мақсат, міндеттері.

  • Оқушыларға тәрбие - білім беру үдерісін қамтамасыз ету бағытындығы іс-шаралар кешені.

  • Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау бағытындағы іс-шаралар кешені.

  • Педагоикалық кадрлармен атқарылатын іс-шаралар. Педагогтардың білімін жетілдіру жұмыстары.

  • Мектептен тыс тәрбие жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралар кешені.

  • Қосымша білім беру ұйымдарымен қарым-қатынас.

  • Мектепішілік бақылау мақсатындағы іс-шаралар.

  • Мектептің ата-аналар қауымдастығымен жүргізетін іс-шаралар кешені.

  • Педагогикалық ұйымдастыру шараларының жоспары.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындауда негізге графикалық үрдісті пайдаланған тиімді:

  • әрбір календарлық айларда атқарылатын дәстүрлі іс-шаралар;

  • мектпетің негізгі дәстүрі;

  • тәрбиенің жаңа 8 бағыты бойынша жұмысты жоспарлау.

2. Мектеп ішілік бақылау


  • Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін зерттеу.

  • Оқушыларды тәрбиелеу жоспарының (сыныптағы, үйірмедегі, клубтағы, секциядағы, т.б.) орындалуы.

  • Белгіленген тәрбие жұмыстары жоспарының орындалуы (сыныптағы, үйірмедегі, клубтағы, секциядағы, т.б.).

  • Өткізілген тәрбиелік шаралар сапасы

  • Оқушылар тәрбиелілігінің диагностикасы бойынша өзгеру динамикасы.

  • Педагогикалық - психологиялық қолдауды қажет ететін оқушылармен жеке атқарылған жұмыстар және олардың сапасы мен нәтижелілігі.

  • Сынып жетекшілері жұмысының нәтижелілігі.

  • Қосымша білім беру педагогтары жұмысының нәтижелілігі.

  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы.

  • Ата-аналармен жұмыс пәрменділігі.

  • Оқушылардың сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбиелік шаралар кезіндегі өмір қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу жағдайы.

  • Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігі.















Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек.

Мектеп ата – аналар комитетінің ережесі.

І. Ата – аналар комитетін ұйымдастыру.

  1. Мектеп ата – аналар комитеті жалпы ата – аналар жиналысында бір жылдық мерзімге ашық дауыспен сайланады.

  2. Ата – аналар комитеті төмендегідей комиссиялардан құралады:

  • Оқу үлгеріміне жауапты

  • Шаруашылыққа жауапты

  • Санитарлық – гигиеналық, сауықтыру жұмыстарына жауапты

  • Тәрбиесі қиын балалардың ата – анасымен жұмыс істеуге жауапты

  • Тәрбие жұмыстарына, іс-шараларға, мерекелерге жауапты

ІІ. Ата – аналар комитетінің мақсаты

  1. Ата – аналар комитеті жанұя мен мектептің бала тәрбиесіндегі жұмыстарын үйлесімді дамыту үшін және олардың өзара байланысын күшейтуге ат салысады.

  2. Ата – ана, жұртшылықтың мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуын ұйымдастырады.

  3. «Білім» заңын жүзеге асыруға көмектеседі.

  4. Ата – аналар арасында педогогикалық психологиялық білім таратады.

  5. Мектептің материалдық базасын молайтуға жан – жақты көмек беру жұмыстарын ұйымдастырады.

ІІІ. Ата – аналар комитетінің құқықтары

  1. Мектептің педагогикалық кеңесіне өз шешімдерін қарау үшін жолдауға құқылы.

  2. Ата – анаға оқу тәрбие жұмыстары туралы, сынып жетекшілері, ұйымдастырушы, оқу ісінің меңгерушісі және мектеп директорының тыңдауға, талқылауға ұсыныс енгізуге құқылы.

  3. Ата – аналардың жалпы жиналысын, сынып ата – ана жиналысын кезектен тыс өткізуге құқылы.

  4. Ата – аналар тарапынан жиналған қорды дұрыс жұмсау шараларына араласуға және ол қорды жинауға құқылы.

  5. Жекелеген ата – аналардың бала тәрбиесінде жіберген кемшіліктері үшін түрлі жазалар: ескрту, сөгіс, жолдастық сын т.с.с қолднуға құылы.

  6. Бір күнді мектеп бойынша «Ата – аналарға ашық күн есігі» деп жариялау.

  7. Ата – аналар комитетінің төрағасының жылдық есеп беруін тыңдау.

  8. Мектеп директорының жылдық оқу – тәрбие есебін тыңдауға құқылы.

ІҮ. Ата – аналар комитетінің мектепке көмектесу жұмыстарының бағыттары.

  1. Педагогикалық ұжымның оқушылар және ата – аналар ұжымымен ынтымақтастығын жақсарту жұмыстары.

  2. Оқушылардың мектеп ережелерін сақтауын қадағалау

  3. Ата – аналар, оқушылар арасында баяндамалар, әңгімелер жүргізулері т.с.с. жұмыстар жүргізеді.

  4. Мектеп және сынып бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары.

  5. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.

  6. Мектептің материалдық – техникалық базасын сақтау, нығайту шараларына ат салысу.



Ата – аналар комитетінің төрағасы: О.Шақпақбаева



М/д тәрбие – жұмысы жөніндегі орынбасары: Ш.І.Мұрсалова







(Оқу жылының басында ата-аналардан алынатын қолхат.)


Құрметті ата-ана!

Сіздерді төмендегі жағдайлар бойынша құлақтандырамыз:

  • балаңыз мектепке бағалы заттар, қалта телефонын әкелмеу керек, егер әкелген жағдайда сабақ үстінде пайдаланбау , жоғалтып алған жағдайда мектеп жауапкершілік алмайды.

  • сабақ аяқталысымен балаңыз үйге қайту керек, балаңыздың уақытылы үйге келуін қадағалаңыз.

  • сабақтан тыс уақытта мұғалім шақырған жағдайда ғана балаңызды мектепке жіберіңіз.

  • балаңызбен кез-келген оқыс жағдай туындап қалса, алдымен сынып жетекшісін, болмаса мектеп әкімшілігін құлағдар етіңіз.

  • балаңызға мектеп тәртібін ұстану , ешкіммен төбелеспеу керектігін үнемі айтып отырыңыз.

  • балаңыздың сөмкесіндегі үшкір, кескіш заттарының болмауын қадағалап отырыңыз.

Баласының аты-жөні: Сыныбы:

Таныстым:/ ата-ананың аты-жөні / Қолы:

Күні:



(Оқу жылының басында оқушыларды таныстырып, қолдарын алу)


Оқушыларға қойылатын талаптар мен оқушы

ЕРЕЖЕСІ


  • Техникалық қауіпсіздікті сақтау.

  • Мектеп мүлкіне тиянақты қарау, тазалақты және тәртіпті сақтау.

  • Оқушы құрбыларын сыйлау, ұстаздармен басқа да үлкен адамдарды құрметтеуге міндетті.

  • Мектепке оқу құралдардан басқа артық заттар әкелуге тыйым салынады (ішімдік, темекі және зиянды заттар т.б.)

  • Күштеу, бопсалау, қорқытуға, төбелесуге, балағаттасуға тыйым салынады.

  • Мұғалімдердің рұқсатынсыз сабақ кезінде мектептен кетуге болмайды.

  • Сабақты себепсіз босатпауы тиіс.

  • Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды.

  • Бір- бірін итеріп, заттар лақтырып, бір- біріне күш қолдануға болмайды;

  • Сабақ уақыты кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.

  • Сабақ аяқталысымен оқушы үйге қайту керек, мұғалім шақырмаған сабақтан тыс уақытта мектепке келуге болмайды.

Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек.

Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісінің портфолиосы – бұл сынып оқушыларының дара және ұжымдық жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі.

Сынып жетекшісінің портфолиосы – бұл сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық диагностикасы (оқушылардың сұраныстары, мүдделері, мүмкіндіктері). Сынып оқушыларының дара және ұжымдық даму траекториясын зерттеуге арналған оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен бірге жүргізілген білім беруге байланысты сұраулар қойылған сауалнама нәтижелері.

Сынып жетекшісі портфолиосының мақсаты:

  • оқу-тәрбие процесі бойынша есеп ұсыну;

  • тұтас сынып бойынша мәні бар білім алу нәтижелерінің «картинасын» көрсету;

  • оқушылардың сабақ бойынша және сыныптан тыс әрекеттерінің нәтижелілігіне көз жеткізуді қамтамасыз ету;

  • сынып ұжымының және оқушылардың жеке бастарының қалыптасуын назарда ұстау.



Сынып жетекшінің портфолиосында не болу керек?

/ 100 беттік папка - көк түсті /

  1. Сыныптың тізімі / Т. Сағатовнаға тапсырған мәлімет /

  2. Сыныптың әлеуметтік жағдайы / Ш. Ильдебаевнаға тапсырған /

  3. Тәрбие жоспары /директормен бекітілген /

  4. Ата-аналардың білім деңгейі / Әлеуметтік педагогқа тапсырған /

  5. Үй аралау дәптері

  6. Ата-аналармен жұмыс дәптері

  7. Ыстық тамақты бақылау дәптері

  8. Оқушыларды күнделікті түгендеу дәптері

  9. Қауіпсіздік ережесі журналы / 17 нұсқаулық бойынша қауіпсізідк ережесін салып қою /

  10. Ата-аналар жиналысының хаттамалары. / 5 хаттама жоспарға сай , жоспардан тыс та хаттамаларды салу./

  11. Сынып белсенділері

  12. Тоқсан сайынғы тәрбие жұмысының есебі, фотомен.

  13. Каникулдар жоспары /директормен бекітілген /

  14. Үйірме ,секцияларға, мектептен тыс мекемелерге қатысуы.

  15. Сынып мінездемесі.

  16. Тәрбие сағаттарының әзірлемелері

  17. Оқушылардың күнделіктерін тексеру.

  18. Жылдық тәрбие жұмысының есебі, фотомен , переплетке шығару.

  19. М.И.Шилова-тәрбие деңгейі./ жылына екі рет /

  20. Ата-аналар комитеті туралы мәлімет.

  21. Психолог жүргізген жұмыстардың қорытындылары, сыныпқа психологиялық мінездеме.

  22. Өз сыныбындағы сабаққа қатысу дәптері.

  23. Сыныппен өткізген сауалнама, тест, сызба, мониторингтер.

  24. Оқушылардың оқу үлгерімі бойынша толық мәлімет, кесте, есеп, мониторингтер / оқу ісінің меңгерушісіне тапсыратын тоқсандық есептерді салып отыру /

  25. Сынып жетекшілікке байланысты әдістемелік құралдар, материалдар.



Сынып жетекші міндеттері.

Мектеп бала үшін тек қана оқитын орын емес, барғысы, балалармен араласқысы, өзін-өзі көрсеткісі келіп талпынып тұратын жерге айнала ала ма, жоқ па, ол тәрбиешінің кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттеріне байланысты болады.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын;

  • Бала құқықтары туралы конвенцияны;

  • Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын, балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін;

  • жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын;

  • педагогикалық этиканы;

  • тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

  • оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

  • еңбек заңнамасының негіздерін;



Сынып жетекшісінің функциялары:

  • тұтас тәрбие процесінің барысын, әрбір тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде дамуын, оның адамгершілік сапаларының қалыптасуына бақылау жасайды;

  • балаға әсер ететін әсерлер сипатына талдау жасайды;

  • әрбір тәрбиеленушінің және тұтас ұжымның оқу барысын, оқушының өзін-өзі көрсете білуін және өзін-өзі дамытуын, ұжымның қалыптасуын ұйымдастырады;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуын, тәрбие процесінің басқа да қатысушылармен қарым-қатынасын үйлестіреді.



























Сынып жетекшісінің құқықтары

Сынып жетекшісі құқылы:

1) мектептің өзін-өзі басқару құрылымына; педкеңес, сынып жетекшілер

бірлестігінің, кәсіподақ және басқа мектеп органдарының жұмысына қатысуға,

2) бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, іскерлік сын тұрғысында сөз сөйлеуге;

3) өзінің тәрбиелеу жүйелері мен бағдарламаларын жасауға, «зиян келтірме» ізгілікті принципін басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, формалары мен тәсілдерін қолдануға;

4) мектептің өзін-өзі басқару және қорғау органдарында өзінің абыройы мен беделін қорғауға.

Сынып жетекшісінің құқығы жоқ:

  • тәрбиеленушінің жеке басын қорлауға, оны әрекетпен немесе сөзбен жәбірлеуге, қосалқы ат, айдар тағуға, т.т.;

  • оқушыны жазалау немесе одан өш алу үшін пайдалануға;

  • баланы жазалау үшін оның отбасын (ата-аналарын немесе туыстарын) пайдалануға;

  • өзінің әріптестерінің сыртынан сөз қылып, жамандауға, мұғалімнің, барлық педагогтер ұжымының беделін түсіретін сөздер айтуға.



Баламен жеке жұмыс жасау барған сайын басымдық алып келеді. Сыныпта қолайлы психологиялық ахуал тудыру, оқушылардың өзін-өзі басқаруына баса көңіл бөлінуі қажет.

Сынып жетекшісінің функциясына сондай-ақ баланың отбасымен, пән мұғалімдерімен, психолог педагогпен, кітапханашымен, медицина қызметкерімен де ынтымақтастықта болу кіреді.

Сынып жетекшісінің қызметінде оның барысында маңызды адамгершілік, құлықтылық және этикалық проблемалар көтерілу мақсатында өнеге сағаты ерекше орын алады.

Осы жұмыстардың барлығын жүргізу кезінде сынып жетекшісі өзінің жеке басының және кәсіптік сапаларын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.





Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ш.І.Мұрсалова









































Тәрбие ісі меңгерушісінде міндетті түрде болу

керек құжаттар бумасы тізбесі.

( Номенклатура бойынша нөмірленген -26 бума )

  1. Нормативтік құжаттар. ( Заңдар, қаулылар, бағдарламалар, жолдаулар,бұйрықтар)

  2. Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы. (Тәрбие жұмысының құрылымы, жұмыс жүйесі сызбалары, қағидалары, бағыттары )

  3. Тәрбие жұмысының жоспары. ( Мектептің өткен жылы атқарған жұмыстарының толық талдауы, жаңа оқу жылындағы мақсат, міндеттері, бағыттар бойынша жылдық, айлық, апталық жоспарлар, іс-шара анықтамалары)

  4. «Балалар өмірі мен қауіпсіздігі» бойынша жасалатын жұмыстар бумасы. (Қауіпсіздік журналы, жоспары, нұсқаулықтары, ЖЖИ жұмыс жоспары, әзірлемелері)

  5. Жаппай біліммен қамту бумасы. ( Жоспарлар, бұйрықтар, хаттамалар, мониторингтер)

  6. Ыстық тамақ бумасы (Жоспарлар, бұйрықтар, хаттамалар, мониторингтер,тізімдер )

  7. Ыстық тамақ бойынша нормативтік құжаттар ( 9 нормативтік құжат)

  8. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстар бумасы. (Жоспарлар, бұйрықтар,құқықбұзушылық кеңесі жұмысы, қиын баламен жұмыс, рейдтар)

  9. Қамқоршылық кеңесі жұмысы. (Жоспар, бұйрық, хаттамалар )

  10. СӨС бумасы . (Жоспар, бұйрық, хаттамалар, сауалнамалар, тесттар,әзірлемелер, монитроингтер, наркопост жұмысы,спорттық іс-шаралар, кездесулер, акциялар)

  11. Әскери-патриоттық тәрбие бумасы. ( Жоспарлар,әзірлемелер, «Арлан» патриоттық клубы жұмыстары, )

  12. ҚР Рәміздерін насихаттау. ( Жоспар,әзірлемелер, туды жою бойынша комиссия, акт, бұйрықтар )

  13. Оқушылардың бос уақытын қамту. ( Жоспарлар, әзірлемелер, оқушылардың бос уақытының қамтылу кестелері, мониторингтер,үйірме,секция жұмысының өтілу кестелері,тізім, мектептен тыс мекемелермен байланыс )

  14. Ата-аналармен жұмыс. (Мектептің ата-аналар қауымдастығымен жүргізетін іс-шаралар кешені, жоспарлар ,хаттамалар, әзірлемелер, ата-аналар комитеті бойынша мағлұмат )

  15. Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс. ( 9,11 сыныптардың кәсіптік бағдары бойынша жұмыс,анықтамалары, монитроингтер, жоғары, арнаулы оқу орындармен байланыс )

  16. Балалар ұйымы. («Жас Ұлан» , «Жас Қыран» өзін-өзі басқару ұйымы жұмысы )

  17. Әлеуметтік карта. ( Әкіммен бекітілген тізімдер, сызбалар )

  18. Каникул жоспарлары бумасы. (каникул кестелері,мәліметтер, жоспарлар,рейдтар )

  19. Оқушыларды көлікпен тасымалдау. ( тізім, маршрут,бұйрық, жүргізуші, көлік құжаттары)

  20. Суицидтің алдын алу бойынша жұмыстар бумасы. (Жоспар,әзірлемелер, мәліметтер, тест, сауалнамалар )

  21. Сынып жетекшілердің ӘБ ( Жоспары,хаттамалары, әзірлемелері, мәлімет, кестелер, мониторинг)

  22. Сынып жетекшілердің есебі. ( Тоқсандық жұмыстың есебі,әзірлемелер )

  23. Сабақтарға кіру . ( Тәрбиелік іс-шараларға, сабақтарға талдау)

  24. Жасөспірімдер арасындағы жыныстық тиіспеушілік бойынша жасалатын жұмыстар бумасы. (Жоспар, әзірлемелер, кездесулер )

  25. Республикалық «Мектепке жол» акциясы. (Жоспар, бұйрық, тізім , есептер)

  26. Діни-экстремизмге қарсы күрес бойынша жасалатын жұмыстар бумасы. (Жоспар, әзірлемелер, мәліметтер )



Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ш.І.Мұрсалова



Сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін зерттеу түрлері.

«Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қандай қиындықтарды сезінемін?»

Сынып жетекшілеріне арналған сауалнама

Тәрбие қызметінің аталуы

Өте

қиналамын

орташа

Қиындық

ты сезінбеймін

Тәрбие жұмысын жоспарлауда




Тәрбиелік шаралардың мақсаты мен міндеттерін айқындауда




Тәрибе жұмысының пәрменді әдіс-тәсілдерін анықтауда




Инновациялық жобаларды енгізуде




Балалар психологиясы




Қызықты іс-шараларды ұйымдастыруда




Баланың жеке тұлғасын зерттеп, тәрбие жұмысының мәселелсін анықтауда




Оқушылардың қоғамдық жұмыстарын ұйымдастырғанда




Ата-аналармен жұмыста, оларды сыныптағы тәрбие үрдісіне араластыру ісінде




«тәрбиесі қиын» оқушылармен жұмыс жасауда




Сынып жетекшісінің функционалдық міндеттерін орындауын бағалау

Бағалау өлшемдері

Оқу жылы

1-ші жартыжылдық

2-ші жартыжылдық

Өз бағасы

Әкімшілік бағасы

Өз бағасы

Әкімшілік бағасы

І

Жұмысты жоспарлау мен жүргізу

1

Әр оқушының білім сапасын көтеру бағытында





2

Әр оқушының қоғамдық белсенділігін арттыруда





3

Жеке тұлға аралық қатынасты жетілдіруде





4

Балалардың қоғамдық ұйымдарымен жұмыста





5

Тақырыптық тәрбие сағаттары





6

Әр отбасымен жекелеген жұмыс





7

Оқушылар әлеуетін көтеру үшән пән мұғалімдерімен бірлескен іс-әрекеттер





8

Тәрбие ісіндегі кәсіби шеберлігімді көтеруде





ІІ

Менің өзіндік іс-әрекеттерім

1

Білім алу қажеттілігін қалыптастыруда оқушылармен атқарған шараларым





2

Сынып белсенділерімен атқарған жұмыстарым





3

Тәрбиелік шараларға дайындаған әзірлемелерім





4

Ата аналармен жүргізген жұмыстарым





5

Оқушылармен жеке жұмыстарым: тәрбиелік әңгімелер, т.б.





6

Өзімнің кәсіби шеберлігімді жетілдіру бағытындағы жұмыстарым





ІІІ

Бақылау, диагностикалық жұмыстарым

1

Оқушылар білімі мен сабаққа қатысуының бақылануы





2

Оқушылардың мектеп жарғысын орындауы





3

Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруы





4

Оқушылардың өзара қарым-қатынасы





ІҮ

Есептер мен құжаттардың толтырылуы

1

Оқушылар күнделіктерін тексеру





2

Сынып журналының толтырылуы





3

Сабақтан тыс шаралардың есебі





4

Тәрбие жұмысының жоспарлануы





Ү

Тәжірибе алмасу

1

Тәрбие мәселелері туралы мәлімдемелерім мен оны жақсатру тұрғысындағы ұсыныстарым





2

Аудан, облыс көлеміндегі шығармашылығым





3

Ашық тәрибелік шараларым





4

Кәсіби сайыстарға қатысуым






Жиынтығы:







Бағалау ұпайлары: 0-атқарылған жоқ; 1- ара тұра істелінді; 3-жүйелі түрде орындалады, нәтижесі бар.

Қорытындылау: жоғары -30-26 балл; жақсы - 25-21 балл; орташа- 20-16 балл; ортадан төмен -15-11 балл; өте нашар – 10-нан төмен балл.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?дістемелік ??рал

Автор: Мурсалова Шынар Ильдебаевна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316850


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства